Ұйымдастыру функциясы


Slide 1

Ұйымдастырушылық мақсат, құрылым, өкілеттік, өзара іс-қимыл және жауапкершілік.

Орындаған:

Ниязханова Гульназ Сериккажиевна

ҚҚс 131

Slide 2

Жоспар:

Ұйым. Ұйымдастыру функциясы

Ұйымдастырушылық мақсат

Өкілеттілік және жауапкершілік

Ұйымдастырушылық іс-әрекет

Ұйымдастырушылық құрылымдар және түрлері

Slide 3

Ұйым. Ұйымдастыру функциясы

Ұйым дeгeніміз - біртұтaс бaйлaнысты бірлікті құрaтын элeмeнттeр жиынтығынaн тұрaтын қүрдeлі динaмикaлық әлeумeттік - экoнoмикaлық жүйe.

«Ұйым» тeрмині әдeттe eкі мaғынaдa қoлдaнылaды:

Ұйым - бeлгілі бір oбъeктінің бaр элeмeнттeрін кeңістіктe жәнe уaқыт бoйыншa рaциoнaлды үйлeстіру. Бұл үйлeстіру бaрысындa әр элeмeнт тұтaс oбъeктіні тaбысқa жeтугe итeру кeрeк.

Ұйымның өзі күрдeлі, бeлгілі бір рeттeлгeн ішкі құрылымғa иe бoлaтын oбъeкт рeтіндe қaрaстырылaды.

Slide 4

Ұйым. Ұйымдастыру функциясы

Ұйымдастыру дегеніміз - ол мақсаттарға жету үшін адамдарға бірге тиімді жұмыс істеуге мүмкіншілік беретін кәсіпорын құрлымын таңдау және жасау үрдісі.

Ұйымдастыру функциясы жоспарлау функциясымен тығыз байланыста. Жоспарлау функциясы мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталған, ал ұйымдастыру функциясының басты компоненті адамдар болатын жұмыс құрлымымен құрастыру. Әрбір ұйым жұмыс түрлері мен олардың көлемдеріне байланыссыз белгілі бір тәртіппен ұйымдастыруға тиісті.

Ұйымдастыру үрдісі көп жағдайда ұйымның мақсатына жауап бере алатын, оның ішкі және сыртқы ортасынан ықпал ететін тиімді құрылымды құрумен байланыстырылады. Ұйымдастыру функциясын орындау үрдісінде басшылыққа алатын қағидалар жиынтығы бар, олар:

Slide 5 Slide 6

Ұйымдастырушылық мақсат

Мақсат - бұл бірге жұмыс істейтін топ жеткісі келетін нақты түпкі жағдай немесе ықыласты нәтиже. Жоспарлау процесі барысында басшылық мақсаттарды дайындап, оларды ұйым мүшелеріне хабарлайды. Бұл процесс қуатты үйлестіру механизмі болып табылады, себебі ол ұйым мүшелеріне олар неге тырысулары керек екендігін білуге мүмкіндік туғызады. Мақсаттар алуан түрлі болуы мүмкін: ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді, түпкі және аралық, жалпы және жеке, басты және қосалқы. Қызметтері ұқсас түрлі ұйымдардағы бөлімдердің мақсаты бір ұйым ішіндегі түрлі қызметпен шұғылданатын бөлімшелердің мақсаттарына қарағанда бір-біріне жақынырақ болады. Бөлімшелердің мақсаттары өзге бөлімшелердің (функционалдық салалардың) мақсаттарымен кереғар келмей тұтастай ұйымның мақсатына нақты үлес қосуы тиіс.

Slide 7

Өкілеттілік және жауапкершілік

Өкілеттілік - ұйым ресурстарын пайдалануда және қызметкерлерді күш жігерін нақтылы бір мәселелерді шешуге бағыттауда берілген шектеулі мүмкіндік немесе құқық болып табылады.

Өкілеттілік пен билік - бір-бірімен байланысты, билік - ықпал ету мүмкіндігі. Айырмашылығы, өкілеттілікке ие болмай-ақ билік жүргізуге болады. Өкілеттілік жеке тұлғаға емес жеке тұлғаның лауазымына беріледі, ал лауазымы болмаса да, кейбір адамдар жеке басының ерекше қасиетіне байланысты билік жүргізе алады.

Жауапкершілік - алда тұрған мақсаттарды орындау жөніндегі міндеттеме және олардың қанағаттанарлық шешіміне жауап беру.

Slide 8

Ұйымдастырушылық іс-әрекет

Ұйымдастырушылық іс-әрекет-бұл тиімді басқару әдістерін табу мақсатымен және адамдық факторлармен байланысты ұйымдағы адамдардың іс-әрекетінінің алдында тұрған мақсаттар мен міндеттер мына талдамаларға байланысты.

Ұйымдағы адамдардың іс-әрекетін алдын ала байқау әдістері мен оны түсіндіру әдістері.

Ұйымдағы адамдардың іс-әрекетін аналитикалық және эмпирикалық зерттеу техникасы.

Бағыныушының және өз басының іс-әрекетін басқару дағдысы.

Психологиялық мәдениет ұйымдық ой.

Ұйым қызметінің іс-әрекеті туралы көп жақты білім.

Ұйымдастырушылық іс-әрекеттің даму логикасы төрт басты кезеңді бөліп көрсетеді: классикалық, хоторнды эксперименттер, гуманистикалық, мәдени.

Slide 9

Ұйымдастырушылық іс-әрекеттің даму кезеңдері.

Кезең

Тиімділігі

Тарихы

I кезең

Еңбек өнімділігі

Біліктілігі жоқ жұмыс күшінің үлкен көлеміне байланысты өндірістің өсуі, соғыстан кейін тұрғындардың миграциясы, 20-30 жылдардығы экономикалық депрессия

I кезең

Өнімділік, даму

Корпоративті меншіктің ролінің дамуы, мамандар менеджерлердің пайда болуы, мемлекеттік реттеу трансұлттық корпорация пайда болды.

I кезең

Сапа

Ғылыми сиымды, жоғарғы технологиялы өндіріс, әлемдік нарықтың нығайюы және кеңеюі, бәсекелестіктің күшеюі, элемдік саясат пен экономикалық байланыстардың белсендетілуі.

Slide 10

Ұйымдық құрылым

Ұйымдық құрылым - aлғa қoйғaн мaқсaттaрғa тиімді жeту үшін жұмыс істeйтін aдaмдaрдaн aрнaйы құрылғaн тұтaстық жүйe. Ұйым дeп көбінeсe біріңғaй, тұтaс oргaнизм бoлып сaнaлaтын, өндірістік бірлігі рeтіндe бөлeк фирмaны aтaйды, өйткeні, ұйымдa бір мaқсaттaғы кoмaндa бoлып сaнaлaты бір идeoлoгияны қoлдaнaтындaр (экoнoмикaлық, тeхникaлық, тeхнoлoгиялық) жұмыс істeйді.

Құрылым ұйымдағы байланыстырушы буыны болып саналады, жоспарлаудың нышандары мен ұйымдастырылуына жұмысты бөлу және оны үйлестіру әдістері ықпал етеді, әрбір басқару звеносының, әрбір бөлімшенің өз жұмысын қалай істейтіндігін салыстыруға мүмкіндік береді. Ұйымның құрылымы жұмысты кездейсоқ бөлу арқылы емес, тікелей және көлденең еңбек бөлінісі арқылы жауапкершілігіне, мамандығына, салаларына сәйкес пайда болады.

Slide 11

Ұйымдық құрылым

Ұйымдастыру қызметі арқылы ұйымның құрылымы мынандай қағидалар негізінде құрылады:

Жүйелілік - ұйымның жұмысын толық қамти отырып, белгілі бір жүйеге келтіріп, бүкіл жүйенің тиімділігін арттыру.

Шектеулік - әрбір қызметкердің міндеті, белгіленген құқы, өкілеттілігі, жауапкершілігінің болуы.

Мамандандыру - әр бөлімге, әр адамға өзінің саласы мен мамандығы бойынша нәтижесіне толық жауап беретіндей жұмыстарды тапсыру.

Үздіксіздік - еңбек ұжымы өзі қабылдаған шешім бойынша міндеттерін динамикалы түрде үздіксіз орындауы шарт.

Ырғақтылық - белгілі бір уақыт аралығында орындалатын жұмыс көлемі, сол қарқыннан төмендемей, қайталанып отыруы тиіс.

Жеделдік - басқару жүйесін жетілдіру барысында талданған мәселелер бойынша дер кезінде шешім қабылдау.

Икемділік - басқару жүйесі кез-келген өзгерістерді қабылдап, жұмысты үзіліссіз жалғастыруға бейім болуы қажет.

Slide 12

Cызықтық құрылым - тікелей еңбек бөлінісі арқылы пайда болады. Мұндай құрылымда басқарудың барлық қызметтері басшының өкілеттілігінде болады, кейінгі органдар тек бір басшыдан ғана тиісті нұсқауларды алады, яғни бұл құрылымда басшы басқарудың барлық қызметтерін дербес атқарады. Сызықтық құрылым тікелей еңбек бөлінісі арқылы пайда болатындықтан, мұнда деңгейлері, лауазымы, жауапкершілігі әртүрлі, ал салалары, мамандықтары бірдей болуы мүмкін.

Ұйымдық құрылымның түрлері:

Slide 13

Cызықтық құрылым

Slide 14

Функционалдық құрылым - көлденең еңбек бөлінісі арқылы пайда болады. Басқару функцияларын бірнеше басшылар әрбір сала мен мамандықтарына қарай жүргізеді. Мұнда деңгейлері бірдей қызметкерлер мамандықтары мен жұмыс салаларына қарай бөлінеді.

Артықшылықтары:

Іскерлік және кәсіптік мамандануды жетілдіріп, ынталандырады.

Іс-қызметтегі бір-бірін қайталауды және материалдық ресурстардың артық тұтынылуын қысқартады.

Функционалдық іс-қызметтерді іске асыруда үйлестіруді жақсартады.

Кемшіліктері:

Бөлімшелер, әрқайсысы өздерінің мақсат, міндеттерін бірінші кезекте іске асыруға күш салады, сол себепті орталық мақсат, міндеттер жеке мақсат, міндеттердің көлеңкесінде қалу мүмкіндігі бар. Ол ішкі келіспеушілікті туғызады.

Ұйымдық құрылымның түрлері:

Slide 15

Функционалдық құрылым

Slide 16

Басқару құрылымының бұл түрі сызықтық және функционалдық басқару ұйымдарында пайда болған қиындықтардың әсерінен туындайды. Аталған құрылымды А. Файоль кеңінен насихаттады. Кейде бұл жүйе шоғырланған басшылық жүйесі деп аталады. Сызықтық құрылым негізге алына отырып, маңызды проблемалар бойынша мамандар шоғырланған штабтар құрылады. Штабтар білікті шешімдер әзірлейді, дегенмен, бұл шешімдерді сызмқтықбасшы бекітіп, оларды орындау үшін төменгі қабаттарға береді.

Бұл құрылымның басты артықшылығы - шешімдер әзірлеген кезде дара басшылық білікті (компетентті) мамандар қызметімен ұштастырылады.

Кемшілігі: мәселелер көп болған жағдайда штаб ұлгая бастайды, қызықтық басшыға түсетін салмақ орасан зор артьш кетеді.

Сызықтық - штабтық басқару

Slide 17

Сызыктық-штабтык құрылым

Slide 18

Бағдарламалық - мақсаттық әдістемелерінің дамуына байланысты күрделі техникалық жүйелерді тиімді басқаруға бағыттанған жобалық құрылым орын алады. Бұл құрылымда ғылыми-өндірістік қызметтің барлық саласындағы бүкіл бөлімшелер тікелей бағдарлама басшысына бағынады және бұл жағдай құрылымға артықшылықтар әкеледі.


Ұқсас жұмыстар
Басқару функциялары
Педагогикалық менеджменттің функциялары туралы
ОМӨЖ БАСҚАРУ ФУНКЦИЯСЫ
БАСҚАРУ ФУНКЦИЯСЫ
КОММУНИКАТИВТІК ДАҒДЫЛАР, ҮРДІС ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН ФУНКЦИЯСЫ
Кәсіпкерліктің функциялары
Педагогикалық менеджменттің басқару функциялары
Педагогикалық менеджменттің функциялары
Мұрағат істерін ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz