Этноортадағы әлеуметтік жұмыстың мәні




Презентация қосу
«Этноортадағы әлеуметтік
жұмыстың мәні»

Орындаған:Кайдашева Дания
Тобы: Ср 21
Тексерген:Омарова Айжан Кахармановна
• Әлеуметтік жұмысты ғылыми ұғыну қоғамдық өмірде
қайырымдылық феноменінің рөлін анықтаудан, сонымен
бірге адамдарды әлеуметтік қорғауды, мұқтаждарға көмек
көрсетуді, әртүрлі философиялық, психологиялық,
психотерапиялық, әлеуметтанулық, медициналық келулерді
ғылыми негіздеу талпыныстарынан басталды. Әлеуметтік
жұмыстың теоретикалық негізделуі қазіргі уақытта үш
бағытта жүріп келе жатыр деп айтуға болады. Біріншіден,
әлеуметтік жұмыстың әлеуметтік философия, әлеуметтік
тарих, саясаттану, әлеуметтік психология, мәдениеттану
секілді пәндер арасындағы орны анықталады. Екіншіден,
әлеуметтік жұмыстың зерттеудің өзіндік объектісі ретіндегі
өзінің теориялық константтарын іздеу жүргізіледі;
үшіншіден, оның басқа адам және қоғам туралы
ғылымдармен өзара байланысы анықталады.
• Әлеуметтік жұмыстың ғылым
ретіндегі шетелдік тәжірибесін
талдау да оның теориялық
негізделуінің алғашқы қадамдары
қайырымдылық қызметінің
дамуымен байланысты екенін
дәлелдейді.

• Әлеуметтік жұмыс саласындағы
ғылыми білімнің теориялық өсуі
әлемнің көптеген елдерінде екі
бағытта дамыды. Біріншісі таным
теориясына, танымдық бағыттың
үстем болуына негізделген
бихевиористік келудегі
мінезқұлықтың психологиялық
түсіндіру жүйесінде маңызының
күшеюі. Екінші бағыт әлеуметтік
жұмыстың теориялық
алғышарттарын негіздеуге
қызығушылықтың өсуімен
байланысты.
• Субординация қатынастары – бұл басқару қызметінің ортақ мақсатын
іске асырылуы кезінде біреуінің екіншісіне бағынуын білдіретін басқару
органдары, еңбек ұжымдары мен жеке тұлғалар арасындағы байланыс.
Субординация қатынастарына бағынудың іске асуын қамтамасыз ететін
басқару органдарының белгілі бір ұйымдық формалары сәйкес келеді.
Мысалы, мұндай байланыс бақару функцияларына ие және
басқарушылық әсер етудің билік әдістерін қолданатын әлеуметтік
қорғау мен тұрғындарға қызмет көрсету мемлекеттік органдарына тән,
бұл ұжымның бірлесіп жұмыс істеуін жайғастыру, басқарушылық
процестің қатысушылары қызметінде апаттылықты болдырмау
қажеттілігімен айқындалады.

• Координация қатынастары – бұл басқарушылық процесс қатысушылары
арасындағы тікелей бір-біріне бағынбаған байланыстар. Индивидуалды
және ортақ мақсаттарды іске асыру барысындағы өз әрекеттерін
келісімге келу процесінде көрініс табады. Қоғамдық өмірдің
экономикалық, саяси, рухани және әлеуметтік элементтері арасындағы
өзара байланыстардың кеңеюі мен тереңдеуі әлеуметтік жұмыстағы
жүйелілік, кешенділік рөлінің күшеюін, әлеуметтік жұмыстың басқару
тетігінде координация қатынасы маңыздылығының өсуін қарастырады.
• Әлеуметтік шараларды Ричмонд екі бірін-бірі
толықтыратын категорияларға жіктейді:

• емдеудің жанама әдісі;
• тікелей әдісі.
• Әлеуметтік жұмыс - жеке адамдардың әлеуметтік
мәселелерін, ең алдымен әлеуметтік жәбір шеккен жеке
тұлғалар мен коғамдық топтардың әлеуметтік мәселелерін
шешуге, азаматтардың әлеуметтік кепілдігі бар құқықтары
мен қажеттіліктерін қамтамасыз етуге, әлеуметтік
қызметін атқару қабілетін қалпына келтіруге немесе
көтеруге қолайлық туғызатын жағдайлар жасауға
бағытталған кәсіптік іс-әрекеттің ерекше, бірлестірілген,
пәнаралық түрі
• Әлеуметтік ортаға әсер ету – әлеуметтік
микроортаны жақсартуға бағытталған іс-шаралар
кешені.
• Әлеуметтік жұмыс еуропалық өлшемде әлеуметтік
саясатпен және мемлекет болып табылатын әлеуметтік
институтпен тығыз байланыста болады. Әлеуметтік
көмектің қазіргі үлгісінің қалыптасуына Эльберфельдский
жүйесінің қағидалары маңызды әсер етті, өзінің атауын ол
тиімді қолданған қаланың атауынан алды және кейін XIX
ғасырдың ортасында Германияның барлық аумағында және
Францияның бөлігінде таралуын алды. Осы қағидалардың
негізіне келесі ережелер жатады:

• Әрбір қамқоршының жеке сұрақтарды және істердің жалпы
бағыттарын орталықтандыруын қарастырудағы дербестігі.
• Әрбір мұқтажды толық зерттегендегі көмекті жекелендіру.
• Қоғамның кедей қабаттарын мойындау ісіндегі белсенді
қатысуға шақыру.
• Адамды ғылымның объектісі сапасында басты және
қолданбалы ғылымдардың тұтас кешені зерттейді: биология,
антропология, физиология, психология, культурология,
этнология, тари- хи және әлеуметтік ғылымдар. Әлеуметтік
жұмыстың теориясы адам туралы осы ғылымдардың
жалпылауы негізінде қалыптасады, ғылыми өнім алу
мақсатында ғылыми мәліметтердің синтезін іске асыра отырып,
оның көмек көрсету, қолдау, терапияның қолданбалы
әлеуметтік технологияларында жүзеге асу мүмкіндігінен.
• Әлеуметтік жұмыстың ғылыми тұжырымдамасы тек
субъективті-объективті қарым-қатынастардың жаңа
оқуын, адамның жігерлілігінің әртүрлі түрлерінің
суперпозициялары мен уақыттың ғылыми ойларын,
мәдениет аспектісінің жігерлігін ғана емес, сонымен
қатар әлеуметтік іс-әрекет теориясында, адам
санасының түсінігі оның эмоционалдық-құндылықты
мағыналық аспектісінде, болжамдық коммуникативті
функциясының өнегелі іске асуы.
Назарларыңызға рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
Әділдік теориясы
Қазақстандағы салық саясаты: қалыптастыру және қызметі атқару механизмдері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Психологиялық кеңес беру
Сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру
Еңбекақы есептеу
Профилактикалық медициналық - әлеуметтік жұмыстың түрлері
Салықтың жіктелуі объекті бойынша салық салу
БІРЛЕСКЕН ТОПТЫҚ ЖҰМЫС
Еңбек және оның экономикалық мәні
Пәндер