Индивидуалды акселерация


Slide 1

Жасөспірімдер физиологиясы.

Slide 2

Жоспар:

Эпохалды және индивидуалды (жеке) акселерация

Балалар мен жасөспірімдердің қан айналым және тыныс алу ерекшеліктері

Ағзаның және жеке тұлғаның конституционалды (жекетипологиялық) ерекшеліктері

Slide 3

Акселерация

Акселерация - жасөспірімдердің денесінің дамуының уақыттан бұрын, тез қарқынмен үдеп жүруі; балалармен жасөспірімдердің жыныстың жетілуінің өсуі мен дамуының күрт жылдамдануы.

Планетаның магнит денесінің кернеуі төмендеген кезде жануарлардың көптеген түрінің денелерінің салмағы мен көлемінің ұлғаюы. Аккселерацияның ең айқын көрнісі ержеткен балалардың денесінің өздерінің ата-аналарының денесімен салыстырылғанда іріленуі. [1]

Ю. К. Бабанский акселерацияны балалардың денесі мен психикасының аса ерте дамуы деп анықтады.

Slide 4

Акселерация

Индивидуалды акселерация

Эпохалды акселерация

Slide 5

Индивидуалды акселерация

Индивидуалды акселерация дегеніміз аты айтып тұрғандай индивидуалды болады, ол тек бір немесе бірнеше балалар тобына байқалады.

Индивидуалды акселаттар өз қатарластарынан бойының ұзын болуымен, жыныстық жетілуінің ерте жүруімен және де тағы да басқа факторлармен ерекшеленеді.

Slide 6

Эпохалды акселерация

Эпохалды акселерация дегеніміз қазіргі заманғы балалардың бұрынғылармен салыстырғанда дамуының өзгеруі, яғни ерте дамуы.

Қазіргі заманғы балалар өздерінің бойларының сәл ұзын болуымен, дамуының ерте жүруімен және жыныстық жетілуінің ерте жүзеге асуымен ерекшеленеді.

Slide 7

Балалар мен жасөспірімдердің қан айналым ерекшеліктері

Жаңа туған нәресте бірінші рет тыныс алғанда, оның өкпесі жайылады, ондағы тамырлық қарсыласу бірден төмендейді, содан артериялық өзектің орнына, қан өкпеге келе бастайды, артериялық өзек қызметін тоқтатып, кейін 8-10 күннің ішінде ligamentum arteriosum-ға айнала бастайды.

Бірінші тыныс алған соң, қанның көптеп құйылуынан, сол жақ жүрекшенің қысымы артады, сопақша тесік қызметін тоқтатады және бітіп кетеді, сонымен қатар веналық өзек те, кіндіктік вена да, кіндіктік венаның соңғы бөлімдері де бітіп кетеді.

Жаңа туған нәрестенің жүрегі қарыншалардың жеткіліксіз дамуынан және салыстырмалы түрде жүрекше мөлшерінің үлкен болуынан, үлкен конус тәрізді, сопақ немесе шартәріздес формаға ие.

Тек 10-14 жасқа келгенде ғана жүректің пішіні ересек адамдікіндей түрге келеді.

Slide 8

Ұрықтың жүрегі: жүректің екі жартысы паралеллді жалғанған; өкпелік тамырлы арналар оқшауланған

Туылғаннан кейін оң және сол жақ жүрек байланыстары тізбекті болады, оған себеп, өкпелік қанайналымының дамуы және қолқа мен өкпелік артерияны жалғайтын, жүрекше аралық қалқадағы сопақша тесіктік және артериялық өзектік «шунттардың» жабылуы.

Slide 9

МИОКАРД

Жасы

Ерекшеліктері

Жаңа туған

Эмбриональды құрылым

2 жасқа дейін

Қарқынды өсуі және дифференциациясы

6-10 жас

Бұлшық ет талшықтарының және дәнекер тінінің қарқынды дамуы

10 жас

Түйіндік қайта құрылу. Ересектердің гистологиялық құрылымы

14-15 жас

Өткізгіштік жүйенің жетілуі

Slide 10

Балалар мен жасөспірімдердің және тыныс алу ерекшеліктері

Барлық ауа өткізу жолдары балаларда ересектерге қарағанда өлшемдері кішкентай және өтістері тар болып келеді.

Алғашқы жылдардағы балалардың морфологиялық ерекшеліктері:

Жұқа, жұмсақ, тез жарақатталатын құрғақ шырышты қабықшасы, бездері толық дамымаған, сурфактант аз бөлінеді, имммуноглобулин аз секреттелуі;

шырышасты негіздің бай қантамырлануы, эластикалық және дәнекер тіндік элементтердің аз болуы, көп бөлігін борпылдақ дәнекер тін алуы;

төменгі ауа жолдарының шеміршек сақиналарының жұмсақтығы, оларда және өкпеде эластикалық тіннің болмауы.

Бұл шырышты қабықшаның барьерлік қорғаныш қабілетін төмендетеді, сондықтан инфекциялық агенттердің оңай енуі жүреді.

Slide 11 Slide 12

Ағзаның және жеке тұлғаның конституционалды (жекетипологиялық) ерекшеліктері

«Темперамент», «мінез», «тұлға» - бұл ұғымдар бастапқыда күрделі ішкі диалектиканы қамтиды. Олар адамның жеке басын анықтайды - берілген адамды басқалардан ерекшелендіретін нәрсе, оны бірегей етеді. Алайда, әрбір ерекше қасиет басқа адамдармен ортақ нәрсені болжайды.

Темперамент- бұл адамның психикалық процестерінің динамикасында көрінетін жеке ерекшеліктері: реакцияларының жылдамдығы мен күшінде, оның өмірінің эмоционалды тонусында.

Темперамент келесі құбылыстарда көрінеді:

Адамның жалпы белсенділігінде;

Қозғалу ерекшелігі және сөздік қозғалу ерекшелігінде;

Эмоционалды процестер ерекшелігінде: эмоцияның туындау және өшу жылдамдығы, күші мен тереңдігі, эмоционалды аймақтың сапалық қасиеті, яғни кез келген эмоцияны бастан кешіру жылдамдығы және т. б.

Slide 13

Темперамент жайлы теорияларды үлкен үш топқа бөлуге болады:

Slide 14

Темпераментті дене бітімімен түсіндіруші конституционалды теориялар қатарына Э. Кречмер және У. Шелдонның еңбектері жатады.

1921 жылы Э. Кречмердің әйгілі «Дене бітімі және мінез» атты еңбегі жарық көрді. Оның негізгі идеясы белгілі типті адамдар белгілі психологиялық ерекшеліктерге ие. Адамдарды дене бітіміне байланысты Кречмер төрт конституционалды типке бөлді: лептосоматик, пикник, атлет, диспластик.

Slide 15

Э. Кречмердің теориясы Еуропада өте кең таралды, ал АҚШ-та В. Шелдонның өткен ғасырдың 40-жылдарында тұжырымдалған темперамент тұжырымдамасы танымал болды. Шелдонның көзқарастары сонымен қатар дене мен темперамент адамның бір-бірімен байланысты екі параметрі болып табылады деген болжамға негізделген.

Темпераменттің негізін эмбриологиялық тұрғыда түсіндіруге тырысты.


Ұқсас жұмыстар
Эпохальды акселерация
Акселерация және ретардация, реактивтілік және организмнің резистенттілігі
Мектеп оқулықтары мен балалар кітаптарына қойылатын гигиеналық талаптар, олардың балалар денсаулығына әсері. Балалар мен жасөспірімдердің өсуі мен дамуында, акселерация мен ретардацияның болуын түсіндіруші теориялар. Балалар мүсіндерінің дұрыс қалыптасуына әсер ететін факторлар
Мектеп жасындағы кезең
Баланың жүйке жүесіне өмір сүру жағдайының және тәрбиенің әсері
Дифференциалды психология ғылым ретінде
Тіл мен ойлау
Гүл күлтелері әдісі
Халықтың механикалық жылжуының көрсеткіштері
Экономикалық тепе-теңдік және экономикалық өсу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz