Орфография мен графиканың қатысы: әліпби таңдау және емле принциптері


Slide 1

Орфографияның графикаға қатысы

Үркімбай Шырын қб-21

Slide 2

Қазіргі қазақ қоғамында жазу ауыстырумен байланысты әліпби, графика, орфография немесе емле деген терминдер жиі айтылып, күнделікті қолданыла бастады

Жазу таңбалары дыбыстық таңбалар (әріптер), грамматикалық таңбалар (пунктуациялық белгiлер), ұғымдық таңбаларға (бөлек, бiрге, дефис арқылы берiлуi, бас әрiп, кiшi әрiп) бөлінеді (академик Л. В. Щерба) . Осы негiзде жазудың негiзгi категориялары анықталады, ол көп айтыла беретін - әліпби, көп айтылмайтын - графика және бәрі білетін - орфография және пунктуация.

Slide 3

Орфографиялық принцип әсері

Орфографиялық принцип дұрыс таңдалмаса, сауатты жазуға, тілдің табиғи сипатына, болмысына да әсер етеді. Сон­дықтан бұл мәселені ғалымдар аса жауап­кер­шілікпен қарап, жіті зерделеп отыр. Дұрыс жазуға бағыттайтын емле ере­жесі белгілі бір орфографиялық принципке байланысты құрылады. Ереже жасау­да орфографиялық принциптің дұрыс таң­­далуы аса маңызды. Себебі негізгі ор­фо­­графиялық принцип арқылы емле ере­жесінің басым бөлігінің жазылымы шешіледі.

Slide 4

Неге, не себепті әр тіл өзіне сай әліпби түрін, таңба, графика жасай бермеген? Неге барлық тілдер дайын әліпбиді қажетіне қарай пайдалана

салған? Өйткені жазу - әлеуметтік құбылыс, жазу - шартты таңба, графика, жазу тілдік шекаралардан асып, әлемді ортақ коммуникацияға шақырады

Slide 5

Графика дегеніміз

Ал графика дегеніміз не? Графика алфавиттегі әріп таңбаларын жетілдіру, жетпеген фонемаларды белгілеуді ұйымдастырады. Графика мен орфография жазудың екі кезеңнен тұратынын көрсетеді. Графика дұрыс белгіленсе, сөзформалардың жартысынан астамы қатесіз жазылады, ал орфографияға күрделі мәселелерді нормалау ғана қалады. Алфавит құрамы графикалық таңбаларды ұйымдастырудың нәтижесi, соңғы қорытындысы ретiнде пайда болатын шартты код.

Slide 6

Әрине, ол алдымен негізгі әліпби қаңқасына сүйенеді. Алдымен негізгі алфавит таңдалады, сосын графика, соңынан алфавит құрамы қабылданады.

Сонда графика дегенiмiз әлiпбидегi әрiптердiң белгiлi бiр фонемаларды таңбалауын ұйымдастыруы. Графика - әлiпби мен оның теориясына тiкелей қатысы бар, әлiпбидiң жасалуы, өзгерiстерi, қайта жетiлдiрiлуi, сондай-ақ эстетикалық, оптикалық, экономикалық жағынан сапасын анықтауға көмектесетiн сала.

Slide 7

Орфография дыбыстарды (фонемаларды) әріппен таңбалауды, сөздерді, оның бөлшектерін бірге, бөлек немесе дефис арқылы жазуды, бас әріптердің қолданылуын, тасымал тәртібін белгілейді

Slide 8

Сонымен, әлемдегі ең танымал графика мен әліпби - латын әліпбиі, одан кейінгі танымал әліпби - араб әліпбиі мен кирил әліпбилері ашық әліпбилер деп аталады. Әлем тілдері осы дайын әліпби түрлерін пайдаланып жатыр, көшіп жатыр, ауысып жатыр

Графикаға лигатуралар, диакритикалық таңбалар (дәйекші, екпін, созылыңқылықты білдіретін белгі) кіреді.


Ұқсас жұмыстар
Қ. Жұбановтың әліпби мен емле туралы тұжырымдары және жаңа қазақ әліпбиіне қойылатын талаптар
Орфография: объектілері, оқыту әдістері, жаттығу түрлері және қағидалар
Жаңа латыннегізді қазақ әліпбиі және емле ережелерінің ерекшеліктері
Компьютерлік графиканың даму болашағы мен қолдану мүмкіндіктері
Компьютерлік графиканың түрлері: растрлық, векторлық және фракталдық
Фразеологизмдердің сөз таптарына қатысы мен семантикалық-символдық ерекшеліктері
Виртуалды әлемді ұсыну және анимация: үш өлшемді графиканың негіздері
Оқыту әдістері: жіктелуі, функциялары және таңдау принциптері
Сөзжасамның жалпы түсініктері, морфемалық талдау және орфография негіздері
Сұйықтық деңгейін өлшеу: деңгей датчиктерінің принциптері, түрлері және таңдау критерийлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz