КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ


Slide 1

кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін талдау және бағалауалдау және бағалау

Slide 2

Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін бағалау қағидалары, әдістері мен тәсілдері

Кәсіпекерлік қызметтің тиімділігін бағалау - ол кәсіпорынның қаржы - экономикалық жағдайын интегралды ( рейтингтік) бағалауды білдіреді. Кәсіпорынның қаржы- экономикалық жағдайын объективті бағалауға өндірістік - шаруашылық қызметке қатысушылырдың барлығы мұқтаж.

Slide 3

Кәсіпорынның менеджерлері үшін олар қабылдайтын шешімдердің, сондай- ақ, материалдық, еңбек, қаржы ресурстарын пайдалану тиімділігін және алынған соңғы қаржылық нәтижелерді бағалау үшін маңызды.

Меншік иелеріне ( соның ішінде акционерлер) бизнеске салынған қаражаттың қайтымдылығы, кәсіпорынның рентабельділігі, сондай- ақ экономикалық тәуекелдің деңгейі және капиталды жоғалту ықтималдылығы қандай дәрежеде екендігін білу маңызды.

Жеткізушілер үшін олардың жеткізген материалдық ресурстары, орындаған жұмыстары мен көрсеткен қызметтері үшін төлем жасау мүмкіншілігін бағалау маңызды.

Slide 4

Кредиторлар мен инвесторлар берілген несиелерді қайтару мен инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндігін бағалау қызықтырады.

Кәсіпорын тиімділігін анықтауға арналған құралдар ретінде әртүрлі көрсеткіштер кеңінен қолданылады.

Тиімділік көрсеткіштерінің құрамы кәсіпкердің алдына қойған мақсаттарымен анықталады.

Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін нәтижелердің шығындарға қатынасы көмегімен көрсетуге болады. Ол үшін әртүрлі көрсеткіштер (қор қайтарымдылығы, , еңбек өнімділігі т. б. ) қолданылады.

Slide 5

Кәсіпорынның өндірістік - шаруашылық және қаржы- экономикалық қызметін талдау

Кәсіпорынның өндірістік- шаруашылық және қаржы- экономикалық қызметін талдау оның өндірістік әлеуеті мен қаржылық жағдайын бағалау, сондай-ақ, қызметінің негізгі көрсеткіштеріне әртүрлі ішкі және сыртқы факторлардың ықпалын анықтау үшін қажет.

Шаруашылық қызметті талдаудың негізгі мақсаты кәсіпорын қызметтің даму стратегиясын таңдау, дұрыс шешім қабылдау үшін менеджерлер мен басқа да мүдделі адамдарға ақпарат беру болып табылады.

Slide 6

Талдау мынадай бағыттар бойынша жүргізіледі: 1. Өнім өндіру мен сатуды талдау. Мұнадай талдаудың негізгі кезеңдері мыналардан тұрады:

- өнім өндіру көлемін талдау.

- өнім ассортиментін талдау.

- өнім сапасын талдау.

- өндірістің ырғақтылығын талдау.

-өнімді сатуды талдау.

Slide 7

Негізгі өндірістік қорларды талдау. Мұндай талдаудың негізгі кезеңдері келесілер:

Негізгі құралдарың құрылымы мен динамикасын талдау.

Негізгі құралдарды пайдалану тиімділігін талдау.

Негізгі құралдарға салынған инвестициялардың тиімділігін талдау.

Құрал - жабдықтарды ұстау және пайдалану шығындарын талдау.

Slide 8

Кәсіпорынның материалдық ресурстарын талдау. Материалдық ресурстары талдау кезінде мынадай кезеңдері бөліп көрсетуге болады:

Материалдық - техникалық жабдықтау жоспарының сапасын талдау.

Материалдық ресурстарды пайдалану тиімділігін бағалау.

Кәсіпорынның материалдық ресурстарға қажеттілігін бағалау.

Slide 9

Кәсіпорынның еңбек ресурстарын талдау. Еңбек ресурстарын талдаудың негізгі кезеңдері:

Жұмыс күшін пайдалану жағдайын талдау.

Еңбек өнімділігін талдау.

Еңбек ақы төлеу жағдайын талдау

Slide 10

Өнімнің өзіндік құнын талдау. Өзіндік құнды талдау кезінде келксі кезеңдерді бөліп көрсетуге болады:

Өткізілген өнімнің 1 теңгесінен кеткен шығындарды талдау.

Тікелей материалдық және еңбек шығындарын талдау

жанама шығындарды талдау.

Slide 11

Пайда мен табыстылық ( рентабельділік) деңгейін талдау. Пайданы қалыптастыру мен пайдалануды талдау төмендегілерді қамтиды:

Пайданың құрамы мен динамикасын талдау.

Негізгі қызмет түрлерінің қаржылық нәтижелерін талдау.

Өзге де ызмет түрлерінің қаржылық нәтижелерін талдау.

Кәсіпорынның табыстылығын ( рентабельдігін) талдау.

Slide 12

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау. Қаржылық жағдайды талдау келесі кезеңдерді қамтиды:

Шаруашылық субъектінің экономикалық және қаржылық жағдайына алдын-ала шолу жасау.

Кәсіпорынның мүліктік жағдайын бағалау

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау.

Бағалы қағаздар нарығындағы жағдайын бағалау.

Slide 13

Сонымен кәсіпорынның өндірістік - шаруашылық және қаржы - экономикалық қызметін талдау оның қаржылық нәтижелерінің объективті және нақты көрінісін, экономикалық ресурстарды пайдалану тиімділігін, өндірістік әлеуетінің мөлшерін көрсетеді. мөлшерін көрсетеді.

Slide 14

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау көрсеткіштері

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы деп оның өз қызметін қаржыландыру мүмкіншілігін (қабілетін) айтамыз. Ол кәсіпорынның дұрыс жасауы үшін қажетті қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілуін, оларды ұтымды орналастыру мен тиімді пайдалануды, басқа жеке және заңды тұлғалармен қаржылық өзара қарымө қатынасын, төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылыған сипаттайды.

Slide 15

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау кезінде бірқатар нақты көрсеткіштер жүйесі пайдаланылады. Оларды төмендегідей топтарға бөліп қарастыруға болады:

1. Кәсіпорынның мүліктік жағдайын бағалау көрсеткіштері;

2. Кәсіпорынның өтімділігін бағалау көрсеткіштері;

3. Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау көрсеткіштері;

4. Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін бығалау көрсеткіштері;

5. Кәсіпорынның рентабельділігін бағалау көрсеткіштері

Slide 16

Кәсіпорынның мүліктік жағдайын бағалау көрсеткіштері

Көрсеткіштер

1. Негізгі қорлардың жаңару коэффициенті

2. Негізгі қорлардың тозу коэффициенті

3. Негізгі қорлардың жарамдылық коэффициенті

4. Негізгі қорлардың істен шығу коэффициенті

5. Негізгі қорлардың активті бөлігінің үлесі

Есептеу формуласы

1. Кезең ішінде келіп түскен негізгі қорлар құны/ кезең соңындағы негізгі қорлардың бастапқы құны

2. Негізгі қорлардың тозу соммасы/ негізгі қорлардың бастапқы құны

3. Негізгі қорлардың қолдық құны/ негізгі қорлардың бастапқы құны

4. Есепті кезенде есептен шыққан негізгі қорлар құны/ кезең басындағы негізгі қорлардың бастапқы құны

5. Негізгі қорлардың активті бөлігі/ барлық негізгі қорлар құны

Slide 17

Кәсіпорынның өтімділігін бағалау көрсеткіштері

Көрсеткіштер

1. Абсолютті өтімділік коэффициенті

2. Жедел өтімділік коэффициенті (аралық жабу коэфиценті)

3. Ағымдағы өтімділік коэффициенті

Есептеу формуласы

1. Кәсіпорынның ақшалай қаражаттары+ қысқа мерзімді қаржылық салымдары/қысқа мерзімді міндеттемелер

2. Ақшалай қаражаттар+қысқа мерзімді қаржылық салымдар ( бағалы қағаздар) + қысқа мерзімді дебиторлық берешек/ қысқа мерзімді міндеттемелер

3. Ағымдағы активтер/ Ағымдағы ( қысқа мерзімді) міндеттемелер

Slide 18

Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау көрсеткіштері

Көрсеткіштер

1. Меншікті капиталды шоғырландыру коэффициенті ( тәуелсіздік коэффициенті)

2. Қарыздық капиталды шоғырлагдыру коэффициенті

3. Қаржылық тәуелділік коэффициенті

Есептеу формуласы

1. Меншікті капитал/ кәсіпорын капиталы

2. Қарыздық капитал/ кәсіпорын капиталы

3. Кәсіпорын капиталы ( баланс валютасы/ меншікті капитал

Slide 19

4. Ағымдағы берешек коэффициенті

5. Қарыздарды меншікті капиталмен жабу коэффициенті

6. Қаржылық леверидж коэффициенті

7. Тұрақты өаржыландыру коэфициенті

4. Қысқа мерзімді міндеттемелер/ кәсіпорын капиталы

5. Меншікті капитал/ қарыздық капитал

6. Қарыздық капитал/меншікті капитал

7. Меншікті капитал+ ұзақ мерзімді міндеттемелер/ кәсіпорын капиталы

Slide 20
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын есепке алу және талдау
Қаржы ресурстарын басқару туралы ақпарат
Кәсіпорын жарғысымен, қызметтік міндеттерімен танысу
Кәсіпорынның қаржылың ресурстары
ҚАРЖЫ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ТАЛДАУ
Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру
Кәсіпорынның қаржылық ортасы
Өнімнің өзіндік құнын төмендету, пайда, рентабельділікті арттыру әдістер
Инвестициялық жобаны әзірлеу
ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ МАҚСАТЫ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz