Рухани мәдениеті




Презентация қосу
XVIII Ғ. – ХIХ Ғ. СОҢЫ
АРАЛЫҒЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІ
Мүсілім Айгерім
КЯ 19-3
Қазақ халқының ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы мен ХІХ ғасырдағы мәдениеті ежелгі
қазақ жерінде өмір сүріп, қазақ халқын құраған ұлыстар мен тайпалардың материалдық
мәдениеті мен рухани мәдениетінің заңды жалғасы және жаңа заманға сай дамып
қалыптасқан түрі болды.
Материалдық мәдениеті.

Қазақтардың XVIII – XIX ғ.ғ.
материалдық мәдениетінің жай–
күйі қоғамның экономикалық
дамуы деңгейімен анықталды.
Оның дамуы барысына көшпелі
қазақтар экономикасының
дамуындағы басты фактор
ретінде көшпелі мал
шаруашылығы әсер етті. Бұл
жағынан алғанда егіншілік, сауда
дамуының, көрші халықтардың
прогресті ықпалының да маңызы
аз болған жоқ.
Қазақ халқының тұрғын үйі

– материалдық мәдениеттің тамаша ескерткіші. Ол аумағымен және түзілісімен
ерекшеленіп, қыстық және жаздық болып бөлінеді. Жазда қазақтар жығып
алуға ыңғайлы киіз үйлерде, қыста – тұрақты: “ағаш үй”, “жер үй”, “қара там”
деп аталатын үйлерде тұрды.
Өзінің пайдаланылуына қарай киіз үйлер үш түрге бөлінді. Қонақтарды
қабылдауға арналған салтанатты үйлер көлемінің аумақтылығымен және бай
жихаздарымен ерекшеленді. Салтанатты үйлер ең кем дегенде он екі қанат
керегеден тұрғызылып, олардың үстіне ақ киіз бен жібек маталар жабылды.
Жасаулары жөнінен неғұрлым бай үйлер үйлену тойы өтетін – отау үй болды.
Ал тұрғын үйлер шағын көлемде жасалды. Кішкентай жорықтық үйлер бір
түйеге ғана емес тіпті бір атқа тиеліп тасымалданды. Бұлардан басқа қоймалар
ретінде және басқа шаруашылық қажеттерге пайдаланылатын үйлер болды.
Мал шаруашылығымен, егіншілікпен,
үй кәсіпшілігімен және қолөнерімен
байланысты еңбек құралдары
– материалдық мәдениеттің маңызды
элементтерінің бірі. Көшпелі мал
шаруашылығына күрделі еңбек құралдары
керек болған жоқ. Жылқы ұстау үшін құрық,
арқан пайдаланылды, қайыстан немесе
жылқының жал-құйрығынан тұсау мен
шілдер жасалды; құлындар мен боталарды
байлау үшін жуан арқандар, ноқталар
пайдаланылды; мал суаруға қауға, науа және
т.б. дайындалды. Осы қарапайым еңбек
құралдарын, ер-тұрман әбзелдерін
қоспағанда, мал өсірушілер өздері жасап
алып отырды.XVIII ғасырдың аяғында қазақ
даласына орыстардың қысқа шөп дайындауға
арналған шалғылары біртіндеп тарала берді.
XIX ғасырдың орта шегінде шалғымен қоса
темір айыр да кеңінен қолданыла бастады.
Рухани мәдениеті:
Қазақ халқының ғасырлар бойы жасаған
рухани мәдениетінің маңызды бір саласы -
қазақ шежіресі екені анық. Қазақтың байырғы
салт-дәстүрі бойынша әрбір қазақ азаматы
өзінің жеті атасын білуге тиісті еді. Мұны
балаларына үйрету әрбір атаның, отбасы
тәрбиесінің негізі болды. Тек ата-анасынан
айырылған жетімдер ғана мұндай тәрбиеден
қалған. Соның үшін қазақ қауымы “жеті
атасын білмеген жетімдіктің салдары” дейді.
Ру, тайпа және жүздің шежіресін таратып айта
алатын адамдар халық ішінде құрметтеліп
“шежірешілер” деп аталды. Ерте заманда
шежіре ауызша түрде ұрпақтан-ұрпаққа
жеткізілсе, ХVІІІ-ХІХ ғасырларда бірсыпыра
шежірелік жинақтар таспаға түсірілген. Олар:
“Көшен-Қарауыл шежіресі” (ХVІІІ ғ.), “Жәңгір
хан шежіресі” (1835), Ш.Уәлиханов жазып
алған
Назарларыңызға рақмет!

Ұқсас жұмыстар
Мәдениеттің атқаратын қызметтері
ШЫҒЫС МӘДЕНИЕТІ
Мәдениет құрылымы және оның негізгі элементтері
Мәдениеттің белгілер әлемі типологиясы
Мәдениеттану этимологиясы
МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨРКЕНИЕТ
Мәдениет ұғымы
Мәдениет тілі
Көне түріктердің рухани мәдениеті және Ұлы Жібек жолы
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ РУХАНИ ЖӘНЕ МАТЕРИАЛДЫҚ
Пәндер