Әлеуметтік лингвистика




Презентация қосу
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
7М01301-БАСТАУЫШТА ОҚЫТУ ПЕДАГОГИКАСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ ПЕДАГОГЫН
ДАЯРЛАУ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Əлеуметтік лингвистика пəнінің қалыптасу тарихы

Орындаған: Ордабекова Л.
Қабылдаған: Оразбаева Э.
ҚАРАСТЫРЫЛАТЫН МӘСЕЛЕЛЕР

Әлеуметтік лингвистиканың танымдық
аппараты

Әлеуметтік лингвистиканың ғылымдар
жүйесінде алатын орны

Әлеуметтік лингвистиканың қарауына
жататын негізгі проблемалары

Әлеуметтік лингвистиканың негізгі ұғымдары
Әлеуметтік лингвистиканың танымдық аппараты

Дүниеде бір тіл емес, екі тіл немесе одан да көп тілдер қолданылатын
қоғамдар (мемлекет, ел, аймақ т.б.) бар. Міне, осындай екі, үш одан да көп тіл
қызмет ететін қоғамдағы әлеуметтік лингвистиканың нысанасы қандай?
Мұндай жағдайда әлеуметтік лингвистика бірнеше тілдердің өзара қарым-
қатынаста қызмет ету тетігін зерттейді. Олар әлеуметтік өмірдің қандай
салаларында қолданылады? Қандай тіл «басымдылық» танытады, яғни
қай тіл негізгі қатынастағы мемлекеттік немесе ресми тіл болып
табылады? Оның мәнісі неде? Отбасылық не тұрмыстық тілдерге
«қанағаттанушылық» қажеттігі қандай? Адамдар бір тілден екінші
тілге неге көшеді, ана тілін ауыстыру себебі неде? Қандай жағдайда және
қандай формада қостілділік, көптілділік түрлері дамыған? Міне, қарап
отырсақ, осындай мәселелермен дәстүрлі лингвистика да әлеуметтану да емес,
тек әлеуметтік лингвистика айналысады.
НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫЛАР
Әлеуметтану Женева мектебінің Кеңестік дәуірдегі
өкілдері әлеуметтік бағытты
(А.Саше, Ш.Бали, ұстаушылар
А.Мартине, (Е.Д.Поливанов, Р.Д.Шор,
Тіл Әлеуметтік С.Д.Карцевский, Р.Редаль В.М.Жирмунский,
Тарих
білімі лингвистика Б.А.Ларин т.Б.)

Психология Немістің тарихи
диалектографистері
(Р.Розенкорнц, Т.Фрингс,
Р.Горссе

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЛИНГВИСТИКА

Б.Х.ХАСАНҰЛЫ Э.Д.СҮЛЕЙМЕНОВА М.М.КОПЫЛЕНКО А.Е.КАРЛИНСКИЙ М.К.ИСАЕВ С.БАЯНДИНА
Әлеуметтік лингвистиканың танымдық аппараты мен
нақтылы зерттеу нысанасы
• Әлеуметтік лингвистика тілді қолданудағы әлеуметтік өзгерістерді зерттеумен
Д.ФИШМАН шұғылданса, тілді сақтау, бір тілден екінші тілге ауысу, тілдік жоспарлау т.б.
байланысты болатын әлеуметтікүлгілік бағдарларды өз алдына ғылыми бағыт
тіл социологиясы зерттейді.

• Әлеуметтік лингвистика бүтіннің бөлшегі ретінде тіл социологиясына жатады; тіл соиологиясы Р.ГРОССЕ МЕН
әлеуметтанушының көзқарасы тұрғысынан тіл мен қоғамның өзара қатынастарын зерттейтін А.НОЙБЕРТ
әлеуметтік пән деп тұжырымдайды

• тіл білімінің өзіндік бір бағыты болып табылатын саланы атауда «әлеуметтік лингвистика», қысқаша
Х.КАРРИ «социолингвистика» терминін алғаш рет 1952 жылы американдық зерттеуші пайдаланған болатын.
Осы терминмен тіл білімінде тілді қоғамдық құбылыс ретінде қарастыратын бағыт аталды.
Көрнекті филолог О.С.Ахманова «Лингвистикалық
терминдер» атты сөздігінде «әлеуметтік лингвистика» немесе
«социолингвистика» терминін екі мағынада түсіндіреді:

Тіл мен қоғамдық өмір фактілері арасындағы себепті
байланыстарды зерттейтін тіл білімінің саласы

Тілдің әлеуметтік саралануын, яғни оның түрлі
әлеуметтік диалектілерін зерттейтін тіл білімінің
саласы
В.М.Жирмунский әлеуметтік лингвистика өзара тығыз
байланысты екі проблеманы қарастырады:

Таптық қоғамның Тілдің әлеуметтік

белгілі тарихи даму даму үдерісін, оның
сатысындағы (сол тарихын әлеуметтік
тарихи кезеңдегі құбылыс ретінде қарау
қоғамдық ұжымда) деп тұжырымдай
тілдердің әлеуметтік келе, әлеуметтік
саралануын; лингвистика
сипаттама және
тарихи болып екіге
бөлінеді
Б.Н.Головин әлеуметтік лингвистика пәні мен оның
міндеттерін қарастыра отырып тілдің әлеуметтік
саралануының төмендегідей жағдайларын көрсетеді:
1 Аумақ бойынша саралануы (бұл жергілікті, аумақтық диалектілердің болуынан көрінеді)
2 Сөйлеу материалының түрі бойынша саралануы (бұл жалпы тілдің ауызша және жазбаша
формаларынан көрінеді).
3 Сөйлеу үдерісінің құрылымы бойынша саралануы (бұл тілдегі диалогтік және монологтік
варианттардан байқалады).
4 Әлеуметтік ұжымның типі бойынша саралануы (бұл функционалдық стилдерден көрінеді).
5 Халықтың әлеуметтік тобы, жігі бойынша саралануы (бұл тілдегі кәсіптік, әлеуметтік
варианттардан байқалады).
6 Сөздік шығармалардың жанры мен типі бойынша

7 Сөздік шығармалардың авторлары бойынша саралануы (бұл тілдің варианттарының
варианттарынан байқалады)
Әлеуметтік лингвистиканың ортақ проблемалары
Тілдік құбылыстардың
қоғамға тәуелділігі, Тілдің қоғамдық Тілдің қоғамға
яғни олардың қызметі әсері
әлеуметтік бірлігі.

Әлеуметтік лингвистикадағы көзқарастар
Бірінші көзқарас бойынша әлеуметтік лингвистика – тіл білімінің бір саласы. Өйткені ол күллі тіл
біліміне тән болып табылатын тілді нысана ете отырып, оның әлеуметтік-қызметтік жағын қарастырады.
Мұндай пікірді В.А.Аврорин қуаттайды.
Екінші көзқарасқа сүйенсек, әлеуметтік лингвистика – ғылымдардың шекаралық, пәнаралық саласы.
Оның проблемаларымен лингвистер және өзге ғылым - әлеуметтану, тарих, психолингвистика,
этнография т.б. өкілдері айналысады. Соған байланысты оның зерттеу нысаны мен әдістері жөнінде
лингвистер мен өзге ғылым салаларының, мысалы, әлеуметтанушылардың көзқарастары әртүрлі
деңгейде болып, бұл кең пәнаралық саладан өзіндік терминологиялық белгілері бар түрлі бағыттар
шығады. Сондықтан неміс лингвистері Р.Горссе мен А.Нойберт әлеуметтік лингвистика мен тіл
социологиясын (лингвосоциологияны) айырып көрсетуді ұсынады. Оның біріншісі, яғни әлеуметтік
лингвистика тіл мен қоғамның өзара байланысы проблемасын лингвистикалық тұрғыдан зерттейді, ал
екіншісі, яғни лингвосоциология оны әлеуметтану тұрғысынан қарастырады.
Үшінші көзқарас бойынша, әлеуметтік лингвистика өзінің зерттеу әдістері мен тәсілдерге ие біртұтас,
жеке ғылыми пән.
Әлеуметтік лингвистиканың негізгі проблемалары
1.Әлеуметтік лингвистика тілдің құрылымын, дамуы мен қызмет етуін қоғамдық бірлікте қарастырады, тілдің
қоғамға, қоғамның тілге әсер етуін зерттейді.

2.Тілдің қоғамдық қызметін, оның түрлерін және тілдің қызмет етуінің нақтылы-тарихи әлеуметтік жағдайда
тәуелділігін зерттейді.

3.Тілдің өмір сүру формаларын, яғни әдеби тіл және бейәдеби формаларды: ауызекі сөйлеу тілі, жергілікті диалектілер,
әлеуметтік диалектілер тілдің басқа да өмір сүру формалары қарастырады.

4.Тілдің саралануының негізгі түрлерін: әлеуметтік, қызметтік, стильдік, аумақтық т.б. қолданыстарын, тілдің
саралануына әсер ететін қоғамдық факторлары: қоғамдық өмір салалары, әлеуметтік орта, сөйлеу жағдаятын т.б.
зерттейді.
5.Әлеуметтік-коммуникативтік жүйе, оның компаненттерін, яғни әлеуметтік лингвистиканың бірден-бір маңызды
нысанасы болып табылатын этнолингвистикалық және тілдік жағдаят проблемасын, ондағы біртілділік, қостілділік,
көптілділік және диглоссия мәселелерін зерттейді.
6.Тіл дамуындағы қоғамдық шарттылықты, түрлі қоғамдық тарихи формациялардағы тілдердің әлеуметтік типтерін
(рулық, тайпалық тілдер, халық тілі, ұлт тілі, диалектілер, ұлтаралық тілдер, койне, пиджин, креоль-тілдер т.б.)
қарастырады.
7.Әдеби тіл, оның басты белгілері мен қызметін, тілдік норманың әлеуметтік қырларын, тілдің стильдік саралануын,
олардың экстролингвистикалық құбылыстарға тәуелділігін (сөйлеу мазмұны, бағыты, адресанты, адресаты т.б.)
зерттейді.
8.Сөйлесім әрекетін, ондағы өзгерістер және оның әлеуметтік жағдаятқа тәуелділігін, сондай-ақ сөйлеушілердің
әлеуметтік белгілерін (жасы, білім деңгейлері, кәсібі т.б.) қарастырады.
9.Тілдердің әлеуметтік лингвистикалық классификациясын, яғни тілдердің атқарып отырған қоғамдық қызметі бойынша
топтастырылуын, әлемдік тілдер, олардың әлеуметтік қызметі мен құрылымдық мәнін (кең таралымдығы, саналы түрде
таңдалып қабылдануы, қызмет ету аясы, өзіндік құрылымдық ерекшелігі, байлығы мен тұжырымдылығы т.б.), болашақ тілі
жөніндегі мәселелерді нысана етеді.

10.Халықаралық көмекші тілдер проблемасын, эсперанто, эдо, воляпюк және басқа да жасанды тілдер, олардың қолданылу аясын,
Интерлингвистика мәселелерін зерттейді.
11.Әлеуметтік диалектология проблемаларын қарастырады
12.Тіл құрылымындағы және оның жекелеген бөліктеріндегі әлеуметтік өзгерістерді, тілдегі прогресс ұғымын, адам және тіл
проблемасын, тіл дамытудағы алдын ала ұйымдастырылмаған (стихиялы) және саналы түрдегі әрекеттерді, оларға әсер етуші
факторлары, тіл дамуын саналы түрде жоспарлау, реттеу проблемасын, тілге саналы әсер етудің типі мен формаларын (тілді
сақтау және қарым-қатынас құралы ретіндегі жарамдылықта дамыту, қызмет аясын кеңейту, сөздік қорының толығуына
мүмкіндік жасау, орфографиялық, пунктуациялық, орфоэпиялық және лексикафразеологиялық нормаларды жетілдіру.) т.б.
мәселелерді зерттейді.

13.Осы заманғы әлеуметтік лингвистикалық прогрестің басты заңдылықтарын, ғылыми-техникалық прогресс заманындағы тіл
ахуалын, қоғамға, тілге ғылыми-техникалық базистің әсер ету сипаты мен салдарын, тілдің ғылыми стилінің дамуын,
терминологиясының жетілуі мен ғылыми-техникалық терминология арқылы жалпы (халықаралық) қордың ұлғаюын, тілдегі
өзгерістер қарқынының қоғам дамуына тәуелділігін т.б. проблемаларды қарастырады

14.Тіл саясаты, оның өзіндік бағыттарын, типтік түрлерін (алфавит жасау және оны жетілдіру, тілдерді ана тілі, мемлекеттік
тіл, халықаралық тіл, аймақтық тіл т.б. ретінде дамыту шаралары, әдеби тілдің лексикасы мен синтаксисі, олардың қызметтік
стилін дамыту, әдеби тіл нормаларын жетілдіру) зерттейді.

15.Дамыған қоғамдағы тіл, ұлттық және ұлтаралық тілдер проблемаларын қарастырады
16.Мемлекеттік (ресми) тіл мәселесін, оның мәні мен қызметін сөз етеді, әлемдік үлгі-тәжірибелерді қорытады, үлгі ретінде
Әлеуметтік лингвистиканың негізгі ұғымдары

Қандай да бір ғылым саласының даму деңгейі оның негізгі теориясы,
ұғымдық аппараты және өзіндік әдістерінің жағдайымен анықталады.
Әлеуметтік лингвистикаға келсек, бұл оны әлі де болса нақты әлеуметтік
лингвистикалық зерттеулемен толықтырып, теориясын жасауға, әдістерін
жетілдіруге және ұғымдық аппаратын жүйелеуге көңіл аудару қажет. Іргелі
проблемаларды шешіп алмайынша әлеуметтік лингвистикалық зерттеулер әлі
де ұзақ жылдар бойында үзік-үзік үзінді күйінде қалып, кең көлемдік
талдаулар мен теориялық тұжырымдарға жарамсыз болып қалады. Бұл
қауіптер әлеуметтік лингвистика үшін нағыз өмір шындығы, өйткені
әлеуметтік лингвистиканың проблемаларын, бір жағынан белгілі бір дәрежеде
қандай да бір қырынан өзге ғылым саласының мамандары
(әлеуметтанушылар, этнографтар, саясаттанушылар, философтар) қарастырса,
екінші жағынан ол жұртшылық тарапынан да кеңінен талқыланып отырады.
Біртұтас теориялық базаның жоқтығы, шынымен де, әртүлілікке әкеледі,
бірыңғайлықтың болмауы өзара түсінушілікке де зиянын тигізеді
Қазігі заман тіл біліміндегі лингвистикалық терминдер
сөздіктері
Қазігі заман тіл біліміндегі лингвистикалық терминдер сөздіктері
(Марузо 1960; Ахманова 1966; Лингвистический энциклопедический
словарь 1990), сондай-ақ әлеуметтік лингвистикалық энциклоедия (Пачаев
1993) лингвистің зерттеушілік аясын қанағаттандыра алмайды, қандай да бір
терминнің мағынасы туралы сауалға нақты түсінік бермейді. Өйткені қазіргі
күні тіл туралы ғылымның өзі көпқырлы, көсалалы болып, әрбір сала өзіндік
жеке арнаулы терминологиясына ие болып кетті. Міне, сондықтан қазіргі
әлеуметтік лингвистиканың алдындағы маңызды міндеттің бірі ұғымдық
аппаратты – әлеуметтік лингвистикалық зерттеулерде қолданылатын ұғымдар
жиынтығын талдап және жүйелеп алу болып табылады.
Әлеуметтік лингвистикалық терминологияны жасау
проблемасы

Ғылыми әдебиеттерде әлеуметтік лингвистикалық терминологияны жасау
проблемасы бірнеше мәрте көтерілді (Mackey 1991; Brann 1989).
2003 жылы П.Траджилдің «Социолингвистический глоссарий» деген еңбегі
шықты. Мұнда П.Траджил негізгі концептерді және әлеуметтік лингвистикада
біршама жиі қолданылатын терминдерді (580 сөз) нақтылап көрсетеді.
Автордың назары әлеуметтік лингвистиканың түрлі бағыттарына, дәстүрлі
және қазіргі диалектологияға, социолингвистер үшін ерекше қызығушылық
тудырып отырған ағылшын тілінің варианттарына аударылған. Классикалық
әлеуметтік лингвистикалық зерттеулерге сілтемелер берілген. Миноритарлық
тілдерге, пиджин және креоль тілдерге ерекше назар аударылған.
Әлеуметтік лингвистика

Әлеуметтік лингвистика – терминологиялық жүйесінің өзгерімпаздығымен
сипатталатын: кейде үнемі жаңа терминдер мен термин секілді тіркестер пайда
болып, кейде олар ескіріп стилистикалық бояуы бар сөзге аусып кететін, ылғи
маңызды түрдегі өзгерістерге ұшырап отыратын ғылым. Осылайша әлеуметтік
лингвистика өзі өзгеріске түсіп, біртіндеп терминологиясының бұқаралық
сипаттығы кеміп, ұғымдық аппараты жетіле түседі. Әлеуметтік лингвистика
пәнінің өзгерімпаздығы, уақытқа тәуелділігі үнемі жаңаруды және әлеуметтік
лингвистикалық терминдерді қайта ой елегінен өткізіп отыруды талап етеді.
Әлеуметтік лингвистика ұғымдары

Жалпы жекелік (даралық, өзіндік) мәртебеге талпынатын кез келген ғылым
сияқты әлеуметтік лингвистика да өзіне тән бірнеше арнаулы ұғымдарға (соған
байланысты терминдерге) ие: тілдік қауымдастық, тілдік жағдаят,
әлеуметтік-коммуникативтік жүйе, тілдік әлеуметтену, қарым-қатынас
құзыреті, тілдік код, код ауыстыру, билингвизм (қостілділік), диглоссия,
тіл саясаты т.б.
Сондай-ақ кейбір ұғымдар тіл білімінің өзге салаларынан енген: тілдік норма,
сөйлеу қатынасы, сөйлеу, сөйлеу актісі, тілдік контакт, тілдердің
араласуы, аралық тіл т.б. Сонымен бірге әлеуметтанудан, әлеуметтік
психологиядан: қоғамның әлеуметтік құрылысы, әлеуметтік мәртебе,
әлеуметтік рөл, әлеуметтік фактор т.б.
Пайдаланылған әдебиеттер
• Мечковская Н.Б. Социальная лингвистика. М., 1996.
• Сулейменова Э.Д.,Шаймерденова Н. Ж. Словарь социолингвистических
терминов. А., 2002.
• Мажетаева Ш. Əлеуметтік лингвистика: Электрон. оқу-əдістемелік құрал.
• Қарағанды: Инновациялық-технологиялық орталық, 2009
• Абасилов А. Əлеуметтік лингвистика. Қызылорда, 2009.
• Бондалетов В.Д. Социальная лингвистика.учеб. пос. для студентов пед. инст.
по спец.- М. Просвещение, 1987.-160с.
• Аврорин В.А. О предмете социальной лингвистики // Всесоюзная научая
конференция по теоритическим вопросам языкознания. М., 1974.
Никольский Л.Б.
• О предмете социолингвистики // Вопросы языкознания. 1974. №1.

Ұқсас жұмыстар
ӘЛЕУМЕТТІК ЛИНГВИСТИКАНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ДӘСТҮРЛЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ
ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Когнитивтік тіл білімінің лингвистика табиғи бағыты
ТІЛ СТУДЕНТТЕРДІҢ ТІЛГЕ
Когнитивтік лингвистиканың тарихы
ТІЛДІК ТҰЛҒА
Тілдік жағдаят
Тіл мен таным бірлестігі
Когнитивтік лингвистика
Пәндер