Жоғары сатыдағы өсімдіктер




Презентация қосу
Орындаған: Өркен
Айсулу Бг-11

Тексерген: Абиев С.

Жоғары сатыдағы өсімдіктер.
Архегониялы өсімдіктер.
Мүктәрізділер.
Папоротниктәрізділер.
Жалаңаштұқымдылар: саговинктер,
кипатистер, қылқынжапырақтылар.
Жоғары сатыдағы өсімдіктер – өсімдіктер әлемінің негізгі екі
тобының бірі. Екінші тобы – төменгі сатыдағы өсімдіктер. Жоғары
сатыдағы өсімдіктерді ұрықты өсімдіктер (Embryobіonta, Emlryophyta),
Жоғары өркенді, жапырақ сабақты өсімдіктер (Cormophyta, Cormobіonta), түтікті
(теломды) өсімдіктер (Telomophyta, Telomobіonta) деп те атайды. Жер
сатыдағы шарында Жоғары сатыдағы өсімдіктердің 300 мыңдай түрі белгілі
өсімдіктер Жоғары сатыдағы өсімдіктерге: риниофиттер, мүктәрізділер,
плаунтәрізділер, қырықбуынтәрізділер, қырықжапырақтәрізділер, ашық
және жабық тұқымды (гүлді) өсімдіктер жатады.
Жоғары сатыдағы өсімдіктердің төменгі сатыдағы өсімдіктерден айырмашылығы
– құрылысы күрделі, көп клеткалы, қоршаған орта жағдайына бейімделген
организмдер. Жынысты (гаметофит) да, жыныссыз (спорофит) да көбейе алады.
Спорофиттерінде қозғалмайтын спора түзілетін көп клеткалы спорангийлер
дамиды, гаметофиттерінде көп клеткалы жыныс мүшелері дамиды, бірақ кейбір
ашық тұқымдыларда (гнетум, вельвичия туыстары) және барлық гүлді
өсімдіктерде эволюциялық даму жолында гаметангийлері жойылып кеткен.
Аналық гамета (жұмыртқа) біреу және ол қозғалмайды, зиготадан көп клеткалы
ұрық дамиды. Оның алғашқы даму кезеңі гаметофит ішінде өтеді. Жоғары
сатыдағы өсімдіктер дің спорофиті негізінен жапырақ, сабақ, тамырға бөлінеді.
Кейбір түрлерінде арнайы ксилема (әр түрлі клеткалардан құралған өткізгіш
ұлпа) және флоэма (органик. заттарды өткізетін түтікше-талшықты күрделі ұлпа)
дамиды, бірақ бұлар өсімдіктердің кейбір тобында жойылып кеткен. Кутикулалы
(сірқабық) эпидермисі (жабын ұлпасы), лептесіктері болады, көбінің стелалары
(өткізгіш жүйесіндегі арқау цилиндр) бар. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің арғы
тегі теңіз балдырлары деп есептелінеді. Олардың құрлыққа бейімделуінің
нәтижесінде, өздерін сумен қамтамасыз ететін, гаметангийларын кебуден
сақтайтын, жынысты жолмен көбейе алатын бейімді мүшелері пайда болған.
Сондықтан құрлықта өсіп-өнетін тұқымды өсімдіктердің жынысты көбеюінің
сумен байланысы болмайды. Ал Жоғары сатыдағы өсімдіктердің қарапайым
тобы қырықбуын, мүк және қырықжапырақтәрізділердің даму кезеңдері тек суда
өтетін болғандықтан, олардың сперматозоидтері, гаметофиттері сусыз қозғала
алмайды. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің ең ертедегі қазба қалдықтары силур
кезеңінен сақталған. Бұлардың көптеген түрлерінің медицинада, өндірісте
маңызы
Жоғары
сатыдағы
өсімдіктер

Тұқымды Споралы
өсімдіктер өсімдіктер

Ашық Жабық
тұқымды тұқымды
Архегоний (еже.гр. ἀρχή — басталу, γονή — ұрпақ) — мүк, қырыққұлақ
тәрізді плаун және жалаңаш тұқымды өсімдіктердің (кейде бұларды
архегонийлі өсімдіктер деп атайды) аналық тұқым клеткасы; мүктердің
сушырмауықтардың, қырықбуындардың, қырыққұлақтардың және
жалаңаштұқымдылардың көп жасушалы аналық жыныс мүшесі.
Оның пішіні шөлмек немесе қолба тәрізді төменгі кеңейген бөлігі құрсақ
жоғарғы тарылған жағы мойын. Құрсақта қозғалмайтын аналық гамета
жұмыртқа оның үстіңде құрсақ канал жасушалары орналасқан. Мойынның
ішінде мойын канал жасушалары орналасқан. Жұмыртқалар пісіп жетілуіне
дейін барлық канал жасушалары шырыштанады және төбесінде архегоний
Архегоний ашылады. Шырыш бойымен енуыз архегоний құрсағына еніп жұмыртқаны
ұрықтандырады.
Мүктердің архегонийлері топталып, өркеннің төбесінде немесе бүйірінде,
плаун, қырыққұлақ тәрізділерде — спорадан түзілген тұқымдық өскінде
(гаметофитте), ал жалаңаш тұқымдыларда (қарағай, шырша) — аналық
бүрлеріндегі тұқым бүршігі мен тұқымдық өскінде (эндоспермде) жетіледі.
Архегонийдің қабырғасы бір қатар клеткадан тұрады, мойны ұзын, құмыра
тәрізді болады. Кеңейген жерінде бір аналық тұқым клеткасы жетіледі де,
мойын тәрізді жіңішке келген жеріндегі клеткалар арнайы зат бөліп шығарып,
аталық тұқым клеткасының аналық тұқым клеткасына кедергісіз өтуіне
жағдай жасайды.[1]
Мүктәрізділер (лат. Bryophyta) — жоғары сатыдағы автотрофты
өсімдіктердің құрылысы қарапайым тобы. Қазба қалдықтары карбон
кезеңінен белгілі. Үштік және төрттік кезеңдерде Мүктәрізділер
құрлыққа тарап, ареалдары қалыптасты. Солтүстік жарты шардан
тропиктік, қоңыржай аймақтарға дейінгі пайда болған шымтезектердің
қалың қабаттарының қалыптасуы Мүктәрізділердің тіршілік әрекетіне
байланысты.
Мүктер жер бетiнiң барлық жерлерiнде кездеседi. Әсiресе ылғалы мол
жерлерде олар қалың болып өседi. Орманның батпақты жерлерiнде
мүктер жер бетiн тұтас жауып жатады. Мүктердi ағаштан салынған
Мүктәрізділер үйлердiң шатырынан, ағаш дiндерiнен, тастардың, жартастардың
бетiнен көремiз. Мүктi ағаштардың сынып түскен бұтақтарынан, тiптен
терең тұшы сулардың түбiнен кездестiруге болады. Климаты аса қатал
Артика мен Антарктиданың бiр қатар аудандарында жоғары сатыдағы
өсiмдiктерден тек мүктер ғана өседi. Мүктердi зерттейтiн ғылымды
Бриология деп атайды.
Мүктәрізділердің 3 класы
(Marchantіopsіda, Bryopsіda, Anthocerotopsіda), дүние жүзi бойынша
22000-нан 27000-ға дейiн түрлерi кездеседi. Қазақстанда 400-ге тарта
түрі анықталған.
Көпшілік түрлері көп жылдық, аздаған түрі ғана бір жылдық өсімдіктер. Мүк тәрiздiлер
аласа болып келетiн көпжылдық, сирек жағдайда бiржылдық өсiмдiктер. Мүктердiң биiктiгi
бiр миллиметiрден 70 сантиметрге дейiн жетедi. Мүктердiң құрылысы өте қарапайым
түрлер де болады. Бiрқатар мүктердiң жер бетi бөлiгi тармақталып төселiп өседi, оны
таллом деп атайды. Талломды мүктер көп клеткалы балдырларға ұқсас келедi. Мүктердiң
басым көпшiлiгiнiң сабағы мен жапырағы болады. Барлық мүктерде тамыр болмайды.
Тамырдың қызметiн ризоидтары атқарады. Ризоид — бiр немесе бiрнеше клеткалардан
тұратын жiңiшке жiп тәрiздi эпидермистiң өсiндiсi. Ризоид арқылы өсiмдiк топырақтан суды
және онда ерiген минералды затарды бойына сiңiредi.
Мүк сабағының сыртын бiр қатар клеткалардан тұратын қабықша жауып тұрады. Бұл
клеткалардың хлорофилдерi болмайды. Қабықшаның астында клеткалары хлоропластарға
толы, жақсы жетiлген фотосинтездеушi ұлпа орналасады. Өткiзгiш, тiрек, қор жинаушы
және жабын ұлпалары нашар жетiлген. Су мен минералды заттардың сабақ бойымен
тасмалдануы өткiзгiш ұлпалардың қатысуымен жүзеге асады.
Түсі – жасыл қоңыр, қызыл қоңыр. Белгілі бір затқа ризоидтары арқылы жабысып бекиді.
Құрамында хлорофилі бар. Даму циклінде автотрофты гаметофиттің үлесі басым.
Гаметофиттер ұзақ уақыт бойы дербес вегетативтік жолмен көбейіп таралады.
Гаметангиялары екі түрлі жолмен: аталық (антеридия) және аналық (архегония) жыныс
жасушалары жұптасып бір өсімдікте немесе бөлек екі өсімдікте пайда болады. Жыныстық
көбеюден пайда болған зиготадан спорофит өсіп шығып, онда жыныссыз көбею органдары
– спорогандар түзіледі. Соның ішінде споралар пісіп жетіліп, сыртқа шашылып, ауамен,
сумен таралады. Споралары гаплоидты, олардан гаметофит өсіп жетіледі.
Мүктәрізділердің табиғатта судың тепе-теңдігін сақтауда маңызы зор. Кейбір түрлері
(мысалы, сфагнум) антибиотик ретінде медицинада қолданылады. Сондай-ақ құрылысқа
қажетті престелген тақтайшалар жасауға, ауыл шаруашылығында, әсіресе, отын көзі
(шымтезек) ретінде пайдалынады. Өте сирек кездесетін түрлері: тықыр сфагнум, ірі
жапырақты пахифиссиденс, жатаған ортотрихум қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл
кітабына” енгізілген. [2]
Папоротник тәрізділер өзінің жас шамасы жағынан риниофиттерден, псилот тәрізділерден
және плаун тәрізділерден кейін тұрады. Олар шамамен қырықбуын тәрізділермен бір уақытта
пайда болған. Егерде риниофиттер түгелдей жойылып кеткен өсімдіктер болса, псилот
тәрізділер, плаун тәрізділер және қырықбуын тәрізділер қазіргі кездегі флорада аздаған ғана
түрлерімен белгілі. Ал папоротник тәрізділер бұрынғы геологиялық кезеңдерге қарағанда
бәсеңдеу болғанымен, өзінің шарықтап өсуін әлі де жалғастырып келеді. Қазіргі кезде
олардың түрлерінің саны 10 мыңнан астам. Папоротник тәрізділер жер бетінің барлық
жерлерінде таралған, олар тропикалық ормандардан және батпақтардан бастап, шөлді
аймақтарға дейін әртүрлі жерлерде кездеседі. Папоротник тәрізділердің алуан түрлілігі
жағынан, ылғалды тропикалық ормандар ерекше орын алады. Бұл жерлерде папоротниктер
топырақта ғана емес, сонымен бірге эпифит ретінде басқа ағаштардың діндерінде де өседі.
Құрылысы. Ертедегі папоротник тәрізділердің спорофиттері, діндері колона тәрізді

Папоротник
бұтақтанбайтын радиальды симметриялы ағаштар болған. Кейіндеу қоңыржай және салқын
континентальды климаттың әсерінен олардың геофиттік өмірге (жер астында өсуге)
бейімделген жаңа түрлері пайда болды. Олар өркендері қысқарған жерге жайылып өсетін

тәрізділер
дорзовентральды қосалқы тамырлары бар шөптесін өсімдіктер. Қазіргі кездегі папоротник
тәрізділердің басым көпшілігі көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Папоротник тәрізділердің
басқа жоғарғы сатыдағы споралы өсімдіктерден айырмашылығы, олар эволюцияның үлкен
жапырақты линиясын (мегафилия) береді. Жапырақтары ұзақ уақыттар бойы төбесінен өседі.
Жапырақтары ұзақ уақыттар бойы төбесінен өседі. Мұның өзі жапырақтарды талломдардың
жалпайуының нәтижесінде пайда болған деп айтуға негіз болады. Сондықтан да оларды
вайялар деп жиі айтады. Көп жағдайда жапырақтар екі қызмет атқарады : фотосинтездік
және спора түзу. Кейбір түрлерінде жоғарғы вайялары спора түзуге, ал төменгілері
фотосинтезге маманданған болып келеді. Түрлерінің көпшілігі тең споралы, алайда әртүрлі
споралы түрлері де кездеседі. Гаметофиті көп жағдайда қос жынысты. Қоңыржай климатты
зоналарда өсетіндерінде ол жүрек тәрізді, тропикалық зонадағы түрлерінде жіп тәрізді,
немесе тармақталған пластинка тәрізді. Гаметофит ылғалды жерде өсуге бейімделген.
Ұрықтануы сумен байланысты. Гаметофиттері балдыр кезеңіндегі деңгейден өзгермей,
қалып қойған, сондықтан да, спорофит құрғақта өсетін өсімдік болғанымен, папоротник
тәрізділер құрлықты басып ала алмаған.
Маңызы. Папоротник тәрізділер көптеген өсімдіктер қауымдастығының әсіресе
тропикалық, субтропикалық және Солтүстік жалпақ жапырақты ормандардың негізгі
компоненттерінің бірі. Олар ашық және жабық грунттарда, сәндік бақтар өсіру үшін
ең қажетті өсімдіктер, сонымен бірге дәрі – дәрмек алуға таптырмайтын шикізат.
Классификациясы. Бөлім 7кластан тұрады : аневрофитопсидтер (Aneurophytopsida),
археоптеридопсидтер (Archaeopteridopsida), кладоксилопсидтер (Cladoxylopsida),
зигоптеридопсидтер (Zyqopteridopsida немесе Coenopteridopsida), офиоглосопсидтер
немесе ужовниктер (Оphioqlossopsida), мартиопсидтер (Marattiopsida),
полиподиопсидтер (Роlypodiopsida). Осы 7 кластың ішіндегі біздің флорада ең кең
таралғаны полиподиопсидтер класы.
Полиподиопсидтер класына 270туыс, 10000- дай түр жатады. Өмірлік формасы алуан
түрлі : ағаш тәрізді, лианалар, шөптесін эпифиттер (ылғалды тропикалық
ормандарда) көпжылдық тамырсабақты шөптесін өсімдіктер (қоңыржай және слқын
климатты зоналарда). Түрлерінің басым көпшілігі тең споралы, құрлықта өсетін
өсімдіктер. Қалғандары (120-дай түр) әртүрлі споралы және батпақты жерлерде
өсетін өсімдіктер.
Кластың жапырақты ормандардың ылғалды, көлеңкелі жерлерінде кең таралған
өкіліне еркек папоротник (щитовник мужской –Oryopieш Шіх – тазз) жатады. Ол
спорофитінің биіктігі 1 метрдей болатын көпжылдық шөптесін өсімдік. Сабағы жер
асты тамырсабағы түрінде берілген. Ол қысқа,жуан, қаралау – қоңыр түсті,
құрылысы айқын байқалатын дорсивентральды болып келеді. Мұндай
тамырсабақтар жас жапырақтармен қоршалған, өсу конусынан тұратын, төбе
бүршіктерімен аяқталады. Тамырсабақтың үстінде жапырақтардың сағақтары қаптап
тұрады, ал астыңғы жағынан қысқа қосалқы тамырлары кетіп жатады.
Ашық тұқымдылар , жалаңаш тұқымдылар (Cymospermae) –
тұқымы мен тұқым бүрі жеміс жапырақшасының үстінде ашық
жататын жоғары сатыдағы өсімдіктердің ежелгі тобы. Олар девон,
тас көмір, пермь кезеңдерінде пайда болған. А. т-дың 600-дей түрі
саговниктәрізділер Cycadophyta, гинкготәрізділер (qіnkgophyta),
қылқан жапырақтылар (Conіferophyta) және Qnetophyta
гнеттәрізділер немесе қабықты тұқымдылар (Qnetophуta) болып 4
топқа бірігеді. Қазақстанда 3 тұқымдасы, 6 туысына жататын 25 түрі
бар. Олар негізінен Қазақстанның таулы аймақтарына топтасқан. А.
Жалаңаштұқымдыла
т-дың түрлеріне Алтайдың самырсынды тайгасы, Тянь-Шаньның
р шырша және сирек аршалы ормандары жатады. А. т-ға жататын
өсімдік түрлерінің тұқым мен тұқым бүрі жабық тұқымдылардай
аналық керегесімен қапталмайды. Сонымен қатар олардың гүл серігі
мен трахеялары да болмайды, ал гүлдері дара жынысты, бір үйлі. А.
т. – ағаш тәрізді өсімдіктер (ағаштар, бұталар, шырмауықтар),
олардың ішінде шөптесін өсімдіктер мүлде кездеспейді. А. т-дың
ормандарда атқаратын рөлі ерекше. Олар су айналымын реттейді,
топырақты эрозиядан сақтайды. Кейбір түрлерінің (қарағай,
самырсын, шырша, т.б.) шаруашылыққа маңызы зор.
Қылқан жапырақтылар— сүректі ағаш және
бұта түрінде өсетін ашық тұқымды өсімдіктер
класы. Қазақстанда 2 тұқымдасы бар: қарағай
тұқымдасы— қарағай, балқарағай, шырша,
майқарағай және кипарис тұқымдасы— арша,
кипарис; мәңгі жасыл (қыста қылқаны түсіп
Қылқан қалатын балқарағайдан басқасы) өсімдіктер.
Тұқымы арқылы, кейде вегетативтік жолмен өніп-
жапырақтылар өседі. Жапырағы қылқанды, жіңішке, түкті не
қабыршақты болып біткен, сағақсыз, өркендері
қысқа, шоқтанып орналасқан. Мамыр—шілдеде
гүлдеп, шілде—тамызда жеміс береді. Қылқан
жапырақтардың сүрегінен құрылыс материалдары
жасалады, қағаз жасайтын үгінді, канифоль,
скипидар.[1]

Ұқсас жұмыстар
Дара жарнақтылар класы
Жоғары сатыдағы споралы өсімдіктер
Жоғары сатыдағы саңырауқұлақтар
ОРМАН ЖӘНЕ ӨСІМДІК РЕСУРСТАРЫ
Саңырауқұлақтардың көбеюі, морфологиясы, қоректенуі туралы ақпарат
«Бір жасушалы балдырлар»
Фитофтораның өмірлік циклы
Саңырауқұлақтарың морфологиясы
Өсімдіктер физиологиясы
Саңырауқұлақтар әлемі
Пәндер