Тәрбие жұмыстарын жоспарлау



Мектепте, сыныпта тәрбие жұмыстарын жоспарлау

Жоспары:
Тәрбие жұмыстарын жоспарлау. Жоспарлаудың қызметтері. Жоспарлауға қойылатын талаптар және жоспарлаудың түрлері.
Жалпы мектептік тәрбие жұмыстарының жоспары, оның құрлымы мен мазмұны.
Тәрбие жұмыстарын жоспарлау процесінде педогогикалық және оқушылар ұжымының өзара әрекеттестігі.

Жоспарлау - бұл тәрбиешінің педагогикалық және сынып ұжымының оқу-тәрбие процесіндегі әрекеттерін нәтижелі ұйымдастырудағы маңызды буын.
Жоспардың қызметі - педагогикалық ықпалды жүйеге келтіру, педагогикалық талаптарды орындауды қамтамасыз ету, ондағы белгіленген тәрбие шараларының бірізділігі мен басқару тиімділігін қамтамасыз етуді көздейді
Жоспарлау - мақсатқа жетудің бірден-бір негізгі жолы

Тәрбие берудің стратегиялық жоспарын әзірлеу алдында әр буындағы тәрбиешілермен ұйымдастырылатын жұмыс формалары мен тәрбиеленушілердің жас ерекшелігіне сай тақырыптарын айқындап алуы шарт. Басым стратегиялық 5 бағыты айқындалды

Жоспарлаудың қызметтері
Жалпы алғанда, жоспар - әрекеттің мазмұнды көрсеткіші, оның ретін, көлемін, уақытша шекарасын анықтаушы құжат.
нақты бағыттар мен әрекет түрлеріне бағыт беруші
қойылған мақсаттардың жүзеге асырылуын қадағалау;
кез келген уакыт аралығында жоспар бойынша істелген жұмыс мазмұны мен көлемін қайта қалпына келтіру
жанама іс-қимыл көрсетуші, нақты әрекет аркылы нәтиже көрсетеді;
әрекеттің қандай тәсілдермен ұйымдастырылатындығы, оның объектісі және субъектісі кім болатынын

Тәрбие жоспарына қойылатын негізгі талаптар:
Жоспардың қоғам талабына, мақсатына сәйкестігі.
Өмірмен тығыз байланыстылығы.
Жоспардың жан-жақтылығы, тәрбиенің барлық салаларының қамтамасыз етілуі.
Тәрбие жұмысының формаларының тәрбиеленушілердің жас және тәрбиелік деңгейіне сәйкестігі.
Жоспардың нақтылығы.
Жоспар - ұжымдық еңбектің белгісі. Сондықтан тәрбие жоспарын құру барысында тәрбиеленушілердің белсенділігін арттыра отырып, олардың өздерін қатыстыруды қамтамасыз ету.
Тәрбие жоспарының мақсат, міндеттерінің айқындығы.
Тәрбие жұмысы жоспарының мазмұны оның мақсатымен бірлікте болуы.
Тәрбиеленушілердің жеке басының, жас ерекшеліктерін және мүмкіншіліктерін ескеру.

Сыныптағы тәрбие жұмысын жоспарлау жөніндегі тәжірибесін талдаудың негізінде жоспарға төмендегідей талаптар қоюға болады:
жоспардың белгілі мақсатқа бағытталуы;
сыныптағы тәрбие жұмысы мазмұнының, формаларының және әдістерінің әртүрлі болуы;
тәрбиеленушілерді тәрбиелеудің сабақтастығын, жүйелілігін және дәйектілігін қамтамасыз ету;
жоспардың нақтылы болуы;
жұмысты келісіп жоспарлау.

Мектеп жұмысының тәжірибесінде жоспардың негізгі үш түрі қолданылады
Перспективалық
Жылдық
Ағымдық
Мектепті соңғы жылдардағы жұмыстарына терең талдау жасау негізінде бес жылға жасалады.
жазғы каникулды қосқанда бүкіл оқу жылын қамтиды.
жалпы мектептік жоспарды нақтылау үшін оқу тоқсанында жасалады.

Тәрбиеші тәрбиелік жұмысты жоспарлау алдында не істеуі қажет?
тәрбиеленушілердің жасын, сынып ұжымының даму деңгейін, тәрбиелеу шарттарын, мектептің педагогтар ұжымының мүмкіндігін ескере отырып, мақсаттары мен міндеттерін анықтап алу керек.
1
2
3
4
5
тәрбиеленуші мен сынып ұжымын, сондай-ақ өмірбаяндары мен отбасындағы тәрбиелерін, оқу-тәрбиелік процесс барысының жағдайын зерттеуі тиіс.
тәрбиеленушілерді жоспарлауға қатыстыру. Оның формалары: сынып сағаттары, тренингтер, сауалнамалар, ұсыныстар жәшігі, ақылдасу, идеялар мен ұсыныстар аукционы.
алда тұрған оқу жылы күнтізбесінің атаулы күндерін зерттеу.
барлық оқу пәндерін тереңдете оқуға көмектесетін экскурсиялар, мұражайларға, көрмелерге бару, пәндік апталар, онкүндіктер өткізу, т. б. қажеттігін анықтау

Тәрбиеші тәрбие жұмысын жоспарлауда төмендегідей ұстанымдар жиынтығын ескеруі қажет:
2
3
4
5
6
1
Мақсат.
Тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктері
Сынып ұжымының қызығушылықтары
Жоспарланатын істің жүйелігі.
Әртүрлі әдістер мен формаларды қолдану
Жоспарлаудың шығармашылық сипаты

Перспективалық жоспарды түрлі бағытта жасауға болады
Сынып оқушыларына мінездеме.
Тәрбиелік міндеттер.
Саяси мәдениетін қалыптастыру.
Имандылыққа, адамгершілікке, ізгілікке, тәрбиелеу.
Ұлттық мінез-құлық пен әдет-ғұрып негізінде тәрбиелеу.
Халықтық салт дәстүр негізінде тәрбиелеу.
Білім алуға саналы көзқарасын қалыптастыру.
Өз еліне, атамекеніне сүйіспеншілік және халықтардың достастығын құрметтеуге тәрбиелеу.
Еңбекке, іскерлікке баулу.
Әсемдікке тәрбиелеу.
Дене тәрбиесін жетілдіру, гигиеналық тәрбие.
Экологиялық және азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу.

«Тәрбие - тал бесіктен басталады» деп халқымыздың ежелгі салты мен тамаша дәстүрі заманымыздың заңғар жазушысы М. Әуезовтің «Ел болам десең, бесігіңді түзе»
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz