Тәрбие түрлеріне сипаттама


Slide 1

Тәрбие түрлеріне сипаттама

Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері

15. 02. 2021

Орындағандар: Нұрғали Айсара

Анах Таңат

Өтембет Ботакөз

Slide 2

Тәрбие дегеніміз не?

Тәрбие - мақсатты түрде, адамзаттың өмір сүру барысында жинақтаған әлеуметтік тәжірибесін, ұрпақтан ұрпаққа алмастыру процесі.

Тәрбие - тұлғаны қалыптастыруға бағытталған қоғамдық орындардың (отбасы, балабақша, мектеп, қоғамдық бірлестік) балаға әсер ету процесі.

2

Slide 3

Тәрбие жұмысының мақсаты:

Білім мен тәрбие қашан да егіз ұғым. Білім алушы шәкірттеріміздің жан - жақты дамыған, ақыл - ойы жетік, рухани құндылықтарды қадірлей білетін, адамгершілік қасиеттермен қаруланған жеке тұлға қалыптастыру. Мектептегі оқу - тәрбие жұмысының бала тәрбиесі мен оның жан - жақты дамуына отбасы мен жанұяның, мектептің ынтымақтастығын арттыра отырып, ата - аналарға, оқушыларға оқу - тәрбие үдерісінің мазмұны мен әдістемесін таныстыру. Осы мақсатты жүзеге асыру жолында, белгіленген тәрбие мақсаттары мен қойылған міндеттерді орындау 8 бағыттан тұрады.

3

Slide 4

Тәрбие бағыттары

Рухани-адамгершілік тәрбие

Ұлттық тәрбие

Отбасы тәрбиесі

Патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие

Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты

Зияткерлік тәрбие, Ақпараттық мәдениет тәрбиесі

Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие

Еңбек экономикалық және экологиялық тәрбие

4

Slide 5

Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие

Бұл бағыттың мақсаты:

Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат және патриот қалыптастыруға, тұлғаның саяси мәдениетін дамытуға ықпал ету, балалар мен жастардың құқықтық мәдениетін, құқықтық санасын, балалар мен жастар ортасында қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру.

5

Slide 6

Рухани -адамгершілік тәрбие

өз міндеттерін түсінетін және қабылдайтын; өмірді және өзін, өзінің әрекеттерін рухани- адамгершілік тәртіп нормалары көзқарасынан дұрыс бағалайтын тұтас тұлғаны тәрбиелеу; рухани- адамгершілік өзін- өзі дамыту, өзін-өзі жүзеге асыру және өзіндік жетілуі үшін өзін, өз қабілеттерін, мүмкіндіктерін тану.

Ұлттық тәрбие

Тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға, ана тілін және мемлекеттік тілді, қазақ халқының, Қазақстан Республикасындағы этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге бағдарлау.

6

Slide 7

Отбасы тәрбиесі

Отбасы тәрбиесінің мазмұны демократиялық қоғамның басты мақсатымен анықталады, яғни жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеу. Отбасы денелік және психикалық жағынан сау, адамгершілік, интеллектуалдық, дамыған, болашақ еңбектік, қоғамдық және отбасылық өмірге даяр тұлғаны қалыптастыруға міндетті.

7

Slide 8

Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

Тұлғаның еңбек дағдыларын, экономикалық пікірі мен кәсіби өзін-өзі анықтауына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру. Тұлғаның еңбек дағдыларын, экономикалық пікірі мен кәсіби өзін-өзі

анықтауына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру. Табиғатты сақтауда белсенді азаматтық ұстанымын тәрбиелеу;

Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие

Білім беру ұйымдарының білім беру кеңістігін тұлғаның өзін-өзі сәйкестендіруінің көпмәдениетті ортасы ретінде құру, тұлғаның қоғамдағы жалпы-мәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, оның өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту.

8

Slide 9

Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі.

әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік құру; балалар мен жастардың тұлғалық ұстанымдарын жандандыру, ақпаратпен жұмыс жасауда функционалдық дағдыларын, ақпараттық өзара әрекеттесуде этикалық нормалары мен құндылықты мақсаттарын қалыптастыру.

Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты

салауатты өмір салты, дене дамуы және психологиялық денсаулық сақтау дағдыларын ойдағыдай қалыптастыру, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігі үшін кеңістік орнату. Оқушылар дене-бітімінің дұрыс дамуы, денсаулығының нығаюы, жұмыс қабілетінің артуы сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұруға ықпал етеді.

9

Slide 10

Назарларыңызға рақмет

10


Ұқсас жұмыстар
Білім беру салаларының мазмұнын кіріктіру
Мақсат құру процесі
Шикізат және оның технологиялық сипаттамасы
Тәрбие процесі
Бала психикасының дамуына әсер етуші факторлар. Ойын түрлеріне сипаттама
Тәрбие
Спорттық жарыстар жүйесі
Хордағы ән айту
Оқушылардың сыныптан тыс музыкалық жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу әдістемесі
Әлеуметтік институттың түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz