Аденовирустар: құрылымы, репликациясы, клинико-диагностикалық және профилактикалық аспектілер


Slide 1

Аденовирус

Орындаған: Досжар Қ.

Айтибаева А.

Тексерген: Бегадилова Т. С.

Slide 2

Аденовирус

Аденовирустар куб тәріздес симметрия принципі бойынша құрылған, суперкапсиді жоқ, вирионның орташа диаметрі 60-90 нм тең.

Slide 3 Slide 4

Таксономиясы.

Тұқымдастығы: Adenovirdae.

Туыстығы: Мastadenovirus (адамдардың С аденовирусы) .

Аviadenovirus ( құстардың А аденовирусы) .

Аtadenovirus ( қойлардың Д аденовирусы) .

Siadenovirus (түйетауықтардың В аденовирусы) .

Slide 5

Репродукциялануы

Аденовирустар жасушалық рецепторларға жіпшелерінің көмегімен адсорбцияланады. Жасушаға енгеннен кейін вирионның депротеинизациялануы цитоплазмада басталып, ядрода аяқталады, сол жерде терминальды ақуыздар тіркескен ДНҚ босанып шығады. Геномның транскрипциясы және вирустық ДНҚ-ң репликациясы ядрода, ал трансляциясы -цитоплазмада атқарылады.

Slide 6

Резистенттілігі

Аденовирустардың физикалық және химиялық факторлардың әсеріне салыстырмалы түрде жоғарғы төзімділігі бар. Олар ұзақ уақыт бойы сыртқы ортада, әсіресе төменгі температурада, мұздатқанда және лиофилизациялаған жағдайда, жұқпалық қасиетін сақтауға қабілетті, рН 5, 0-9, 0 жағдайда да, төзімді. Температура 56°С-тан жоғары болғанда

және УКС-нің әсерінен бірнеше минуттан кейін белсенділігін жояды.

Slide 7

Клиникалық көрінісі

Аденовирустар көбінесе жедел респираторлы аурулар қоздырады. Инкубациялық кезеңі 4-5 тәулік.

Жас балаларда және қарт адамдарда ауыр түрдегі майда ошақты немесе интерстициальды аденовирустық пневмониялар қоздыруы ықтимал. Аденовирустың инфекциялар шырышты қабаттардың, бадамша бездердің, аденоидтардың және көз конъюнктиваларының аралас түрде, яғни қатар зақымдануымен сипатталады.

Slide 8

Микробиологиялық диагноз қою

Зерттеуге алынатын заттар: мұрын жұтқыншақ шайындысы, конъюктивалардың бөліндісі, нәжіс, қан т. б. (аурудың клиникалық түрлеріне қарай алынады) .

Вирусты бөліп алу - біріншілік немесе диплоидиты жасуша дақылдарына жұқтыру (ЦПӘ бойынша индикациялайды) . Идентификациялау - ГАТР, ИФТ, РИТ, КБР. Серологиялық диагноз қою - КБР, БР, ГАТР. Жедел диагноз цою - ЭМ, ИЭМ, РИФ, ИФТ.

Slide 9

Алдын алуы

Жалпы медициналық сақтану шаралары. Спецификалық профилактика яғни вакцина егу шектелген. Өйткені, жиі кездесетін серологиялық вариантгарынан әлсіздендіріп дайындалған тірі вакциналарды кең қолдану адам жасушаларында қатерлі ісіктік трансформация қоздыруы мүмкін.

Slide 10

https://youtu. be/MJlx5q_PYpE


Ұқсас жұмыстар
Прегравидарлық дайындық: диагностикалық, профилактикалық және емдік шаралар
Емдік-профилактикалық және диагностикалық иммунобиологиялық препараттардың классификациясы мен қолданылуы
Синдромдар мен симптомдар: клинико-лабораторлық классификациясы және диагностикалық ерекшеліктері
ДНҚ репликациясы: құрылымы, ферментативті механизмдері және эукариоттық ерекшеліктері
Ірі қара мал лейкозы: этиологиясы, патогенезі, клиникалық-диагностикалық және профилактикалық шаралары
ДНҚ мен РНҚ құрылымы, репликациясы және генетикалық функциялары
Мультимәдениетті қоғамда толеранттылықты тәрбиелеу: әдістемелік және диагностикалық аспектілер
Құрсақ қуысының жарақаттары: клиникалық-диагностикалық және емдік аспектілер
Иммунопрофилактиканың құқықтық-этикалық негіздері мен ұлттық профилактикалық егулер күнтізбесі: медицина қызметкерлерін даярлау және практикалық аспектілер
ДНҚ құрылымы мен репликациясы: механизмдер, негізгі ферменттер және эукариоттар мен прокариоттардағы ерекшеліктер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz