Жер эллипсоиды және оның негізгі элементтері




Презентация қосу
Жаңатас көпсалалы колледжі

“Жер эллипсоиды және оның негізгі
элементтері”

Жаңатас қаласы
Жоспар
Геоид және эллипсод
Красовский эллипсоиды
Картографиялық проекция
Координаттар жүйесі
Географиялық координаттар
Жердің пішіні мен көлемін зерттеу жер
бетін картада дұрыс кескіндеуге мүмкіндік
туғызады және ол ғылым мен техниканың
көптеген міндеттерін шешу (жасанды
серіктерді және ғарыш кемелерін ұшыру,
теңізде жүзу, авиация, радиобайланыс және
т.б.) үшін қажет.
Геоид және Эллипсоид
Егер де бүкіл планета материктер астымен үздіксіз жалғасып жататын дүниежүзілік мұхит
бетінің тынық кезіндегі жағдайымен шектелген десек, тұтас алғанда жердің пішіні туралы
түсінік алуға болады. Осындай тұйық бет өзінің әрбір нүктесінде вертикаль бағытқа, яғни
ауырлық күшінің бағытына перпендикуляр болады, ал ол деңгейлік бет деп аталады. Осы
деңгейлік бетпен шектелген денені геоид(1сурет) дейді. Геоид – толқын мен ағынның жоқ
кезінде мұхиттардағы судың орта деңгейі мен материктегі мухитпен жалғасқан шартты түрде
алынатын су деңгейінің фигурасы.
Жердің фигурасына мейлінше жақын келетін эллипсоидты жер эллипсоиды деп атайды. Жер
эллипсоидының мөлшерін анықтау үшін жер бетінің барлық жерінде геодезиялық өлшеулер
жүргізілуі тиіс. Әзірше мұндай өлшеулер толық жүргізілмегендіктен, жер эллипсоидының
дәл параметрлерін анықтауға мүмкіндік болмай отыр. Осы орайда кейбір елдерде
геодезиялық өлшеулерді өңдеу барысында геодезиялық жұмыстардың нәтижелері бойынша
шығарылған өз эллипсоидтары колданылады; олар сол елдің немесе бірнеше елдің
территориясын толық, не ішінара қамтиды. Осындай эллипсоид референц-
эллипсоид (2сурет)деп аталады. Референц-эллипсоид дегеніміз нақты бір елде геодезиялық
өлшеулерді өңдеу үшін қолданылатын, жер денесінде белгілі түрде бағдарланған, нақты
көлемі анықталған эллипсоид.
Красовский эллипсоиды
Жер эллипсоидының мөлшерін әлденеше рет әр түрлі елдердің
ғалымдары анықтады. 1946 жылға дейін ТМД-да 1841 жылы неміс
ғалымы Ф. В. Бессель есептеп шығарған жер эллипсоидының
мөлшері қолданылды (а=6 377397 м, Ь = 6356079 м, а=1299,2).
1945 жылдан бастап геодезиялык, және картографиялық жұмыстар
үшін Ф. Н. Красовскийдің референц-эллипсоидының. мынадай
мөлшері бекітілді: а=6378245 м, 6 = 6356863 м, а = 1 298,3.
Алынған бұл өлшемдер, 1946 жылы Кеңес Үкіметінің қаулысы
бойынша,еліміздің барлық геодезиялық және картографиялық
жұмыстары үшін қабылданып алынып, Красовский эллипсоиды деп
аталатын болды.Осы орайда айта кететін бір жай, кейбір елдерде
геодезиялық өлшеулер нәтижесінде шығарылған өз эллипсоидтары
қолданылады.Олар осы немесе бірнеше елдің территориясын толық
не ішінара қамтиды.Мұндай эллипсоид референц эллипсоид деп
аталады.Сонымен,референц эллипсоид дегеніміз нақты бір елдегі
геодезиялық өлшеулерді өңдеу үшін қолданылатын, жер денесінде
белгілі түрде бағдарланған, нақты көлемі анықталған эллипсоид.
•Қазіргі кезде Красовскийдің референц эллипсоиды тек Ресейде ғана емес,бүкіл ТМД ж/е Батыс
Еуропаның бірнеше елдерінде қолданылады.Бұрынғы Кеңестер Одағы,Батыс Еуропа мен АҚШ
тың грвиметриялық және астрономиялық өлшеулері нәтижесінде алынған жер эллипсоидының
көлемі,басқа елдердегі анықтамаларға қарағанда,қолданылған материалдардың аумағы
жағынан да, оларды өңдеудің дәлдігі жағынан да әлдеқайда нақты.
Жер пішінінің көлемі өте жоғары дәлдікті қажет ететін геодезиялық тірек торларын құруда толық
ескеріледі.Ал жер бетінің шағын учаскелерінде геодезиялық жұмыстармен қатар,көптеген
инженерлік есептерді шығаруда эллипсоид сығылушылығының мардымсыз
болғандығынан,жердің пішіні үшін шарды қолдануға болады.
Картографиялық проекция

Картографиялық проекция , картографиялық кескін – Жер эллипсоидының
(шардың) немесе планетаның бетін математикалық тәсілдер арқылы
жазықтықта бейнелеу.
Картада кездесетін бұрмаланулар сипатына қарай, картографиялық
проекциялардың мынадай түрлері белгілі: тең ауданды, тең бұрышты, тең
аралықты және еркін проекциялар.
Тең ауданды проекциялардағы карталарда географиялық объектілердің ауданы
бұрмаланбай дәл беріледі, бірақ өте үлкен аумақтарда бұрыштар мен
геометриялық пішіндер елеулі бұрмалануға ұшырайды.
Тең бұрышты проекциялардағы карталарда бұрыштардың бұрмалануы жоқ.
Сонымен қатар мұндай карталарда аумағы шағын жерлер пішіні де дәл
кескінделеді. Ал ұзындықтың масштабы картаның кез келген нүктесінде
барлық бағытта да бірдей мөлшерде сақталады. Неғұрлым аумағы үлкен
географиялық объектілердің ауданы қатты бұрмалануға ұшырайды.
Тең аралықты проекциялардағы картада ұзындықтың масштабты тек канa бір
басты бағыт бойынша, тек параллель — немесе мередиан бойымен ғана
сақталады. Бұрыштар мен ауданнын бүрмалануы соншалықты байқала
бермейді.
Координаттар жүйесі
Координаттар — жазықтықтағы кез келген беттегі не
кеңістіктегі нүктенің орнын анықтайтын сандар. Ғылымға, ең
әуелі, аспан сферасындағы не Жер шары бетіндегі нүктенің
орнын (ендік пен бойлық) анықтайтын астрономиялыһ және
географиялық кординаттар енді (қараңыз ). 17
ғасырда Р.Декарт кординаттар әдісі арқылы геометрия мен
математикалық анализдің арасындағы өзекті байланысты
ашты
Географиялық координаттар
Географиялық координаттар — жер бетіндегі
экваторға және нөлдік меридианға қатысты нүктенің
орнын көрсететін мөлшер. Олар географиялық ендік
және географиялық бойлық болып ажыратылады.
Географиялық ендік жер бетінің кез келген нүктесіне
түсірілген тік сызық пен экватор жазықтығы
арасындағы бұрышпен өлшенсе, географиялық
бойлық бастапқы меридиан жазықтығы мен берілген
нүкте арқылы өтетін меридиан жазықтығы
арасындағы бұрышпен өлшенеді. Бастапқы (нөлдік
немесе бірінші) меридиан ретінде халықаралық
келісім бойынша Лондон қаласы маңындағы Гринвич
обсерваториясы арқылы өтетін меридиан алынған.
Географиялық ендік экватордан 0°-тан басталып
солтүстік және оңтүстік полюстерге қарай 90°-қа
дейін өзгереді.
Солтүстік жарты шарда — оң, оңтүстік жарты шарда — теріс болып есептеледі. Бойлық
бастапқы меридиандағы 0°-тан басталып 360°-қа дейін өзгереді. Ол шығысқа немесе батысқа
қарай өлшенуіне сәйкес, шығыстық немесе батыстық бойлық деп аталады. Бойлықтың 0°-тан
180°-қа дейінгі санау әдістері де қолданылады. Географиялық координаттар бұрышты өлшегіш
аспаптардың көмегімен (теодолит секстант, т.б.), астрономиялық бақылаулар арқылы
анықталады.
Дереккөздер

Ұқсас жұмыстар
ЖЕРДІҢ ПІШІНІ МЕН ӨЛШЕМДЕРІ
Жердің пішіні және өлшемі
Картографиялық проекция. Гаусс-Крюгер проекциясы
Бөлу жұмыстарының түсінігі
Гаусс-Крюгер проекциясы
GPS пен лимбті өлшеу кезінде су қоймаларындағы су деңгейінің ортометриялық биіктігінің қателіктерін зерттеу
Айналу беттері
ҒАРЫШТЫҚ ҰШУ АППАРАТТАРЫН ҰШЫРУ
ҒҰА орбита элементтері
ПРЕЗЕНТАЦИЯ ІШКІ ШАРУАШАЛЫҚ ЖЕРГЕ ОРНАЛАСТЫРУ
Пәндер