Когнитивтік лингвистика ғылымының лингвистика ғылымының басқа салаларымен байланысы
Презентация қосу
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
7М01301-БАСТАУЫШТА ОҚЫТУ ПЕДАГОГИКАСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ ПЕДАГОГЫН
ДАЯРЛАУ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Когнитивтік лингвистика ғылымының
лингвистика ғылымының басқа салаларымен
байланысы
Орындаған: Ордабекова Л.
Қабылдаған: Оразбаева Э.
КІРІСПЕ
Тіл білімінің теориясы мен тарихын жақсы түсіну үшін
ХІХ ғасырдағы жаңа ғылыми бағыттардың,
ағымдардың, көзқарастардың, түрлі ғылыми
мектептердің ерекшеліктерін ажырата білу керек. Жаңа
ғылыми бағыттар мен ағымдардың туындауына негіз
болған басты себептердің бірі – тілге деген жаңаша
түсінік, түрлі анықтамалар мен оның өзіндік мәнін,
ерекшелігін, қызметін айқындауға байланысты айтылған
пікірлер мен сан алуан көзқарастар еді.
Лингвист ғалымдар тілді сан алуан
аспектіде қарастырады:
тілді қоғамдық құбылыстар
қатарында деп қарайды
тілді жаратылыстану құбылыстарына
жатқызады
тілді жеке адамдардың психикасына, яғни сөйлеу
ерекшелігіне жатқызып, оны психология
ғылымының қатарына қосады.
Тілдің негізгі бағыттары:
Бұл бағыттың Антропоцентристік Тіл білімі
парадигма
(құрылымдық) бағыт
білімі.
структуралистік
антропоцентристік
Салыстырмалы–тарихи тіл
негізгі ұстанымы парадигма өз дамуының жаңа
тілді өз ішінен бастауын Еуропадан дәуірі тілді
зерттеу болды. В.фон.Гумбольдттың
біртіндеп дамып,
Структуралистік лингвофилософиялық
концепцияларынан өзгеріп, отыратын
бағыт ХХ ғасыр алады. Бүгінгі таңда тарихи құбылыс
мен ХХІ ғасыр антропоцентристік деп танудан, оны
басына дейін кең парадигма өте зерттеу ісіне
қанат жайып, тілді қарқынды зерттелу салыстырмалы-
өз ішінен зерттеу үстінде. тарихи әдісті
мәселесінде қолданудан, яғни
көптеген ХІХ ғасырдың
жетістіктерге жетті. басынан басталады.
КОГНИТОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫ
• Когнитология (когнитивтік ғылым) (лат. cognitio — таным + грек. logos —
ілім) — таным теориясын, когнитивтік психологияны, нейрофизиологияны,
когнитивтік лингвистика мен жасанды интеллект теориясын біріктіретін
пәнаралық ғылыми бағыт.
• Когнитологияда жасанды интеллект теориясынан алынған компьютерлік
модельдер психология мен жоғары жүйке қызметі физиологиясынан алынған
эксперименталды әдістер адам миының жұмысы жөніндегі дәл ілімдерді
дайындау (жасау) үшін бірге қолданылады.
• Когнитологияның пайда болуына ноосфера жөніндегі ілімсебеп болған деп
есептеледі. Когнитологияның қалыптасуына мүмкіндік туғызған негізгі
техникалық жетістігі миды сканерлеудің/тексерудің жаңа әдістері
болатын. Томография және басқа да әдістер алғаш рет адам миына іш
жағынан үңілуге, оның жұмысына назар аударып, қандай тетіктер арқылы
әрекет ететінін анықтауға тікелей жол ашты. Бұрынғыдан едәуір жетілдірілген
аса қуатты компьютерлер де үлкен роль атқарды.
Когнитивизм – бұл адамның сана, зердесін, ойлау қабілетін және ментальді әрекеттері мен
оның жай-күйін зерттейтін ғылыми бағыт. Бұл – адам болмысындағы білімі мен танымы
туралы, дүниені қабылдау және тануы туралы ғылым.
Когнитивтік лингвистиканың міндеттерін Е.С.Кубрякова тілдік процестерді,
тілдік бірліктер мен категорияларды, т.б. олардың жадыда бейнеленуі,
қабылдануымен байланысты меңгеру ретінде қарастырады.
Когнитивтік лингвистиканың зерттеу нысаны ретінде бүкіл концептуалдық жүйені құруда
айрықша мәнге ие болатын, әсіресе, концептуалдық кеңістікті ұйымдастырып, оны жіктеудің
негізгі бастаушысы болып табылатын концепт болып есептеледі. Яғни, зерттеу нысаны – санада
бейнеленген ақпараттар мен білім.
Когнитивтік лингвистиканың қызметі – тілдегі бейнеленген мазмұнның санада қандай
ақпараттар негізінде қалыптасқанын, қандай ғылыми шеңберінде, қандай психикалық қабілет
негізінде қабылданғанын анықтау. Яғни, қызметі — дүниенің бейнесін белгілі бір жүйеде
репрезентациялау. Бұл дегеніміз – алғашқы түсініктен бастап, дамыған бай концептілік жүйедегі
түсінікке дейінгі санадағы білімнің көрінісі.
КОГНИТИВТІ БАҒЫТТЫ ЗЕРТТЕУШІЛЕР
Г.ГИЗДАТОВ: “Когнитивтік бағыттың басты мәселесі – санадағы білімді
жүйелеу. Когнитивтік бағыттың негізгі қызметі– санада әмбебап модель
қалыптастыру”,- деп жүйелеген.
Э.СҮЛЕЙМЕНОВА: “Тілдің когнитивтік аспектіде көрінуі ондағы
мазмұнның жан-жақты танылуы мен дүниені бүтіндей меңгеруден
байқалады. Бірақ, тіл жеке тұрып ақиқат дүниені бүтіндей таныта
алмайды”, -деп қорытындылаған.
А.КИБРИК: “Тілдік формалар когнитивтік құрылымдарды таныта алған
жағдайда ғана тіл когнитивтік қырынан көрінеді”, - деп тұжырымдайды.
Ж.МАНКЕЕВА: “Тілдегі мазмұнның сақталуы оның куммулятивтік
қызметімен тікелей байланысты. Ол өз кезегінде қабылдау, ойлау, жад
сияқты психологиялық ұғымдармен тығыз байланысты болып, тұтас
күйіндегі когнитивті парадигма құрайды”, - деп санайды.
Тіл білімінің психолингвистикалық саласы ресми түрде 1953 жылы АҚШ-ның
Блумингтон қаласында өткен алғашқы семинарда сөз болып, тіл мен психология
пәндерінің арасында өзара түйісетін, тоғысатын құбылыстардың салдарынан адамның
жеке сөйлеу әрекеті мен коммуникативтік актіде айқын байқалатын ерекшеліктерді терең
зерттеу қажеттілігінен туындады.
Әбілхан Алдамұратов психолингвистика мен оны зерттеудің мақсат-міндеттерін
өздігінше айқындап көрсетті: «Қазіргі кезде тіл психологиясы саласында жүргізілген
зерттеулердің бағыт-бағдары мен ерекшеліктері мынадай белгілер арқылы ерекшеленеді
деуге болады: бірінші белгі — психолингвистиканың негізгі зерттеу нысаны –сөйлеу
операцияларының мән-жайы, яғни күрделі психикалық іс-әрекет ретінде қарастырылуы
тиіс. Екінші белгі – сөйлеу әрекеті психологиялық тұрғыдан белгілі бі себепке тіркеледі де,
ол қалайда өз алдына мақсат-міндет қояды. Бұл мақсат бойынша сөйлеу әрекетінен өзге де
мәселелердің сырын тілдік құрал арқылы шешуді талап етеді. Үшінші белгі – тілдің ақиқат
жүйесі. Бұл ерекшелік тілдегі бірліктердің өзара байланысуы мен жіптесуі. Төртінші белгі
– адамның түрлі іс-әрекет түрлері сияқты сөйлеу әрекеті де белгілі мақсатқа бағытталып
жоспарланған міндетті шешуді көздейді. Мұндай ерекшелікте сөйлеудің қарым-қатынас
жасаудағы мақсты көзделіп, ондағы міндетті шешудің жанама жолы мен тәсілін қамтиды»,-
деп тұжырымдайды.
Психолингвистиканың мақсаттары
төмендегідей:
1) Адамның сөйлеу қызметін зерттеу, яғни сөйлеудің тууын және оны түсінуді зерттеу;
2) Ана тілі мен шетел тілдерін балалар мен ересектердің үйрену үрдісін зерттеу;
3) Ішкі лингвистиканың әдістері арқылы алынған мәліметтердің шыншылдығын анықтау
(Верификация лат.verus – шындық ).
Психолингвистикада тәжірибенің негізгі үш түрі бар:
1) Зертханалық тәжірибе – тәжірибе өткізушінің күні бұрын тұжырымдалған гипотезаны
тексеруі үшін өткізілетін тәжірибе;
2) Табиғи тәжірибе – сөйлеу үрдісін информанттарға табиғи жағдайда (жанұя, мектеп,
жұмыс орны) өткізу;
3) Ассоциативті тәжірибе – информантқа әсерлеу мақсатында оның екі және одан да көп
тілдердегі белгілі бір сөзге, сөз тіркесіне, сөйлемге реакциясын тексеру.
Прагмалингвистиканың пәні (гр.pragma-қимыл, қатынас) нақты
коммуникация үрдісінде тілдің субстанциялық және функционалдық
қасиеттерін, яғни нақты бір ситуация кезіндегі нақты индивидтердің
вербалды және вербалды емес қатынас құралдарын қолданып, пікір алмасуды
зерттеу болып табылады. Яғни адам өз ойын оқырманға қалай жеткізеді,
қатынас құралдарын қалай қолданады және тағы сол сияқты мәселелерді
зерттейді.
Прагмалингвистика өткен ғасырдың 70-ші жылдарында пайда болған тіл
білімінің жас, жаңа саласы. Алғаш Ч. Моррис еңбегінде сөз болған
прагматика мәселелеріне Ю. С. Степанов, А ван Дейк, Г. Г. Матвеева, О. С.
Москальская сынды ғалымдар еңбектерін арнап, прагматика теориясын
дамытуға азды-көпті үлестерін қосты.
Паралингвистикалық тәсілдердің үш түрі бар.
1) кинетикалық, яғни, қимыл, поза, бет қимылы;
2) фонациялық, яғни дыбыстық (тембр, темп, дауыстау, кідіріс, әуен,
диалектілік айтылу ерекшеліктері);
3) графикалық (әріптерді жазу – почерк, символдар және т.б.).
Сөйлемдегі сөзге қатысты паралингвистика құралдары үш түрлі қызмет
атқарады: қосымша хабар жеткізеді, сөз орнына қолданылады, сөзбен бірге
қолданылады.
Танымдық лингвистика (лат. cognescere ”танып білу, білу”) ”тіл - ойлау”
қатынастарын, яғни адамның танымдық қызметінің нәтижесі мен үрдістері
тіл мен сөйлеуде қалай көрінеді, ойлау категориялары тілдің
идиоэтникалық категорияларымен қалай сәйкес келеді деген сұрақтарға
жауап іздейді: ұғымның түрлері, концептер (сұлба (схема), сурет, фрейм
және сценарий түрінде) және жеке сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасы;
пікір, пайымдау және ұсыныстар.
Танымдық лингвистика туралы айтқанда негізгі екі түрлі үрдіс есте болуы
керек. Олар: біріншіден, белгілі этностың әлемнің тілдік бейнесі мен оның
ерекшеліктері, екіншіден, қарым-қатынас кезіндегі менталдық үрдістер;
Канапина Б.Т.
Когнитивтік лингвистика.Когнитологияның жеке тармақтары
• https://www.youtube.com/watch?v=
KCiFMZavC_4
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz