ТМД елдері территориясында өсімдіктер мен жануарлардың таралуы және олардың заңдылықтары


Slide 1

ТМД елдері территориясында өсімдіктер мен жануарлардың таралуы және олардың заңдылықтары

Қабылдаған: Еламанова Алина Бақытжановна

Орындағандар: Турсынбаев Бағдат

Уразалиев Ерлан

Темірбек Ислам

Өзбек Саят

Тасқожаев Алмаз

Slide 2

ТМД елдері территориясында өсімдіктер мен жануарларың таралуы

Неоген дәуіріндегі жылы әрі ылғалды климаттың ықпалынан ТМД елдері территориясының солтүстік бөлігінде өсімдіктер мен жануарлардың көптеген түрлері дамыған. Мысалы, олардың құрамында субтропиктік және тропиктік жануарлар мен өсімдіктер болды (жирафтар, түйелер, магнолия т. б. ) . Ал неоген- төрттік дәуіріндегі климаттың өзгеруімен, неотектоникалық қозғалыстың әсерінен, жазықтықтар мен тау мұздықтарының пайда болуымен табиғаттағы топырақтық, өсімдік жануарларға өте көп өзгерістер әкелді.

Көптеген жылу сүйгіш өсімдіктер мен жануарлар жойылып кетті, ал кейбіреулер оңтүстіктегі анағұрлым жылы аймақтарға қоныс аударды. Өсімдіктер мен жануарлардың субтропиктік түрлері Қырым мен Закавказьеге, Орта Азия мен Қиыр Шығыстың оңтүстік аймақтарынан орын алды, осыған байланысты бореальды және суыққа төзімді қылқан жапырақты ормандар мен биік таулы аймақтарда альпілік флоралар қалыптасты.

Slide 3

Климаттың қатаңдығынан Шығыс Европа жазығы мен Қиыр Шығыста жалпақ жапырақты орманның өсімдіктері пайда болып осы өсімдіктердің кейбір түрлері мен шөптесінді өсімдіктер мұз басу кезеңдерінде Карпат тауларында Ортаорыс (среднирусский) үстүрті мен Приволжск қыраттарында, Оңтүстік Уралды және Алтай тауларында мекендеген.

Флора дегеніміз- (латынның «гүл» деген сөзінен шыққан) белгілі бір територияда өсетін немесе геологиялық дәуірлерде өскен өсімдіктер түрлерінің жиынтығы.

Ал фауна дегеніміз- (латынның жануарлар) -белгілі бір территорияда тіршілік ететін жануарлар түрлерінің жиынтығы.

Slide 4

Қылқан жапырақты ормандар Оңтүстік Урал, Алтай және Қиыр Шығыстан орын алса, далалар мен шөлді аймақтар Шығыс Европа жазығының оңтүстігі мен Туран жазығында қалыптасты. Арктика мен тундраның табиғи кешендері көпшілігінде солтүстікте сақталды. Мұз басу дәуірі кезінде қазіргі Беринг және Чукот теңіздерінің орны мен Якутия аймағында Үлкен құрлық болған, онда климат өте құрғақ, суық болып, қаңтардағы ауаның орташа температурасы -400С, ал шілдеде +100С-қа жеткен, жылына орташа есеппен 150мм жауын-шашын түскен. Осындай климаттың әсерінен шөптесін өсімдіктер мен суыққа бейімделген ксерофитті фауна қалыптасқан, ксерофитті дегеніміз- қуаңшылыққа төзімді жануарлар, оларға солтүстік бұғылар, құралайлар, түйелермен арктикалық суырларды (сусар) жатқызуға болады.

ТМД елдерінің территоиясының өмімдік жамылғысы өте бай және әркелкі. Оның флоралық құрамында жоғары сатыдағы өсімдіктердің 17, 5мың түрі анықталса, олардың барлығы даму процесінде мекен ететін аймақтарына бейімделген, әртүрлі типтерге топтастырылды, мысалы, тундра, орманды-тундра, орман, орманды-дала, дала, шөл, батпақты, шалғынды және жерортатеңіздік типтер.

Өсімдік дегеніміз кез келген аймақтың сыртқы келбетін анықтайтын табиғаттың басты компоненті. Сондықтан, табиғат зоналарының атаулары да өсімдікке байланысты қойылған, мысалы, орман, орманды-дала, дала және т. б.

Slide 5

Орман-бұл көпярусты күрделі өсімдік қауымдастығы. Мұнда өзара байланысқан және әсерлескен өсімдіктердің барлық түрі кездеседі, яғни ағаш, бұталар, шөптер, мүктер, қыналар, саңырауқұлақтар, құстар, аңдар, жәндіктер, микробтар және т. б. тірі организмдер.

Арктика аралдары мен Таймыр түбегінде поляр шөлдері дамығандықтан оңтүстіктің шөліндей, мұнда климат суық әрі құрғақ болады. Сондықтан, өсімтік жамылғысы желден паналанған жерлердегі борпылдақ суық грунттарда өсуге бейімді. Осыған орай бұл жердің түрлік құрамы өте кедей, тек қана мүктер мен қыналардан тұрады.

Оңтүстікке қарай Евразияның арктикалық жағалауында тундраның өсімдіктері қалыптасқан, онда көпжылдық шөптесінді өсімдіктер, мүктер мен қыналар, бұталар мен бұтақты өсімдіктер кездеседі.

Одан да оңтүстікке қарай шілденің орташа температурасы +10С-тан жоғарылайтын аймақтарда алғашқы ағаштар болып саналатын қайың, шырша және қарағаштарды көруге болады. Өсімдіктердің мұндай қауымдастығы орманды-тундраға немесе сирек орманға жатады.

Slide 6

ТМД елдерініңде қылқан жапырақты орман кең тараған. Ботаниктер оларды тайга деп атап, күңгіртқылқан және ашыққылқан жапырақты деп 2 топқа бөлген. Күңгіртқылқан жапырақты тайга ТМД елдерінің батыс аймағына тән болса, оның құрамына шырша, самырсын және балқарағай жатады.

Шырша

Самырсын

Балқарағай

Slide 7

Ал ашыққылқан жапырақты тайгада қарағай мен емен басым болады да, олар Енисей аңғарынан шығысқа қарай үстемдік етеді.

Қарағай

Емен

Slide 8

Сол сияқты, ағаштардың, жеміс-жидектердің, саңырауқұлақтардың және адам денсаулығына пайдалы өсімдіктердің мекені болып табылады.

ТМД елдерінде ағашты өсімдіктердің ішінде таралуы жөнінен қылқан жапырақтылар 1-орында тұр, олар ТМД елдеріндегі жалпы орман алқабының 78, 1%-ін алып жатыр. Жалпы қылқан жапырақтылардың 38, 7%-і қарағайдың үлесіне тиеді.

Ормандар тұтастай табиғат кешеніне тікелей әсер етеді, мысалы, климатты өзгертеді, жерасты суларының деңгейін реттейді, өзендерді саязданудан сақтайды, топырақты су және жел эрозиясынан, үсіктен сақтайды, жануарларға мекен ету үшін қолайлы жағдай жасайды.

Slide 9

Қазіргі таңда орман алқабы қорғау мен оны қайта қалпына келтіруді талап етеді!!!

Каспий маңы ойпаты мен Қазақтың ұсақ шоқысының құрғақ даласында шөлденудің белгілері байқалып, онда онда жусан мен қа селеу басым болып келеді. Мұндай шөлденген дала дала мен шөл арасындағы өтпелі тип болып саналады да, оны шөлейт деп атайды.

Каспиймаңы ойпатының оңтүстік бөлігі мен Туран жазығын жусан, сорлар, сексеуіл мен бұталар алып жатыр, яғни климаттың құрғақтануына байланысты өсімдік түрлері де азаяды.

Ормандар өзен аңғарлары мен сай-саланы бойлай оңтүстікке қарай құрғақ аймаққа ауысады. Яғни ағашты өсімдіктер бірте-бірте азайып, әртүрлі шөпті және дәнді өсімдіктермен ауысады. Өсімдіктердің мұндай бірлестігін орманды-дала дейміз. Олар Карпат таларынан басталып, Енисей мен Байкал маңына дейін созылып жатыр.

Орманды-дала бірте-бірте далаға өтеді. Далада суайрықтары мен беткейлердің аңғарында мезоксерофильді және ксерофильді шөптесінді дәнді өсімдіктер мен бетеге көп кездеседі.

Slide 10 Slide 11

Жануарлар дүниесінің таралуы ендік зоналылыққа тікелей тәуелді, яғни әрбір табиғат зонасы мен биіктік белдеулік өзінше ерекшеленеді.

Табиғатқа адамның шаруашылық әрекетінен көптеген өсімдіктердің ареалдары қысқарып келеді, олардың кейбір түрлері тіпті жойылу алдында тұр. ТМД елдері Қызыл Кітаптары көптеген өсімдіктерді қорғау мен сақтау туралы дабыл қағуда.

Ал таулы аудандардакүн радиациясы мен ауа температурасының, жел бағыты мен күшінің, ылғалдылық пен ауа райының өзгеруіне байланысты ондағы табиғат компоненттерінің де жағдайы өзгеше болады.

ТМД елдерінің жануарлар әлеміне келетін болсақ, аймақ Еуразияны зоогеографиялық аудандастыру жүйесінде тұтасымен Голарктикалық облысқа кіреді. Бұл облыс шегінде 5 облыс тармағы бар: Арктикалық, Еуропа-Сібірлік, Жерортатеңіздік, Орталық-Азиялық және Маньчжур-Қытайлық.

Slide 12

ТМД елдері территориясындағы жануарлар дүниесінің қалыптасуы да өсімдіктер сияқты, неогеннен басталады. ТМД елдерінің фауналық құрамында жануарлардың 130мың түрі тіркелсе, олар дүниежүзілік фаунасының 8, 5%-ін иемденеді. Жануарладрың түрлік мөлщері немесе саны жөнінен 1-орында насекомдар-100мыңнан астам түрі бар; одан кейін балықтар-1400түр; құстар-800түр; сүтқоректілер-321түр; бауырымен жоғалаушылар-138 түр; қосмекенділер-30-дан астам түрі бар.

Slide 13 Slide 14 Slide 15 Slide 16

Арктикалық шөл мен тундра зонасының жануарлары төменгі температура мен қар жамылғысының ұзақ жатуына және өте қысқа жазқа бейімделген. Сондықтан, сүтқоректілер ұзын және ұлпа жүнді (песец), ал құстары аяғына дейін қауырсынды болып келеді. Көптеген жануарлар жылдың суық мезгілінде қорек ету үшін денелеріне май жинаса, ал кейбірі орман мен орманды- тундраға азық аулау үшін кетеді.

ТМД елдеріндегі жануарлар дүниесі адамның тіршілік әрекетінен түрлік өзгеріске ұшырап, көптеген ареалдар қысқарып, кейбірі орын ауыстырып барады. Сондықтан аймақтың өсімдіктері мен жануарлар дүниесін қорғап, сақтау мақсатында көптеген қорықтар ұйымдастырылуда.

Slide 17

Қазақстан өсімдіктері жамылғысының қалыптаса бастауы аумағының негізгі бөлігін су басып жатқан кезден, бор дәуірінің аяғы мен палеоген дәуірінің бас кезінен басталады. Палеогенде бүкіл Тұран ойпатын теңіз басып жатқан. Ол Торғай бұғазы арқылы Батыс Сібір теңізімен жалғасқан. Теңіз Қазақстанға қараған құрлықты екіге бөлген. Торғай бұғазынан шығыста Алтай, Сарыарқа аймақтарында, негізінен жалпақ жапырақтылары мен мәңгі жасыл қылқан жапырақты өсімдік түрлері (ангара флорасы) тараған. Ал Торғай бұғазынан батысқа қарай (Мұғалжар, Жалпы Сырт, Жем үстірті) мәңгі жасыл субтропиктік түрлер (полтава флорасы) дамыған. .

Қазақстан өсімдіктері жамылғысының қалыптасуы


Ұқсас жұмыстар
Зоофильді шыбындар
Шымды топырақтар Шымды - күлгінді
Шығыс Қазақстан Облысы
Қазақстанның биоресурстары жөнінде жалпы сипаттама
Шөптесін өсімдік
Қызыл кітабына енген өсімдіктер мен жануарлар
Республикасының мұнай - газ кешенінің инновациялық дамуы
Зоофилді шыбындар және оларға қарсы ветеринариялық- санитариялық шаралар
Құстарды қорғау
Қара нәсіл өкілдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz