РЕСПУБЛИКАСЫ НДА ШАҒЫН



Қазақстан республикасында шағын және орта бизнестің қазіргі жағдайы
Орындаған: Өркен Айсулу БГ-21
Тексерген: Исаева Б. К.

Шағын кәсіпкерлік/бизнес
Шағын бизнес - ешқандай монополистік бірлестікке кірмейтін және экономикада монополияға қатысты бағынышты рөл атқаратын жеке меншіктегі ұсақ және орта кәсіпорындардың қабылданған жиынтық атауы.
Шағын кәсіпкерлік секторы бірқатар әлеуметтік атқарымдарды орындайды, олардың қатарына жұмыспен қамтылу, әлеуметтік шиеленісті бәсеңдету және нарықтық қатынастарды демократияландыру жатады.
Шағын бизнесті шағын кәсіпкерлік деп те атайды.
Республикада шағын кәсіпкерлік тиімді нарықтық экономиканың дамуы үшін құрылымдық түзуші фактор ретінде маңызды рөл атқарып отыр.
Шағын кәсіпкерліктің артықшылығы - жұмсалған күрделі қаржының тез өтелуі, өндірушілердің аймақтық нарыққа бағдарлануы, сұранымның өзгеруіне жедел икемделу, жұмыспен қамтылудың өсуі.

Орташа кəсіпкерлік субъектілері
заңды тұлғалық білімі жоқ жеке кəсіпкерлер
жұмысшыларының орташа жылдық саны екі жүз елу адамнан көп емес немесе орташа жылыдқ активтерінің құны 459. 225. 000 теңгеден артық емес
жұмысшыларының орташа жылдық саны елу адамнан кем емес жеке кəсіпкерлікті жүзеге асыратын заңды тұлғалар,
(325 000 х əрбір жылға республикалық бюджеттен заңда бекітілген айлық есептік көрсеткіш мөлшерін тиісті қаржылық жылға көбейту) .

Қазақстанда кәсіпкерліктің, әсіресе шағын және орта бизнестің дамуы экономикалық реформаларды жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады.
Ал, бизнестің жоғары деңгейде дамуын қамтамасыз ету үшін мемлекет тарапынан белгілі бір дәрежеде қолдау көрсетілуі керек.
Осыған байланысты бизнес бастаманы қолдау және жеке бизнесті дамытуды ынталандыру мақсатында мемлекет тарапынан әр түрлі қолайлы экономикалық және құқықтық жағдайлар жасалуы тиіс.
Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңында елімізде жеке бизнесті қолдауға арнай тарау(4тарау) арналған. Осы заңда анықталған төмендегідей бағыттар мен жолдарды атап көрсетуге болады.

Шағын бизнесті қолдау мен дамыту келесі жолдармен жүзеге асады (ҚР) :

«Бизнестің жол картасы 2025ж» Міндеттері:
Шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерінің қаржыландыруға қолжетімділігін арттыру.
Өңдеу өнеркәсібі өндірген өнім көлемін ұлғайту.
Бәсекеге қабілетті жаңа өндірістер құру.
Кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету.
Кәсіпкерлердің құзыреттерін арттыру.
Іскерлік байланыстарды кеңейту.

Бағдарламада қойылған міндеттерді орындау арқылы 2025 жылға қарай мынадай нысаналы индикаторларға қол жеткізілетін болады:
ЖІӨ-дегі ШОК үлесін кемінде 33, 8 %-ке жеткізу.
Бағдарламаға қатысушылардан түсетін салықтық түсімдерді 2017 жылғы деңгейден 2 есеге ұлғайту.
Бағдарламаға қатысушылардың жаңа 30 мың жұмыс орнын құруы.
ЖІӨ құрылымында өңдеу өнеркәсібінің үлесін кемінде 13, 4 %-ке жеткізу.
Экономикадағы орта кәсіпкерліктің үлесін кемінде 13, 7 %-ке жеткізу.

Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерліктер мониторингі 2020ж
2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда (салғастырмалы бағаларда) 2019 жылмен салыстырғанда өнім шығарылымы 5, 4%-ға азайды, жұмыспен қамтылғандар саны 2, 3% төмендеді, жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 2%-ға өсті.
2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен өнім шығарылымы 32725, 5 млрд. теңгені құрады. ШОК субъектілерінің жалпы санында дара кәсіпкерлер үлесі 63, 2%, шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар - 20, 6%, шаруа немесе фермер қожалықтары - 16%, орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар - 0, 2%-ды құрады.

Қазақстан Республикасындағы тіркелген және жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер санының мониторингі
2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілер саны өткен жылғы тиісті кезеңдегі сәйкес мерзіммен салыстырғанда 3, 3% өсті.
ШОК субъектілерінің жалпы санында дара кәсіпкерлер үлесі 62, 8%, шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар - 21%, шаруа немесе фермер қожалықтары - 16%, орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар - 0, 2% құрады.


Қорытынды:
Қорытындылай келе, шағын және орта бизнестің ҚР тәрізді даму барысында екенін аңғаруға болады.
2020ж болған пандемия мен төтенше жағдайға қарамастан, Қазақстандағы ШОК өз дамуын тоқтатпағанын ЖІӨ-дегі ШОК-тің үлесінен байқауға болады, 2019ж бұл көрсеткіш 29, 5 %-ды құраған болса, 2020ж 31, 7 %-ға дейін жеткен, сонымен қатар 2020жылы өткен жылмен салыстырғанда жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 2%-ға өсті. Тағы айтып кететін жайт «Қазақстан 2050» бағдарламасы бойынша, ШОК-тің ЖІӨ-дегі үлесін 2025ж 35%-ға, 2050ж 50 %-ға дейін жеткізу жоспарлануда.
ҚР-ның ШОК мониторингіне сүйенетін болсақ, 2020ж шағын және орта кәсіпкерлік біршама зардап шеккенін көруге болады, дегенмен 2021ж сәуіріндегі мониторниг бойынша, ШОК қайтадан жоғарыға өрлегенін де көре аламыз, бар жоғы 4 ай ішінде ШОК субъектілер саны өткен жылғы тиісті кезеңдегі сәйкес мерзіммен салыстырғанда 3, 3% өскен.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz