Апаттардың медициналық сипаттамасы
Презентация қосу
Тақырыбы: Төтенше
жағдайларда және апаттарда
жедел және шұғыл жәрдемді
ұйымдастыру
Катастрофаның грекше мағынасы- төңкеріс,
бұл 30 астам зардап шеккен адамдарға МК
көрсетуді талап ететін уақиға және әдейі құтқару
қызметін ашуды керек етеді.
Апаттар медицинасы - апаттарда, зілзалаларда,
табиғи жұтауларда және эпидемияларда халықтың
денсаулығын және өмірін сақтауға бағытталған
ғылыми білімдердің және тәжірибелік жұмыстардың
медицина саласы. ТЖ пайда болатын
зақымданулардың (аурулардың) алдын алу және
емдеу, төтенше жағдайларды жоюға
қатынасушылардың денсаулығын сақтау және
қалпына келтіру.
Апаттардың медициналық
сипаттамасы
Өзінің артынан адамдардың зақымдауына және өміріне,
халық тіршілігінің және экология жағдайларының
бұзылуына, қоршаған ортаның ластануына және
жұқтыруына, нысандардың және материалдық
құндылықтардың бұзылуына байланысты едәуір шығынға
әкелетін табиғаттың немесе адамның әрекеті құбылыстарын
апат деп атайды.
Апат төтенше жағдай түрлерінің бірі. «Төтенше жағдай»
түсінігі- адам қызметінің әртүрлі салаларында әртүрлі.
Адамдардың зақымдануымен (ауруымен), олардың
тіршілік жағдайларының бұзылуымен ілесетін және медико-
санитарлық салдарын жою үшін сырттан қосымша
құрамалар және медициналық мекемелерді, сонымен қатар
олардың жұмысын ерекше ұйымдастыруды талап ететін
жағдайларды медицинадағы төтенше жағдай деп
аталады.
Апаттар жіктеуі:
биолого-әлеуметтік (індеттер- адамдар көпшілік
қатынасқан жұқпалы аурулары, эпизоотийлер-
ауылшаруылық малдарының көптен жұқпалы аурулары,
эфитофиялар- ауылшаруашылық өсімдіктерінің
аурулармен және зиян келтірушілермен көптеп
зақымдануы, аштық, терроризм);
соғыстық (әскери жанжал, соғыстар)
табиғаттық ( жер сілкіну, жанар таудың атылуы, су басу
(цунами), дауыл, қара құйын, көшкін, күшті су тасқыны,
қар құлауы, ыстық, құрғақшылық, аяз және т.б.);
техногендік (радиациялық, химиялық және биологиялық
апаттар, өрт және жарылыстар, құрылыстардың қирауы,
су құбырының тазалау құрылыстарындағы апаттар, көлік
апаттары);
экологиялық (атмосферада, биосферада, гидросферада,
литосферада);
Зақымдаушы факторлардың негізгілері
болып табылатындар:
механикалық (динамикалық) факторлар әсерінен
зақымданушылар: соғылулармен, жараланулармен, қан
кетумен, сынулармен, ішкі ағзаларының
зақымдануларымен, жарақаттық шокпен, ұзақ қысылу
синдромымен, суға батумен түседі);
термиялық факторлар әсерінен зақымданушылар:
күйіктермен, күйік ауруымен, жылу және күн өтумен,
үсікпен, тоңумен түседі.
радиациялық- жедел және созылмалы сәуле ауруымен,
сәуле күйігімен;
химиялық- уланулармен және химиялық күюлермен;
биологиялық (бактериологиялық)- жұқпалы және
аллергиялық аурулармен токсиндармен улану;
психоэмоционалдық- психикалық бұзылыстармен;
Шұғыл медициналық көмек –
зақымданғандардың (науқастардың) өмірін сақтау,
асқынулардың алдын алу және олардың денсаулығын өте
тез қалпына келтіру үшін төтенше жағдайларда іске
асырылатын емдік- алдын алу шаралар кешені. Зардап
шегушілерге медециналық көмек көрсету 2 кезеңнен
тұрады:
1-ші кезең – ауруханаға шейін, зақымдану
ошағының шекарасында және көшіріп-тасымалдау
кезінде;
2-ші кезең - ауруханада.
ТЖ зардап шегушілерге көрсетілетін шұғыл
мед. көмек түрлері:
-алғашқы медициналық көмек
-дәрігерге дейінгі көмек
-алғашқы дәрігерлік көмек
-маманданған көмек
-мамандандырылған көмек
Медициналық көмектің түрі-
Медициналық көмек көрсетудің және емдеудің
жалпы жүйесіндегі белгілі бір міндеттерді
шешетін және оны көрсететін адамдардың тиісті
дайындығын, жабдықталуын және белгілі
жағдайларды талап ететін ресми бекітілген емдік-
алдын алу шараларының кешені. Медициналық
көмектің әр түрінде (алғашқы медициналық және
дәрігерге дейінгі көмектерден басқаларында)
медициналық көшіру кезеңінің мүмкіндігіне және
жағдайдың нақтылы медико-тактикалық шартына
сай, медициналық көрсетім бойынша
зақымданушылардың белгілі бір категорияларына
медициналық көшірудің осы кезеңінде
орындалатын емдік- алдын алу шараларының бұл
Алғашқы медициналық көмек-
қарапайым медициналық шаралар кешені. Олар тікелей
зақымданған жерде немесе соған жақын жерде өзіне және
өзара көмек ретінде, сонымен қатар апаттық- құтқару
жұмыстарына қатынасушылармен ( немесе медицина
қызметкерлерімен) табельдік және қолға түскен заттарды
пайдаланып көрсетілетін медициналық көмек.
Зақымданушылардың жағдайын ауырлататын немесе өлімге
әкелетін факторлардың әсерін тоқтату алғашқы медициналық
көмектің үлгілі медициналық шаралары болып табылады. Өмірге
тікелей қауіп төндіретін құбылыстарды (қан кету, тұншығу және
т.б.) жою; асқынулардың алдын алу және зақымданғандардың
жағдайын нашарлатпай көшіруді қамтамасыз ету.
Алғашқы мед. көмек көлемі ТЖ әсер ететін зақымдаушы
факторларға және адамдар алған зақымдардың сипатына
байланысты.
Дәрігерге дейінгі көмек- алғашқы
медициналық көмекті толықтыратын
медициналық шаралар түрі. Дәрігерге дейінгі
көмек зақымданғандардың өміріне қауіп
төндіретін бұзылыстардың (қан кету, тұншығу,
тырыспа жіне т.б.) алдын алу және жою, жіне
оларды әрі қарай көшіруге дайындау. Зақымдау
аймағында медициналық мүліктердің табельдік
заттарын пайдаланып мед. көмекті фельдшер
немесе медбике көрсетеді.
Алғашқы дәрігерлік көмек –
зақымдаунышлардың өміріне тікелей қауіп төндіретін
зақымдардың (аурулардың) салдарын жоюға, сонымен
қатар асқынуларлардың алдын алуға және керек болған
жағдайда зақымданғандарды әрі қарай көшіруге
дайындауға бағытталған және дәрігермен орындалатын
емдік- алдын алу шаралар кешенінен тұратын мед. көмек
түрі.
Алғашқы дәрігерлік көмектің негізгі шаралар жеделдігі
бойынша келесі түрлерге бөлінеді:
-шұғыл шаралар
-орын алған жағдайда кідіруге мәжбүр болатын немесе
медициналық көшірудің келесі кезеңіне қалдыратын
шаралар.
Маманданған медициналық
көмек- кең профильді дәрігер мамандармен
(хирургтармен) орындалатын медициналық
көмек түрі.
Мамандандырылған
медициналық көмек-
мамандандырылған емдеу мекемелерінде әдейі
жабдықтарды пайдаланып әртүрлі профильдегі
дәрігер мамандармен орындалатын толыұ емдік
шаралар кешенінен тұратын медициналық
көмке түрі.
ТЖ жалпы, қайтпайтын, санитарлық және
жағдай себепші болған шығындар болады.
Жалпы шығын – апатқа байланысты жараланулардан,
аурулардан және басқа себептермен болатын қазалар немесе
хабарсыз жоғалған адамдар.
Қайтымсыз жоғалту- ТЖ пайда болғанда өлгендер
немесе хабарсыз жоғалған адамдар.
санитарлық шығын – бұлар ТЖ нәтижесінде зардап
шеккендер (жараланғандар мен ауырғандар), еңбекке
қабілеттілігін бір тәуліктен кем емес уақытқа жоғалтқандар
және емдеу мекемелеріне түскендер.
Жағдай себепші болған шығындар – «ТЖ
жанама түрдегі қаза тапқандар» - ТЖ нәтижесінде психикалық
жарақат алған адамдар (созылмалы аурулардың өршуі,
мерзімінен бұрын босану және т.б.).
Апаттар медицинасы қызметінің негізгі
міндеттері:
1. ТЖ зардап шеккендерге мед.көмектің барлық
түрлерін тез және тиімді көрсету.
2. ТЖ аймағындағы халыққа санитарлық-
эпидемиологиялық амандықты қолдау бойынша
шараларды ұйымдастыру.
3. Ведомстволық қарастығына қарамастан ТЖ медико-
санитарлық салдарын жоюға тартылған
басқармалардың, құрамалардың және денсаулық
сақтау мекемелерінің өзара әрекеттерін
ұйымдастыру, олардың жұмыстарын үйлестіру.
4. ЖМК қызметкерлер құрамының ТЖ салдарынан
жоюға қатысатын медициналық емес оперативті
қызметтердің өзара әрекеттерін ұйымдастыру.
5. ЖМК бөлімшелер жіне құрамалар жұмыстарын
төтенше тәртіпке тез көшіруге тұрақты дайындығын
қамтамасыз ету, кадрларды дайындау, хабарлау және
байланыс құралдарын жетілдіру, медициналық
жабдықтар қорын жасау.
6. Қызмет көрсететін әкімшілік аймағындағы апаттық
қауіп шамасын және оперативтік медициналық
жағдайды бағалау.
7. ТЖ пайда болғанда халықты медико-санитарлық
қамтамасыз етудің заманауи ұйымдастыру басқару
және емдеу-технологияларды дайын және енгізу.
Төтенше жағдай тәртібіндегі
ЖМК:
- аумақтық апат медицинасы орталығының
нұсқауы бойынша әрекет жасайды;
- төтенше жағдай аймағына төтенше
жағдайдың медико-санитарлық салдарын
жоюға ЖМК шығу бригадаларын жібереді.
- төтенше жағдайларды жойғанда зардап
шеккен адамдарға емдеу-көшіру шараларын
жүргізеді.
Зардап шеккен адамдар саны көп
болғандығы жұмыстың негізгі қағидалары:
Құтқару жұмыстарының жетекшісімен байланыс орнату;
«103» оперативтік бөліммен және қасында жұмыс жасап жатқан
бригадалармен байланыс орнату;
Зардап шеккен адамдарды іріктеу: зардап шеккен адамдардың
санын анықтау және жағдайының ауырлығы бойынша топтарды
бөліп шығару. Керекті көмек көлемі туралы мәселені шешу.
Зардап шеккен адамдарды тіркеу: көшіру үшін науқастың қай
бригадаға тапсырылғанын және науқастың қай стационарға
жіберілгенін жазады.
Зардап шеккен адамдарды тез көшіру.
Медициналық қамтамасыз етудің
қағидалары
1. Зардап шеккен адамдардың көптеп түсуі көптеген
медициналық бригаларды ұйымдастыруды талап етеді,
олардың саны зардап шеккен адамдардың санына
байланысты.
2. Зақымданулардың ұқсастығы (уланулар, күйіктер,
механикалық жарақаттар, суға батулар, радиациялық
зақымдану және т.б.), жұмысты жеңілдететін, зардап
шеккен адамдарға біркелкі емдеу жолын талап етеді.
Бірақ, бір жаманы, біртектес дәрі-дәрмектердің,
трансфузиялардың, құрал-саймандардың,
аппаратуралардың шығындары артады.
3. Зардап шеккен адамдар топтарын жағдайларының
ауырлығы бойынша түсті белгілер қоюмен жіктеу:
1 топ- белгі түсі- қызыл: реанимация немесе
ҚЕ керек, себебі, бұл топтағы зардап шеккен
адамдардың 30% 3 сағат ішінде өледі.
2 топ – сары: осы сәтте өмірге қауіп жоқ, бірақ
операция, бөгеу, ем жасауды керек етеді; 2-12
сағат бойы көмек көрсетілмесе олар 1 топқа
ауысуы мүмкін.
3 топ- жасыл: жедел емес амбулаториялық
көмекті керек етеді.
4 топ- қара: өлгендер немесе жанталасушы
науқастар.
Зардап шеккен адамдарды
іріктеу:
МК көрсету уақыты бойынша
айналасындағыларға қауіптілігі бойынша
көшірудің кезектілігі және сипаты бойынша (әр
10 зардап шеккен адамдарға бір іріктеу
бригадасы).
Зардап шеккен адамдарға МК көрсетуді
ұйымдастыру:
Қан кетуді тоқтату;
Тыныс жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіру;
ЖӨР және т.б.;
Зардап шеккен адамдардың 1-3 топтары
транквилизаторлар түрінде медикаментоздық
психотерапевтік көмек керек;
Төтенше уақиғалар ауданындағы эпидемияға қарсы
шаралар да – маңызды- бұл өлгендерді көмуді
ұйымдастыру;
Тасымалдау.
Жедел жәрдемнің кезекші аға дәрігерінің ТЖ ошағындағы әрекет ету алгоритмі
(ошақтың тағайындалған жауапты аға дәрігер (әдейі бригаданың дәрігері келгенше),
ошаққа бірінші болып келген жедел жәрдемнің медициналық қызметкері аға болып
табылады.
Аға дәрігердің міндеті: Апаттық-құтқару
жұмыстарының жетекшісіне өзін таныстыру, келгені
туралы баяндау, оның аты-жөнін, қызметін анықтау
Жағдайды бағалау. Медициналық барлауды
жүргізу
Алынған мәліметтер туралы «103» жауапты
дәрігерге баяндау
Жиналатын және Санитарлық көліктің
зақымданғандарға күтетін жерін анықтау,
медициналық көмек онда зардап шеккен
көрсету жерін (алаңын) адамдарды көшіру үшін
және оған кіре берісті автомашиналардың кіру
анықтау кезектілігін анықтайтын
рациямен қызметкерді
орналастыру
Аға дәрігерге «103» баяндау:
1. ТЖ ауқымы, сипаты және дәл мекен жайы туралы
2. Зардап шеккен адамдардың шама санын және болжамын
3. Күштерге және құралдарға қажеттігін
4. Зардап шеккен адамдардың жиналып орналасу жері және
санитарлық көлік алаңы туралы
5. Апаттық-құтқару жұмыстар жетекшісінің қызметі, аты-жөні.
Әрі қарай әр 30 мин сайын немесе жағдай бойынша дереу
баяндама
Зардап шеккен Зардап шеккен Зардап шеккен
адамдарды адамдарға адамдарды көшіруді
медициналық іріктеуді медициналық көмек ұйымдастыру
ұйымдастыру: көрсетуді «103» оперативтік бөлім
1. Көмек көрсету уақыты ұйымдастыру: арқылы (немесе ТЖ
бойынша ошағына келген
1. Қан кетулерді
көшіруші дәрігер).
2.Айналасындағыларға тоқтату.
қауіптілігі бойынша Оперативтік бөліммен
2. Тыныс
және көшіруші
3.Көшірудің кезектілігі жолдарының
дәрігермен байланыс
және сипаты бойынша (әр өткізгіштігін
тек ошақтың үлкен
10 зардап шегушілерге 1 қалпына келтіру.
медициналық бастығы
іріктеу бригадасы) 3. ЖӨР және т.б.
арқылы.
Ошақтағы медициналық шараларын аяқталғаннан
кейін:
1. Кезекші аға дәрігерге баяндама
2. ТЖ туралы, қосымша зардап шеккен адамдар
тізімімімен, хабарлама жасау үшін барлық
керекті мәліметтерді кезекші аға дәрігерге беру.
Санитарлық автокөліктер үшін ошақтан 75-100
метр қашықтықта алаң бөлінуі керек.
Зардап шеккен адамдарды жеткізетін
стационарларды, тек «103» оперативтік
бөліммен байланыс жасайтын аға медициналық
бастық анықтайды! Бригадалардың өздері
ешқандай жағдайда оперативтік бөлім арқылы
стационардан орын бөлінуін сұрауға құқығы
жоқ. Өзінің шығуы туралы міндетті түрде аға
медициналық бастыққа хабарлауы керек, ол
бригаданың зардап шеккен адамды стационарға
жатқызғаннан кейін ошаққа оралуы өкім ете
алады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz