Ата - ана клубтары




Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ – ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті» АҚ
Педагогика , психология және филология кафедрасы

«Мұғалім-ата-ана» жүйесіндегі кәсібн-
педагогнкалык қарым-қатынас

Орындаған:Түзел Ш.Е
Қабылдаған:Федченко Н.М.
Пәннің атауы: Педагогикалық шеберлік
Мұғалім мен оқушылардың қатынасуында көптеген
жағдайлар бар. Рухани өсімнің үздіксіздігі, кіші мектептер
жасындағы оқушының бір қалыпты жетілуден бастап, тез
секіріп үзіліп кететін жеткіншек мінезінің қалыптасуы,
мұғалімге оқушымен көріп жүрген қатынасудың өзінде
өзін тыныш сезіну мүмкіндігін бермейді. Жеткіншек
жасөспіріммен қарым-қатынастың жетілуі олардың көңілкүйінің
төмендеуіне байланысты күрделіленеді – ол жеңіл
және еркіндіктен бастап, тез жараланатын күйбелектікке
дейін өзгеруі мүмкін. Педагог кез-келген нақты жағдайда
дұрыс бағытталған оқушының көптеген сапаларын
жұмсартуға арналған ерекше жалғыз қатынасу жолын таба
білуі қажет. Педагог тәрбиеленушілерін өз сезімдерін
басқара алуға, шындықты қабылдай алуға, басқа
адамдармен қатынасуын бағалай алуға үйреткені жөн.
Бала
Ата-ана
Мұғалім
«Балаға берілетті бірінші тәрбие ата-
анасын,туған-туысын жолдасын үйретуден
басталады .Себебі ата -анасын сыйламаған
бала жолдасында,қоғамға да пайдасын
келтіре алмайды»
Ы.Алтынсарин
Ата-ана үшін:
-Бала тәрбиесіне
жаңаша көз қарас;
-Өз баласы үшін Бала үшін:
мақтаныш оған
Мұғалім үшін: -Өзіне деген сенім
деген сенім;
-Ата-аналармен -Жұмыс орындары сабақ үлгерімінің
өзара түсіністік жоғарлауы;
-Оқушының ішкі -Қабілеттері мен
дүниесін ашу; талаптарын ашу;
-Ата-аналар мен -Жаңа білім алу
жауапты
ұйымдастыру -Мектептен тыс
тарапынан көмек бағдарлама;
Мектепп -Кәсіптік бағдар
ен ата-
ананың
жұмысы
Ата –аналар жиналысы
Тәрбие тәжирбесіне педагогика ғылымының
берілген негізіне сүйене отырып тияанақтаудың
,талдаудыңформасы.Бұнда ата-аналар мектеп
туралы құжаттар мен, негізгі
бағыттармен,міндеттермен және жұмыс
қортындысымен таныстырылады.Сынып ата-
аналар жиналыс. Сынып ата-аналар жиналысы
оқушылардың сабақ үлгерімінталқылау мен
шектелмей, өзекті педагогикалықпроблемалар
талқылану керек. Міндетті түрде тренинг
өткізілуі керек.
Жанұя, мектеп, көше – бұл әр баланың қарым-қатынас сферасының
ең басты негіздері, бұл сфералардың кейбір модификациясына
қарамастан, баланың қатынасу ортасы және өмірлік тәжірибесі аз,
қажеттілігі кішігірім, еркіндік оянуы мағынасыз, соған байланысты
оның ішкі әлемі тіршіліктің салмақты қамымен, әлеуметтік
жаупкершілікпен былғанбаған, қоршаған орта жабық немесе басқа
кейіпте фантазия секілді қалыптасқан. Баланың ақылына барлығы
қызық болып көрінеді. Өйткені өмірден алынған әсерлер түрлі болып
келеді. Бұрынғы кездегідей қазір де балалар мейірімге,
жанашырлыққа бейім: өр көкіректік, қызғаныш, ең күшті тұлға
болуға ұмтылу секілді қасиеттер бар. Олар келеңсіз жағдайларды тез
ұмытса, табыстарын ұзақ уақыт есте сақтайды.Олар пәктігімен,
өзінділігімен, тез өкпелегіштігімен ерекшеленеді. Бірақ бала есейген
сайын өз сезімдерін көрсетуге ұялады. Осыдан көрініп қалатын
дөрекілік, жоғары және терең сезімдерін ашық елемеу, өз-өзін қандай
бағамен болса да көрсеткісі келу пайда болады. Мұғалімге әсіресе өз
тәрбиеленушілерінің кейбіреулерінің жанұясындағы, достарымен,
немесе оқудағы келеңсіз жағдайы болған кездері қиын тиеді. Бұның
барлығы өз оқушылармен қатынасу кезінде жоғары педагогикалық
мәдениетті, шыдамдылықты, әдептілікті ең бастысы тәрбиеленушімен
болып жатқан жағдайды түсіне білуді талап етеді.
ата-аналар
комитеті
Ата –аналарға
Ата –аналар
тақырыптық
жиналыс
конференция

ата –ана
өкілінің Педагогтармен ата-
әкімшілікпен аналардың негізгі Сұрақ жауап
кеездесуі кештері
әрекеттестіктері

Ата –ана
клубтары
Ата-ана
«спорт және
декторийлері
отбасы» т.б

Ашық есік,есеп беру
жиналыстары күндерін
өткізу
Оқушы мен мұғалімнің жекеше қарым-қатынасы мектепте
және басқа ортада кез-келген себеп пен формада іске асады.
Қатынасудың тәжірибесіндегі көп кездесетін формалары
сабақтан тыс әңгіме, үй жағдайындағы сөйлесу, жеке кеңестер,
серуен кезіндегі қысқа әңгімелермен алмасу, мектептегі кештер
немесе басқа мекемедегі сұхбаттар. Жеке қатынасудың
мұғалімге қоятын талабы көп, ол тәрбие міндеттерін іске асыру
кезінде түрлі формаларды пайдалана алуы қажет.
Бұл кезде мұғалімнің алдында ең басты психологиялық міндет
тұрады: ол оқушыларды тани білу, талабын ашу,бағалы
қасиеттерін табу, оған кедергі болып жүрген жағдайлардан
алып шығу т.б. әрбір оқушының өз темпераменті, қабілеті мен
мінезі болады. Бұның бәрімен санасу қажет. Сондықтан әрбір
оқушылармен әр түрлі қатынасып көңіл қойып, жұмыс істеу
керек. Бұл үшін өзінің нақты мамандандырылған,
жекешеленген қарым-қатынас стилінің болғаны дұрыс. әрбір
оқушымен ізгілікті түрде қатынасудың ең қажет
психологиялық талабы – ол құнттылық, ықылас қою,
өтімділік және асықпаушылық.
Назарларыңызға рақмет

Ұқсас жұмыстар
Тәуелділік кезеңі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ
Мектеп консилиумы
Ұлыбританиядағы әлеуметтік жұмыс
Дін әлеуметтануы
АТА - АНА ҚҰҚЫҚТАРЫН ШЕКТЕУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ САЛДАРЫ
Уақыттың бос өткені - өмірдің бос кеткені
Шымкент қаласы
Сынып жетекші оқушы
Ата-ана мен баланың құқықтары
Пәндер