Жануар жасушасының құрылысы
Презентация қосу
Жануар
жасушасының
құрылысы
Жалғас Айдана 20-13
Жануар жасушасының құрылысы
Жасуша-бұл тұтас және күрделі биологиялық жүйе, көп
жасушалы организмдер құрылымының ең кішкентай бірлігі.
Жасушаның бөліктері оның қалыпты өмірлік белсенділігін
қамтамасыз етеді, ал көбею кезінде — ата-аналардан
балаларға тұқым қуалайтын белгілердің берілуі. Өсімдік
жасушаларынан айырмашылығы, жануарлар
жасушаларында пластидтер болмайды, жасуша мембранасы
болмайды.Жануарлар жасушаларында өсімдік
жасушаларына тән пластидтер болмайды.
Хлоропласттардың болмауы жануарлар жасушаларының
маңызды айырмашылығы болып табылады. Өсімдіктерде
Органикалық заттардың бейорганикалық заттардан синтезі
жүреді. Жануарлар өсімдіктерден айырмашылығы дайын
органикалық заттармен қоректенеді.Жануарлар
жасушасында өсімдік жасушаларында жоқ органоид бар. Ол
жасуша орталығы деп аталады. Жасуша орталығының негізі
екі цилиндрлік корпускуладан тұрады. Олар аналық
жасушаның тұқым қуалайтын материалының түзілген
жасушаларға біркелкі таралуын қамтамасыз ете отырып,
жануарлар жасушаларының бөлінуінде маңызды рөл
атқарады.
Ядро – клетканың маңызды құрамдас
бөлiгi. Клетка ядроларда гендер орналасқан
ДНҚ бар. Осыған орай ядро 2 негiзгi қызмет
атқарады: 1) генетикалық информацияны
сақтап, ұрпақтан ұрпаққа беру; 2) заталмасу
және организм дамуының процесiн реттеу.
Көптеген клеткаларда 1 ядро бар. Кейде 1
клеткаларда 2-3 ядроны байқауға болады,
мысалы, бауыр клеткасында. Ондаған
ядролары бар көпядролы клеткаларда белгiлi.
Ядроның формасы клетка формасына
байланысты болады. Ядро қабықшасының
кедiр – бұдырлы бетi ядроны үлкейтедi және
ядро мен цитоплазманың құрылымдардың
байланысын арттырады.
.
Цитоплазма (гр. kytos — клетка және гр..
плазма — қалыптасқан) — ядроны қоршап
жатқан клетка бөлігі; қоймалжың (коллоидті)
ерітінді. Клетка Цитоплазмасының
сырты плазмолеммамен қапталған. Плазмолемма
— Цитоплазманың нәруызды -билипидті
қабықшасы, оның орт. қалыңд. 6 — 10 нм,
құрамында ферменттер болады. Ол клетка мен
оны қоршаған орта арасындағы зат алмасу
процесін қамтамасыз етеді. Цитоплазманың
негізгі құрамы гиалоплазмадан,
органелладан және қосындылардан тұрады.
Тірі организмдердің құрамына кіретін
клеткаларды екі топқа бөлуге болады: ядро
қабаты болмайтыны прокариоттар оларға көк
жасыл балдырлар және бактериялар жатады,
ядро қабаты жақсы жетілгені эукариоттар, бұған
өсімдіктер мен жануарлар клеткалары жатады.
Гольджи аппараты көптеген
цистерналар, көпіршіктер, табақшалар,
түтікшелер, дорбашалардан тұратын
жиынтық.
Көбінесе Гольджи аппараты 3
мембраналық элементтерден құралады:
1) жазық қапшықтар (цистерналар); 2)
көпіршіктер және 3) вакуольдер.
Гольджи кешенінің негізгі элементі –
диктиосомалар. Олардың саны әр
клеткада бірден бірнеше жүзге дейін.
Цистерналардың ұштары кеңейген.
Олардан құрамдарында әр түрлі заттары
бар, мембранамен қапталған гольджи
көпіршіктері мен вакуольдері бөлініп
тұрады.
Клетка орталығы бiр-бiрiне бұрыш жасап орналасқан екi кiшкене
цилиндр тәрiздi денелерден тұрады. Олар центриолдар деп аталады.
Центриол қабырғаларында микротүтiкшелер бар. Центриолдар
цитоплазманың өзiн -өзi жасаушы органоидтарына жатады. Клетка
орталығы клеткалық бөлiнуде маңызды роль атқарады. Центриольдер
клетка циклінде екі еселенетін өздерін реттеуші құрылым. Екі еселену
кезінде центриольдер екі жаққа алшақтайды, аналық центриольдің
базальді ұшына перпендикуляр тоғыз жеке микротүтікшелер құрылған
ұсақ процентриоль пайда болады. Тоғыз жеке-жеке микротүтікшелердің
әрқайсысына тубулиннен тағы екі микротүтікше қосылады.
Центриольдер базальді денешіктер, кірпікшелер мен талшықтар түзуге
және митоз ұршығын түзуге қатысады.
Лизосомаларда ферменттердiң 30 дан аса түрлерi бар, олар белоктарды,
нуклеин қышқылын, полисахаридтi және басқа заттарды ыдырату
қабiлетi бар. Ферменттер көмегiмен заттың ыдырауын лизис деп атады.
Осымен органоид атауы да байланысты.
Лизосомалар не Гольджи комплексiнiң құрылымдарынан, не
эндоплазмалық тордан түзiледi. Олар пиноцитоз немесе фагоцитоз
вакуольiне жақындап, олардың қуысына өзiнiң затын құяды. Сонымен,
лизосоманың ең негiзгi қызметi – қоректiк заттардың клеткашiлiк
қорытылуына қатысу. Сондықтан бүге лизосомалар клетканың өлген
жағдайында, эмбриондық дамуында және т.б құрылымдарын бұзу
қасиетi бар.
Митохондрия гр «mitos»- жіп, «chondrion»-дән, түйіршік деген мағына
білдіреді. Жасушада 100 мыңға жетеді саны жағынан Ұзындығы-10 мкм, дм 0,2-1,0
мкм, 2 мембраналы органоид. А) мембранамен қапталған түпнегіз, Ә)
мембранааралық кеңістік (ішкі мембранасы қыртысты болып келеді). Б) сыртқы
мембранадан тұрады. Митохондрия құрамында 65-70% нәруыз, 25-30% липид,
нуклейн қышқылы, витаминдер болады. Митохондрияның негізгі қызметі АТФ
синтездеу немесе «энергия станциясы» д.а.
Митохондрия қабырғасы 2 мембрана – сыртқы немесе iшкi мембранадан тұрады.
Сыртқы мембрана тегiс, iшкi мембранадан органоид iшiне кристалар кiредi. Криста
мембранада энегия алмасуына қатысқан көптеген ферменттер орналасады. Криста
саны клеткалар қызметiне байланысты. Бұлшықет митохондрияда олар өте көп, олар
органоидтың iшкi қуысын толтырып тұрады
Рибосомалар – екi әртүрлi бөлiктерi – субьбiрлiгi бар
органоидтар. Рибосомалар дөңгелек, диаметрi 15,0-35,0 нм.
Олардың құрамына бiрдей мөлшерiнде белок пен РНҚ бар.
цитоплазмада рибосомалар бос немесе эндоплазмалық тор
мембранасының сыртқы бетiн (бұдырлы мембрана) және ядроның
сытрқы қабықшасында орналасады. Синтезделетiн белок түрiне
байланысты рибосомалар «бiр – бiрден жұмыс жасай алады»
немесе комплекстерге бiрiгедi – полирибосомалар. Мұндай
комплексте рибосомалар ұзын а-РНҚ –молекуласымен
байланысады.
Рибосомаларды (р-РНҚ) ядрода кейбiр хромосоманың ДНҚ
молекуласында синтезделедi.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz