ЖОҒАРҒЫ САТЫДАҒЫ ӨСІМДІКТЕР


Slide 1

Жоғарғы сатыДАғы өсімдіктер

Орындаған: ӨРКЕН АЙСУЛУ БГ-11

ТЕКСЕРГЕН: Айнагулова Ғ. С.

Slide 2

Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің көпшілігінің денесі органдарға - тамырға, сабаққа және жапыраққа бөлінген болады. Бұл органдар жақсы жетілген ұлпалардан тұрады.

Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің өмірлік циклінде спорофиті мен гаметофитінің алмасып келуі айқын байқалады.

Жыныстық көбею органдары көп клеткалы. Аналық жыныс органы архегоний құмыра тәрізді болып келеді. Ол екі бөліктен - кеңейген түп жағынан және жоғарғы жіңішке мойнынан тұрады. Архегонийдің түп жағында жұмыртқа клеткасы жетіледі, ал оның мойны жұмыртқа клеткасы пісіп жетілген кезде жоғарғы жағынан ашылады. Аталық жыныс органы антеридий қапшық тәрізді болып келеді, оның ішінде көптеген сперматозоидтар пайда болады.

Slide 3

Жоғары сатыдағы өсімдіктер

Споралылар

Тұқымдылар

Ринниофиттер

Плаун тәрізділер

Мүк тәрізділер

Псилот тәрізділер

Қырықбуын тәрізділер

Папоротник тәрізділер

Ашық тұқымдылар

Жабық тұқымдылар

Slide 4

Ринниофиттер бөлімі (RHYNIOPHYTA)

Ринниофиттер бөліміне тек қазба түрінде ғана белгілі 2-3 туыс жатады.

Олардың өмірлік циклында спорофиті басым болып келеді.

2 кластан тұрады: риниопсидтер және зостерофиллопсидтер

Вегетативті денесі дихотомиялы бұтақтанған теломдардың системасынан тұрады. Теломның жер беті бөлігінің жалпы құрылысының өзіндік ерекшелігі болады. Бұл әлі өркенге жатпайды, өйткені теломның өстерінде жапырақтары болмайды.

Негізгі өсі айқын байқалады. Оның ортасын ксилема алып жатады, ал сыртын флоэма қоршап тұрады.

Ксилема тұтас цилиндр тәрізді немесе сәулелі болып келеді. Ол трахеидтерден тұрады.

Теломның шет жағы фотосинтез қызметін атқарады.

Slide 5 Slide 6

Псилот тәрізділер бөлімі (Psilotophyta)

Псилот тәрізділер бөліміне осы кездегі флорада кездесетін екі туыс жатады: псилот және тмезиптерис. Түрлерінің жалпы саны 4-6 дан аспайды.

Спорофиті эпифит ретінде ағаштардың діңінде, сиректеу жер бетінде өсетін шөптесін өсімдік. Теломының ұзындағы 5-40см.

Көп жағдайда төбесінен бұтақтанады. Қабық қабаты жақсы жетілген, ол фотосинтездің қызметін атқарады. Устьице аппараты қарапайым болып келеді. Жапырағы ұсақ, ұзындығы 1-5мм ден аспайды.

Жер асты бөлігі ризоидтары бар тамыр-сабақ түрінде берілген. Тамыры болмайды.

Гаметофиті қос жынысты, хлорофилі болмайды, радиальды симметриялы, дихотомиялы бұтақталған болып келеді

Slide 7 Slide 8

Мүк тәрізділер бөлімі (bryophyta)

Түрлерінің жалпы саны 35 мыңдай.

Мүк тәрізділердің өмірлік циклінде, басқа жоғарғы сатыдағы өсімдіктердегідей екі фазасының - спорофиті мен гаметофитінің алмасуы байқалады.

Гаметофит дегеніміз жапырақ тектес таллом немесе сабақтан және жапырақтан тұратын өсімдік. Тамырлары жоқ, олардың қызметін ризоидтары атқарады. Ал ризоидтар дегеніміз өсімдіктердің сыртқы клеткаларынан пайда болатын өсінділер.

Жыныстық көбею органдары көп клеткалы. Мүк тәрізділердің спорофиті споргон деп аталынады, ол гаметофитке бағынышты.

Кейбір қарапайым өкілдерінің вегетативтік денесі жере төселіп өсетін дихотомиялы бұтақтанған балдырлардың талломына ұқсас талломнан тұрады.

Мүк тәрізіділер дүнежүзінің барлық құрлықтарында кездеседі, бірақ таралуы әртүрлі, біркелкі емес.

Мүктәрізідлер үш класқа бөлінеді: антоцероттылар кл, бауыр мүктер кл, нағыз мүктер кл.

Slide 9 Slide 10

Бауыр мүктер класы (hepaticopsida)

Түрлерінің жалпы саны 10 мыңдай болады. Барлық жерлерде кездеседі. Бауыр мүктерінің вегетативті денесінің құрылысының қарапайымдылығы, олардың ерте пайда болғандығын көрсетеді.

Бауыр мүктері 2 кластармағынан тұрады: маршанциялар кластармағы, юнгерманиялар кластармағы.

Кластың негізігі бөлігі кәдімгі маршанция. Ол гаметофитінің ұзындығы 10-12 см болатын, дихотомиялы бұтақталған пластинка тәрізді талломнан тұрады. Таллом екі жағынан бірдей эпидермиспен қапталған.

Қолайлы жағдайда спорадан протонема жетіледі. Оның үстіңгі жағынан маршанцияның талломы өсіп шығады.

Вегетативті көбеюі, линза формалы, түсі жасыл болып келетін өнім бүршіктері арқылы жүзеге асады.

Маршанцияның түрлері табиғатта кеңінен таралған.

Slide 11 Slide 12

Нағыз мүктер класы (bryopsida) немесе (Musci)

Түрлерінің жалпы саны 25 мыңдай болады. Көптеген түрлері слтүстік ендіктің поляр шеңберіне жақын орналасқан елдерінде өседі.

Гаметофиті тік сабақтық өстен тұрады. Оның сыртын жапырақ тәрізді өсінділер жауып тұрады. Оларды шартты түрде жапырақ және сабақ деп айтуға болады.

Нағыз мүктер үш класс тармағынан тұрады: андреев мүктері кластармағы, шымтезек мүктері кластармағы, жасыл мүктер кластармағы.

Slide 13 Slide 14

Плаун тәрізділер бөлімі (lycopodiophyta )

Плаун тәрізділер өте ертеде пайда болған өсімдіктердің бірі. Олар эволюцияның ұсақ жапырақтылар линиясын түзеді.

Спорофитінің жер беті бұтақтары болады, оны ұсақ, кейде тіптен қабыршақ тәрізді жапырақтары қаптап жауып тұрады. Олар нашар дифференцияланған, 1-2 тарамдалған жүйкелері болады.

Буындары мен буынаралықтары нашар жетілген.

Спорофиттің жерасты бөлігі тамырсабақ түрінде берілген, одан көптеген қосалқы тамырлары кетеді.

Гаметофиттері жердің астында жетіледі, ұзындығы 2-20 мм ден аспайды, сапротрафты қоректенеді. Ұрықтануы сумен байланысты.

Бұл бөлім екі кластан тұрады: плаундар класы және полушниктер класы

Slide 15 Slide 16

Плаундар класы (lycopodiopsida)

Бұл класқа тең споралы плаун тәрізділер жатады.

Плаундар класы мынандай үш қатарға жіктеледі: астероксилондар қатары, плаундар қатары, протолепидодендрондар қатары.

Бұлардың біріншісі мен үшіншісі түгелдей жойылып кеткен өсімдіктер. Ал плаундар қатары ертеде жойылып кеткен фикустар тұқымдасынан және осы қатардың қазіргі кезге дейін жеткен плаундар тұқымдасынан тұрады.

Плаундардың сапрофиттері көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Сабағы мен тамырының камбиі болмайды. Жапырақтарының тілшелері болмайды. Спорларының мөлшері бірдей.

Гаметофиттері қос жынысты, 1-15 жылдың арасында пісіп жетіледі.

Көптеген түрлері жойылып кеткен.

Slide 17 Slide 18

Полушниктер класы (isoetopsida)

Спорофиттері, сабақтары екінші рет қалыңдайтын ағаштар, және аздап та болса екінші рет қалыңдау қабілетін жоғалтпаған көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Ағаш тәрізді түрлері түгелдей жойылып кеткен.

Жапырағының жоғарғы сабаққа қарай иілген жерінде. Кішкентай өсіндісі - тілшесі болады. Спораларының мөлшері әртүрлі. Гаметофиттері дара жынысты, бірнеше аптаның ішінде пісіп жетіледі.

Полушниктер класы үш қатардан тұрады: селагинеллалар қатары, лепидодендрондар қатары, полушниктер қатары.

Slide 19 Slide 20

Қырықбуын тәрізділер бөлімі (equisetopyta)


Ұқсас жұмыстар
Саңырауқұлақтарың морфологиясы
Жоғары сатыдағы өсімдіктер
Дара жарнақтылар класы
Жоғары сатыдағы споралы өсімдіктер
САҢЫРАУҚҰЛАҚТАР
Саңырауқұлақтар туралы
Өсімдіктер дүниесі
Жоғары сатыдағы саңырауқұлақтар
«Бір жасушалы балдырлар»
Жабық тұқымды өсімдіктер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz