Қанмен отегінің тасымалдануы


Slide 1

Тыныс алу жүйесінің физиологиясы.

Орындаған:Өркен Айсулу

Тексерген: Мукатаева Ж. М.

Slide 2

Мазмұны:

Қанмен отегінің тасымалдануы. Оксигемоглобиннің диссоциациясының қисығы және оны талдау

Өкпедегі газ алмасу және жасушаішілік газдардың көлемі

Сиретілген ауаның және жоғары атмосфералық қысымның ағзаға әсері. Кессон ауруы

Slide 3

Қанмен отегінің тасымалдануы.

Өкпе капиллярларынан О2 қанға өтеді де, эритроцит құрамындағы гемоглобинмен қосылып, оңай ажырасатын, қайтарымды қосылыс - оксигемоглобин түзеді. Өкпе капиллярларындағы оттегінің үлес қысымы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым қанда оксигемоглобин мол түзіледі.

Қанның оттегімен қанығу деңгейі оның құрамындағы көмір қышқыл газдың мөлшеріне де байланысты.

Вена қанында СО2 көп болса, оксигемоглобин түзілуі азаяды, себебі СО2 - ның бір бөлігі карбогемоглобин түрінде гемоглобинмен қосылыста болады. Қанда және ауада бөгде заттың (аммиак, сутекті күкірт, СО) болуы гемоглобиннің О2 байланысу қабілетін төмендетеді.

Қанда сутегі иондарының мөлшері артса, рН төмендеп, оттегіні сіңіру деңгейі азаяды. Бұл қанда қышқылдар, әсіресе сүт қышқылы жинақталғанда байқалады.

Slide 4

Қанмен отегінің тасымалдануы.

Ұлпаларда оттегінің үлес қысымы күрт төмендейді, сондықтан капиллярларда оттегі оксигемоглобиннен ажырап, алдымен ұлпа сұйығына, содан кейін торшаларға өтеді.

Ұлпаларда температура жоғарыласа, оксигемоглобиннің ажырауы (диссоциациясы) шапшаңдайды, температура төмендесе - баяулайды.

Гемоглобинмен қатар организмде миоглобин деген зат болады. Ол әсіресе суда жүзетін және сүңгуір құстарда көп болады.

Миоглобин О2 қоймасы (депосы) болып табылады. Ол құрамындағы оттегіден осы газдың ұлпадағы үлес қысымы күрт төмендеген жағдайда ғана ажырайды. Соның арқасында сүңгіген құс организмінде су астында тыныс алу уақытша тоқтағанның өзінде биологиялық тотығу процесі жоғарғы деңгейде жүреді.

Slide 5

Қандағы газ алмасу

Slide 6

Оксигемоглобиннің диссоциациясының қисығы және оны талдау

Физиологиялық жағдайда артерия қаны мен вена қанындағы оттегінің мөлшерінің айырмашылығы өте аз мөлшерде болып келеді.

Тіндердің оттегін қажет етуі неғұрлым жоғары болса, бұл айырмашылық солғұрлым аз болады. Әртүрлі ағзалардан шығатын қандағы гемоглобиннің қалпына келу деңгейі әртүрлі. Ол көрсеткіш тіндердегі тотығу-тотықсыздану процесінің деңгейін және олардың оттегін сіңіру мөлшерін сипаттайды. Мысалы, бас ми оттегінің жетіспеушілігіне өте сезімтал, сондықтанда ондағы вена қанындағы оттегінің мөлшері ең жоғарғы деңгейде.

Тәжірибе жүзінде артерия мен вена қандарындағы оттегінің мөлшерінің айырмашылығы мен тіндердің оттегін пайдалану коэфициентін анықтаудың физиологиялық маңызы бар. Бұл анықтаулар оксигемоглобиннің диссоциациясының қисық сызығын анықтаумен байланыста жүргізілуі керек.

Баркрофтың деректері бойынша 300 м биіктікке көтерілген адамның қанындағы оксигемоглобиннің қисық сызығының оң жаққа қарай недәуір ығысқаны байқалатын көрінеді. Мұндай кезде қалыпты жағдайда 1 л қаннан тіндерге берілетін 60 мл оттегінің орнына 96 мл қажет болады екен.

Slide 7

Өкпедегі газ алмасу және жасушаішілік газдардың көлемі

Адам құрамында 21% оттек, 79% азот, 0. 03% көмірқышқыл газы бар атмосфералық ауамен тыныс алады. Дем шығарғандағы ауада 16% оттек, 4. 0% көмірқышқыл газы және 79% азот болады. Дем алғандағы және дем шығарғандағы ауа құрамындағы оттек пен көмірқышқыл газының айырмашылығы - өкпедегі газ алмасу нәтижесі болып табылады. Өкпеде газ алмасу диффузия жолымен жүреді. Өкпе капиллярына түскен вена қанында оттек аз, көмірқышқыл газы көп. Сондықтан альвеола ауасындағы оттек қанға араласады, ал көмірқышқыл газы қаннан өкпе альвеоласына түседі.

Өкпедегі газ алмасуды сыртқы тыныс алу дейді. Қандағы оттек эритроциттерге өтеді де, гемоглобинмен берік емес байланысып, оксигемоглобин түзеді. Вена қаны артерия қанына айналады да, өкпе венасы арқылы жүрекке, одан қанайналымның үлкен шеңберінің тамырларына түседі. Көмірқышқыл газы альвеоладан ауа тасымалдайтын жол арқылы сыртқа шығарылады.

Slide 8

Сиретілген ауаның және жоғары атмосфералық қысымның ағзаға әсері.

Атмосфералық қысым - атмосфераның жер бетіне және ондағы заттарға түсіретін қысымы.

Атмосфералық қысымның төмендеуімен артериялық параметрлер де кетеді, бұл қанның оттегімен қанықтылығын төмендетеді, бұл бас ауруын, ауаның жетіспеушілігін, жұмыс істеуді және ұйқыны қаламайды.

Адамның бейімделу қабілеті гипотоникалық организм төмен қысымға үйреніп, ыңғайсыздықты сезінбейді. Терезеден тыс қысым жоғарылаған кезде қан қысымы көтеріледі, бұл әдеттегі жағдайға қолайсыз. Гипертония тікелей қарама-қарсы құбылыстарды тудырады. Мұндай пациенттер қан қысымының екі көрсеткішінің төмендеуіне байланысты жоғары атмосфералық қысымнан зардап шегеді. Қалыпты қысым әдетте ауа-райына тәуелді болмайды, олар өзгерген кезде систолалық немесе диастоликалық көрсеткіштер аздап өзгереді.

Slide 9

Кессон ауруы

Кессон ауруы, декомпрессиялық ауру - су астындағы жоғары атмосфералық қысымнан, су бетіндегі қалыпты атмосфералық қысымға жедел көтерілген кезде адам организмінде байқалатын патологиялық жағдай.

Кессон ауруымен су астына сүңгушілер, су асты жұмыстарын арнайы жәшік - кессон ішінде атқаратын адамдар және ұшқыштар ауырады.

Кессон ауруының өрбуіне адам организмінің ұлпалары мен қанында, негізінен, азоттың, кейде көмірқышқыл газдың бос көпіршіктерінің пайда болуы әсер етеді. Адам организмінде 1 л-ге жуық еріген азот (оның 40 мл-ге жуығы қанда) болады. Судың әрбір 10, 3 м тереңдігіне сүңгіген сайын, қысым 1 атм-ға артады. Осыған сәйкес организмдегі еріген азоттың мөлшері де көбейеді. Кессон ауруының белгісі мен түрі газ көпіршіктерінің мөлшері мен орналасу орнына байланысты.


Ұқсас жұмыстар
Газдардың қанмен тасымалдануы
Өкпе мен тіндегі газ алмасу
От тегінің токсикалық түрлері, олардың пайда болуы және ағзаның клеткаларына әсері
Перифериялық қан айналым
Заттар және энергия алмасу
Зат алмасу
Шеміршектердің арасында
Қан тобы
ДЕРТТІК ЖҮЙЕ
БҰЛШЫҚЕТ ЖИЫРЫЛУЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz