Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш


Slide 1

№ 14 дәріс Н. Ә. Назарбаев - тарихтағы тұлға

Slide 2

Дәрістің мақсаты

Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті, Ұлт Лидері, Елбасының Қазақ Елін көркейтудегі ерен еңбегі жайлы баяндау.

Slide 3

ДӘРІС ЖОСПАРЫ

1. Бірінші Президенттің бастамалары мемлекеттің жаңғыру жолында. Жасампаздық негізі Қазақстандық мемлекеттіліктің үлгісі.

2. «Тарих толқынында» еңбегі мен баспасөз беттеріндегі ұлттық тарихтың стратегиялық көрінісі және тарихи тұлғалардың рөлі

3. Н. Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жолы-Қазақстандық даму жолы» бағдарламасының тарихи маңыздылығы.

4. Егеменді елдің қалыптасуының кезеңдері, механизм қағидағасы мен қозғаушы күштердің дамуы, модернизацияның 3 толқыны, 30 елдің қатарына ену мақсатында бағытталған жаңару «Тәуелсіздік белестері» атты еңбегінде.

Slide 4

Н. Ә. НАЗАРБАЕВ

Тұңғыш Президент;

ҚР ҰҒА-ның академигі;

Іргелі ғалым;

Ресей әлеуметтік ҒА-ның академигі;

Білгір саясаткер;

Экономика ғылымдарының докторы;

Ақылгөй, дана, шешен.

Slide 5

Н. Ә. НАЗАРБАЕВ

Мәлімгер-реформатор;

ҚХА-ның төрағасы;

Ұлт Лидері (Елбасы) ;

Nur Otan партиясының Лидері;

Қазақстанның Қауіпсіздік Кеңесінің басшысы.

Slide 6

Н. Ә. Назарбаев - 1991-2019 жылға дейін басқарған ҚР-ның Тұңғыш Президенті.

1991 ж. 1 желтоқсанда Қазақстанда бүкілхалықтық сайлау өтіп, сол сайлауда 98, 78% дауыс жинап, ҚР-ның Президенті болып сайланды. Н. Ә. Назарбаевтың Президенттік өкілетті мерзімін 2000 жылдың 1 желтоқсанына дейін ұзарту туралы 1995ж. 29 сәуірде бүкілхалықтық референдум өтіп, референдумда халықтың 96, 45% қолдап дауыс берді. Сондай-ақ, 1999, 2005, 2011 және 2015ж. өткен сайлауларда Президент Н. Ә. Назарбаев қайта сайланды.

2010 жылдан бастап, тұңғыш Президентке “Елбасы” мәртебесін берді.

2019 жылдың 19 ақпанында Н. Ә. Назарбаев Қазақстанның Конституциялық Кеңесіне өзінің Президенттік өкілетін уақытынан бұрын тоқтату туралы өтініш білдірді. Бүгінгі таңда Н. Ә. Назарбаев Nur Otan партиясының Лидері, Қазақстанның Қауіпсіздік Кеңесінің басшысы міндетін атқарады.

Slide 7

1. Бірінші Президенттің бастамалары мемлекеттің жаңғыру жолында

Елімізде 1991 жылы 1 желтоқсанда - бүкілхалықтық сайлау қорытындысымен Н. Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды. Е. М. Асанбаев - вице-президент. 1991 жылғы 10 желтоқсан - Президенттің таққа отыру рәсімі болып, ант берді. Осы сәттен бастап Н. Ә. Назарбаев Тәуелсіз Қазақстаннның жаңғыру жолында тынбай еңбек етті. Атап өтер болсақ:

1991 жылғы 10 желтоқсан - ҚазақКСР-інің атауы Қазақстан Республикасы деп өзгертілді;

1991 жылғы 16 желтоқсанда Республика Жоғарғы Кеңесінің (ЖК) 7 сессиясында “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” Заң қабылданды;

Slide 8

Тәуелсіз Ел ретінде мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын бейбіт жолмен жүргізді;

Барлық мемлекеттермен халықаралық құқық ұстанымы негізінде қарым-қатынас орнықтырды;

Республика жері-біртұтас, бөлінбейді және оған қол сұғуға болмайды деп жариялады;

Ұлттық мәдениетті, дәстүр мен тілді қайта жаңғыртып, дамытты;

Қазақстандық ұлт өкілдері мен қазақтардың ұлттық қадір-қасиетін нығайтты;

Қоғамдық татулық және саяси тұрақтылық жолында жұмыс жүргізді;

Халық игілігін көздейтін экономикалық даму жолына қадам басты.

Slide 9

Бірінші Президенттің бастамалары

Мемлекет өміріндегі аса маңызды мәселелерді демократиялық әдістермен шешіп отырды;

1991 ж. 29-тамызда Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қойды;

1991 ж . 21-желтоқсан күні Алматы қаласында ТМД құрды;

1992ж. қыркүйек-қазан айларында Алматыда дүние жүзі қазақтарының құрылтайын өткізіп, жер бетінде тарыдай шашылған қазақтарды тарихи Отанына шақырды;

1993 ж. Лиссабон хаттамасына қол қойды. Қазақстан ядролық қарудан еркін аймақ болып жарияланды;

Slide 10

1994ж. Орталық Азия экономикалық қауымдас-тығын құрды (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, кейін Тәжікстан) ;

1994ж. Қазақстан Президенті Еуразиялық мемлекеттер одағын ұйымдастыруды ұсынды. (Одақтың мақсаты: Кеңес үкіметінен кейінгі кеңістікте пайда болған елдердің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін нығайту, әлеуметтік-экон-қ жаңғырту процестерін жүзеге асыру) ;

Әскери-саяси одақ НАТО-мен ынтымақтастыққа маңызды орын береді. Бұл ынтымақтастық “Бейбітшілік үшін әріптестік” бағдарламасы негізінде жүзеге асуда;

Халықаралық ұйымдарға мүше болып кіруге жол ашылды;

Slide 11

Жасампаздық негізі Қазақстандық мемлекеттіліктің үлгісі

ЖАСАМПАЗДЫҚ - жақсы істерді атқару. Елге, жұртқа жаңа серпіліс беретін идеаларды жүзеге асыру. Жаңа жобаны қолдап, жақсылықтың жаршысы болу.

Slide 12

“ТАРИХ ТОЛҚЫНЫНДА”

“Тарих толқынында”

Н. Ә. Назарбаевтың кітабы.

Алматы., 1999 ж.

Slide 13

“ТАРИХ ТОЛҚЫНЫНДА”

Кітапта еліміздің аумағында ертеден бері орын алған тарихи оқиғаларға баға берілген. Онда біртұтастылық, көшпенділер өркениетінің өзгешелігі, көшпенділер социумы ерекше суреттеліп, оқырман қауымға ұсынылған. Автор Қазақстанның Ресей империясы мен КСРО құрамындағы дәуіріне де жан-жақты тоқталған. “Тарихтың шеңберлері және ұлттық зерде” бөлімінде ел тарихын 12 кезеңге бөледі. Маңызы: Тарих қойнауын зерделей отырып, ұлттық қасиетті сақтауға тәрбиелеу қажеттігі баса айтылады.

Slide 14

“ТАРИХ ТОЛҚЫНЫНДА”

Қазақтар - ұлы өркениеттердің мұрагерлері тарихтың сан-сапалық құз-қияларынан өзінің ұлттық “МЕН” дегізерлік қасиеттерін алып шыға алды. Жай ғана алып шығып, жай ғана сақтай білген жоқ сонымен бірге еселеп жаңғыртада білді (26-бет) .

Қазақ болмысының келесі бір ерекшелігі - оның тарихшылдығы. Қара халықтың тарихтан хабардарлығы мейлінше жоғары болған (31-бет) .

Slide 15

Қазақтар үшін ұлттық дәстүрді сақтап-сабақтастырып отыратын мәнді тетік - ру болған.

Қазақ - бір атаның ұрпағы, бір тамырдың бұтағы деген ұстаным бойынша өсіп өркендеп отырған.

Күні бүгінге дейін Сахараның жазылмаған заңы бойынша 7 атаға дейін бір-бірімен үйленуге рұқсат етпейтін қазақтан басқа жер бетінде бірде-бір ел жоқ. Міне қазақ халқының даналығы тудырған қуатты генетикалық тамыры қайда жатыр.

Бір отбасының балалары 7 атадан кейін әрқайысысы бір-бір іргелі руға ұласқан. Мәселен, әйгілі батырымыз Қанжығалы Қарт Бөгенбайдың кіндігінен тараған ұрпағы 1932 жылғы ашаршылыққа дейін 552 отбасын құраған. Бұл, шынында да іргелі бір ру деген сөз.

Slide 16

Н. Ә. Назарбаевтың

«Нұрлы жолы-Қазақстандық даму жолы» бағдарламасының тарихи маңыздылығы

11. 11. 2014 ж.

Slide 17 Slide 18 Slide 19 Slide 20 Slide 21 Slide 22 Slide 23 Slide 24

Slide 25

ХХ ғасыр саңлақтары

1. Әлихан Бөкейханов.

2. Ахмет Байтұрсынов.

3. Дина Нұрпейісова.

4. Мұхтар Әуезов.

5. Қаныш Сәтбаев.

6. Бауыржан Момышұлы.

7. Дінмұхаммед Қонаев.

8. Нұрсұлтан Назарбаев.

9. Олжас Сүлейменов.

10. Тоқтар Әубәкіров.

Slide 26

Н. Ә. Назарбаевтың еңбектері:

«Әділеттің ақ жолы» Алматы, Қазақстан - 1991ж.

«Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» Алматы, Дәуір - 1992ж.

«Қазақстанның болашағы - қоғамның идеалық бірлігінде» Алматы, Қазақстан -1993ж.

«Ғасырлар тоғысында» Алматы, Өнер - 1996ж.

«Қазақстан тәуелсіздігі: тарих тағылымдары және қазіргі заман: ҚР Тәуелсіздігіне 5 жыл». Алматы, Қазақстан - 1997ж.

«Қазақстан-Ресей қатынастары» Алматы, Қазақстан - 1999ж.

“Тарих толқынында” Алматы, Атамұра-1999 ж.

«Жүз жылға татитын он жыл» Астана, Елорда - 2001ж.

«Бейбітшілік кіндігі» Астана, Елорда, - 2001ж.

“Бейбітшілік кіндігі” - Астана, 2002.

“Тәуелсіздік белестері” - Алматы, 2003.

“Қазақстан жолы” - Астана, 2007.

Slide 27

“Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы”

Н. Ә. Назарбаевтың кітабы

Алматы., Дәуір 1992ж.

Slide 28

“Қазақстанның дамуының стратегиялық мақсаттары мен концептуальдық үлгісі”-деп аталатын І-тарауында Бүгінде біз алдымызға қандай нақты стратегиялық мақсаттар қойып отырмыз. Егер саясат саласын алатын болсақ.

Президенттік Республика құру;

Көппартиялық жүйе құру;

Тұрақтылықты қамтамасыз ету;

Әскери-саяси және экономикалық одақтар жасау;

Қазақстанның саяси салмағын арттыру;

Қазақстанның тиімді геосаяси жағдайын пайдалану;

Slide 29

Экономика саласында:

Әлеуметтік нарықтық экономика құру;

Қазақстанның табиғи ресурстарының негізінде дүниежүзілік тауар рыногында өзінің нақты айқындамасын жеңіп алу;

Тұтыну рыногын толықтыру;

Қазақстанды дамыту үшін шетел инвестицияларын тарту және тиімді пайдалану;

Әлеуметтік даму саласында:

Іс жүзінде бәрінің игілігін қамтамасыз ететін қоғам орнату;

Ниет білдірген әрбір адамға кәсіпкерлік еркіндік пен мүмкіндік туғызу;

Этникалық өзіндік өзгешелікті дамыту және Қазақстанның ұлттық мәдени алуан түрлігін сақтау;

Slide 30

Еңбек табыстарын, зейнетақыны және жәрдемақыны арттыру, бірақ соның өзінде заңсыз баюға жол бермеу.

Сөйтіп Қазақстанды дамытудың концептуальдық тұрқы ашық үлгідегі қоғамды демократиялық бейбітшілік сүйгіш мемлекет құруды көздейді.

Slide 31

“Сындарлы он жыл”

Н. Ә. Назарбаевтың еңбегі.

Алматы., Атамұра - 2003 жыл. - 240 б.

Slide 32

“Сындарлы он жыл”


Ұқсас жұмыстар
Тұңғыш ғарышкер кім
Қазақ халқының дәстүрлі ойыны
Қазақ КСР - нің тұңғыш президенті
Астана - Қазақстанның бас қаласы
Қазақстанның қалаларын жаз
Саяси элита
Президентінің күні
Қазақстанның саяси элитасы
ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚОҒАМДЫҚ – САЯСИ ДАМУЫ
Алматы облысының әкімшілік орталығы - Талдықорған қаласы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz