ЕСТУ АНАЛИЗАТОРЫ



Сенсорлық жүйе
Орындаған: Өркен Айсулу Тексерген: Мукатаева Ж. М.

мазмұны:
Сенсорлы жүйелер құрылысы және қызметі
Дыбыстық тербелуді қабылдау және өткізу
Жарық энергиясының трансформациялануы және жүйкелік қозу

Сенсорлық жүйе
Сыртқы және ішкі орталардың әсерлерін қабылдап, талқылайтын, олардың жағдайлары туралы сезім тудыратын мүшелер жүйесін анализаторлар дейді. Барлық анализаторлар үш бөлімнен тұрады.

Сезім мүшелері организмде жеті түрлі анализаторлар бар:

Сенсорлы жүйелер құрылысы және қызметі

Көру анализаторы
Көру анализаторының сезгіш бөлімі көз алмасында орналасқан. Оларға торлы қабықтағы таяқша және сауытша пішінді фоторецепторлар жатады.
Өткізгіш бөліміне к ө р у жүйкесі жатады. Ол көз алмасынан шығып, сопақша миға барып бағытын өзгертеді, содан соң оң көзден шыққан нерв сол жақ ми қыртысының желке тұсындағы көру аймағына, ал сол көзден шыққан көру нерві оң жақ ми қыртысындағы көру аймағына қозуды тасиды.
Көру анализаторының қыртыс бөліміне ми қыртысының желке тұсында орналасқан оң және сол жақ көру орталықтары жатады.
Көз өте сезімтал, нәзік және маңызды сезім мүшесі. Оның дүние тануда, оқуда, сыртқы ортамен байланыс жасауда маңызы зор.
Құрылысы бойынша көру анализаторының сезгіш бөлімін 3 топтағы мүшелерге бөлуге болады: көздің қосымша құрылымдары, жарық өткізгіш және жарық сындырғыш құрылымдары, жарық қабылдағыш құрылымдар.

Көру анализаторы
Қ о с ы м ш а құрылымдарға қас, кірпік еттері, көз жасының безі мен оның қапшығы, көз еттері жатады. Бұлардың әрқайсысы белгілі бір қызмет атқарады. Қас, кірпік, кірпік еттері нәзік көз алмасын сыртқы ортаның жағымсыз әсерлерінен (соққы, түрлі химиялық заттар, су, шаң-тозаң т. Б. ) қорғайды.
Көз жасының безі мөлдір сұйық - көз жасын түзейді. Ол көз алмасын суландыру арқылы, көз алмасының қозғалысына байланысты туатын үйкелістен көзді тозудан сақтайды. Оны жуып-шайып, тазартып отырады және сыртқы ауадан келген микроорганизмдерді өлтіріп, олардың жағымсыз әсерінен қорғап қалады, яғни дезинфекциялық (фран. Дез- құрту, жою + инфекция - лат. Жүқтыру) қызмет атқарады.
Көз жасының артық мөлшері жас қапшығында қорда сақталып, қажет мезгілінде пайдаланылады. Тік және қиғаш орналасқан көз еттері көзалмасын қозғауға қатысады, солар арқылы көз бірнеше бағытта қозғала алады: жоғарыдан төмен және төменнен жоғары, жоғарыдан төмен ішіне қарай, жоғарыдан төмен сыртына қарай, алдынан артына қарай (өте аз шамада) .

Көз алмасының құрылысы.
1 - қасаң қабаты,
2 - алдыңғы сұйық камерасы,
3 - нұрлы қабық,
4 - артқы сұйық камерасы,
5 - цинн тарамыстары,
6 - кірпікті дене,
7 - көз бұршағы,
8 - тамырлы қабық,
9 - торлы қабық,
10 - сары дақ, 1
1 - көру жүйкесі,
12 - шыны тәрізді дене.
Көздің торлы қабығы:
1 - пигмент жасушалар,
2 - таяқшалар,
3 - сауытшалар,
4 - сыртқы жарғақ,
5 - таяқшалардың денесі,
6 - аксонды нейрондар,
7 - биполярлы нейрондар, 8 - ганглий,
9 - эфференттік талшықтар,
10 - ганглий талшықтары.

Есту анализаторы
Есту анализаторының шеткі бөліміне - ішкі құлақта орналасқан К о р т и мүшесі, өткізгіш бөліміне - дыбыс жүйкесі, қыртыс бөліміне - самай тұсында орналасқан дыбыс есту орталығы жатады.
Дыбыс анализаторының ең шеткі бөлімі - құлақ үшке бөлінеді: сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақ болып.
Дыбыс жүйкелері сопақша мида бір-бірімен түйісіп, бағытын ауыстырады: оң жақ құлақтан келген дыбыс жүйкесі сол жақ самайға, ал сол жақ құлақтан келген жүйке қозуды оң жақ самайға өткізеді.
Дыбыс анализаторының қыртыс бөлімі ми қыртысының самай тұсында жатқан сенсорлық (41 аймақ) және ассоциативтік (22, 42 аймақтар) зоналардан тұрады . сенсорлық зона бұзылғанда толық керең, ал ассоциативтік зонаның 22 -аймағы бұзылғанда музыкалық керең, 42 -аймақ бұзылғанда сөз керендігі пайда болады.


Дәм сезу анализаторы
Дәм сезу талдағышының қызметі арқылы ауыз қуысына түскен қоректің сапасы, сипаты анықталады. Бұл талдағыштың қабылдаушы бөлігі тіл бүртіктерінде, жұмсақ таңдайда, жұтқыншақтың артқы бетінде, бадамшада және көмекей қақпашығында орналасады. Тіл бүртіктері шатырша, жапырақша және орлы болып бөлінеді. Осы бүртіктер ішінде эпителиальды құрылым - дәм жуашығы, орналасады. Дәм жуашығы сопақша пішінді, жуа тәрізді болып келеді. Ол бүйірлі, үршық пішіндес дәм жасушаларынан және цилиндр пішінді сүйеніш жасушалардан тұрады да, тілдің көп қабатты эпителийі бойында орналасады. Дәм жасушаларының ұшында майда түктер (кірпікшелер) болады. Дәм жуашығы кілегей қабық беткейінде дәм саңлауы деп аталатын кішкентай тесікпен ашылады.

Иіс сезу анализаторы
Иіс сезу анализаторы - негізгі және вомероназальді бөліктерден тұрады.
Бұлардың әр қайсысы үш бөлікке: шеткі (иіс сезу мүшесі), аралық (өткізгіш жолдары), орталық (гипокампты орналасқан) болып бөлінеді.
Иіс сезу бөлігіне мұрын сүйегінің астын және мұрын пердесінің бетін тыстап жатқан кілегейлі қабықтың сезімтал аймағы жатады.

Дыбыстық тербелуді қабылдау және өткізу
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz