Робототехника тарихы


Slide 1

Робототехника тарихы

Дайындаған: Тексерген:

Slide 2

Жоспар:

Slide 3

1. Роботтар тарихын зерттеу

Роботтардың шығу кезеңі 1921 жылы қаңтар айынан басталды. Прага қаласында драматург Карела Чапектің жаңа қойылымы болды. Онда R. U. R. робаттары адамзатқа көмегін тигізіп, кейін оларға қарсы шығады. Міне осы драматург біздің сөйлеу мәнерімізге «робот» сөзін енгізген.

«Робот -чех сөзі robot, robota - еріксіз еңбек», «rob-құл»-деген мағынаны білдіреді. Ол алғашқы ұғымында “жұмысқа шебер адам” мағынасында қолданылды, адам тәрізді әрекеттер, қимылдар жасайтын машина; адам жүрісі мен қимылын еліктететін автоматтандырылған, адам қажетіне еңбек етуге бағытталған, күрделі кұрылғы. Робототехника ұғымын қалыптастырушы Айзек Азимов.

Slide 4

2. Робототехниканың шығуы мен қолданылуын анықтау

Робототехника (робот және техника; ағылш. robotics - роботика) - роботтардың құрылысымен, жұмысы мен қолдануымен айналысатын, оған қоса олардың басқару, сезіну мен мәлімет өңдеумен айналысатын механикалық, электр және электронды инженерия мен компьютер ғылымдарының біріккен саласы.

1942 жылы ғылыми-фантастикалық мәнерде жазатын жазушы Айзек Азимов робототехниканың үш заңын ойлап табады. Робототехника қандай да роботтарды зерттеп әзірлемесе да, ол роботтар Айзек Азимовтың үш заңына бағынуы тиіс. Ол заңдарды 1942 жылы жазылған «Хоровод» атты әңгімесінде баяндаған. Ол заңдар мынадай оймен жазылған:

1. Бір де бір робот адамға залал келтіре алмайды, немесе әрекетсіздігімен залал келуіне жол бермейді.

2. Бірінші заңға қарсы келмесе, робот адамның барлық бұйрықтарын орындауға тиіс.

3. Бірінші және екінші заңдарға қайшы келмесе, робот өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек.

Slide 5

Ең алғашқы адам тәрізді робот 1495 жылы Леонардо да Винчидің сызбасында бейнеленген.

1738 жылы француз механик-құрастырушысы Жак де Вокансон сырты қауырсынмен қапталған, қанаттарын қозғалта алатын және дыбыс шығарып, су ішетіп, жүре алатын механикалық үйректі ойлап тапты.

1770 жылы швециялық сағат жасаушы Пьер-Жак Дро автомат хатшы құрастырды. Хатшы қыз бала үстел үстінде әдемі әріптерді, сөздерді жазып, тіпті иттің суретін де сала алатын болған.

Slide 6

1869 жылы орыс механик құрастырушысы Иван Петрович Кулибин 3 жыл ішінде жұмыртқа тәрісдес пішінді ойлап тапты. Ол әмбебап сағат театрлық қойылым көрсетіп әуен ойнайтын болған.

1948 жылы Норберт Винер тәжірибелік робототехниканың негізін құрайтын кибернетиканың қағидаларын тұжырымдаған.

Толығымен автономды роботтар XX ғасырдың екінші жартысында ғана пайда болды. Ең бірінші сандық басқаруы бар бағдарламанатын робот Unimate болған. Ол робот ыстық темір бөлшектерді балқыту машинасынан көтеріп, жинауға арналған.

Slide 7

Қазіргі таңда коммерциялық және индустриалдық роботтар кеңінен тараған. Роботтар кеңінен құрастыру, жинақтау, жеткізу, жер және ғарыш зерттеулері үшін, медициналық оталар, жарақ ретінде, зертханалық зерттеулер, қауіпсіздік үшін қолданылады.

1966 жылы Шеки (англ. Shakey) роботы пайда болды. Ол - әмбебап, мобильді, өз әрекетін талқылай білетін робот.

Dante II роботының көмегімен адамзат белсенді вулканның картерін көруге мүмкіндік алды.

Slide 8

Робот қоршаған әлеммен әрекеттескен кезде адамның (жануарлардың) қызметтері мен іс-әрекеттерін ішінара немесе толық атқарады. Қазіргі кезде тұрмыстағы көптеген қызметтерді атқаратын, қадағалайтын, мүгедектер мен сәбилерге көмекші, көңілін аулайтын, т. б. роботтар жасалынды.

Соның бірі Sony компаниясының Aibo (яп. 愛慕 айбо «махаббат» деген мағнаны білдіреді) атты күшігі. Ол өзінің иесін тани алады, дауыстап айтылған бұйрықтарға мән береді, жүгіреді, ойнайды, билей алады. Сонымен қатар интеллектуалдық роботтар да пайда бола бастады. Робот техниканың дамуы барысында адамдарды бір сарынды ауыр жұмыстардан, жоғары радиациялы, жоғары немесе төмен температура жағдайларындағы және адам қатынауы қиын жерлердегі (су астында, ғарышта) жұмыстардан босататын автоматтық құрылғылар мен механизмдер түрінде жасалып, олар үнемі жетілдіріле түсуде. Мұндай құрылғылар мен механизмдер өнеркәсіптік роботтар деп аталады.

Slide 9

3. Қазақстандағы робототехника

Роботтарды кеңінен қолдану құрылыс, ауыл шаруашылығы, көлік, тамақ және жеңіл өнеркәсіп салаларында қамтып отыр. Өнеркәсіп робаттарды қолдану ауқымын кеңейту экономикалық, техникалық, әлеуметтік жағын да қамтуда. . Роботтарды бір операциядан екінші операцияға ауыстырудағы жеңілдік өндірістегі дайындық мерзімін азайтып, шығынның аз шығуына, жаңа өнімді шығаруға қол жеткізеді. Еліміздегі қайта құру жағдайында бұл факторлар шешуші роль атқарады.

Еліміздегі және шет елдегі роботтардың басым көпшілігі машина жасау өндірісінде пайдалануда. Машина жасау мен механикалық өңдеуден басқа салалар 10% ғана негізінен роботтар машина жасау өндірісінің қажеттілігіне байланысты пайдалануда. Бұл роботтар жеңіл өнеркәсіпте кең қолданбаса да, машина жасауда пайдаланылатын мақсаты бірдей. \

Slide 10
Ұқсас жұмыстар
Робототехника тарихы және перспективалары
Робототехника мен сервистер
Әлемдік нарықтағы роботты техника
Робототехника
Жобаның зерттеу міндеттерін кезең - кезеңмен орындау
Робот сұлбасын жасау технологиясы
Жапония туралы презентация
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТ
Өнеркәсіптік роботтар
Болашақтың роботы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz