Гүлінің формуласы


Slide 1

Даражарнақтылар немесе лилиопсидтер класы (MONOCOTYLEDONAE, LILOPSIDE)

Орындаған: Өркен Айсулу БГ-11

Тексерген: Айнагулова Г. С

Slide 2

Желектілер қатарлар тобы (COROLLIFLORAE)

Slide 3

Гүлсерігі қарапайым, желектер түрінде болады. Көп жағдайда олардың шірнеліктері жақсы жетілген болып келеді. Тозаңдануы насекомдар арқылы жүреді. Ал тропикалық елдерде насекомдармен де, құстармен де тозаңданады.

Slide 4

Құртқашаштар тұқымдасы (IRIDACEAE)

Тұқымдасқа 80 туыс, 1800-дей түр жатады.

Тропиктерде, субтропиктерде және қоңыржай климатты облыстарда кең таралған өсімдіктер.

Жапырақтары қылыш тәрізді, жоғары қарай көтеріліп тұрады, сиректеу доға тәрізді иілген болып келеді.

Гүлсеріктері актиноморфты, сиректеу зигоморфты.

Аталықтарының саны 3.

Аналықтың мойны жоғарғы жағынан 3-ке бөлінген.

Жемісі - төменгі синкарпты қауашақ.

Гүлінің формуласы: *P3+3 A3G(3)

Slide 5

Лалагүлділер тұқымдасы (LILIACEAE)

Бұл тұқымдаста 470-тей түр бар (10 туыс) .

Дүниежүзінің барлық флорасында кездеседі.

Өмірлік формалары ағаштар, лианалар және жартылай лианалар, негізінен көпжылдық шөптесін өсімдіктер, мәңгі жасыл немесе жаздық жасыл және өте сирек біржылдықтар.

Жапырақтары әдетте азды-көпті етженді, сырты жылтырлау, шеттері тегіс, отырмалы болып келеді.

Жапырақтары кезектесіп орналасады.

Гүлсерігі қарапайым, күлте жапырақшалар түрінде берілген, актиноморфты, қос жынысты.

Гинецейі ценокарпты, сиректеу апокарптыға жақын.

Гүлтүйіні жоғары.

Жемісі қорапша немесе жидек болып келеді.

Дәнінің эндоспермі болады.

Slide 6

Асфоделалар тұқымдасы (ASPHODELACEAE)

Бұл тұқымдасқа 46-50 туыс, 1400-1500 дей түр жатады.

Шырыш туысы

Ланцет тәрізді ұзын жапырақтары топтасып жертаған түзетін өсімдік.

Алоэ туысы

250-дей түрі бар

Жапырағы өте жуан, етженді, қылыш тәрізді.

Гүлшоғыры өсімдіктің жоғарғы жағында шашақ түзеді.

Гүлдері қызғыштау-сары түсті, қоңырау формалы болып келеді.

Slide 7

Гиацинттер тұқымдасы (HYACINTHACEAE)

Бұл тұқымдасқа 40 туыс, 900-дей түр жатады.

Тұқымдастың өкілдері сырты көң тәрізді қабыршақтармен қапталған баданаларының болуымен сипатталады.

Фотосинтез жүретін жапырақтары жерге жақын орналасады.

Супияз туысы

Гүлдері қызыл, көпшілігінде көкшіл түсті болып келетін, орташа мөлшердегі немесе кішкентай өсімдіктер

Ургения туысы

Оның үлкен пиязшығында жүрекке әсер ететін глюкозид-сцилярин жиналады.

Гиацинт туысы

Туыста 30-дай түрі бар.

Құссүтіген туысы

Гүлшоғыры -шашақты, гүлдері ұзын сағақтың басында орналасады.

Тозаңдары ортаңғы бөлігімен бекінеді.

Slide 8

Жуалар тұқымдасы (ALLIACEAE)

Тұқымдаста 32 туыс және 750 түр бар.

Жуа туысы

Д\ж бойынша 400-дей түрі бар

Қазақстанда 109 түрі кездеседі.

Гүлшоғыры шатыр түзеді.

Жемісі - қорапша (қауашақ) .

Пияз қатпарлы, жуаның жапырағы трубка тәрізді, басында гүлі болатын, сабағының іші қуыс, үрленген болып келеді, гүлшоғыры шар тәрізді.

Slide 9

Агавалар тұқымдасы (AGAVACEAE)

Бұл тұқымдасқа 10 туыс, 400-дей түр жатады.

Талшықты және сәндік ағаштар, барлығының тамырсабағы болады.

Гүлдері үлкен гүлшоғырына - масақтарға және сыпырғыларға жиналады; қос жынысты, актиноморфты немесе аздап зигоморфты, гүлсерігі күлте жапырақшалардан тұрады.

Аталықтары екі шеңбер түзеді және олар жапырақшаларымен бірігіп кетеді.

Гүлтүйіні жоғарғы немесе төменгі, әдетте 3 ұялы, жатынының түзілуі орталық бұрыштамалы, тұқым бүршігі көп немесе біреу болып келеді.

Жемістері қауашақ және жидектер.

Гүл формуласы: *P3+3A3+3G(3)

Slide 10

Меруертгүлділер немесе ландыштар тұқымдасы (CONVALLARIACEAE)

Дүниежүзі бойынша 23 туысы, 230-дай түрлері бар.

Меруертгүл, мамыр ландышы

Биіктігі 15-30 см болатын көпжылдық шөптесін өсімдіктер.

Жіңішке, ұзын, тамырсабағы болады.

Жапырақтарының саны екеу болады, жапырақтары ұзын сағақты, сопақша-ланцет тәрізді, екі жүйкелі болып келеді және сабақты сыртынан түгелімен жауып тұрады.

Гүл беретін атпа сабағы ұзын болып келеді және біржақты орналасқан сирек шашақтан тұратын гүлшоғырымен аяқталады.

Гүлдерінің формуласы:*P(6) A6G(3)

Slide 11

Кірпішөптер тұқымдасы (RUSCACEAE)

Бұл тұқымдастың негізгі өкілінің бірі понтий кірпішөбі

Ол екіүйлі тамырсабақты бұта, бұтақтары параллель жүйкелері бар филлокладиларға айналған, дәрілік өсімдік.

Slide 12

Қасқыржемдер тұқымдасы (ASPARGACEAE)

Тұқымдаста 2 туыс және 300 түр бар.

Қасқыржем туысы

д/ж барлық құрлықтарының құрғақшылық болып тұратын облыстарында өсетін өсімдіктер.

Тек Америкада ғана кездеспейді.

Сабағы бұтақталған, онда формасы ине тәрізді болып келетін топтақан филлокладий жетіледі.

Ол редукцияға ұшыраған қабыршақ тәрізді жапырақтарының қолтығында орналасады.

Екі үйлі өсімдік, дара жынысты, гүлдері екеуден немесе көптен редукцияға ұшыраған жапырақтардың қолтығында жиналады.

Slide 13

Қабыршақты гүлдер қатарлар тобы (GLUMIFLORAE)

Slide 14

Табиғатта және халық шаруашылығында маңызы аса зор, жоғары деңгейде маманданған топ. Көптеген түрлері мен түрлерінің комплекстері щөлейттің, шалғынның, батпақты жерлердің, перийдің, саваннаның өсімдіктерінің негізін түзеді. Өмірлік формасында көпжылдық шөптесін өсімдіктері басым болып келеді. Оларға бұтақтанудың ерекше түрі, түптеніп өсу тән.

Slide 15

Қияқөлеңдер тұқымдасы (CYPERACEAE)

Түрлерінің жалпы саны 5600 (120 туыс) .


Ұқсас жұмыстар
Тұңғиық тұқымдастары ның түрлері
Гүл формуласы
Алқа тұқымдастар - кіріккенкүлтелі өсімдіктер
Алқа тұқымдастары
Асқабақ және орамжапырақ тұқымдастар
Асқабақтың аталық гүлі Асқабақтың аналық гүлі
Алабота тұқымдастары ( ( Chenopodium Chenopodium )
Күріштің гүлшоғыры
Көкнәр,алабота тұқымдастары
Көкнәр, алабота тұқымдастары. 6-сынып
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz