Мәдениет философиясы


Slide 1

Қоғам және мәдениет

Slide 2

Жоспар:

Қоғам философиялық ұғым ретінде.

«Қоғамдық сана» ұғымы. Қоғамдық сананың түрлері.

Қоғамның типтері. Ақпараттық қоғам. Постиндустриалдық қоғам. Ашық қоғам. Желілік қоғам.

Мәдениет - қоғам болмысының формасы.

Материалдық және рухани мәдениет.

Slide 3

Қоғам - жалпы мағынасында, мәдениеті ортақ, белгілі бір аумақта тұратын және өздерін біртұтас, өзгеше бірлестік деп білетін адамдар тобы; тар мағынасында бұрыннан немесе жақсы танымал ұлттық бірлестік.

Қоғам

Slide 4

Қоғамдық сана - қоғамда болып жатқан өзгерістерге сүйене отырып, оның болашағы туралы болжам жасайды, уақыт өткен сайын оның болмысының өзгерістері қайда апаратынын түсіндіреді. Бұл қоғамдық сананың алдын ала бейнелеу мүмкіндігін білдіреді.

Қоғамдық сана - қоғам дамуының керемет рухани күші. Тарих көшінің кейбір дәуірлерінде ол күрделі өзгерістерге жетелейді. Қоғамдық сананың күші оның функцияларында көрініс береді.

Қоғамдық сана танымдық - ақпараттық рөл атқарады. Оның негізінде қоғамдық сананың қоғамдық болмыс мүмкіндігі жатыр. Осы білімге сүйене отырып, қоғам туралы жан - жақты түсініктер алуға болады.

Қоғамдық сана коммуникативті - құндылық міндетін де атқарады. Сананың өрісі психикалық өмірдегі тек қана саналы істермен ғана шектелмейді, оның құрамында санасыздық та, немесе бейсаналық та орын алып отырады.

Slide 5

Қоғамның түрлері

Бос уақыт қоғамы - еңбек өзінің бұрынғы мәнінен айрылатын қоғам концепциясы. Осындай қоғамдарда жалдамалы еңбектің ең аз көлемі бұрын еңбек ие болған мәнге жеткен бос уақытқа мүдделілікке әкеледі делінген.

Молшылық қоғамы - 50 жж. аяғындағы базистік экономикалық дефицит және негізінен женілген, бірақ жеке байлық «жалпыға ортақ босандықпен» (мысалы, автомобильдер шамадан көп өндірілді, бірақ жолдарды жөндеу және қоршаған ортаны ластауды бақылауға көңіл бөлінбеді) қатар жүрген және капитализмнің ауытқуларынан зардап шеккен тұлғалар жеткілікті қамтамасыз етілмеген кездегі американдық қоғамға берілген баға.

Тәуекел қоғамы - қазіргі қоғамның жайы туралы тұжырымдама; оған сәйкес қоғамға әрқашан адамзат білімінің өсуі мен қоршаған орта әсерін көрсететін «сенімсіздіктен жасанды пайда болған» деп сипаттама беріледі (мысалы, ядролық соғыс, экологиялық апат себептеры бойынша) .

Slide 6

Ақпараттық қоғам - өндіріс пен ғылыми-техникалық және басқа ақпаратты қолдануды қоғам дамуының басты факторы ретінде қарастыратын әлеуметтік және футурологиялық тұжырымдама; өндірістің жоғары деңгейімен және ақпарат пен ақпаратттық қызметтер мүддесімен сипатталатын қоғам. Әлемнін мәдениетті елдер қатарында болған компьютерлік революция адам жан дүниесінің, қоғам идеологиясының, білім мазмұнын анықтау мен жаңа ақпаратты білім технологияларын құрастыру жолдарының өзгеруіне әкеліп соқтырады.

Ақпараттық қоғам

Slide 7

Постиндустриалды қоғам

Постиндустриалды қоғам - қоғамның даму сатысы. Постиндустриалды қоғам теориясының негізін қалаған Д. Белл, Д. Рисман, А. Тоффлер, З. Бжезинский, Дж. Гэлбрейт, т. б. Постиндустриалды қоғам термині АҚШ-та 20 ғ-дың 50 - 60-жылдары ғылыми айналымға еніп, 60-жылдардың аяғынан теориясы ғылыми негізделген, жаңа мазмұнға ие болды. Оның айрықша белгілері: шығармашылық, интеллектуалдық еңбектің жаппай таралуы, ғылыми білім мен ақпарат көлемінің сапалы түрде артуы, байланыс құралдарының, ғылым, білім беру, мәдениет салаларының дамуы, т. б.

Slide 8

Ашық қоғам

Ашық қоғам - мемлекеттің ішкі саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени жүйелерінің деңгейін білдіретін ұғым; Карл Поппердің «еркін қоғам» концепциясы, мұнда білімнің барлық түрлері және кез-келген әлеуметтік саясат ашық сыналады. Ол оны фальсификациялық және сыни рационалистік эпистемологиямен сәйкестене алатын жалғыз қоғам түрі ретінде қарастырады; бір қабаттан екінші қабатқа өту ресми түрде шектелмейтін қоғам. [1]

“Ашық” және “жабық” қоғам деген ұғымдарды кезінде ағылшын философы Карл Поппер енгізген.

Желілік қоғам желілік, цифрлық ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың таралуы салдарынан туындаған әлеуметтік, саяси, экономикалық және мәдени өзгерістерге байланысты 1991 жылы жасалған тұжырымдама. Сияқты идеялардың интеллектуалды бастауларын алғашқы әлеуметтік теоретиктер шығармашылығынан іздеуге болады Георг Зиммель модернизацияның және өндірістік капитализмнің тәуелділіктің, ұйымдастырудың, өндірістің және тәжірибенің күрделі үлгілеріне әсерін талдаған.

Желілік қоғам

Slide 9

Мәдениет философиясы

Мәдениет философиясы - мәдениеттің идеясын, мақсаттарын, принциптері мен алғышарттарын зерттейтін философиялық пән. Мәдениет философиясы мәдениетке, оның формалары мен мән-мағынасына философиялық талдау жасайды. “Мәдениет философиясы” терминін XIX ғасырдың басында неміс философы А. Мюллер енгізді. «Мәдениет дегеніміз - адамның іс - әрекеті, оның даму формасы» - деп анықтама береді. Адам табиғи заттар мен құбылыстарды өзінің мүддесіне, талап - тілегіне сай өзгертіп отырады. Мәдениет адам мен табиғаттың өзара тұтастығы, өзара қарым - қатынасының тарихи дамып өзгеруінің өлшемі. Адам табиғаттың бел баласы, бірақ оның өмір сүру қисыны басқа. Ол табиғаттан тыс өзіне жайлы ортаны, яғни өзінің болмысына имманентті қоғамды жасауы керек.

Slide 10

Мәдениет және оның өзіндік ерекшеліктері әрқашан философиялық ізденістер мен зерттеулердің негізгі пәні болып келді. Сондықтан мәдени даму барысын онда қалыптасқан ойлау тәсілі, дүниетаным түрі арқылы түсіндіруге тырысқан көптеген философиялық үрдістерді байқауға болады. Мысалы, мәдениетті рәміздік ойлау түрі арқылы анықтаған Э. Кассирердің, мәдениетті психофизиологиялық деңгейде қарастырған 3. Фрейдтің және тағы басқалары концепциялары соның куәсі. XX ғасырдың екінші жартысынан бастап батыс ойшылдарының арасында мәдениетті тілмен теңдестіре қарау әдісі кең етек жайып, олардың барлығы дерлік «тілді адам тіршілігінің негізгі, маңызды анықтауышы деп бір ауыздан қолдап отыр». . Бүгінде тіл негізгі коммуникативтік құрал ғана емес, адамның бүткіл болмысын, адамның мәдениетін аңғартатын әмбебап ұғым

Фрейдизм, феноменология, экзистенциализм, аналитикалық философия, герменевтика, структурализм, семиология, т. е. с. бір ауыздан мәдениетті тілдік қарымқатынас саласы ретінде анықтайды. Рухани әлемдегі мұндай өзгерістердің лебі мәдениеттану саласынан да байқалады. Мәдениеттің өзін метатіл ретінде анықтап, оның бойындағы коммуникативтік мүмкіншіліктерді негіздеу барысында лингвистикаға басты назар аудару заңды іс. Өйткені, соңғы 50-60жылдар аралығында қарым-қатынас, коммуникация мәселесін жан-жақты зерттеген бірден-бір сала - осы лингвистика.

Slide 11

Материалдық

Мәдениет түрлері

Рухани


Ұқсас жұмыстар
Қазіргі заман қазақ философиясы
Философия ғылымның ғылымы немесе Философия - ғылымның патшайымы
Мәдениет саласындағы ғылымның функциялары
Мұсылман философиясы
Мәдениеттану тарихы
Қазақ философиясының өкілдері
Философияның міндеттері
ФИЛОСОФИЯ ИРРАЦИОНАЛИЗМ
Схоластика кезеңдері
Қазақ философиясының ерекшелігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz