Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы бойынша сыбайлас жемқорлық қылмыстар жүйесі




Презентация қосу
Қазақстан Республикасы
Атырау қаласы
Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

Қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатын
сыбайлас жемқорлық әрекеттері

Пәні: Қазақстан Республикасынығң Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
Мамандығы: Құқық қорғау органдары
Топ: 206
Курс: 2

Орындаған: Шагираев Айбек
Қабылдаған: Макашева Гульбану
• Сыбайлас жемқорлық- мемлекеттік құрылымдардың экономика аясында қылмысты құралдармен біте қайнасуы,
сондай-ақ мемлекеттегі лауазымды адамдардың, қоғамлық және саяси қайраткерлердің сатылғыштығы, парақорлығы.
Өзінің қызметтік мәртебесі мен өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де бейқызметтік мүдделер үшін пайдалану
жолымен жеке игіліктерді алу әрекетінен көрініс табады.
• ҚР-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Заңы қазіргі таңда халыққа кеңінен түсіндірліп, оны орындау
бағытында ауданда елеулі жұмыстар жүргізілуде. Нақтылап айтсақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдылықтарды
сақтау жөнінде құқықтық түсіндіру жұмыстары халық арасында ұдайы талқыланып, өткен уақытта жіберілген
кемшіліктерді саралап, жұмысты жүйелендіруге ықпалн тигізеді. Осынау өзекті мәселе жөнінде сыбайлас жемқорлыққа
қатысты құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды қарайтын жиналыстар өткізіліп, оның жолын кесу және болдырмау
мақсатында сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарға мемлекеттік билік органдарында лауазымдар атқаруына
тыйым салынған.
• ҚР 2014 жылы 3 шілдеде қабылданған Қылмыстық Кодексіне сәйкес арнайы сыбайлас жемқорлық әрекеттері
белгіленген арнаулы бөлім қарастырылған ҚК-тің 15 тарауында нақты белгіленген. (361-371 бап)
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңда белгіленген қылмыстық әрекеттер

• Заңның 12-бабыныңсталаптарына сәйкес мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілеттік берілген адамдардың
немесе соларға теңестірілген адамдың мынадай:
• 1.басқа мемлекеттік органдардың, ұйымдардың қызметіне заңсыз араласу;
• 2.аталған адамдардың не олардың жақын туыстары мен жекжаттарының материадық мүдделерін
қанағаттандыруға байланысты мәселелерді шешу кезінде өздерінің қызметтік өкілеттігін пайдалану.
• 3.мемлекеттік қызметке және мемлекеттік ұйымдарға және жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі елу
пайыздан көп болатын ұйымдарға оның ішінде акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы
холдингтерге, ұлттық компанияларға, ұлттық даму институттарына, олардың дауыс беретін акцияларының елу
пайызынан астамы өздеріне тиесілі еншілес ұйымдарына, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының елу
пайызынан астамы көрсетілген еншілес ұйымдарға тиесілі заңды тұлғаларға қызметке тұратын және қызметін
жоғарылататын кезде заңда көзделмеген артықшылықтар беру.
• 4.шешімдер әзірлеу мен қабылдау кезінде заңды және жеке тұлғаларға заңсыз артықшылық көрсету;
• 5.кімге болса да табыс алуыға байланысты кәсіпкерлік және өзгеде қызметті жүзеге асыруда заңдарда
көзделмеген кез келген жәрдем көрсету;
• 6.мемлекеттік міндеттердін атқару кезінде алынған ақпаратты, егер ол ресми жариялауға жатпайтын болса,
жеке немесе топтық мүдделерге пайдалану;
• Қазіргі заман жағдайында сыбайлас жемқорлық қылмыс жаһандық жалпы адамзаттық проблемаға айналды,
осыған байланысты, оған қарсы іс-қимылдың жаңа ережелерін әзірлеудің өткір қажеттілігі туындап отыр.
• Интернеттің дамуы жаһандық әлемдік нарықтың туындауына алып келді, коммуникациялардың көмегімен
сыбайлас жемқорлық қызметінен, оларды шетелде жасырудан түскен кірістерді қолма-қол ақшаға айналдыру
және заңдастыру мүмкіндіктері артты. Көптеген елдерде осы үрдісті белең алып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы
заңнама базасын жаңғырту басталды.
• 2003 жылы қабылданған БҰҰ Конвенциясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы негізгі нормативтік құқықтық актіні
білдіреді, онда әлем елдерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық заңнамасын әзірлеу бағдарлары мен
бағыттары көрсетілген. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы ҚР
Заңының 6-бабында сыбайлас жемқорлық еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне төнетін негізгі қауіп құрамында
көрсетіледі.
• Осы жағдайда көптеген елдердің қылмыстық заңнамасы көлемін ұлғайту үрдісіне ие болды. 1997 жылы
қабылданған және 2014 жылдың соңына дейін қолданыста болған Қазақстан Республикасының Қылмыстық
кодексі 393 баптан , 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген жаңа Қылмыстық кодекс 467 баптан тұрады.
• Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы бойынша сыбайлас жемқорлық қылмыстар жүйесі
• Сыбайлас жемқорлық билікті және онымен байланысты мүмкіндіктерді мемлекет, бүкіл қоғамның мүддесі үшін емес,
жекелеген адамдардың немесе адамдар тобының мүддесі үшін пайда мен артықшылық көру мақсатында пайдалануды
көздейді. Сыбайлас жемқорлықтың ең қауіпті нысандары қылмыс ретінде сараланады.
• Қолданыстағы ҚР Қылмыстық кодексінде сыбайлас жемқорлық қылмысқа 21 қылмыс құрамы жатқызылған,
Қылмыстық кодекстің 1997 жылғы редакциясында 17 құрамы болды. 15-тарауда «Мемлекеттік қызмет және
мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстар» 11 қылмыс құрамының 9-ы
сыбайлас жемқорлыққа жатқызылған. Бұл тарауда сыбайлас жемқорлық қылмысқа ҚР ҚК-нің 363-бабында
«Лауазымды адамның өкілеттіктерін иемденіп алу» және 371-бабында «Салғырттық» көзделген қылмыстар
жатқызылмайды..
• 6-тарауда «Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар» сыбайлас жемқорлыққа екі қылмыс жатқызылған:
• 1) сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе талан-таражға салу (ҚР ҚК 189-бабының 1-бөлігі 2-тармағы);
2) алаяқтық (ҚР ҚК 190-бабының 3-бөлігі 2-тармағы). Екі жағдайда да сыбайлас жемқорлық қылмыс құрамы үшін:
«мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адам не оған теңестiрiлген адам не лауазымды адам не
жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаған алаяқтық, егер ол өзінің қызмет бабын пайдалануымен
ұштасса» деген міндетті саралау белгісі бар
• 8-тарау «Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар» алты сыбайлас
жемқорлық қылмыс құрамын қамтиды: 1) жалған кәсіпкерлік (ҚР ҚК 215-бабының 2-бөлігі 3-
тармағы); 2) іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей
шот-фактура жазу бойынша әрекеттер жасау (ҚР ҚК 216-бабы 2-бөлігі 4-тармағы); 3) қаржылық
(инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету (ҚР ҚК 217-бабы 3-бөлігі 1-тармағы);
4) Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату) (ҚР ҚК
218-бабы 3-бөлігі 1-тармағы); 5) экономикалық контрабанда (ҚР ҚК 209-бабы 3-бөлігі 1-тармағы);
6) рейдерлік (ҚР ҚК 249-бабы 3-бөлігі 2-тармағы).
• Барлық жағдайларда да сыбайлас жемқорлық қылмыс құрамы үшін: «мемлекеттiк функцияларды
орындауға уәкiлеттiк берілген адам не оған теңестiрiлген адам не лауазымды адам не жауапты
мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаған алаяқтық, егер ол өзінің қызмет бабын
пайдалануымен ұштасса» деген міндетті саралау белгісі бар.
• 11-тарауда «Халық денсаулығына және имандылыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар»
сыбайлас жемқорлыққа бір қылмыс жатқызылған: «мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк
берiлген адамның не оған теңестiрiлген адамның заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыруы, егер ол
өзінің қызмет бабын пайдалануымен, жеңiлдiктер мен артықшылықтар берумен ұштасса» (ҚР ҚК
307-бабы 3-бөлігі 3-тармағы).
• 16-тарауда «Әскери қылмыстық құқық бұзушылықтар» сыбайлас жемқорлыққа үш қылмыс жатқызылған:
1) билікті теріс пайдалану; 2) билікті асыра пайдалану; 3) биліктің әрекетсіздігі (ҚР ҚК 450, 451-баптары,
452-баптың 2-бөлігі 2-тармағы).
• Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабы 3-тармағы сыбайлас жемқорлық қылмыстардың
толық тізбесін айқындайды.
• Парақорлықтың жалпы сипаттамасы Сыбайлас жемқорлық – бұл жеке мақсаттарда пайда көру үшін
мемлекеттік билікті асыра пайдалану. Сыбайлас жемқорлықтың мұндай анықтамасы БҰҰ Бас ассамблеясы
1979 жылы 17 желтоқсанда қабылдаған құқықтық тәртіпті сақтау бойынша лауазымды тұлғалардың мінез-
құлық Кодексінде қамтылған.
• Парақорлық сыбайлас жемқорлықтың қауіпті және көп тараған көріністерінің бірі болып табылады. ҚР ҚК
366-бабының 1-бөлігіне сәйкес, пара алудың объективтік жағы мемлекеттiк функцияларды орындауға
уәкiлеттiк берілген адамның не оған теңестiрiлген адамның немесе жауапты мемлекеттік лауазымды
атқаратын адамның не лауазымды адамның, сол сияқты шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның
лауазымды адамының пара берушiнiң немесе оның өкiлi болған адамдардың пайдасына жасаған әрекеттері
(әрекетсiздiгi) үшiн, егер мұндай әрекеттер (әрекетсiздiк) осы адамның қызметтiк өкiлеттiктеріне кiретін
болса не ол лауазымдық жағдайына байланысты осындайәрекеттерге (әрекетсiздiкке) ықпал жасай алатын
болса, сол сияқты жалпы қамқорлығы немесе жол берушілігі үшін өзіне немесе басқа адамдарға ақша,
бағалы қағаздар, өзге мүлiк, мүлiкке құқық немесе мүлiк сипатындағы пайда түрiнде жеке өзi немесе
делдал арқылы пара алуы болып табылады.
• Қарастырылатын қылмыстың объектісі қалыпты, заңмен регламенттелген мемлекеттік билік
қызметі және онымен байланысты мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару мүдделері болып
табылады. Қосымша объект – азаматтар мен ұйымдардың заңды мүдделері.
• Пара алу түрлері: ашық (шамамен 75 % қолдан қолға немесе делдал арқылы) және жасырылған
(25%-ға жуығы заңды іс-әрекеттер сияқты, қарызын қайтару, құмар ойындар және т. б.)
• Қорқытып алу тәсілдері: 1) пара берушінің заңды мүдделеріне зиян келтіре алатын іс-әрекеттерді
жасау қаупін төндіріп, пара талап ету; 2) оның құқықпен қорғалатын мүдделері үшін зиянды
салдарын болдырмау мақсатында ол пара беруге мәжбүр болатын жағдайда соңғының әдейі жеткізуі
(рұқсат құжаттарын, виза және және т.б. беруді әдейі созу, қалыс қалу).
• Пара беруші өзінің заңды мүдделерін қорғап, пара беруге мәжбүр болған жағдайда, яғни пара
беруге мәжбүрлеу белгісі болған жағдайда жауапкершіліктен босатылады

Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКСЫНЫҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС ТУРАЛЫ ЗАҢЫНДА СЫБАЙЛАС
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты жоғарылату
Сыбайлас жемқорлық қауіптерін азайту бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру
Сыбайлас жемқорлықтың белгілері
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЗАҢНАМАНЫҢ ЖАЛПЫ
Сыбайлас жемқорлық - мемлекеттің беделіне нұқсан келтіретін дерт
Сыбайлас жемқорлықтың мәні және оның шығу себептері
Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары
Жемқорлықтың алдын алу - басты міндет
Сыбайлас жемқорлық қоғамдық өмір құбылысы және сыбайлас жемқорлық мінез - құлық ретінде
Пәндер