Қасақана қылмыс сатылары


Slide 1

Қазақстан Республикасының қылмыстық құқық негіздері

Slide 2

Негізгі сұрақтар:

1. Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде

2. Қылмыс түсінігі және құрамы

3. Қылмыстық жауаптылық

4. Қылмыстық әрекеттерді болдырмайтын мән-жайлар

5. Қылмыс жасау сатылары

6. Қылмыстық жаза

Slide 3

1. Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде

Slide 4

Қылмыстық құқық дегеніміз - адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға, жазамен қорқытып, тыйым салынған іс-әрекеттерді істеудің алдын алуға, тұлғаға қылмыстық қиянат келтірілгенде оны одан қорғауға бағытталған құқық нормаларының жиынтығы.

Slide 5

Қылмыстық құқық заң шығарушы органдар қабылдаған қылмыс пен жаза, қылмыстық жауаптылық негізі, жаза жүйелерін, жазаны тағайындаудың тәртібі мен шарттарын, сондай-ақ қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатуды белгілейтін нормалардан құралады.

Slide 6

2. Қылмыс түсінігі және құрамы

Slide 7

Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 9 бабына сәйкес, қылмыс дегеніміз - қылмыстық кодекс нормаларында жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты, қоғамға қауіпті әрекет ( іс-әрекет немесе әрекетсіздік) .

Slide 8

Қылмыстың басты белгілері:

оның құқыққа қайшылығы

қоғамға қауіптілігі

кінәлілігі

жазаланатындығы

Slide 9

Қылмыстың санаттары

Қасақана жасалған қылмыс

Абайсызда жасалған қылмыс

Онша ауыр емес қылмыс

Екі жылдан аспайтын мерзімге

Бес жылдан аспайтын мерзімге

Аурлығы орташа қылмыс

Бес жылдан аспайтын мерзімге

Бес жылдан астам мерзімге

Ауыр қылмыс

Он екі жылдан аспайтын мерзімге

Аса уаыр қылмыс

Он екі жылдан астам мерзімге немесе өлім жазасына

Қылмыстың санаттары:

Slide 10

Қылмыс құрамының элементтері

Элементтердің қажетті белгілері

Элементтердің факультативті белгілері

1. Қылмыс объектісі

Қылмыстың заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастары

Қосымша объектіні құрайтын қоғамдық қатынастар; қылмыс заты

2. Қылмыстың объективті жағы

Қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік

Қоғамға қауіпті зардап; әрекет пен зардаптың арасындағы себепті байланыс ; қылмыс жасау тәсілі; уақыты; орны; жағдайы; құралы мен қаруы;

3. Қылмыстың субъектісі

Адам болуы; есі дұрыс; белгілі жасқа толуы (он алтыға, кейбір қылмыстар үшін - он төрт жасқа)

Лауазымды адам; туыстық қатынасы бар адам; тек ер адам; тек әйел адам; тек ҚР азаматы.

4. Қылмыстың субъективті жағы

Кінә (абайсыздық немесе қасақаналық)

Мотив; мақсат; эмоционалдық жағдай (аффект) .

Slide 11

Қасақана

Тікелей

Жанама

Slide 12

Абайсыздықта

Немқұрайлық

Менмендік

Slide 13

3. Қылмыстық жауаптылық

Slide 14

Қылмыс заңы бойынша қылмыс деп белгіленген нақты іс-әрекетті істеген адамды мемлекет атынан оның тиісті органдары арқылы айпытауын қылмыстық жауаптылық деп түсінеміз. Қылмыстық жауаптылық қылмыстық әрекет немесе әрекетсіздік орын алған соң туындайды.

Slide 15

Қылмыстық жауаптылықтың негізі қылмыстық заңда көрсетілген қылмыс құрамының барлық белгілері бар іс-әрекетті істеу болып табылады. Адамның қылмыстық жауаптылығы оған сот тағайындаған жазаны өтеумен жүзеге асырылады, ол жазаны өтеп болған соң жойылады.

Slide 16

4. Қылмыстық әрекеттерді болдырмайтын мән-жайлар

Slide 17

Қоғамдық қатынастарды қылмыстық жолмен келтірілетін зияннан қорғау мақсатында қауіп төндіруші адамға материалдық, моральдық және өзге де зиян келтіру қылмыс болып танылмайды.

Slide 18

Қажетті қорғану жағдайындағы мән-жайлар:

Адам өміріне;

Тұрғын үйін, меншігін, жер учаскесін;

Қоғамдық немесе мемлекетік заңмен қорғалатын мүдделерге қауып төндіру;

Slide 19

5. Қылмыс жасау сатылары

Slide 20

Қылмысты істеу сатылары деп қасақана істелетін қылмысқа дайындалу, оқталудан аяқталғанға дейінгі кезеңдерді айтамыз.

Қасақана қылмыс сатылары:

қылмысты істеуге дайындалу,

қылмыс істеуге оқталу

қылмысты аяқтау.

Slide 21

Тікелей ниетпен қылмыс құралдарын немесе қаруларын іздестіру, әзірлеу немесе бейімдеп жасау, қылмысқа қатысушыларды іздестіру, қылмыс жасауға сөз байласу не қылмыс жасау үшін өзге де қасақана жағдайлар жасау, егер бұл орайда қылмыс адамның еркіне байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейін жеткізілмесе, қылмысқа дайындалу деп танылады.

Slide 22

Тікелей қылмыс жасауға тура бағытталған ниетпен жасалған іс-әрекет немесе әрекетсіздік, егер бұл орайда қылмыс адамға байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейін жеткізілмесе, қылмыс жасауға оқталу болып табылады.

Slide 23

6. Қылмыстық жаза

Slide 24

Жаза дегеніміз - сот үкімі бойынша мемлекет атынан тағайындалатын мәжбүрлеу шарасы. Жаза әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сонымен қатар, сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да басқа адамдардың да жаңа қылмыстар жасалынуынан сақтандыру мақсатында қолданылады.

Slide 25

Қылмыстық жазаның өзіне тән белгілеріне мыналар жатады:

- қылмыстық жаза тек мемлекет тарапынан қолданылатын мәжбүрлеу шарасы;

- жаза тек қылмысты жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады;

- жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамның құқықтары мен бостандықтарын шектеумен байланысты болады;

- жаза тек сот үкімімен, мемлекет атынан тағайындалады;

- сот үкімі бойынша тағайындалған жаза кінәліге сотталғандық атағын белгілейді.

Slide 26

Жаза

Негізгі

Қосымша

Slide 27

Негізгі жазалар:

- айыппұл салу;

- белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру;

- қоғамдық жұмыстарға тарту;

- түзеу жұмыстары;

- әскери қызмет бойынша шектеу;

- бас бостандығын шектеу;

- қамау;

- тәртіптік әскери бөлімде ұстау;

- бас бостандығынан айыру;

- өлім жазасы.

Slide 28

Қосымша жазалар:

- арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәріжесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру;

- мүлкін тәркілеу.

Slide 29

Назарларыңызға рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Қылмыстың белгілері
Қылмыстарды саралау және оның санаттары
Қылмыстық құқық бұзушылық
Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстар
Қылмыстық құқық. ҚР Қылмыстық кодексі
Қылмысқа қатысудың мәні, түрлері және нысандары
Қылмыстарды саралау бойынша практикум
Қылмыстық құқық принциптері
Кәмелетке толмағандар саудасы
Қылмыскер тұлғасының типологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz