ЖЕТІСУ КҮЙШІЛІК МЕКТЕБІ




Презентация қосу
ЖЕТІСУ КҮЙШІЛІК
МЕКТЕБІ

Орындаған: Әжіман Үміт
Ыбрай Асылбек
Жетісу жері – қазақ халқының тағдыры
талай рет талқыға түскен жер, үш жүздің
қаны топырағына мәңгі сіңіп қалған
тарихи мекен. Мемлекет басына күн
туғызған талай құйтұрқы саясатты көрген
қасиетті Алатау қазақтың байтақ елін
көлеңкесімен қорғағалы нелер заман
өтпеді, мұқым Шығысқа ықпалы жүрген
Қытай империясы құдайы көршісі –
Қазақты бодан қылудың бар айласын
жасап бақты, ғасырлар бойы атүсті
айқаспен бостандығын сақтап қалған
қазақ елі үшін Жетісу жері әрісі — алты
алаштың жерұйығы боп саналады.
Жетісу күйшілік мектебінің негізгі
мінездемесін, өзге күй мектептерінен
айырмашылығының нақты белгілерін
музыкалық даму тұрғысынан тап басып
айту едәуір қиындық туғызады. Себебі,
бұл мектептің күйлерінде Арқа, Қаратау,
Алтай, Сыр сарындары аралас кездесе
береді, күй шалу машығында төкпелетіп
тарту да бар, солай бола тұра күйдің
дамуы шертпе шеңберінен шыға
қоймайды. Ладтық тұғыры жағынан
алғанда Жетісу шертпесі пентатоникаға
бейім, күйдің техникалық орындалуы
көрнекі тәсілдерді (қолды ойнатып түрлі
қимылдар жасап тарту) көбірек
қолдануды керек етеді. Бұл қырғыз
қомызшылығынан ауысқан машық екені
ақиқат.
Жетісу күйлерінің ортақ үлгісін мысал ретінде көрсету үшін
Нұрғиса Тілендиевтің орындаушылық мәнерін алсақ жеткілікті.
Н.Тілендиевтің репертуарындағы күйлерде қоңыр сазды
шертіс пен қызу қанды төкпе кезектесіп тұрады, екі қолдың
еркіндігінде шек жоқ, ал, күй сазына келер болсақ — қазақ пен
қырғыздың әуездері бірден құлаққа келеді, асқан сезімшілдік
пен виртуоздық тәсілдер қатқабат араласқа түсіп,
тыңдаушыны баурап алады. Н.Тілендиев бұл дәстүрді атасы —
Тілендіден, Жамбыл мен Кененнен үйренген. Яғни,
Жамбылдың заманында гүлденіп тұрған Жетісу шертпесінің
дәрежесі мен дәргейі қаншалықты болғанын осыдан –ақ
білуге болады. Нағыз Жетісулық шертпе шындығында
Жамбыл мен Кенендердің орындауларында талайларды тәнті
қылғаны тарихтан белгілі, солай бола тұрса да Кеңес өкіметі
кезінде оны іске татитын мектеп екен деп ескерген ешкім
болмады. Сол себептен шығар, қырғыз бен қазаққа
ақындығымен қатар күйшілігімен аты мәшһүр болып талай күй
тартысында олжа салған — Жамбыл Жабаевтың мұрасы дер
кезінде таспаға не нотаға жазылып алынбады, артындағы
шәкірті – Күшікбайұлы Шаштайдың орындауындағы күйлерді
ұқсатып үйрене алған адам болмады. Жетісу күйшілігінің
кешенді өнер екенін көпшілік жас ғалым Б.Мүптекеевтің 1998
жылы шыққан «Жетісу күйлері» кітабынан кейін ғана білді.
Соның өзінде Жетісудың жібек шертпесі оқыту
бағдарламасынан өз төрін таба қойған жоқ. Бұл салқын
немқұрайдылық әлі күнге дейін домбырашылар арасында
өткізілетін әртүрлі мәдени іс — шараларда білініп қалады.
Жетісу өңірін күйімен тербеткен небір саңлақтардың аты жоқ, аты
Алашқа әйгілі Байсеркенің шәкірттері – Бердібек Мықтыбайұлы,
Қожабек Жапбасов, Сатқынбай Өлмесұлы сияқты халық
дарындарының үлгісін жалғастырған — Қатшыбай Таубаев,
Темірбек Ахметов, Әшірәлі Шынғожаев, Тұраш Әбуовтер Жетісу
күйшілік мектебінің мықты өкілдері ғана емес, жалпы шертпе
өнерінің ірі тұлғалары болғанын дәлелдеудің өзі артық. Олардың
үлгісін мұрат еткен «қазақтың ерке сылқымы» — Әбдімомын
Желдібаев та осы мектептің бүгінгі көзі тірі жалғастырушысы екені
көпке аян.
ҚОЖЕКЕ НАЗАРҰЛЫ
Қожеке Назарұлы 1827 жылы Қазақстанның Қарқара
жайлауында өмірге келген. 1885 жылы Қытайдың Сүйдін
түрмесінде қайтыс болған. Сүйегі Қорғас ауданына қарасты
Сүйдіннің маңындағы Жанбұлақ деген жерге жерленген.
Ататегі – Үйсіннің Албан тайпасы, Құрман руынан. Қожеке –
Жетісу жерінде патшалық Ресейдің отарлық езгісіне қарсы
жасалған ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының бірі. Ел
басқарған басшы, қол бастаған батыр, он саусағынан өнер
тамған дәулескер күйші, сазгер, Жетісу күй мектебін
қалыптастырушы көрнекті тұлғалардың бірі. Бүтін бір дәуірдің
басында тұрған тағдырлы тұлға. Алайда Қожеке күйлері толық
зерттелмеген, нақты саны жоқ. Ел аузында жүзден аса күйі
бар деп айтылғанымен, 30-дан астам ғана күйі нотаға түскен,
қалған күйлері халық ішінде сақталып келеді. Қожекенің
«Бозжігіт», ­«Раушан», «Қамбархан», «Бөлтірік», «Жиренше»,
«Жиреншенің Қарашашты жоқтауы», «Қолға алынар алдында»,
«Кертолғау», «Түрмедегі қинау», «Қинау», «Шалқайма»,
«Ағарсынның ақ толқыны», «Аққу», «Сарбарпы бұлбұл»,
«Сайрамкөл», «Арман», «Күй бастар», «Қос келіншек», «Күй
шақыртқы», «Тарту», «Арман», «Қоштасу», «Құл пенде», «Тас
көмірдің шоғы», «Ойбай жаным», «Рабат төре», т.б. күйлері
кеңінен танымал. Қожеке күйлері әсем ырғақпен, сұлу
сазымен, кейде жігерлі екпінімен борандатып, самал желдей
бауырлап ала жөнеледі.
БАЙСЕРКЕ ҚҰЛЫШҰЛЫ
Байсерке Құлышұлы (1841, Шу өзенінің бойы — 1906, сонда) —
күйші, домбырашы, Жетісу күй мектебінің негізін
салушылардың бірі. Байсеркенің әкесі Құлыш он саусағынан
өнері төгілген ісмер, халық музыкасының парқын білетін сергек
жан болған. Байсерке домбыраны бала кезінен меңгерген.
Байсеркенің домбырашы-күйшіліктің алуан сырына
қанықтырған ұстаздары — Есім, үржарлық Сарша дейтін
домбырашылар. Байсерке домбырамен бірге мандолина,
балалайка сияқты аспаптарды да еркін меңгеріп, өнерін
кемелдендіре түседі. Бұрыннан белгілі күйлерді тартуды місе
тұтпай, өзі куә болған өмір құбылыстарының әсерлі сәттерін
күй тіліне түсіруге машықтанады. Алғашқы “Ат ойыны”,
“Жекпе-жек” күйлері өзінің ойнақы ырғағымен жастарды
еліктіре баурап, ел ішіне тез тарап үлгереді. Байсерке күйлері
өмір шындығына негізделген. Оның “Келіншек”, баласы дүние
салғанда егіліп отырып тартқан “Солқылдақ”, қазақ
даласындағы жұтқа (1890) арналған “Төрт қарға”, Ресей
отаршылдығының кеудемсоқ өктемдігіне наразылығын
білдірген “Ұран күй” сияқты туындылары өзі ғұмыр кешкен
ортасы мен заманының шежіре сырындай. Байсеркенің Жетісу
өңіріне кеңінен мәлім болған “Қалипа — Қалыш” күйіне Далабек
батырдың басынан өткен оқиға арқау болған. Күйлері ән
әуендес саздылығымен, нақышты ырғағымен ерекшеленеді.
Байсеркенің және оның дарынды шәкірттері Бердібек
Мықтыбайұлы, Қожабек Жапбасов, Сатқанбай Өлмесұлының
НҰРҒИСА АТАБАЙҰЛЫ ТІЛЕНДИЕВ
Тілендиев Нұрғиса Атабайұлы 1925 жылы 1
сәуір күні Алматы облысы, Іле ауданындағы
Шилікемер ауылында дүниеге келген. Әкесі
Атабай домбырашы, халық әндерінің білгірі
болған. Шешесі Салиқа да музыканы жақсы
көрген, өлең айтқан, тіпті сырнайда да
ойнаған екен.
Нұрғиса бала кезінен бір орында отырмайтын.

Анасы балам бір бәлеге ұрынып қалмасын деп,
аяғын ағашқа байлап қойған кездері де
болыпты. Артынан баланың энергиясын
домбыраға қарай бұрған. Сөйтіп, Нұрғиса бес
жасында әкесінен домбыра тартуды үйренген.
Ал анасы ноталық сауатын ашты.
АҚҚУ КҮЙІ
Ежелгі наным -сенім бойынша Аққу құс атаулының
ішіндегі ең киелісі, сұлулық пен әдеміліктің тәңірісі
деп түсіндіріледі. Сондықтан да аңшыларға Аққуды
атуға тыйым салынған. Қазақтың көне аспабы
қобыздың да Аққу құсқа ұқсайтыны жайлы
аңыздар сақталған. Аққу күйлерінің сыбызғыда,
қобызда, домбырада тартылатын бірнеше
нұсқалары кездеседі. Олардың кейбіреулерінің
әдемі аңыздары да бар. Осы Аққу күйінде ертедегі
жыраудың Аққу құс туралы бір әдемі жыр-толғау
айтып отырғаны баяндалған.
“ӘЛҚИССА” КҮЙІ
“Әлқисса” күйінің нақты шығу тарихы жоқ.
Нұрғисаның әкесі Атабай домбырашы болған.
Нұрғисаны бала кезінде домбыраға баулып, оған
түрлі жаттығуларды үйретеді. Ал, өскесін сол
әкесінің үйреткен жаттығуларын біріктіріп,
“Әлқисса” күйін шығарады.
Қазіргі кезде Жетісу мектебінің дамуына
еңбегін аямай жүрген азаматтар қатарында
Әбдімомын Желдібаев, Дүйсенбай
Шаштайұлы, Талғат Орынтаев, Бақыт
Жанұзақов, Нұрлан Бекенов, Ақбота
Тұрымбетова, Нүркен Әшіровтар бар.
Жетісу күйшілік мектебін зерттеушілер –

Гүлзада Омарова, Базаралы Мүптекеев,
Сағатбек Медеубекұлы, Ербол Тұңғышұлы.
Н.Тілендиевтің батасын алған шәкірті –
Қошқарбек Тасбергенов ұстазының күйлерін
күйсандықтың сүйемелімен орындау үшін
тамаша музыкалық аудармалар
(переложение) жасап, оны жеке жинақ етіп
шығарды. Күйлерді оркестрге түсіруде
біліктілік жасаған Халық қаһарманы, көрнекті
өнер ардагері, композитор — Нұрғиса
Тілендиев және дарынды дирижерлар –
Жамағат Темірғалиев пен Самат Мәлімбаев.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА

РАХМЕТ


Ұқсас жұмыстар
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН КҮЙШІЛІК ДӘСТҮРІ
АРҚА КҮЙШІЛІК МЕКТЕБІ
1917 жылғы тамыз - қыркүйек айларында Орталық Ресейде Корнилов бүлігінің талқандалуы
Абай Құнанбаев (1845-1904) жайлы
Құрманғазы шығармашылығы
1867-1868 жылдардағы Қазақстандағы реформалар
Абай Құнанбаев 1845-1904
Жанкүйерлерге сұрақ
Слайд
Сабақ барысы
Пәндер