АРҚА КҮЙШІЛІК МЕКТЕБІ
Презентация қосу
АРҚА КҮЙШІЛІК
МЕКТЕБІ
Орындаған: Әжіман Үміт
Ыбрай Асылбек
...Сылдырлап кейде қамыс, кейде бұлақ,
Қырдағы қоңыр түнде жыр көшкендей...
...Желді аяқ, шауып тұлпар топты жарса,
Саусақтар үсті-үстіне қамшылады...
...Күйші айдап көшкен елдің күйін тартып,
Қошамет болса қалай болдырады.
Шаңқылдап бірде аспанда тау қыраны,
Күрпілдеп бірде бие саудырады.
Майдалап бірде қоңыр самал соғып,
Бұрқ-сарқ бірде нөсер жаудырады.
Домбыра қарғылады, орғылады,
Манаурап, тыңдаған жан салбырады.
Арқаның күйшілік мектебі — шертпе
мәдениетінің алтын қазығы деуге тұрарлық
үлкен мектеп. Себебі, Арқа иісі қазақтың
тарихи ортақ мекеніне айналған, үш жүздің
еншісі бөлінбегенін айғақтап тұрған
қасиетті Ұлытау да осында. Домбырасымен
«Ақсақ құланды» толғаған күй атасы —
Кетбұғы өмір кешкен Жошы ұлысы да Арқа
өңірінде дәурендегені шежіреден аян.
Нелер балбармақ домбырашылар өмір
кешкен Сарыарқа жерінде күй дегенде
алдымен аузымызға абыз Кетбұғыдан бөлек
керей батыры–Байжігіт, арғынның аты
аңызға айналған ақылманы – Тәттімбет сері
түседі. Осылардың ішінде Арқа мектебінің
басында тұрған тұлға сөз жоқ, Тәттімбет
екені даусыз.
АРҚА КҮЙЛЕРІ ДЕ ІШІНАРА МЫНАДАЙ
ОРЫНДАУШЫЛЫҚ МЕКТЕПТЕРГЕ БӨЛІНЕДІ:
Тоқырауын орындаушылық мектебі, өкілдері –
Әшімтай Қарымсақұлы, Манарбек Ержанов, Аққыз
Ахметова, Сатан, Мұхсин, Мағауия Хамзин, Жақсылық
Омашев, Қайрат Айтбаев.
Ақсу-Аюлы орындаушылық мектебі, өкілдері –
Итаяқ, Қыздарбек, Мақаш, Сембек, Әбди, Әбікен,
Бегімсал Орымбеков, Дәулетбек Садуақасов, Орал
Исатаев, Арман Қадірбек, Нұрғаным Жексенбаева.
Жаңа арқа орындаушылық мектебі, өкілдері –
Сайдалы сары Тоқа, Дайрабай, Сейфолла (Сәкеннің
әкесі), Амантай Бозмағамбетұлы, Мұхит Битенов,
Пазыл Тұтқабеков, Мейрам Ұлмағамбетов, Мұхаметжан
Тілеуханов, Ахат Байбосынов, Алпысбай Тұрсынбеков,
Жанболат Әбілдинов. Бұл аталған орындаушылық
мектептердің күй шерту үлгісінде анау айтқан
айырмашылық болмағанмен күйдің ішкі интонациялық
даму табиғаты әртүрлі қалыпта. Бұл пікірді алғаш
қозғап жүйелі зерттеу жүргізген көрнекті ғалымымыз
— Ақселеу Сейдімбек.
ТӘТТІМБЕТ
ҚАЗАНҒАПҰЛЫ
Тәттімбет Қазанғапұлы – қазақтың әйгілі күйші-
композитолры, дәулескер домбырашы, күй өнеріндегі
Арқа мектебінің негізін қалаушы.
Тәттімбет 1815 жылы Қарағанды облысының Қарқаралы
ауданындағы Дастар тауының етегінде дүниеге келген.
Бұл жер қазіргі Абай атындағы кеңшардың Мыржық деп
аталатын ауылына қарасты – Қызылжал қыстауы.
Қызылжал қыстауын Мөшеке бұлағы деп те атайды.
Мөшеке – Тәттімбеттің үлкен әкесі. Тәттімбет небәрі 45
жас ғұмыр кешіп, 1860 жылы дүние салды. Бейіті
Қарқаралы ауданының жерінен ағатын Түндік өзенінің
бойында, Бабалы мен Арқалық тауларының ортасында,
«Арқалық» кеңшарынан 12 шақырым жерде.
Тәттімбет дәулетті әулеттен шыққан. Қарқаралы
округіндегі Нұрбике-Шаншар болысында 1842-1854
жылдар аралығында болыс болған. 1855 жылы Ресей
патшасы Александр ІІ-нің таққа отыру рәсіміне
шақырылып, Петербургке барған.
Қазақтың күй өнерінде Тәттімбеттің «Саржайлау»,
«Қосбасар», «Былқылдақ», «Сылқылдақ», «Көкейкесті»,
«Бес төре» сияқты ондаған күйлері классикалық
үлгідегі мұра ретінде ұлттың рухани мақтанышына
айналған. Қазақтың музыкалық мәдениетінің дамуына
Тәттімбет күйлерінің шапағаты зор.
КӨКЕЙ КЕСТІ
Тәттімбет шығармаларының ең биік шыңы – “Көкей кесті”
күйі. Бұл күйді сазгер өмірінің соңғы жылдарында шығарған.
Мұнда халық шежіресінің ұлылығы мен ұлағатты ақыл-ойдың
парасаты толғанады. Домбыра орындаушылық шеберлігінде
кездесе бермейтін екі қолға бірдей вибрациялық діріл
толқынын түсіру арқылы және саусақтардың қарымен
жоғары қарай орап қағу “Көкей кестінің” өте күрделі туынды
екендігін көрсетеді. Күйдегі орындаушылықтың жаңа
пошымы, яғни шерту тәсілдерінің сан қырлы өрнегі –
Тәттімбеттің күйшілік мектебін даралай түседі.
«САРЫЖАЙЛАУ»
Арқа төсінде ер жеткен ол туған өлкесіне арнап
«Сарыжайлау» күйін шығарады. «Сарыжайлауда»
күллі елдің тыныс-тіршілігін, атамекеннің
сұлулығын суреттеген. Туған өлкесіне арналған
күйінде адам баласының өміріндегі күйініш пен
қуанышты, өкініш пен шаттықты бейнелейді.
ӘБДИ РЫСБЕКҰЛЫ
Әбди күйші Рысбекұлы (1868 - 1931) Шет ауд.- на
қарасты Аюлы елді мекенінде туған.Тоқырауын
күйшілік мектебінің көрнекті өкілі. Қыздарбек
күйшінің шәкірті, Әбікен күйшінің ұстазы.Әрідегі
Итаяқ, Тәттімбет, Тоқа күйлерін ,өз замандастарынан
Қыздарбек, Ақмолда, Сембек, Мақаш, Ахметжан,
Кәрібек күйлерін нәқышына келтіріп тартатын
шебер домбырашы болған.
Әбдидің шыққан тегі – Орта жүз Арғын ішіндегі
Қаракесек руы, оның ішінде Кәрсөн атасынан өрбіген.
Әбди өз жанынан көптеген сазды күйлер шығарған.
Оның «Зар Қосбасар», «Қарғыс», «Тәуба Қосбасар» т.б.
Әбди шығармаларының шырқау шектері болып
табылады. Дарынды күйші «ескілікті, социализмге жат
өнерді насихаттағаны үшін» деген айыппен 1931 жылы
атылады.
Нотаға түсірген Б.Ысқақов. Күй қолданыстағы түрлі
әдіс-амалдарымен, сезімдік қуаты, ұтымды, жаңашыл
әуенімен, өзіндік орындалу мәнері және саздық
жүйесімен ерекшеленеді. «Қосбасар» күйі - үлкен
дүниетанымдық ойдан тұратын бітімі бөлек, кесек
шығарма.
ӘБІКЕН ХАСЕНОВ
Әбікен Хасенов (1897, қазіргі Қарағанды
облысы Шет ауданы - 30.10.1958, Алматы) -
қазақтың күйші-домбырашысы, шертпе күйдің
шебері, актер, Қазақстанның еңбегі сіңген артисі
(1945). Домбырашылық өнерге баулыған әкесі
Хасен, немере ағасы Мақаш
Садуақасұлы және Ақмолда Дүйсенұлы болды.
Кейіннен ол белгілі күйші-домбырашылар
Баубекпен Қыздарбектен Тәттімбеттің күйлерін
үйренеді.
Оның өзі шығарған Қоңыр атты күйі бар.
Ол дәстүрлі музыкалық ортада, күй өнерін
құрметтейтін қадірлей білетін елде өсті. Оның
алғашқы ұстазы өз ағасы Мақаш. Аттары аңыз
болған
домбырашылар Баубек, Қыздарбек, Әбді, Ақмолда,
Итаяқтардың есімдері елге кең жайылған аса
қадірлі қасиетті өнерпаздар осында өмір сүрді.
МАҒАУИЯ ХАМЗИН
Қазақстан Республикасының халық артисі,
шертпе күйдің шебері, қаламыздың құрметті
азаматы 29 желтоқсан 1927 жылы Қарағанды
облысы, Ақтоғай ауданында дүниеге келген.
Мағауия Хамзин жеті жасында халық
композиторы Әшімтай атасынан “Қоңыр қаз”,
“Сылқылдақ”,“Саржайлау” күйлерін үйренеді.
«Қосбасар” атты алғашқы күйін анасына арнап
шығарады.
1966 жылы Мағауия Хамзин өнердегі ерен
еңбегі үшін, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген артисі
атанып, 1979 жылы Қазақ КСР-інің халық артисі
деген құрметті атаққа ие болды.
Қазақстанның қай бұрышында болмасын
Мағауия шертпе күймен бірге, В.Моцарт, В.Монти,
М.Огинский, П.Чайковский, К.Хачатурян,
С.Рахманинов, И.Брамстың классикалық
шығармаларын домбырада ойнаған.
Мағауия Хамзин күй құты қонған күйші,
танымал сазгер, ол “Жарыс”, “Көкек”, “Жайлау”,
“Тоқырау толғауы”, “Белгісіз солдат”, “Алтын
астық”, “Шопан күйі”, “Космонавтар”,
“Амангелді”, “Жас қазақ”, “Тоғысу”, “Жамбыл
толғауы”, “Балқаш толқыны” күйлерін шығарып,
Абайдың төрт әніне және үнді халық әндеріне
«БЕЛГІСІЗ СОЛДАТ» КҮЙІ
1941-1945 жылдар аралы- ғында болған Үлы Отан
соғысында мерт болған аты белгісіз жерленген
жауынгерлердің рухына бағышталған шығарма.
Арқа күйшілерінің шығармашылығын алғаш
зерттеп, ноталық жазбаларын тиянақтаған –
Уәли Бекенов, оның «Шертпе күй шеберлері», «Күй
табиғаты» атты кітаптары аса құнды ғылыми —
әдістемелік еңбектер болып табылады.
Зерттеушінің өзі де Арқа күйлерін талдап
тартатын сұңғыла шертпеші ретінде қазақтың
есінде аты қалды. Тәттімбет күйлерінің жинағы
1988 жылы Е.Үсеновтың құрастыруымен тұңғыш
рет жарыққа шықты, 2005 жылы А.Тоқтаған мен
М.Әбуғазинның редакциясымен толықтырылып
қайта басылды. Тәттімбет тәліміндегі күйлердің
толық топтамасын Б.Ысқақов жазып шықты. Бұл
еңбекте Тәттімбет күйлерімен қатар оның
мектебін құрайтын Арқа күйшілерінің бәрі
қамтылған.
Арқа мектебінің жалауын жықпай жүрген көзі тірі
шеберлер қатарында дарынды
домбырашыларымыз – Мұхаметжан Тілеуханов,
Дәулетбек Садуақасов, Пазыл Тұтқабеков, Мейрам
Ұлмағамбетов, Ахат Байбосынов, Жалғас
Садуақасовтар.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz