Зер салып ойлау




Презентация қосу
Орындаған: Шодиева Динара
Қабылдаған: Маударбекова Б.К.
Тобы: ПМНО 19-1
ЖОСПАРЫ:
Негізгі ұғымдар: абстракт логикалық ойлау,
нақты логикалық ойлау, индуктивті ойлау,
дедуктивті ойлау, алгоритмдік ойлау, анализ,
синтез.
1. Ақыл-ой тәрбиесі тұлғаның жан-жақты
дамуының негізі. Ақыл-ой тәрбиесі еңбек
өнімділігін арттыруға, еңбектің
шығармашылығына зор ықпал жасайды. Ең
бастысы, ол ғылым мен техниканың,
мәдениеттің жедел дамуының қайнар бұлағы
екендігін үнемі естен шығармағанымыз жөн.
Зер салып ойлау

Ақыл-ой

тәрбиесінің
ұғымдары

Ақыл-ой күштері
Ойлау – бұл заттар мен құбылыстар арасындағы
табиғи байланыстар мен қатынастарды
бейнелейтін психикалық процесс. Ойлау таным
процесіндегі күрделі процесс. Ал таным
дегеніміз бұл әржақты процесс. Ол білмеуден
білуге қарай бағытталған ой қозғалысының адам
миында бейнеленуі. Ойлау адам миы қызметінің
нәтижесі. Ол барлық адамдарға тән туынды
түсінік.
ОЙЛАУ
Ойлау түрлері

Нақты Абстракт
логикалық логикалық
ойлау ойлау

Жинақтай Алгоритмді
ойлау к ойлау

Индуктивті Дедуктивті
ойлау ойлау
Жинақтай ойлау бөлігі бір құбылыстар тобын
қамтитын әрекеттердің ортақ принциптерін
немесе тәсілдерін білумен сипатталады. Бұл
жерде ойдың жинақталу дәрежесі, оның
ауқымы жалпылық тұрғыдан қараудың
құбылыстардың үлкен немесе кіші топтардың
қамтуына тәуелді.
Алгоритмдік ойлау көздеп отырған нәтижені
қамтамасыз ететін нақты әрекеттерді қатаң
орындау нұсқау арқылы жұмысты іске асыру.
Индуктивтік ойлау ғылыми зерттеу немесе
оқушыларга жаңа білімдерді баяндауда ойдың
жекеден жалпыға, деректерден жинақтауға
қарай қозғалуын қажетсінеді.
Дедуктивтік ойлау
жалпыдан жекеге,
дербестікке қарай
жүретін ойлау
процесімен байланысты.
Ақылдың белгілі бір
даму дәрежесін ақыл-ой
күштері деп атайды.
Ақыл-ой күштері адамды
білім қорын жасауға,
негізгі ойлау
операцияларын жүзеге
асыруға, нақты
зиялылық біліктерді
меңгеруге қабілетті етеді.
Ақыл-ой
күштері

Ақыл-ой
тәрбиесінің
міндеттері

-Ойлау іс әрекетінің -Зиялылық
шарты болатын білім біліктерді
қорын жинау қалыптастыру

-Негізгі ойлау -Дүниетанымды
операцияларын қалыптастыру
меңгерту
Білім қорын жинаудың жоғары деңгейіне
жетуде оқушының жеке мақсаттылығы үлкен
рөл ойнайды. Оқушының мақсаттылығы
алдына қойған мақсатпен оны танымдық іс-
әрекетке итермелеуші себептермен оқу
біліктерін берік меңгерумен байланысты.
Яғни, оқу материалын игеру жолындағы
біліктері, зиялы жігерге және ұзақ зиялы іс-
әрекетке дағдылану қажет.
Ақыл-ой дамуы және ойлау білігі негізгі
ойлау операцияларын меңгеруді қажет етеді.
Негізгі ойлау операцияларына ғылымда
белгілі анализ, синтез, салыстыру,
классификация (топқа жіктеу) жатады.
Анализ дегеніміз бүтінді бөліктерге ойша
жіктеу немесе бүтіннің жеке қасиеттерін ойша
бөлу болып табылады.
Синтез — заттың бөліктерін ойша
үйлестіре біріктіру немесе
құбылыстардың жеке жақтарын,
олардың белгілері мен қасиеттерін
біріктіру. Анализ бен синтез біріне-
бірі қарама-қайшы ойлау
операциялары болғанымен, олар
бір-бірімен үздіксіз байланыста
болады.
Белгілі бір сабақтастықта нақты
белгілі немесе бірқатар белгілер
бойынша олардың ұқсастықтарын
немесе айырмашылықтарын
анықтауды салыстыру деп аталады.
Салыстыру - жинақтаудың қажетті
алғы шарты.
Жіктеу араларындағы ұқсастық
немесе айырмашылыққа тәуелді
заттар немесе құбылыстарды
топтарға ажырату.
Ақыл-ой тәрбиесінің ең басты құралы – оқыту.
Ақыл-ой күштерін оқыту барысында дамыту оқу
материалының мазмұнын игеру, зиялылық
біліктерді қалыптастыруға көмектесетін ойлау
операцияларына қатыстыратын, оқу әрекеттерін
орындататын танымдық іс-әрекеттерін
ұйымдастыру арқылы жүреді. Теориялық
тұрғыдан қарағанда оқушылардың ақыл-ойын
дамытуға бағытталған оқыту әдістемесі
«дамыта оқыту» тұжырымдамасынан орын
алады.
Ақыл-ой еңбегінде оқушылардың
мәдениеті оқулықтармен, ғылыми
және әдеби кітаптармен жұмыс
істегенде байқалады. Сондықтан
оқушыларды жұмыс істеудің
көптеген тәсілдеріне үйрету
қажет. Олар: кітап мазмұнын
ұтымды пайдалану, текстің
түсініксіз жерлерін бөлу, жұмысты
жоспарлау, коспектілеу, қысқаша
желісін дайындау т.б.
Оқушының өзіндік жұмысы, одан білімнің әр түрлі
саласына байланысты кейбір ерекше қасиеттерді
талап етеді. Мысалы: жұмыс барысында жинақты
болу; қиыншылықтарды жеңу; ақыл-ой қабілетін
дамыту; естің әр түрлі формаларын пайдалану –
логикалық, моторлы және көз қапері; бақылау,
жазып алу т.б. Бұл қасиеттер тұлғаның өзін-өзі ұстай
білуіне жан-жақты сауаттылығына байланысты.

Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеудегі - сенсорлық тәрбиесі
Қазақ ұлттық киімдері
Мәндес сөздер
Жалпақ жапырақты ағаштардың аурулары
Өзен шаянының сыртқы құрылысын зерттеу
Буынаяқтылар типіне жататын жәндіктер
Өзіне-өзі қол жұмсаудың формалары
Табиғат жұмбақтары
Жалпақ жапырақты ағаштардың дің зиянкестері мен аурулары және олармен күресу шаралары
ЭКОДИЗАЙН БАҒЫТЫНДАҒЫ КИІЗ БАСУ
Пәндер