Жыныс бездерінің гормондары


Slide 1

Гормондар

Орындаған: Өркен Айсулу,

Slide 2

Гормон жайлы түсінік

Гормондар деп биологиялық əрекетшіл заттарды, ағзадағы метаболизм, зат алмасу сарынын үдететін, өсу, көбею қарқынын, сол сияқты алуан түрлі т. б. маңызды функцияларды реттеушілерді айтады.

Олар ағза қызметін күшейтеді, қоздырады немесе əлсіретеді, тежейді.

Бұл заттар жасушалардың, ұлпалардың, ағзалардың, ағза жүйесінің əрекетін басқарады.

Ішкі секреция бездерінің барлығы өзара үйлесімді жұмыс істейді.

Гормондар əртүрлі биологиялық механизмдердің химиялық қатысындағы үйлесілімділігін (гормониясын) сақтап қалуға арналған.

Slide 3

Гормон жайлы түсінік

Гректің «hormao» - қозу, қоздыру, əсерлену, жаңалану мағынасындағы сөзінен шыққан.

Оны ғылыми ұғым ретінде 1904 жылы У. Бэйлисс пен Э. Стерлинг енгізген. Эндокрин бездерінің құрылымы мен қызметін, одан бөлініп шығатын секреттерді жəне зат алмасуда гормондардың реттегіш механизмдерін зерттейтін биохимияның тарауын эндокринология деп атайды.

Эндокринологияның негізін салушы - француз ғалымы Броун-Секар. Ішкі секреция бездерінің жұмысы жүйке жүйесімен тығыз байланысты жəне ағза жасушаларында болатын күрделі химиялық процестерге көп əсер етеді деген .

Мысалы, гормондар ферменттердің синтезіне əсер етеді, ал мұның өзі жасушадағы химиялық реакцияларды тез реттеудің өте сенімді жолы болып саналады. Гормондар жүйке жүйесінің жұмысына дем беріп, тежей де алады.

Slide 4

Гормон жайлы түсінік

Гормон əсерін іске асыру үшін өзінің нысана-жасушасын білуі тиіс.

Нысана-жасушасының мембранасы да бұл гормонға аса сезімтал келеді.

Гормондарды танитын жасуша компоненті рецептор (лат. receptor қабылдаушы) деп аталады.

Рецепторлар плазмалық мембрана немесе жасуша ішінде орналасқан жəне олармен байланысқан.

Рецепторлар - гормондарды байланыстыра алатын белоктар.

Рецепторлардың өзіндік ерекшелігі болады. Мəселен, гормон молекулалары тиісті рецеторлармен (белоктармен) «құлыпқа дəл келген кілт» сияқты сəйкес үйлесе алуы керек. Осындай өзара əрекеттесу нəтижесінде ғана гормондар биохимиялық процестерге əсер етеді, оларды тездетеді немесе тежейді. Гормонның тіршілігі ұзақ емес, əдетте ол бір сағаттан кем.

Slide 5

Гормондардың қасиеті және биологиялық рөлі

Гормондар организмнің тіршілік әрекетінің негізгі процестерін оның пайда болу сәтінен бастап дамуының барлық кезеңдерінде бақылайды.

Олар организмдегі зат алмасудың барлық түрлеріне, гендердің белсенділігіне, тіндердің өсуі мен саралануына, жыныстың қалыптасуы мен көбеюіне, өзгеретін қоршаған орта жағдайларына бейімделуге, ағзаның ішкі ортасының тұрақтылығын сақтауға (гомеостаз), мінез-құлық және басқа да көптеген процестерге әсер етеді.

Әртүрлі гормондардың дене функцияларына реттеуші әсерінің жиынтығы гормоналды реттеу деп аталады (гуморальды реттеуді де қараңыз) .

Slide 6

Гормондардың қасиеті және биологиялық рөлі

Сүтқоректілерде гормондар, сондай-ақ оларды шығаратын эндокриндік бездер біртұтас эндокриндік жүйені құрайды.

Жүйке және эндокриндік жүйелер арасындағы байланыс рөлін нейрогормондарды (босату факторлары) шығаратын гипоталамус орындайды.

Ол иерархиялық принцип бойынша құрылған және тұтастай алғанда жүйке жүйесімен басқарылады.

Олар гипофиз гормондарының (тропикалық гормондардың) шығарылуын реттейді (күшейтеді немесе тежейді), бұл өз кезегінде перифериялық бездермен гормондардың түзілуін бақылайды. Мысалы, гипоталамустың тиреотропинрилизинг факторы гипофиздің тиреотропты гормонының шығарылуын ынталандырады, ал ол Қалқанша безінің жасушалары арқылы тиреоидты гормондардың шығарылуын ынталандырады.

Қандағы кез-келген гормонның шамадан тыс мөлшері оның түзілуін тиісті бездің тоқтатылуымен, ал жеткіліксіз мөлшері оның шығарылуының жоғарылауымен (кері байланыс механизмі) бірге жүреді.

Адам ағзасындағы белгілі бір гормонның шамадан тыс қалыптасуы немесе болмауы эндокриндік ауруларға әкеледі.

Slide 7

Гормондардың классификациясы

Химиялық табиғатына қарай гормондар төрт топқа бөлінеді:

Гормондардың түзілетін орындарына байланысты жіктелуі өте кең таралып кеткен жіктелу болғандықтан, оның жеке 268 өкілдерінің зат алмасудағы қызметіне сол тұрғыдан тоқтап өтеміз.

Slide 8

Қалқанша безінің гормондары.

Қалқанша безінің атауы гректің «тиреос» - қалқан, «идос» - ұқсас деген сөзінен шыққан.

Сүтқоректі жануарлардың қалқанша безі мойынның ортасына таман, көмейдің алдыңғы қабырғасын құрайтын үлкен қалқанша тəрізді шеміршектің үстінде жатады, аты да содан пайда болған.

Микроскоппен қарағанда қалқанша бездің эпителий тінінен түзілген толып жатқан кішкене көпіршіктерден құралғандығы көрінеді. Бұл көпіршіктер капиллярмен шырматылған.

Қалқанша бездің негізгі, əсіресе, активті гормоны тироксин мен трийодтиронин. Ол гормондар бірнеше рет айналып өзгеру нəтижесінде тирозин амин қышқылынан түзіледі.

Тиреоглобулин гидролизі кезінде тирозиннің йодтанған туындылары жəне басқа да амин қышқылдары босайды.

Slide 9

Ұйқы безінің (панкреатиттік без) гормондары.

Инсулин - белоктік гормон, оның молекулалық салмағы 6000.

Адам жəне жануарлар инсулинінің молекуласы 51 амин қыш қылының қалдығынан құралған, 5 полипептидтік тізбектен тұрады.

Құрамында цистиннің екі қалдығынан тұратын дисульфидтік көпіршелері бар инсулин молекуласының нобайы төменде берілген:

Ұйқы безінің екі гормоны бар: инсулин мен глюкагон. Бұлар құбылыстардың барлығында ерекше қызмет атқарады.

Инсулин қант деңгейін төмендетеді, ал глюкагон оған қарама-қарсы əсер етіп, қант деңгейін көтереді.

Slide 10

Ұйқы безінің (панкреатиттік без) гормондары.

Ағзада инсулин жоқ болса жəне жетіспесе, қан құрамындағы глюкоза мөлшері көбейеді (гипергликемия) жəне көп мөлшерде зəрмен бірге бөлініп шығады (глюкозурия) .

Глюкозамен бірге ағзадан су көп бөлінеді жəне сырқат адам сусамырлыққа, ашқарақтыққа ұшырайды.

Глюкозаны жоғалту салдарынан қордағы зат - гликоген көп шығын болады. Майлар мен белоктар ыдырап бөлінеді. Бұл дертті қант диабеті деп атайды.

Глюкозаны ағзаның жасушалары пайдалану нəтижесінде оның қандағы деңгейлі мөлшері қалыптан төмендесе, бауырдағы гликоген глюкозаға айналып қанға түседі, ұлпалардың тұрақты қоректенуі қамтамасыз етіледі.

Slide 11

Гипофиз (ми қабаты гормондары) .

Гипофиз (ми қосалқысы) - омыртқалы жануарлардағы ішкі секрецияның аса маңызды безі. Мидың астында орналасқан.

Гипофиз - алдыңғы (аденогипофиз), ортаңғы (нақ аралық) жəне артқы (нейрогипофиз) үш бөліктен құралады.

Алдыңғы жəне ортаңғы бөліктерін аденогипофиз деп, артқы бөлігін нейрогипофиз деп атайды.

Гистологиялық құрылысы күрделі алдыңғы бөлімі негізінен хромофобты без жасушаларынан, ортаңғы бөлімі - базафильді жасушалардан, артқы бөлімі питуицидтер мен жүйке талшықтарынан тұрады. Жалпы алғанда, гипофиздің ортаңғы бөлімі адамда нашар дамыған жəне қызметі əлі күнге дейін айқындалған жоқ деуге де болады.

Олардың əр бөлігі ерекше гормондар өндіреді. Молекулалары пептидтік құрылыспен сипатталады. Пептидтік гормондар белоктік қосылыстар болып саналады: олардың молекулалары ашық та, тұйық та (циклді) бола алатын пептид тізбекшелерінен құралады

Slide 12

Гипофиздің алдыңғы бөлігінің гормондары

Гипофиздің алдыңғы бөлігінің гормондары: соматотропин, тиреотропин, адренокортикотропин жəне үш түрлі гонадотропиндер.

Гипофиздің артқы бөлігінің гормондары. Гипофиздің артқы бөлігінің гормондары: окситоцин жəне вазопрессин.

Вазопрессин ағзада су-тұз алмасуын реттейді. Вазопрессин түзілу процесі бұзылған кезде адамда зəр көп бөлінеді, оның мөлшері тіпті тəулігіне 20 л шамасына дейін жетеді. Мұндай сырқатқа ұшырағандар суды көп ішеді, сусамыр болады. Вазопрессин қан тамырлары саңылауларын тарылтады жəне қан қысымын көбейтеді.

Окситоцин химиялық табиғаты жағынан вазопрессинге ұқсайды. Окситоцин жылтыр бұлшық еттерді қатты жиырылтып, қысқартады. Тууы қиындап, ұзап кеткен кезде окситацин қолданылады.

Slide 13

Жыныс бездерінің гормондары.

Жыныс жасушалары (аталық жасуша - сперматозоидтар, аналық жасуша - жұмыртқа жасушасы) жыныс бездерінде түзіледі.

Аталық жыныс бездері - аталық бездер. Онда сперматозоидтар түзіледі. Сонымен қатар, аталық бездер ішкі секреция безінің қызметін де атқарады, яғни жыныс гормондарын жасап шығарады. Тестастерон мен андростерон - еркек ағзаның нағыз жыныс гормондары. Бұлар ұрық безінің жасушаларында, ал шағын мөлшерде бүйрек үсті безінің қабығында жəне аналық безінде түзіліп шығады. Бұл екеуінің мейлінше активтісі тестестерон, ал андростеронның активтігі одан 10 есе кем.

Андроген (andros - еркек деген гректің сөзінен шыққан) еркектердің жыныс гормоны. Химиялық табиғаты бойынша стероидтық гормондар тобына жатады жəне холестеролдан түзіледі.

Андрогендердің туындыларына андростерон, дегидроандростерон жəне тестостеронның жасанды түрі - метилтестестерон жатады. Осы гормондардың тигізетін əсерінен еркектің ағзасына тəн бірқатар белгілер - қосалқы жыныстық белгілер (сақал-мұртының болуы, мықты қаңқа мен жақсы жетілген бұлшық еттің, жуан дауыстың болуы) қалыптасады. Себебі андрогендер белоктар синтезіне, əсіресе, бұлшық ет ұлпаларындағы белок түзілуіне дем береді, жас жануарлардың сүйек қаңқасының өсуін дамытады.

Slide 14

Жыныс бездерінің гормондары.

Аналық жыныс бездері - эстроген атты гормон бөледі. Эстрогендердің туындылары: эстрон жəне эстриол. Бұл гормондар қосымша бөліктерінің жетілуіне себеп болады (дауыс жіңішке болуы, сүйек жіңішке болуы т. б. ) .

Прогестрон - төртінші жыныс гормоны. Бүйрек үсті безі қабығының гормондары. Бүйрек үсті безінің қабығында үш түрлі гормон жасалып шығады: кортикостерон, кортизол жəне альдостерон. Үшеуі де кортикостероидтар деп аталады. Бұл гормондардың түзілуіне гипофиздің адренокортикотропин гормоны əсер етеді. Кортикостерон мен кортизол глицерин жəне амин қышқылдары сияқты көмірсу емес заттардан глюкоза түзуге қатысады. Олар осылайша қан құрамындағы глюкоза мөлшерін тұрақты да қалыпты деңгейде ұстауға көмектеседі.

Көмірсу емес заттардан глюкозаның түзілу процесін глюконеогенез деп атайды. Альдостерон электролиттердің жəне судың алмасуын реттейді. Ол жетіспегенде қан құрамынан су көп бөліне бастайды да, қан қоюланады. Бүйрек үсті безі зақымданғанда адамда аддисон дерті пайда болады, денесі сарғайып, əлсіздікке ұшырайды.

Slide 15

Өсімдік және жануартекті гормондар

Өсімдіктерде болатын амин қышқылдары гормондар түзуге қатысады.

Түрлі зерттеулерде триптофанның өзгерістерге ұшырауы барысында өсімдіктер ағзасында никотин қышқылы түзілуі мүмкін.

Триптофанның химиялық жолмен никотин қышқылына айналуы жануарлар ағзасында дəлелденген.

Алғашқы рет өсімдіктің өсуіне қоректік қосылыстардан басқа физиологиялық белсенді заттардың қажеттілігі өсімдіктен бөлініп алынған тамыр ұшын қолдан дайындалған, стерилденген қоректік қоспада өсіру нəтижесінде анықталды.

Slide 16

Гормоноидтар

Гормоноидтар - əртүрлі мүшелер мен ұлпаларда түзіледі. Əсері өте қысқа мерзім ішінде өтеді.

Гормондардың гормоноидтардан айырмашылығы: гормондар тек белгілі бір мүшеде түзіледі, гормоноидтар əртүрлі ағзалар мен ұлпаларда түзіледі.

Гормоноидтардың өкілдері: гастрин, секретин, нейрогормон, гистамин, ацетилхолин, серотонин т. б.

Зат алмасуы заттар мен энергияның ағзада өзгеруінің заңды тəртібі болып келеді. Белоктар мен майлардың алмасуының үдемелілігі көмірсулардың алмасуымен қамтамасыз етіледі жəне керісінше.

Азықта майлар жетіспегенде олардың ағзаға деген қажеттілігін өтеу үшін, белоктар мен көмірсулардың ыдырауы күшейе түседі жəне т. т. Сөйтіп ағза біртұтастықты қызмет етеді.

Зат алмасуының өзара байланыстары орталық жүйке жүйесі, ішкі секреция бездері арқылы реттеледі

Slide 17

Стероидты гормондар

Стероидты гормондар-жануарлар мен адамның тіршілік әрекетін реттейтін физиологиялық белсенді заттар тобы (гонадостероидтар, кортикостероидтар және т. б. ) .

Омыртқалыларда стероидты гормондар бүйрек үсті безінің қабығындағы холестериннен, ұрықтың лейдиг жасушаларынан, фолликулаларда және аналық бездердің сары денесінен, сондай-ақ плацентадан синтезделеді.

Стероидты гормондар адипоциттердің липидті тамшыларында және цитоплазмада еркін түрде болады.


Ұқсас жұмыстар
Жыныс гормондары
Гормондар мөлшері
Гормондар туралы
Бездің құрылысы
Аралас бездер
Қан айналым иннервациясы Жыныстық гормондар және олардың қызметі
Жыныстық гармондар және олардың қызметі
Қалқанша маңы бездері
Қалқанша безі гормондары
Сигналдық молекулаларға жалпы сипаттама. Гормондар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz