Тақырып қоюдың мәні мен талаптары


Slide 1

Тақырып қоя білесіз бе?

Мүсілім Айгерім

КЯ 19-3

Slide 2

Тақырып - бүкіл мәтіннің жаны. Тақырып - сіз жазған туындының ең керемет жетістігі.

Әдеби немесе публицистикалық мәтіндерді оқымас бұрын, ең бірінші назар аударатын дүниеңіз - тақырып. Тақырып сізді өзіне тартып, жұтынып тұрса, міндетті түрде оқисыз. Өйткені тақырып - тұтас мәтінде айтылатын ойдың кілті. Ал ол кілт сіздің қолыңызға түссе, мәтіннің құлпын ашуға талпынасыз. Кілт алтын бола тұра, құлпы алтын жалатылған не қарапайым темірден жасалған болса, құлыпты ашпай-ақ лақтыра саласыз.

Тақырып қою үшін алдымен жазғыңыз келген мәтіннің жүйесін, мәнін, оқырманға айтқыңыз келгенін талдап алуыңыз керек. Ал аталған ұғымдар ретін тапса, тақырып қоюға дайынсыз. Қазіргі таңда газеттер мен журналдардың орнын электронды басылымдар алмастырып жатыр. Бұл - қоғамның таңдауы. Сайт беттеріндегі тақырып пен мәтіннің сәйкес келмеуі белең алып бара жатқанын да жасыра алмаймыз.

Slide 3

Үйдің қабырғасын салып, төбесін жаппас бұрын ірге тасы қаланатыны секілді, көркем шығарманың туу процесі де тақырыптан басталатыны даусыз. “Бәрінен бұрын тақырып пайда болады, - дейді Валентин Катаев, - пайда болады да, жазушыны азапқа сала бастайды. Тақырып санаға сіңіп, ойға орныққан сайын, адам, зат образдары, пейзаж жұрнақтары туып, тұтаса береді”.

Тақырып-өнер туындысының іргетасы

Slide 4

Тақырып қояр кезде ескеріңіз:

Тақырып қысқа әрі нұсқа болғаны жақсы.

Тақырыбыңыз аллитерация не ассонанс арқылы жазылуы міндетті емес. Бастысы, мәтіннің негізгі ойын ашыңыз;

Slide 5

Қандай жағдай болмасын, тақырып сол болғаннан кейін мәтінмен етене байланыста болуы керек. Өйткені мәтінде айтқыңыз келген ойдың жиынтығын тақырыпқа сыйғызасыз. Ал оқырман мәтінге енгеннен кейін тақырып атауын тура мағынасында да, астарлы мәнінде де бірте-бірте ұғына түсуі тиіс.

Slide 6

Тақырыптың «тақырыпқа» сай болғаны авторға да, туындысына да жақсы. Атыңыз шықпай жатқан күннің өзінде, жер өртемеңіз. Бір қателік мың тағдырдың ойын да, түсінігін де өзгертеді. Жазу - ардың ісі, қоғам алдындағы зор жауапкершілікті ұмытпаңыз!


Ұқсас жұмыстар
Майлы клизма қоюдың мейіргерлік алгоритмі
Кредиттік оқыту жүйесі: мәні, компоненттері және Қазақстандағы енгізу талаптары
Орта мерзімді жоспарлау мен SMART мақсат қоюдың әдістемесі
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары: жаңаша ұйымдастырудың мәні мен талаптары
Тақырып пен мәңгілік тақырыптар: авторлық идея мен авторлық позиция мәселелері
Мал субөнімдерінің жіктелуі, сапа талаптары және технологиялық мәні
Махамбет Өтемісұлының поэзиясы: тақырып пен көркемдік ерекшеліктері
Сабақ - оқытудың негізгі формасы: мәні, динамикасы, ұйымдастыру тенденциялары мен қазіргі талаптары
Балабақшадағы мерекелер: түрлері, ұйымдастыру талаптары және тәрбие мәні
Мектеп телімдерінде тәжірибе қоюдың әдістемесі және өткізу тәртібі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz