Қазақстанның тәуелсіздігін нығайту
Презентация қосу
«Мәңгілік ел» және «Рухани
жаңғыру»
2014 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан Республикасының президенті
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кезекті халыққа жолдауын: «Бір жыл
бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын
жария еттім. Басты мақсат — Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің
қатарына қосылуы. Ол — «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы
біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті«,- деп бастады.
Бір мақсат – Мәңгілік елді
нығайту, біздің Отанымыз
Қазақстанның тәуелсіздігін
нығайту!
Бір мүдде – біздің ортақ
құндылығымыз, тәуелсіз және
гүлденген елде өмір сүруге
ұмтылу!
Бір болашақ – Мәңгілік
елдің,біздің ортақ Отанымыз-
Қазақстан Республикасының
гүлденуі
Мәңгілік Ел — жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық
идеясы. Бабаларымыздың арманы. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
бастамасымен Астанада асқақ рухымыз бен мәңгілік мұраттарымызды
паш етіп тұрған «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасының салынуы
«Мәңгілік Ел» идеясының мелекеттік идеологияға айналғандығының
бір дәлелі. «Мәңгілік Ел» сөзінің терең тарихи тамыры және үлкен
мағыналы мәні бар. Түрік шежіресінде «мәңгі» сөзі «Тәңір», «Құдай»,
«Алла» сөздерімен мағыналас қолданылды. Осыдан кейін, «Мәңгілік
Ел» «Алла Тағаланың елі, халқы» дегенді білдіреді және мемлекет пен
ұлттың уақытпен шектелмеген тұмары болады деуге толық негіз бар.
Қазір бәсекеден тыс қалған бірде -
бір сала жоқ. Ал барлық саланың
қарыштап дамып, өркендеп өсуі білім
мен ғылымның даму қарқынына тәуелді.
Мұны «Болашаққа бағдар: рухани
жаңғыру» атты мақаласында ҚР
Президенті Н. Назарбаев ерекше атап
көрсетті: «Технологиялық
революцияның беталысына қарасақ,
таяу онжылдық уақытта қазіргі
кәсіптердің жартысы жойылып кетеді.
Рухани жаңғырудың бірнеше бағыттарын атап өтсек:
1. Ұлттық бірегейілікті сақтау.
Ұлттық жаңғыру - ұлттық сананың кемелденуі.
Бірінші, Елбасымыз айтқандай "жаңа тұрпатты жаңғырудың
ең басты шарты ұлттық кодты сақтай білу."
2. Бәсекелік қабілет
Ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықтағы бағасы,
өзгелерден сапасымен ұтымды дүние ұсынуға қабілеті.
Заман талабына сай тұтас халық қана емес,жеке адамның
өзі бәсекелік қабілетін арттырып, табысқа жетуге мүмкіндік
алады.
3. Прагматизм
Өзінің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, сол
байлықты үнемдей отыра қолдана білу. Болашақты
жоспарлай отыра, ысырапшылдық пен даңғойлық
қасиеттерге жол бермеу.
4. Білімнің салтанат құруы
Экономиканың кәсіптік сипаты бұрын - соңды ешбір дәуірде
мұншама жедел өзгермеген. Біз бүгінгі жаңа атауды ертең - ақ ескіге
айналатын, жүрісі жылдам дәуірге аяқ бастық. Бұл жағдайда кәсібін
неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгертуге қабілетті, аса білімдар адамдар
ғана табысқа жетеді. Осыны түсінгендіктен, біз білімге бөлінетін
бюджет шығыстарының үлесі жөнінен әлемдегі ең алдыңғы қатарлы
елдердің санатына қосылып отырмыз.
Жолдауда көрсетілген халықаралық үлгідегі
куәліктер беру арқылы инженерлік білім беруді
және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін
дамытуды қамтамасыз ету міндеті техникалық
білім ордасы – академик Қ.Сәтбаев атындағы
ҚазҰТУ ұжымына үлкен жауапкершілік жүктейді.
Осыған орай университет алдында таяу
болашақта жүзеге асырылуы тиіс міндет жүгі
салмақты.
Жолдауда атап көрсетілген инновациялық зерттеулерді
дамытудың жаңа саясатына сәйкес, техникалық оқу орны ретінде
университет алдында тұрған міндеттер ауқымды. Бұл бағыттағы
міндеттерді жүзеге асыру қазіргі күнде қолға алынған
университеттің ғылыми-инновациялық және технологиялық
кешенін құрудан басталады.
Елбасы Жолдауында біздің көпұлтты және көпконфессиялы
қоғамымыз табысының негізі – жаңа қазақстандық
патриотизм екендігі айтылды. Бұл ретте университет ұжымы
алдында тұрған мақсат қарапайым және түсінікті: біз қоғамдық
келісімді сақтауға және нығайтуға тиіспіз. Сондықтан университет
оқытушы-профессорлық құрамының қызметі ең алдымен
жастарымыздың бойында елге және оның игіліктеріне деген
мақтаныш сезімін ұялататын жаңа қазақстандық
патриотизмдітәрбиелеуге, жалпыұлттық құндылықтарды нығайтуға,
этностық немесе басқа да белгілер бойынша кемсітуге жол бермеуге
бағытталады.
Еліміздегі білімнің сапасын және бәсекеге
қабілеттілігін арттырудағы міндеттер
Оқу процесіне заманауи әдістемелер
мен технологияларды енгізу
Педагогикалық кадрлардың кәсіби
дайындық деңгейін арттыру
Кадрларды даярлауды экономика
қажеттілігіне сәйкес келтіру
Білім саласына әлемнің үздік
жетістіктерін енгізу
Мемлекеттік білім беру жинақтау
жүйесін дамыту
Елбасы алға қойған асқаралы міндеттердің
ойдағыдай жүзеге асырылуы жолында Қ.Сәтбаев
атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті
жоғары білікті инженер кадрларын даярлайтын
жетекші орталық ретінде өзіне жүктелген
жауапкершілік пен сенім үдесінен көріне біледі.
Қорыта айтқанда, бұл Елбасымыздың ұтымды қағидасы,
халқына деген асыл үндеу өсиеті. Рухани жаңғыру - адам
баласының ішкі әлемінің жаңаруы, сана-сезімі өзгерісті
қабылдай білуі. Тарлан тарихтың, жасампаз бүгіні мен жарқын
болашағын үйлесімді үйлестіретін ұлт жадының тұғырнамасы.
Осы тұғырнамадан ауытқымай, елбасымыз ұрпаққа мензеген
дара жолымен биік-биік шыңдарды бағындыратынымызға
сенімдімін!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz