БАТЫС ҚАЗАҚСТАН КҮЙШІЛІК ДӘСТҮРІ
Презентация қосу
ДОМБЫРА ӨНЕРІНДЕГІ АЙМАҚТЫҚ
МЕКТЕПТЕР.
ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ КӘСІБИ-КҮЙШІ-
КОМПОЗИТОРЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЗАМАНАУИ
ДӘСТҮР ЖАЛҒАСТЫРУШЫЛАРЫ
(БАТЫС, АРҚА ЖӘНЕ ЖЕТІСУ МЕКТЕПТЕРІ)
Орындаған: Әжіман Үміт
Ыбрай Асылбек
А.Жұбанов ұстанымы мен жүйесі ізінде
қалыптасқан қазіргі замандағы күйшілік
мектептерінің саны мамандардың
пайымдауынша он бір.
Олар:
1) Батыс күйшілік мектебі – Құрманғазы,
Дәулеткерей, Маңғыстау, Қазанғап, Дина
өзара жеке бесеу;
2) Арқа күйшілік мектебі – Тәттімбеттен бастау
алады;
3) Қаратау күйшілік мектебі – Сүгірден
жалғасқан мұра;
4) Жетісу күйшілік мектебі – Байсеркеден;
5) Алтай – Тарбағатай-Бисембі;
6) Сыр бойы – Әлшекей, Мырза;
7) Қәзіргі заман күйшілік мектебі.
Кәсіби білімді күйшілік мектептері өкілдеріне де
күй шығармашылық үрдісінен білім берілмеді,
яғни бұл табиғаттан берілетін қасиетте өз
бетінше дамыды. Олар – А.Жұбанов, К.Күмісбеков,
М.Қойшыбаев, Н.Тілендиев, Ғ.Қойшыбаев,
Х.Тастанов, М.Хамзин, С.Құсайынов, М.Әубәкіров,
Қ.Ахмедияров, Ә.Есқалиев, У.Бекенов, М.Қалауов,
Т.Ахметов, А.Жайымов, Ш.Әбілтаев,
С.Балмағамбетов, М.Сыдиықов, және т.б. XX
ғасырдың 70-80 жылдарынан бастап бүгінгі
таңдағы ғылыми іргеленуінде А.Затаевич,
А.Жұбанов бастаған ғылыми-зерттеу бағытын
ұстанған Ғ.Бисенова, Б.Ерзакович, С.Күзембаева,
Б.Қарақұлов, Б.Ғизатов, Б.Аманов, Ә.Мұхамбетова,
С.Өтеғалиева, С.Райымбергенова, П.Шегебаев,
Ү.Жұмақова, С.Қалиев, Р.Жұманиязова,
Ә.Сабырова, А.Бердібай, Г.Омарова, Р.Несіпбай,
Д.Бақтығалиева, А.Қазтуғанова сынды музыка
зерттеушілерінің де қосқан үлесі зор
Домбыра өнерінде батыс қазақстандық
төкпе және шығыс қазақстандық шертпе
тәрізді екі аспаптық дәстүр қалыптасты.
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН КҮЙШІЛІК
ДӘСТҮРІ
Қазақтың күйшілік өнері өркен жайып,
ерекше дамыған өлкелердің бірі – Батыс
Қазақстан аймағы. Батыс Қазақстан
күйлері негізінен шиеленіскен тартысты
оқиғаларға құрылады. Терең
философиялық толғанысқа толы бұл
күйлерде қуатты әрі толық қанды
образдар жасалады.
Батыс күйшілік дәстүрі күйшілік
дәстүрінің көрнекті өкілдері - Махамбет,
Боғда, Құрманғазы, Даулеткерей, Дина,
Мәмен, Түркеш туындыларын қазақ
өнерінің ғана емес, бүкіл түркі әлемі
музыкасының жетістігі деп айтуға
болады.
Батыс күйшілік мектебінің қайнар
көзінде күйші әрі жырау, батыр
бабамыз Махамбет тұр. Махамбеттің
толғау жырларындағы тегеурінді
сарындар осы мектептің теңдессіз
тұлғасы Құрманғазы күйлеріне де жат
емес. 18-19 ғасырлар да Бөкей
ордасында аса күшті домбырашылық
мектеп қалыптасты. Екі үлкен бағытта
дамыған Бөкей күйшілік дәстүрі
Құрманғазы, Дәулеткерей есімдерімен
тығыз байланысты. Батыс Қазақстан
күйшілік дәстүрінің ең көрнекті
тұлғасы, күй атасы атанған
Құрманғазы Сағырбайұлы – әлемдік
өредегі алып композитор.
ҚҰРМАНҒАЗЫ САҒЫРБАЙҰЛЫ
Қазақ даласын асқақ та жігерлі
күйлерімен тербеген ұлы күйші-
композитор Құрманғазы
Сағырбайұлы 1818 жылы Бөкей
хандығы, қазіргі Батыс
Қазақстан облысының Жаңақала
ауданына қарасты Жиделі деген
жерде дүниеге келген.
Шыққан тегі – Кіші жүз, он екі
ата Байұлынан өрбіген
Сұлтансиықтың Қызылқұрт
бұтағы. Құрманғазының жетінші
атасы Ерші деген кісі от тілді,
орақ ауызды, сөз дарыған адам
болыпты. Ал, нағашы жұрты –
Беріш руы.
Құрманғазының әкесі Сағырбай өнерден
алыс, қақ-соқпен ісі жоқ, қарапайым
шаруа адамы болатын. Шешесі Алқа
адуынды, бірбеткей, ер мінезді кісі
болған, той-домалақта күресетін палуан
әйел атаныпты. Бала кезден еркекшора
болып өскен Алқа келін болып түскенге
дейін ойын-тойдың көркін кіргізетін.
Құрманғазы жастайынан жұрт назарына
ілікті. Оны күй өнеріне баулыған әрі
алғашқы ұстазы Ұзақ күйші болатын.
Бала Құрманғазы ұстазымен ел аралап,
қара домбырасымен талай сайыстарға
қатысты. Сол кездегі Бөкей ордасының
атақты күйшілері Байжұма, Баламайсаң,
Байбақты, Соқыр Есжан, Шеркештің
күйлерін үйреніп, шеберлігін шыңдай
түседі.
"КІШКЕНТАЙ" КҮЙІ
Құрманғазының есею кезі патша
өкіметіне қарсы бас көтерген Исатай
Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы
бастаған халық көтерілісімен тұспа-тұс
келген. Сол көтеріліс кезінде күйшінің
алғашқы туындыларының
бірі "Кішкентай" күйі дүниеге келеді.
Бұл күй халық композиторының үлкен
шабытпен, жүрек толғанысынан туған
классикалық үлгідегі толыққанды
шығарма. Ахмет Жұбанов аса дарынды
домбырашы-күйші Оқап Қабиғожиннің
берген мағлұматына сүйене отырып,
"Құрманғазы бұл күйді "Кішкене
інісінің үлкен ағасы — Исатайға
арнапты", — дейді.
"ҚЫЗЫЛ
ҚАЙЫҢ" КҮЙІ
Ал "Қызыл қайың" күйінің шығу тарихы жайлы
Ахмет Жұбановтың еңбегінде мынадай мәлімет
берілген:
"Халық аузындағы аңыз бойынша, Құрманғазы
қуғыншылардан қашып келе жатқан сапарында
ен далада жалғыз өскен қызыл қайыңның
бұтағын жамылып отырып, қуғыншылардан
аман қалыпты дейді. Кейін: "Менің елім де,
жерім де, бұтам да, ағашым да пана екен.
Анадай қойнын ашып, жапырағын жауып
паналатқан қызыл қайыңға арнап едім", – деп
орындаса керек.
Қазақ халқына қарсы жасалған зорлық-
зомбылыққа күйлерімен өз қарсылығын
білдірген Құрманғазы патша өкіметіне жақпады.
Оның күйлерін тыңдаған халық рухтанып,
жігерленіп, тағы да бас көтеріп жүрер деген
оймен оны бірнеше рет түрмеге қамайды.
Күйшінің "Түрмеден қашқан", "Кісен ашқан",
"Аман бол, шешем" сияқты күйлері осы тар
қапасқа қамалған кезде туылған дүниелер.
Құрманғазының аса күрделі
шығармашылығы дыбыстық
басуларының қанықтығымен, алапат
тегеурін ырғақтық иірімдерінің
алуандылығымен ерекшеленеді.
Құрманғазының күйшілік тұлғасын,
жан жүниесін толық танытатын,
қуатты оттай бұрқыраған
«Сарыарқа», «Төремұрат»,
«Кішкентай», «Серпер»,
«Терісқақпай», «Балбырауын»
сияқты күйлерінің әр қайсысы
қайталанбас туындылар.
Құрманғазы қалыптастырған
күйшілік мектептің аса дарынды
өкілі Дина Нұрпейісова
ДИНА НҰРПЕЙІСОВА
Дина Нұрпейісова Бөкей ордасы,
Нарынның Бекетай құмы жерінде
қарапайым шаруа отбасында дүниеге
келген. Әкесі Кенже еркесін домбыра
үнімен әлдилесе, анасы Жәниха қызын
бесік жырымен тербеткен. Дүние дидарын
ашқан сәттен бастап домбыра үніне құлақ
құрышын қандырып өскен дарынды Дина
бес жасында әкесінің домбырада тартқан
күй саздарын пернелерге дұрыс түсіруге
әуестене бастайды. Қызының бұл
қабілетін аңғарған әкесі де риза көңілмен
бар білгенін қызының бойына сіңіруге күш
салады. Тоғыз жасында әкесінен үйренген
әндер мен күйлерді меңгеріп, домбырада
еркін ойнай бастаған Динаны
айналасындағылар «домбырашы қыз» деп
атап кетеді.
Күй өнерінде есімі қастерлі Құрманғазы осы
ауылға ат басын бұрып,сол сапарында
Динаның домбырада ойнауын байқап,
әкесіне болашақта қызынан жақсы күйші
шығатынын айтады.
«Құрманғазы жақын ағайын болатын, өзі де біздің
үйге келіп жүргенде талай рет күйлерін де
тыңдағам. Бірде әкем Құрманғазыдан менің
домбыра тартқанымды өз көзімен көріп, егер өнерім
көңілінен шықса, қолұшын беруін өтінді, ұстаз
болуын қалады», – дейді бір естелігінде Дина
Нұрпейісова.
Сол сәттен бастап Динаның өнердегі алғашқы
тұсауын кесіп, ұстаздық еткен Құрманғазы
кездескен сайын шәкіртінің домбыра тартысына
мән береді. Ол үнемі: «Домбыраны қолыңа алғанда,
оны тартпас бұрын ең алдымен құлақ күйін келтіріп,
әбден баптап ал, тек осындай дайындықтан соң
ғана домбыра тартуға кіріс», – деп домбыраның
қыр-сырын үйрете бастайды. Ұстазының сөзін
ұстаным етіп алған Дина тек Құрманғазының
күйлерін тартумен шектелмей, есімдерін ел білетін
күйшілер Дәулеткерейдің, Соқыр Есжанның,
Әлікей, Баламайсандай көрнекті халық
композиторларының шығармаларын да нақышына
келтіріп орындайды. Ол көптеген домбыра
сайыстарына қатысып, өнерін үнемі шыңдап
отырған.
Дина Кенжеқызы 1880 жылы 19
жасында тұрмысқа шығады. Ұзатылу тойында
ұстазы Құрманғазы өзінің жан серігіне
айналған домбырасын шәкірті Динаға тарту
етеді. Ұстазы шәкіртіне «енді өзің де күй
шығарсаң болады» деп батасын береді.
Динаның тырнақалды шығарған күйлерінің
қатарына «Бұлбұл», «Байжұма», «Жігер»
күйлерін жатқызуға болады.
Ашаршылық жылдары Динаның отбасы Каспий
теңізі жағалауына көшіп, Астрахан облысы
Марфин ауданы Козлово ауылында тұрақтайды.
1937 жылы Ахмет Жұбановтың тапсырмасымен
домбырашы Смағұл Көшекбаев Динаны
Алматыға алып кетеді. Сол жылдың күзінде
Алматы қаласында ұлт дарындары бас қосқан
екінші республикалық жиында Дина өзінің
«Бұлбұл», Құрманғазының «Төремұрат» пен
«Қайран шешем» атты күйлерін шебер
орындағаны үшін ең алғашқы сыйлығын алады.
Д.Нұрпейісова ғұмырының соңғы кезінде шығарған
«Той бастар», «Домалатпай», «Науысқы» («Науаи»),
«Әсемқоңыр», «Жігер» сынды аса айшықты
шығармаларымен өнерсүйер қауымның жүрегінде
қалды.
Қазақтың күйші қызы Дина халық алдына соңғы рет
1952 жылы 91 жасында шықты. Ал 1955 жылдың 31
қаңтарында күйші Алматы қаласында дүниеден өтті.
ДӘУЛЕТКЕРЕЙ ШЫҒАЙҰЛЫ
Дәулеткерей Шығайұлы (1820-1887) композитор,
күйші. Дәулеткерей адамның рухани дамуына
аса көңіл бөлген және бұл бағыттағы өз
көзқарасын қорғаған. Ол көп саяхат жасап,
өнер, рухани саладағы адамдармен кездесіп,
жай халықтың тұрмысы мен өмірін зерттеген.
Композитор өміріндегі аса елеулі оқиғаның бірі -
ұлы күйші Құрманғазымен кездесуі.
Дәулеткерей творчествосына Құрманғазыдан
басқа Соқыр Есжан, Байжұма, Мүсірәлі сияқты
күйшілердің ықпалы болған. Осындай ұлы
адамдар арасында оның азаматтық көзқарасы
қалыптасып, шығармашылығы дамыды.
Дәулеткерей шығармалары алдыңғы қатарлы
қоғамдық көзқарастарды, өмір философиясын,
уақыт лирикасын, халық тарихын көрсетеді.
Оның алғашқы шығармаларының бірі -
"Ақжелең". Бұл күй Ақбала деген өнерлі де сұлу
қызға арналған. Дәулеткерейдің "Қоңыр",
"Желдірме", "Керілме", "Ысқырма", "Қосішек"
дейтін күйлері тіршілік-тұрмыстағы әр алуан
көріністерді бейнелейді.
"ЖҰМАБИКЕ" КҮЙІ
ол кезде қыздар кішкентайынан өзі білмейтін біреуге
атастырылатын салт болған. Кейін бойжеткенде, өзі
сүймесе де, сол жігітке ұзатылуға тиіс. Бұған наразы
жігерлі қыздар Уақытша кеңес дейтін билігі бар
мекемелерге арыз айтып баратын болған. Қыз сөзі
расталып, шындықтың бет пердесі ашылса, азаттық алады
екен. Міне, асқан әнші, ақындық өнері рулы елге ерте
танылған, өз талабымен еркіндік алған Жұмабике деген
қызға ризалық сезімін Дәулеткерей күй арқылы жеткізген.
Дәулеткерейдің көптеген күйлері
халық арасына кеңінен тараған. Оның
тұрмыстық жанрдағы «Желдірме»,
«Тартыс», «Ысқырма», «Қосалқа»
күйлері; «Қыз Ақжелең», «Ақбала қыз»,
«Көркем ханым», «Қаражан ханым»,
«Құдаша», «Мұңды қыз», «Жұмабике»
сияқты әйелдер бейнесін жасаған
шығармалары бар. Орыс музыкасының
әсерімен «Ващенко», «Қос ішек»,
«Қоңыр», «Топан» т. б. күйлерін, 1871
жылы досы С. Бабажановтың қазасына
арнап «Салық өлген» атты жоқтау
күйін шығарды. «Бұлбұл» күйі де осы
кезеңде туды. Дәулеткерей өмірінің
соңғы жылдарына жататын күйлерінде
- терең мазмұн мен күрделі
психологизм басым. Олардың
қатарында халық симфонизмінің
тамаша үлгілері саналатын «Демалыс»,
«Төндірме», «Керілме», «Жігер» сияқты
күйлері бар.
“Бұлбұл” – Дəулеткерейдің үздік күйлерінің бірі.
Дəулеткерей шыншыл суреткер ретінде құстың дауысын
домбыраға құр қайталап түсірмей, сайраған бұлбұл
тақырыбын поэтикалық түрде халық өмірімен тығыз
байланыстыра жырлаған. Бұл күйдегі қиялды қозғайтын
“азаттық жыры” секілді астарлы ой адамды
қанаттандырады. Белгілі музыка зерттеушісі А. Затаевич
“Бұлбұл” күйі жөнінде: “Болашақ қазақтан шығатын
Римский – Корсаковтарды күтіп тұрған Шехерезаданың
тақырыбы осы күйде жатыр” деп жазып кеткен.
Осы дәстүрді алға апарушылар қатарында
дүлдүл күйшілер Оқап Қабиғожин, Қали
Жантілеуов, Рүстембек Омаров, Төлеген
Аршанов, Ғылман Қайрошев, Ғылман Әлжанов,
Рысбай Ғабдиев, Әзидолла Есқалиев сияқты
күйші-орындаушылардың есімін атауға
болады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz