Мамандық әлемінің зор көптүрлілігі өмір үшін барлық қажеттіні жалғыз адам атқара алмайтындығының салдары
Презентация қосу
Тақырыбы:«Мамандық таңдауда қалай
қателеспеуге болады?»
Мақсаты: мамандық таңдауда жауапкершілікті
қалыптастыру, оқушыларға мамандықтың түрлері,
олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік
бере отырып, өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай
білуіне ықпал жасау, кәсіби бағдар беру,
мамандық әлемінен ақпараттар алу, қазіргі
заманның тапшы мамандықтарын көрсетіп, сол
бағытқа қарай бағыттау, өз пікірін еркін айтып,
өзгенің пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға
баулу, оқушыларды терең білім алу жолында
үздіксіз еңбектенуде еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Саламатсыздар ма құрметті оқушылар !
Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда,
Үлкен бақыт табу үшін ғаламда,
Үлкен болып қалу үшін ғаламда,
Үлкен арман керек екен адамға.
Әр адам ерте ме, кеш пе өз өмірінде «Қандай мамандық иесі боламын?» деген сұраққа
жауап іздейді. Мамандық таңдау – өте жауапты іс. Өйткені, таңдаған мамандығың ертеңгі
сенің өмірің, болашағың, қоғамның болашағы, еліміздің ертеңі.
Ал осы мамандықтың қанша түрі бар деп ойлайсыңдар?
Американдық кәсіптер сөздігінің мәліметтері бойынша 40 мыңға жуық мамандық түрі бар
екен. Мамандық әлемінің зор көптүрлілігі өмір үшін барлық қажеттіні жалғыз адам
атқара алмайтындығының салдары. Өз жұмысын орындау үшін адамға белгілі бір білім
мен ептілік қажет. Осылайша мамандықтар пайда болған. Күн сайын миллиондаған
адамдар жұмысқа асығып бара жатады. Олар немен айналысады? Өз жұмысын жақсы
көреді ме? Жұмыс түрін қалайша таңдады екен,өздерінің кәсіби жолын қайталар ма еді
немесе басқа іспен шұғылданар ма еді? Мамандықты таңдау ең маңызды өмірлік
шешімдердің біріне жатады.
«Психогеометрия» сергіту сәті
Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналана
адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетін баршылық.
Сенен үздікадминистратор шығады.
Зигзаг. Сенде әсемдікті көре білу қабілетін жоғары қалыптасқан, сондай — ақ
шығармашылық қабілетін, ой — өрісін дамыған. Сенде табиғи өткіройлылық
бар, өз айналана қабілетті адамдарды жинай аласын. Сені шаблондар,
ережелер, нұсқаулар қызықтырмайды. Бастаған істі аяқтауға төзімділіктің
жоқтығы бөгет жасайды.
Шеңбер. Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен өз әріптесінді тыңдай
аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесін, басқаның
ауарпатылығына жәрдемдесу қабілетін жоғары қалыптасқан. Саған жеке
адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес, өзіңді олардан аулақ ұстайсың
Сенен үздік психолог шығуы мүмкін.
Үшбұрыш. Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатына қол
жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске,
жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныннан шықпайсың,
абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің,
жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігін бар.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Ең бастысы – еңбек
нарығында сұраныс бар мамандыққа ие болу. Бұл,
әсіресе, ақпараттық технологиялар, өндірісті
цифрландыру және компьютерлендіру дәуірінде өзекті
болмақ. Таяу болашақта қазіргі мамандықтардың 50
пайызына сұраныс болмайды. Сондықтан, уақыт
талабына сай болу керек»,-деген болатын
«Болашақта қандай мамандықтар пайда болады?»
Инженер, IT саласының мамандары, Нанотехнология
саласының мамандары, Электроника және
биотехнология мамандары, Маркетологтар, Қызмет
көрсету бойынша мамандар, Логистер, экологтар,
химиктер, дәрігерлер.
«Қызықты мамандықтар» —
Ойын инспекторы, Гольф добын суда жүзіп алып беруші,
Жыланның уын алушы, Печеньелерге арналған
анықтамалар жазушы, Құрт жинаушы, Иттердің
тағамының дәмін татып көруші, Иттердің тағамының
дәмін татып көруші, Манекен адамдар
Сонымен мамандықты қалай таңдау керек?
1. Алдымен елімізде бар мамандықтардың тізімін жасау қажет. Солардың ішінен
ұнамайтындарын сызып тастаңыз. Өзіңізге ұнайтындарының біреуін таңдап, сол мамандық
жайлы досыңызға жарнама жасап көріңіз. Мысалы, дәрігер, экономист, сатушы, т.б. Егер
дұрыс, жан-жақты сипаттай алмасаңыз, онда бұл мамандық сізге ұнамайды деген сөз.
Яғни, бұл әдіс аталған мамандықтың ұнайтын-ұнамайтынын анықтау үшін жасалынады.
Осы мамандық бойынша жұмыс жасап жүргеніңізді толық елестетіңіз:
• Ұнамсыз жақтарына көндігер ме едіңіз? Мәселен, жұмыстан кеш шаршап шығу, аз
көлемдегі жалақы немесе жоғарғы жалақы, алайда үнемі іссапарда жүру керек, т.с.с.
• Болашақ отбасыңыз бұған қалай қарар екен?
2. Сіздің хоббиіңіз қандай? Сіз оны мамандыққа айналдыра алар ма едіңіз? Оған деген
сұранысты қалай арттыруға болады? Мысалы, сурет салуға икеміңіз болса, өзге
суретшілерден озық тұру үшін, компьютерде салуға және балалар әдебиетін көркемдеуге
үйреніңіз. Себебі балалар әдебиеті үнемі сұранысқа ие.
3. Сәнге айналған мамандыққа жүгірмеңіз. Мысалы, жас қыздардың көбі модель болуды
армандайды. Бұл түсінікті де. Біріншіден, үнемі теледидардан көрсететіндіктен атақ-даңқы
жайылады. Екіншіден, әдемі болып жүреді. Үшіншіден, дүниежүзін аралайды.
Төртіншіден, жалақысы жоғары. Алайда бұл мамандықтың да өз қиыншылықтары бар.
4. Мамандықтың жаманы жоқ. Мысалы, сіздің ас пісіруге ебіңіз бар, тіпті ләззат аласыз.
Алайда ата-анаңыз қарсы, олар баласының экономист болғанын қалайды. Дегенмен, осы
салада білім алсаңыз, кейін мейрамхана ашуыңызға да болады.
5. Амал жоқтықтан таңдау. Мәселен, балыңыз жеткен оқу орнына бара саласыз. Бірақ
өкінішке орай, осындай жолмен түскендер екінші, үшінші курстарда оқудан шығып кетіп
жатады
Түйінді ой:
Мамандық таңдаудың 6 қадамы.
Еңбек етсем, ертеңгі — бақытыма сенемін.
Мақсатыма жеткізер — уақытыма сенемін.
Достық іспен қасты да — жеңеріме сенемін.
Ақыл, сана білім мен — өнеріме сенемін.
Арым — таза, ақ көңіл — адалдыққа сенемін.
Абыройлы, ақ ниет — адамдыққа сенемін!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz