Оқушылар бойында патриоттық тәрбиені қалыптастырудың жолдары



Патриоттық тәрбие негізін дамытудың мәні
Орындаған: Шодиева Динара
Қабылдаған: Маударбекова Б. К.

МАЗМҰНЫ
І ОҚУШЫЛАР БОЙЫНДА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕНІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
II ОҚУШЫЛАР БОЙЫНДА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕНІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

Патриоттық тәрбие
Патриоттық сезім - ұлт рухының деңгейінің айнасы, өлшемі. Елбасы өзінің халыққа Жолдауында азаматтардың отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуды ұлттық қауіпсіздікті сақтаудың негізгі элементтерінің бірі ретінде таниды.
Патриоттық тәрбиені қалыптастыру үшін алғы шарттар пісіп жетілуі керек. Сол алғы шарттардың пісіп жетілуімен сабақтаса адамдардың сана- сезімі артып, жаңа құндылықтарды, оның ішінде отаншылдық сезімді бойына молырақ сезінетін болады. Патриоттық сана-сезім болса, ол - отан құндылығы көрінісінің нәтижесі, өткендегі өмір сүрген ата-баба санасының қажеттілігі мен ұмтылысына, құлшынысынан туған елдік салт-дәстүрлерді адамдардың санасындағы қажеттілігі мен қызығушылығы арқылы қабылдау.

Патриотизмге тәрбиелеу жолдары мен бағыттарын қарастыру
Патриотизмге тәрбиелеу жолдары мен бағыттарын қарастыру бүгінгі күн талаптарынан туындап отыр:
- Мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеудің теориялық және әдістемелік аспектілері, мақсат-міндеттері, мазмұны Ю. К. Бабанский, Н. И. Болдырев, В. А. Сухомлинский, т. б. зерттеулерінде дәлелденген;
- Қазақстанда білім беру саласының даму тарихы мен ұлттық тәлім-тәрбие саласының әр түрлі проблемаларына қатысты Т. Тәжібаев, Қ. Бержанов, С. Мусин, Қ. Құнанбаев т. б. қарастырған;
- Халықтық педагогиканы жастар тәрбиесінде тиімді пайдалану мен оларды музыкалық шығармалар арқылы патриотизмге тәрбиелеу мәселелері Қ. Жарықбаев, С. Қалиев, М. Х. Балтабаев, Б. М. Бекмұхамедов, т. б. еңбектеріне орын алған;

Оқушылар бойында патриоттық тәрбиені қалыптастырудың жолдары
Зерттеу мақсаты:
Зерттеу объектісі:
Зерттеу пәні:
Зерттеу болжамы:
Зерттеу міндеттері:
Зeрттeу әдiстeрi:
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негізі:
Зерттеудің теориялық мәнділігі:
Зерттеудің практикалық маңыздылығы:
Зерттеу базасы:
Зерттеу құрылымы:

ОҚУШЫЛАР БОЙЫНДА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕНІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстанның болашағы-қоғамның идеялық бірлігінде», «Тарих толқынында» деген еңбектерінде идеялық мәселелерге топтасудың керек екенін айтып, бірігуге шақырып, бұл міндетті жүзеге асыруда білім берудің, отбасы, еңбек ұжымы сияқты дәстүрлі институттардың маңызды рөль атқаратынын, олардың ықпалы ерекше тиімді болатынын баса айта отырып, «Біздің тағы бір аса маңызды идеологиялық міндеттеріміз-Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, әрбір азаматтың өзін-өзі айқын билеу.

Қазақ батырларының қаһармандық бейнесі арқылы оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің педагогикалық шарттары
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор К. Ж. Қожахметова «Қазақ батырларының қаһармандық бейнесі арқылы оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің педагогикалық шарттары» . Қазақстан ғаламдық гуманистік ойлау жүйесіне енді. Сондықтан, ондағы тәрбие әрекеті адами гуманистік мақсат-мүддеге қайшы болмауы қажет. Бұл ретте, Қазақстанның көп ұлтты құрамы ескерілгені жөн. Аталған ерекшеліктерге байланысты, қазіргі тәрбие жұмысын төмендегі тәртіпте қарастыруға мүмкіндік бар:
1. Бастауыш сынып оқушыларын халықтық педагогика негізінде патриоттыққа тәрбиелеу, оның нәтижесін бүгінгі өмір талабына сай пайдалану;
2. Жас ұрпақтың Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін білуін қамтамасыз ету, оларды құрметтеу сезімін қалыптастыру;
3. Қазақ халқының озық гуманистік құндылықтарын басшылыққа ала отырып, жалпы қазақстандық патриотизмге, отансүйгіштікке тәрбиелеу;
4. Оқушыларды өз пікірлерін ашық айтуға, сөз бостандығына, басқалардың пікірін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сан-салалы оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру
1. Қазақ халқының халықтық педагогикасы арқылы жас ұрпақтың отансүйгіштікке ынталы болып қалыптасуына мүмкіндік беру;
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге үйрету;
3. Қазақ халқының әдеп-ғұрпын, салт-дәстүрлерін үйретуге, мәдени мұрасын қастерлеуге, оны сақтауға ынталандыру;
4. Батыр бабалар дәстүрлерін үлгі ете отырып, жас ұрпақты патриоттық, ерлік, қаһармандық рухында тәрбиеленген азамат қалыптастыру.

Б. Момышұлының патриотизмге берген тұжырымы бойынша моделі

Мектеп оқушыларының бойында патриоттық тәрбиені халық педагогикасымен сабақтастыра дамыту
Ғасырлар бойы халқымыз ұрпағын ізгіліктілікке, өз елін сүюге баулып келеді. Бұл берік қалыптасқан дәстүрді ұлттық тәрбиенің өзегі, діңгегі десе де болады. «Атаның ұлы болма, адамның ұлы бол» дей келіп, адамның ұлы болу үшін кісіге «нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы жүрек» керектігін ұлы Абай да жеріне жеткізе өсиет етіп кетті. Бұл сапалар бүгінгі мектебімізде жеке тұлғаны қазақстандық патриотизм рухында Қазақстанның білім және ғылым қызметкерлерінің III съезінде еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақстанның отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғарғы оқу орындарына дейінгі жүйесінен жоғарғы оқу орындарына дейінгі орталықтарда, барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады. Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу-мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы» -деген еді

Ертегі-тәрбие құралы
Қазақ халқының өз ұрпағын «жақсыдан үйреніп, жаманнан жирендіретін», балалар қызыға оқып, сүйіп тыңдайтын ертегілері мол. Қазақ ертегілерінің не үшін қажет екенін әдебиет зерттеушісі ғалым А. Байтұрсынов: «Ертегінің қадірі қанша деп сұрағанда, керектігіне қарай жауап беріледі. Ертегінің керек орындары:
Халықтың ұмытылған сөздері ертегіден табылмақ. Олай болса, ертегі тіл жағынан керек нәрсе.
Бала әдебиеті жоқ жерде баланың рухын, қиялын тәрбиелеуге зор керегі бар нәрсе. Баланы қиялдауға, сөйлеуге үйретеді.
Бұрынғылардың сана-саңлау, қалпы-салты жағынан дерек берумен керегі бар нәрсе»-деп айтқан болатын

Патриоттық тәрбие мәселесі -адамзат тарихының ұлы мақсаты
2001 жылдың 11-қыркүйегінде АҚШ-тағы қайғылы оқиғалар, Таяу Шығыстағы, Бали аралындағы лангестік (террористік) әрекеттер. Мәскеуде адамдарды кепілдікке қамап ұстау ешқандай кінәсы жоқ адамдардың, олардың ұлтына, этностық және діни қатынастығына қарамастан, ланкестік құрбаны болатынын көрсетіп берді. Отаннымыздың территориясының бүтіндігін сақтау, халықтың тыныштығын алатын ланкестіктерге қарсы ұйымшылдықпен күрес., мемлекетімізге қауіп төндіретін кез-келген сыртқы және ішкі күштерге қарсы тұрудың өзі жастарды Отаншылдық рухта тәрбиелеу міндетін жүктейді.

Ұлы дала ойшылдары
Туған жерге деген ыстық сезім, атамекенге деген құрмет пен қадір қасиет тұтуды ұлы дала ойшылдары Қорқыт ата, әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашқари т. б. айтқан болатын. Қазақ тарихын тұңғыш зерттеуші Ш. Уалиханов өзінің патриоттық сезімін білдіре келіп, «Менің патриоттық сезімім ірбіт сандығындай, мен ең алдымен өз отбасымды, туған-туыстарымды қадірлеймін, одан соң ауыл-аймақ, ел-жұртым, руластарымды, одан соң халқымды, одан соң Сібір орыстары, Ресей жұртын қадірлеймін», - деген екен

Қазақстандық патриотизм
«Қазақстандық патриотизм» ұғымы біздің тәуелсіздігімізбен қоса туған туған жаңа сөз болып, еліміздегі саяси-әлеуметтік ахуалдың ерекшелігін көрсетеді. Елімізде жүзден аса ұлттар мен ұлыстардың өкілі өмір сүруде. Қазақстан оладың көпшілігінің туған Отаны және бұдан бұлай да мәңгі тұрақтап қалар мекені болмақ. Сондықтан олардың әрқайсысы Қазақстанды ата жұртым деп танып, оның тәуелсіздігін қорғауға және материалдық байлығын арттыруға еңбек етуі тиіс. Сол себепті қазақстандық патриотизм ұғымы күнделікті өмірде жиі қолданылып, кеңінен қалыптасып келеді.

ОҚУШЫЛАР БОЙЫНДА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕНІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
Бүгінде Қазақстан Республикасындағы әрбір ұлт, халық санына қарамастан өздеріне тиісті, лайықты орындарын алған. Қазақстан сияқты көпұлтты мемлекетте жекелеген этностар өкілдерінің ұлттық патриотизмі елде тұратын барлық халықтың ортақ патриотизмімен байып отыр. Ал, көп ұлтты мемлекеттегі адамдардың патриотизмі олардың ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетімен бірлікте қарастырылады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz