Кіші мектеп жасындағы оқушылардың эстетикалық тәрбиесін қалыптастыру


Slide 1

Мәншүк Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Кіші мектеп жасындағы оқушылардың эстетикалық тәрбиесін қалыптастыру

Мамандығы: 0105000 «Бастауыш білім беру»

Біліктілігі: 0105033 «Ағылшынша білімі бар бастауыш білім беру мұғалімі»

Тобы: ББ-П-17

Орындаған: Піржан Гүлмира

Жетекшісі:Әбиева Гүлжайна

Қызылорда, 2020 ж

Slide 2

Жоспары

Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3-4

Негізгі бөлім

1 . Бастауыш сыныпта эстетикалық тәрбие берудің теориялық негіздері

1. 1. Педагогика ғылымында “эстетикалық тәрбие” ұғымының анықталуы. . . . . . 5-15

1. 2. Бастауыш сынып оқушыларының сұлулық сезімдерін тәрбиелеу жолдары . 16-20

2. Бастауыш мектеп оқушыларында көркемдік-эстетикалық тәрбиені қалыптастырудың жолдары

2. 1. Бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық тәрбиесін қалыптастыруда көркем шығармалардың алатын орны. . . . . . . . . . . . . . . . . . . 21-22

2. 2. Бастауыш мектепте оқушыларға білім берудегі эстетикалық тәрбие беру мәселелері. . . . . . . . . . . . . . . . . 23-26

3. Тәжірбиелік бөлім. Бастауыш сыныпта оқушылардың эстетикалық тәрбиесін қалыптастырудағы тәжірибе жұмысы

3. 1. Тәжірибе жинақтау барысында 2 сыныпта ана тілі пәнінен жүргізген сабақ жоспары. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 27-28

Қорытынды бөлім . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 29

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 30

Slide 3

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі:

Мемлекет басшымыз Қазақстан халқына 2020 жылғы жолдауында:

«Біз балалардың мектепке дейінгі жан-жақты даму мәселесін шешуіміз керек. Балалар үшін қатерлі бүгінгідей аумалы-төкпелі заманда олардың күш-жігері мен қызығушылығын дұрыс арнаға бағыттау аса маңызды делінген. Өйткені қарыштап дамып келе жатқан технологиялық прогресс кезеңінде өскелең ұрпақтың білім деңгейі замануи талапқа сай болуы қажет. Сол себепті ұстаздар, әр сабағын сапалы түрде ұйымдастырып, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білуі шарт. Мектепте алған білімін өмірде қолдана алатындай етіп сабақты құру мұғалімдерден көп шығармашылық ізденісті талап етеді. Ол үшін ең алдымен, әр ұстаз үнемі өз білімін жетілдіру және өз шәкірттерін тұлға ретінде тану керек. Ұлы Абайдың «Адамның қасиеті үш-ақ нәрсе: нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы жүрек» демекші, шәкірттің алдына бару үшін жеткілікті білімің болу керек, сол тәжірибеңді ұғындыру үшін тиімді тәсілдерді қолдана білу және ұстаз мамандығын таңдаған соң, этикалық әрі моральдік құндылықтарды ұстану қажет. [1] :

Қазіргі кезедегі өмір тәртібі, адамдардың еңбектік, қоғамдық қарым-қатынастары, айнала қоршаған табиғат баланың эстетикалық дамуының алғы шартын жасайды. Ол әр түрлі халықтардың творчествосымен, сурет және мүсін өнерімен, музыка және биімен, қуыршақ театрының спектаклдерімен, мультфильмдерімен және басқалармен таныса отырып, өнер дүниесіне енеді.

Совет жазушылары - В. Маяковский, С. Маршак, К. Чуковский, С. Михалков, А. Барто, композиторлары - Д. Шостакович, С. Прокофьев, АН. Александров, Д. Кобалевский, М. Красев, М. Раухвергер, Е. Тиличеева, Т. Потапенко, суретшілері - Н. Жуков, А. Пластов, А. Каневский, Е. Чарушин балаларға арналған көптеген тамаша шығармалар тудырды.

Slide 4

Эстетикалық тәрбие педагогиканың оқшауланған саласы емес, оның барлық жақтарымен өзара әрекеттес.

Ақыл-ой және дене жағынан толық даму, моральдік пәктік және өмір мен өнерге деген белсенді қарым-қатынас адамгершілік жағынан жетілуі көбінесе эстетикалық тәрбиеге тәуелді болып келетін кесек тұлғалы, жан-жақты дамыған адамның жеке басын сипаттайды.

Сәбилік шақтағы көркем әсерлер күшті және есте ұзақ уақытқа, кейде бүкіл өмір бойына сақталады. Баланың көркемдік дамуының ойдағыдай болуы үшін педагог оның жасына сай балалар іс-әрекеттері мен көңіл көтерулерінің түрліше формалары мен түрлерін пайдалану қажет.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: Қосымша білімнің білім беру бағдарламалары білім алушылардың өзін-өзі билеуін, шығармашылығын дамыту, олардың қабілеттерін іске асыру, қоғам өміріне бейімделуі, азаматтық сана-сезімін, жалпы мәдениетін, салауатты өмір салтын қалыптастыру, бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру үшін жағдайлар жасауды көздейді. [2]

Эстетикалық тәрбие заманамен тығыз байланысты, көбіне сонымен анықталады. Болмысты эстетикалық жағынан игеру өмірмен етене болуды, қоршаған дүниені, қоғамды, табиғатты, заттық ортаны жасампаздықпен өзгертуге талпынуы қазіргі кезде өзекті болып отыр, сондықтанда курсыттақ жұмысымның тақырыбын Кіші мектеп жасындағы оқушылардың эстетикалық тәрбиесін қалыптастыру деп алдым.

Slide 5

Зерттеудің мақсаты: Кіші меткеп жасындаға балаларға эстетикалық тәрбие берудің теориялық және практикалық негіздері

Зерттеу нысандары: Тұлғаның даму құрылымындағы бастауыш сынып оқушылары.

Зерттеудің міндеттері :

-Теориялық еңбектерге сүйене отырып, бастауыш сыныптарда эстетикалық тәрбие берудің мәні мен мазмұнын анықтау.

-Ана тілі сабақтарында эстетикалық тәрбие берудің тиімді әдіс-тәсілдерін озат мұғалімдердің іс-тәжірибесіне байланысты пайдалана отырып анықтау.

-Бастауыш сынып оқушыларын ана тілі пәні арқылы эстетикалық тәрбие беруді тәжірибелік негіздеу

Зерттеу пәні:Педагогика бастауыш сыныпта ана тілі мен бейнелеу өнері. Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие беру және эстетикалық тәрбие беру жолдары.

Зерттеу әдістері: Теориялық, ғылыми-әдістемелік әдебиеттермен, жаңашыл педагогтардың тәжірибелері және баспасөзде жарық көрген ғылыми еңбектерді жинақтау, сұрыптау, талдау, өзіндік жұмыстың түрлерін ұсынып, нәтижесін көрсету.

Зерттеу көздері:

Slide 6

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері:

Кіші мектеп жасындағы оқушылардың эстетикалық тәрбиесін қалыптастыру теориялар, тәрбиелік жұмыстар теориялар, пайдаланылатын әдіс-тәсілдер, тұжырымдамалар.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер оқушыларға сабақ барысында және сыныптан тыс жұмыстар кезінде эстетикалық тәрбиені сездірсе, Онда оқушылардың бойында эстетикалық құндылықтар, оған деген қызығушылығы, эстетикалық талғамы дамып, эстетикалық іскерлік пен дағдысы қалыптасады.

Күтілетін нәтиже: Оқушылардың эстетикалық тәрбиені өмірдегі және өнердегі әсемдікті қабылдау, сезіну, түсіну қабілеттерін дамыту ретінде әсемдік заңы бойынша қоршаған дүниені жасауда өзі ұмтылуға тәрбиелеу, көркем іс-әрекетке араласу және қабілеттің дамуына, жалпы жан сұлулығына бағытталған.

Курсытық жұмыстың құрылымы:

Зерттеу жұмысы кіріспеден үш тараудан. қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Slide 7 Slide 8

Эстетикалық тәрбиенің міндеттері.

Эстетикалық тәрбие - тәрбие жүйесінің базалық құрамдасы, эстетикалық идеалдар, қажеттіліктер мен талғамдарды жинақтап дамыту. Эстетикалық тәрбиенің міндеттерін екі топқа бөлуге болады - теориялық білімдерді алу және практикалық икемділіктерді қалыптастыру. Міндеттердің бірінші тобы эстетикалық құндылықтарға баулу мәселелерін шешеді, ал екіншісі - эстетикалық қызметке белсенді араласуды.

Баулу міндеттері

Slide 9

Қазіргі жағдайда эстетикалық тәрбие беруде мына міндеттер алға қойылып отыр:

Slide 10

3. Тәжірбиелік бөлім. Бастауыш сыныпта оқушылардың эстетикалық тәрбиесін қалыптастырудағы тәжірибе жұмысы

3. 1. Тәжірибе жинақтау барысында 2 сыныпта ана тілі пәнінен жүргізген сабақ жоспарым

Сабақтың тақырыбы:

«Арыстан мен тышқан»

Slide 11

Сабақтың мақсаттары:

1. Тәрбиелік: Баланы батырлыққа, еңбекқорлыққа, мейірімділікке, бауырмал-дыққа тәрбиелеу. Эстетикалық тәрбие беру.

2. Білімділік: Сұлтанмахмұт Торайғыров туралы мағлұмат беру, «Арыстан мен тышқан» мысал өлеңін оқып түсіндіру. Мәнермен оқу дағдысын жетілдіру.

3. Дамытушылық: Логикалық ойын, танымдық белсенділігін, қызығушы-лығын арттыру.

Сабақтың түрі: Аралас

Сабақтың әдісі: үсіндіру, сұрақ-жауап, Венн диаграммасы.

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, сурет, арыстан мен тышқанның қуыршақ түрлері.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

- Сәлем бергенде біз бір-бірімізге жылы жүзбен, шын пейілмен хал-жағдай сұрап, жылы сезімімізді білдіреміз.

ІІ. Үй жұмысын тексеру

- Үйге қандай тапсырма берілді?

- Әңгімедегі балалардың есімдері кім?

- Олардың әкесі Жапар неге сонша абыржыды, әбігерленді?

- Балалар анасының тапсырмасын қалай орындады?

- Олар кімге, қандай көмек беруге асықты?

- Оқиға қалай аяқталды?

- Осы әңгімедегі Жеңіс пен Бауыржан қандай балалар?

Slide 12

ІІІ. Жаңа сабақ. Кіріспе.

Бүгін, біз сендермен С. Торайғыровтың өлең шығармаларымен танысамыз. С. Торайғыров 1893 жылы дүниеге келіп, 1920 жылы дүниеден ерте қайтқан кемеңгер кісі. Соның өзінде балаларға арнап көптеген өлең, жыр кітаптар шығарды. Осы биылғы жылдың ішінде қандай өлеңін оқыдық?

- Оқып жүрген жастарға, Туған еліме, Арыстан мен тышқан. Осылардың ішінде бүгін «Арыстан мен тышқан» мысал өлеңін оқып танысамыз. Өлеңді мәнерлеп оқушыларға оқытамын (2 оқушыға) .

Сұрақ қою арқылы өлеңнің мазмұнын сұрап, әңгімелету. Өлеңді қара сөзбен әңгімелеп айту.

Сөздік жұмысы. Зиян-залал, зақым, азат-еркін, өз еркі өзінде, ерікті.

Рөлдерге бөліп оқыту . Сахналық көрініс.

ІҮ. Сабақты бекіту. Мысал өлеңге байланысты мақал айтқызу. Өздері шығарған өлеңдерін оқыту.

Ү. Сабақты қорыту. Оқушылардың өздеріне мінездеме бергізіп, Венн диаграммасын жасату. Тышқан мен арыстанға әр оқушы бір-бір сөзден мінездеме береді. Бір оқушы тақтаға шығып жазады.

ҮІ. Үйге тапсырма. Үйден С. Торайғыровтың өлеңін жаттап, өзіңше дәптеріңе суретін салып кел.

ІІ. Бағалау

Slide 13

Қорытынды бөлім


Ұқсас жұмыстар
Дене тәрбиесі теориясы - адам денесін жетілдіру процесін басқарудың жалпы заңдары туралы ғылым
Құқықтық сауаттылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім және тәрбие
ТӘРБИЕНІҢ МАЗМҰНЫ
Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру
Мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық тәрбиесі
Педагогика пәні және ұғымы
Психология пәнінің теориялық және методологиялық негізі, ғылыми негізі
Еңбекке баулу сабақтарындағы шығармашылық жұмыс түрлері
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие берудің негізгі бағыттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz