БИБЛИОГРАФИЯНЫҢ ТАРИХИ ДАМУ
Презентация қосу
БИБЛИОГРАФИЯНЫҢ
ТАРИХИ ДАМУ
ОБЪЕКТІЛЕРІ
ОРЫНДАҒАН: ТУРСЫНҒАЛИЕВА Ә.
ТЕКСЕРГЕН: САЙДЕМБАЕВА А.
БИБЛИОГРАФИЯ ДЕГЕНІМІЗ
• Кітапнама (немесе Библиография) (көне грекше bіblіon – кітап және көне грекше: drapho – жазу)
– баспа өнімдері жөнінде ақпараттық мағлұмат беріп, оларды жүйелі насихаттайтын ғылыми-
практикалық қызметтің бір саласы.
• Ол кітаби мұраларды, библиография тарихын, теориясын, библиография қызметті ұйымдастыру
жолдарын зерттейтін ғылыми пән ретінде де қолданылады. Баспа өнімдерін іріктеп, оларды жүйелі
түрде саралау, ғылыми сипаттама беру және қысқаша мазмұнын ашу арқылы библиография
ғылыми мен мәдениет дамуының деңгейін айқындауға көмектеседі, ғылыми-зерттеу жұмыстарына
бағыт сілтейді, белгілі бір ғылыми қағидаларды, саяси, философия және эстетика көзқарастарды,
техника жетістіктерді таратуға мүмкіндік туғызады.
БИБЛИОГРАФИЯ ТАРИХЫ
• Ежелгі Грекияда пайда болып, кітап шығару ісімен тығыз байланысты, әдеби
және ғылыми сынмен салаласа дамыған. Кейін білімдердің дараланып, сала-
салаға бөлінуіне байланысты библиография ғылымның жеке бір саласына
айналды. Қазақстанда 1937 жылы баспа өнімдерінің міндетті данасын бір
орталыққа жинау белгіленген. Осының негізінде баспасөз өнімдерін тіркеу
және оларды мазмұнына, ғылыми және идеялық мәніне қарай топтастыру
жұмыстары жүрді. Яғни, олар басылым түрлеріне (кітап, мерзімді баспасөз,
т.б.), сыртқы белгілеріне (авторы, атауы, жарыққа шығу мерзімі мен орны),
мазмұнына (тақырыптық, пәндік, жүйелік) қарай топтастырылды.
БИБЛИОГРАФИЯНЫҢ ЖАЗУ НЕГІЗДЕРІ
•Библиографияда баспа туындыларына библиография сипаттама берудің маңызы ерекше. Ол белгіленген ереже
бойынша жасалады. Библиография сипаттамада автордың атыжөні, шығарманың тақырыбы, басылым орны,
мерзімі, көлемі туралы мәлімет беріледі. Қажет жағдайда мазмұндалған (аннотацияланған) сипаттама
жасалады. Библиография атқаратын қызметіне қарай – ретроспективті (ағымды, өткенді шолу) және
перспективті (басып шығаруға дайындалған өнімдер), тақырыбына қарай – салалық, өлкетану, елтану, сын және
жалпы әмбебап болып бөлінеді. Сонымен қатар библиографияның қосымша түрлері – библиографияның жалпы
жағдайын, дамуын қадағалайтын және еліміздің белгілі ғалымдарының, ақын-жазушыларының, қоғам
қайраткерлерінің өмірі мен қызметі туралы мәлімет беретін биобиблиография деген түрі де болады. Қазіргі кезде
ғылым мен техниканың өркендеуіне байланысты кітапханалық процестер де автоматтандырылған.
Библиографтар құрастырған көрсеткіштерді белгілі бағдарлама бойынша компьютерлерде басып шығарады.
ҚАЗАҚ БИБЛИОГРАФИЯСЫНЫҢ ДАМУЫ
•Қазақ библиографиясы, негізінен, қазақ баспасөзінің даму тарихымен тығыз байланысты. 1900 жылы Қазан қаласында Қазақстан туралы А.Е.Алекторовтың «Указатель
книг, журнальных статей и заметок о киргизах» деген көрсеткіші, т.б. орыс ғалымдарының бірен-саран библиография көрсеткіштері жарық көрді. «Айқап» журналының
(1911–15 жылдары) беттерінде жаңа шыққан кітаптар жөнінде хабарлама-деректер мен тізімдер жарияланып тұрды. 9
•1926 жылы қазақтың қоғам қайраткері және бірінші библиографы Міржақып Дулатұлының 2 бөлімді «Қазақ тілінде басылған кітаптар көрсеткіші» шықты. 1937
жылы журнал мақалалары мен кітап жылнамалары, 1940 жылы кеңес дәуіріндегі Қазақстан мерзімді басылымдарының библиографиясы жасалынды. Соғыстан кейінгі
жылдары республикада библиография ісі өркендеді. 1957 жылдан бастап арнаулы басылым – «Баспасөз шежіресін», 1971 жылы «Қазақ КСР кітаптарының жылнамасын»
шығару ісі қолға алынды. Библиографиямен көптеген ғалымдар шұғылданды: тарихшы-ғалым Н.Сәбитовтың «Қазақ әдебиетінің библиографиялық көрсеткіші, 1862–1917
жылдары» (1948 жылы), Қазақ өлкетану библиографиясының бас библиографы Г.П.Царевтың «Что читать по животноводству» (1953 жылы), С.Ақашевтің «Қазақстанда
тың және тыңайған жерлерді игеру» (1965 жылы), қазақ әдебиеті библиографы Ә.Қ.Нарымбетовтың 4 томдық «Қазақ әдебиеті» (1-том – 1970 жылы; 2, 3, 4-том – 1997
жылы) библиография көрсеткіштері, тіл білімі саласында Ш.Сарыбаевтың «Библиографический указатель литературы по тюркологии» (1989 жылы), авторлар ұжымы
құрастырған «Библиография обществоведов Казахстана» жинағы, Қ.Б.Жарықбаевтың психология ғылымы бойынша көрсеткіштері, Ү.Сұбханбердинаның «Дала уәлаяты»
газеті (1996 жылы), «Қазақ, Алаш, Сарыарқа» (1993 жылы) атты мазмұндамалық көрсеткіштері, Орталық ғылыми кітапхананың жаратылыстану ғылымдары бойынша
салалық көрсеткіштері, Э.И.Иванчикованың «Мангышлак», Г.А.Демешеваның «Животный мир Казахстана. (1960–1970)» (1997 жылы), т.б. кітаптар жарыққа шықты.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz