Тірі ағзалардың көбеюі


Презентация қосу
ҚОЖА АХМЕТ ЯССАУИ АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК
УНИВЕРСИТЕТІ
БӨЖ
Тақырыбы:Ағзадағы көбею формалары
Қабылдаған:Абдраймова Қ
Оры
Тірі ағзалардың көбеюі.
Көбею тірі ағзалардың өзінен кейін
өзіне ұқсас ұрпақ қалдыру қабілеті.
Көбею тірі ағзаларға тән қасиеттердің
біреуі және осы процестің арқасында
жер бетінде тіршілік үздіксіз жалғасып
отырады.
Табиғатта көбеюдің екі түрі кездеседі -
жыныссыз және жыныстық.
Жыныссыз көбею.
Организмнің көбеюі дегеніміз - жеке санының артуы, өзінен кейін
ұрпақ қалдырып, түрдің сақталуын әрі табиғатта таралуын қамтамасыз
ету қасиеті болып саналады. Жыныс жасушаларының қатысуынсыз
жүреді, ұрпақтың ата тегімен генетикалақ ақпарат, морфологиялық,
анатомиялық және физиологиялық жағынан бірдей болуымен
сипатталады, оның негізінде митоз процесі жатыр.
Жыныссыз көбеюдің бірнеше түрі бар:
І.Қарапайым бөліну. Митоз арқылы бөлінудің нәтижесінде ата тегімен
бірдей ұрпақ пайда болады. Бұл қарапайымдыларға тән
жыныссыз бөлінудің ең қарапайым түрі.
2.Спора түзілу. Көптеген өсімдіктер, саңырауқұлақтар және кейбір
қарапайымдылардың тіршілектерінің белгілі бір сатысында спора
түзіледі. Тығыз қабықшамен қапталған, жасушаларды қоршаған
ортаның қолайсыз жағдайларында қорғайтын жасушалар споралар деп
аталады. Қолайлы жағдайлар туғанда споралар дамып митоз арқылы
бөліне бастайды
3.Вегетативті көбею.
Көптеген өсімдіктерге тән жыныссыз көбеюдің түрі. Мұндай көбею
кезінде организмнің бір топ жасушалары бөлініп жаңа организм түзеді,
яғни генетикалық материалдары бірдей организмдер түзіледі. Тірі
ағзалардың түріне байланысты вегетативті көбеюге арналған әртүрлі
мүшелер мен өсінділер пайда болуы мүмкін.
4.Бүршіктену. Кейбір саңырауқұлақтар мен жануарларға тән. Олардың
денелерінде бүршік өсіп шығады, сосын ол бөлініп жаңа организмге
бастама береді.
Жыныстық көбею.
Жыныстық көбею кезінде ұрпақтың пайда болуына екі ата-аналық
даралар қатысады. Олар арнайы жыныстық жасушалар-
гаметалар түзеді. Осы жасушалардың қосылуы нәтижесінде жаңа
организмнің бастамасы - зигота пайда болады. Зиготада ата-анасының
екеуінің де белгілері болады. Яғни жыныстық көбеюдің маңызы -
ұрпақтан ұрпаққа генетикалық ақпараттың әрдайым өзгере беріліп
отыруы және даралардың бір-біріне ұқсамауы болып табылады.
Тірі ағзалардың негізгі белгілерінің бірі — олардың көбеюге
қабілеттілігі. Осы қасиеттің арқасында миллиардтаған жылдар
бойына ұрпақтар жалғасып, Жер бетінде тіршілік байқалып
келеді, келе де бермек. Ағзалардын көбею қасиеті тіршіліктің
дискреттілігімен тікелей байланысты. Мысалы, ағзалардын
денелері көптеген жасушалардан тұрады, ал жеке жасушалардың
тіршілік ұзақтығы ағзалардың тіршілік ұзақтығымен
салыстырғанда әлдеқайда қысқа болады, сондықтан да ағзалардың
тіршілігі оның жасушаларының үздіксіз көбеюі нәтижесінде ғана
байқалуы мүмкін. Кез келген биологиялық түрлер жекелеген
даралардан тұрады, ал жеке даралардың тіршілік ұзақтығы
түрлердің тіршілік ұзақтығына қарағанда әлдеқайда қысқа. Демек,
түрлердің тұрақты тіршілік етуі оның дараларының үздіксіз
көбеюінің нәтижесінде ғана байқалады т.с.с.
Ағзалардың көбею формалары түрліше болып келеді, ол жоба
күйінде төменде келтірілген.
Жыныссыз көбею Жыныстық көбею
1. Бір жасушалы ағзалар:
а) жасушаның жай екіге
бөлінуі арқылы (прокариоттар, бір 1. Агаметогамия: конъюгация
жасушалы эукариоттар); (инфузория).
б) шизогония (бір жасушалы 2. Гаметогамия: копуляция
эукариоттар - споралылар); изогамия (хламидамонада); анизогамия
в) бүршіктену арқылы (қарапайымдылар); оогамия.
(ашытқы саңырауқұлағы);
г) споратүзу арқылы
(өсімдіктер);
2. Көп жасушалы ағзалар
(вегетативтік):
а) қаламшалар, түйнектер
арқылы;
б) бүршіктену арқылы;
в) сомалықэмбриогенез;
г) бөлшектену арқылы
(жауынқұрты);
Жыныссыз көбею жыныстық көбеюге қарағанда қарапайым және ол
эволюция құбылысында алғаш пайда болған. Оның негізгі ерекшелігі
осы жолмен пайда болған ұрпақтардың аналық ағзалардан еш бір
айырмашылығы болмайды, себебі екеуінің де тұқым қуалаушылық
материалдары өзгеріссіз, бірдей. Ал жыныстық көбею — күрделі
процесс, себебі болашақ ұрпақтың генетикалық материалы екі ата-
ананың тұқым қуалаушылық ақпараттарының қосылуы нәтижесінде
қалыптасады. Жыныс-тық көбеюдің ең қарапайым түрі — конъюгация
кейбір бір жасушалы ағзаларға тән. Коньюгация кезінде арнайы
жыныс жасушаларын (гаметаларды) пайда етпей, өздері өзара
қосылады не генетикалық ақпараттармен алмасады (қарапайымдылар,
бір жасушалы балдырлар), мысалы, кірпікшелі кебісше.
Копуляция. Тірі ағзалардың басым көпшілігінің жыныстық
көбеюі ерекше жасушалар - жыныс жасушалардың
(гаметалардың) қосылып, зигота түзуі арқылы жүреді. Кейбір
ағзалар мөлшері, козғалуы жағынан біркелкі болып келеді,
мысалы хламидамонада, оның құрылымы бірдей екі
жасушасының косылуын изогамия деп атайды.
Енді бір ағзалар қозғалуы жағынан әртүрлі гаметалар түзеді.
Олардың бірі ұсақ, жылдам қозғалады. Мысалы, аталық гамета,
ал екіншісі одан гөрі үлкендеу, баяу қозғалады, ол — аналық
гаметалар. Мұндай гаметалардың өзара қосылуын анизоогамия
деп атайды, Оған мысал: безгек плазмодийлері.
Жыныстық процестің ең күрделі түрі — оогамия. Бұнда ата-аналар әр
түрлі гаметаларды пайда етеді. Бірі — ұсақ, қозғалғыш аталық
гаметалар - сперматозоидтар пайда етсе, екіншісі өте аз мөлшерде,
тіпті тек бір дана күйінде үлкен, козғалмайтын аналық гамета -
жұмыртқа жасушасын түзеді. Міне осылардын қосылуын оогамия
(көбею) деп атайды.
Гаметалардың түзілу процесін гаметогенез (сперматогенез не оогенез)
деп атайды. Аталык гаметалар аталык бездерде, аналық гаметалар —
аналық бездерде пісіп жетіледі.
ҚОРЫТЫНДЫ.
Жыныстық көбеюдің негізгі мәні ұрықтану екені
белгілі, бірақ кейде жана ағза ұрықтанбаған жұмыртқа
жасушасынан да дамуы мүмкін. Бұл құбылысты
партеногенез деп атайды. Бұл жолмен пайда болған
ағзалар гаплоидты болады. Партеногенездің екі түрі
белгілі: андрогенез және гиногенез. Андрогенезде
жана ағза сперматозоидтың ядросы негізінде дамиды,
яғни сперматозоид жұмыртқа жасушасына енеді де
оның ядросын ауыстырады, яғни жұмыртка
жасушасының ядросы өліп жойылады; ал гиногенезде
сперматозоидтар арқылы активтенген (бірақ
қосылмаған) жұмыртқа жасушасының ядросы жаңа
ағзаның дамуына алып келеді
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
Қуандықов «Генетика»
Стамбеков «Жалпы генетика»
Оспанова А., Ахметжанова Т. «Биология
шың» Алматы. 2008ж
Интернет саиты google www. kz.
Исатаев, Совет Исатаұлы
Жалпы физикалық практикум.
Молекулалық физика.
Назар аударғандарыңызға үлкен
рахмет!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz