Гүл формуласы



Қосжарнақтылар немесе магнолиопсидтер класы (Dicotyledoneae) (Magnoliopsida)
Орындаған: Өркен Айсулу БГ-11
Тексерген: Айнагулова Г. С

Көп жемістілер немесе магнолия тәрізділер қатарлар тобы (POLYCARPICAE, MAGNOLIIDAE)

Магнолиялар тұқымдасы (MAGNOLIACEAE)
Бұл тұқымдаста 200-ден аса түр бар (20туыс) . Олардың көпшілігі жойылып кеткен өсімдіктер
Гүлдері үлкен, әдетте өсімдіктің сабағының жоғарғы жағында орналасады, гүл серігі қарапайым немесе қосарланған болып келеді және шеңбердің бойымен орналасады.
Аталықтары мен аналықтары жеке-жеке тұрады, олардың сан мөлшері ерекше көп және спиральдың бойымен орналасады.
Жемістерінің дәні көп жағдайда үлкен болады. Олар таптамалардың жиынтығынан тұрады.

Тұңғиықтар тұқымдасы (NYMPHAEACEAE)
Түрлерінің жалпы саны 60 (4 туыс)
Шыққан жері тропиктер.
Гүлінің құрылысы алуан түрлі болады. Гүлсерігі қарапайым немесе қосарланған болып келеді, ал күлте жапырақшаларының саны орасан көп.
Гүлінің формуласы: *Са3-5Со3А6G3
Гүлдері аса үлкен, аздаған жағымды иісі болады.
Жемістері көп ұялы, үлкен, шар тәрізді, сыртының барлығын тігістер қаптап тұрады.

Бөріқарақaттар тұқымдасы (BERBERIDACEAE)
Бұл тұқымдасқа жер шарының екі бөлігінде де, әсіресе қоңыржай климатты елдерде кеңінен таралған 600 түр жатады.
Жапырақтары қарапайым немесе күрделі болып келеді.
Гүлдері циклды, оның мүшелерінің саны тұрақты болып келеді.
Гүл серігі нашар дифференциацияланған, оның екі ішкі шеңбері, шамасы аталықтардан пайда болған нектарниктерден тұрады.
Гүлінің формуласы: *Р3+3N3+3A3+3G1
Жемісі шырынды, сиректеу қауашақ немесе жаңғақша болып келеді.

Сарғалдақ тұқымдасы (RANUNCULACEAE)
Бұл тұқымдаста 2 мыңдай түр бар (45туыс) .
Негізгі өмірлік формасы - көпжылдық шөптесін өсімдіктер, Олар тамырсабақ және түйнек түрінде жердің астында қыстап шығады, сиректеу кішігірім бұталар мен лианалар.
Жапырақтырының жапырақ серігі болмайды, олар қарапайым тілімделген немесе терең қалақша тәрізді тілімделген болып келеді.
Гүлдері алуан түрлі - ациклды, гемициклды, циклды.
Жемістері көп жағдайда құрама - таптамалардың жиынтығынан, жаңғақшалардың жиынтығынан немесе қарапайым жидектәрізді болып келеді.

Раушангүлділер тектес желектілер қатарлар тобы (MELOPHYTA CHORIPETALAE)

Раушангүлділер тұқымдасы (ROSACEAE)
Түрлерінің саны 3 мыңдай (115 туыс) .
Өмірлік формалары - мәңгі жасыл ағаштардан шөптесін өсімдіктерге дейін болады.
Тұқымдастың басты ерекшелігі оның гинецейімен гүл табанының құрылысында.
Гүлдерінің гүл табаны конус тәрізді және гинецейі көп апокарпты немесе гүл табаны ойыс және гинецейі ценокарпты болып келеді.
Көп жағдайда жемістер піскен кезде гүл табаны ашық түске боялыпетженді және шырынды жағдайға келеді.
Төрт тұқымдас тармағына бөлінеді: тобылғылар, итмұрындар, алмалар, қараөріктер

Құлқайыр тұқымдасы (MALVACEAE)
15-мыңдай түрлері бар (82-90-дай туыс) .
Гүлдері үлкен жалғыздан жапырақтың қолтығында немесе ерекше бұтақтарында орналасады.
Гүлсерігі қосарланған болып келеді, одан басқа тотағанша асты жапырақшалары болады.
Андроцейі екі шеңбер түзіп орналасқан 10 аталықтан тұрады.
Гинецейі ценокарпты 5-жеміс жапырақшадан тұрады.
Жемістерінің көп жағдайда сыртқы қабы құрғақ: қорапша, қанатша, сиректеу шырынды болып келеді.
Жапырақтары тұтас немесе саусақ салалы.

Шатыргүлдер немесе сельдерей тұқымдасы (UMBELLFERAE, APIACEAE)
Тұқымдасқа 3 мыңнан асатам түр (300туыс) жатады.
Өмірлік формалары: негізінен көпжылдық шөптесін өсімдіктер, сиректеу бұталар мен жартылай бұталар.
Сабағының іші қуыс, биіктігі 4м, ал диаметрі 6см дейін барады.
Жапырақтары көп жағдайда кезектесіп орналасады, жапырақ қынапшасы және тілімделген тақтасы болады.
Гүлшоғыры күрделі шатыр, сиректеу жай шатыр немесе шоқпарбас.
Гүлінің формуласы: *Са(5-0) Со5А5G(2)
Жемісі көп жағдайда тұқымша.

Раушангүлділер тектес бір жабынды өсімдіктер қатарлар тобы (MELOPHYTA MONOCHLAMYDEAE)

Шамшаттар тұқымдасы (Fagaceae)
Тұқымдаста 900 түр (8-9 туыс) бар.
Мәңгі жасыл немесе жапырақтары қысқа қарай түсіп отыратын ағаштар мен бұталар.
Жапырақтары тұтас немесе қауырсында қалақты және кезектесіп орналасады.
Гүлдері ұсақ, көріксіз, даражынысты немесе қосжынысты, актиноморфты, дихазиялы, жиналып сырға, масақ немесе шоқпарбастар түзеді.
Аналық гүлді полюсқа қоршап тұраады.
Аталық гүлдің гүлсерігінің түп жағы біріккен болып келеді.

Қайындар тұқымдасы (BETULACEAE)
Тұқымдастың құрамында 130 түр бар (6 туыс) .
Гүлшоғыры - сырға тәрізді тирс, дара жынысты.
Гүлдері ұқсас, дұрыс және бұрыс гүлдер, көп жағдайда гүлсеріктері болмайды.
Жемісі тұқымша, қанатша түрінде болады.
Аталық және аналық гүлдері дихозияда 3-тен орналасып сырға түзеді.
Гүл формуласы: *Р0А0G(2) *Р2А2G0

Талдар тұқымдасы (SALICAECEAE)
Бұлар бұталар мен ағаштар.
Жапырақтары кезектесіп орналасады, жай жапырақтар.
Аталық және аналық гүлдері бөлек жетіледі, әдетте әртүрлі особьтарында.
Аталық гүлдерінде 2-ден 30-ға дейін, кейде оданда көп аталықтары болады.
Талдар тұқымдасына 400-дей түр жатады, олар үш туыстың құрамында кіреді: терек, тал, чозения.

Раушангүлділер тектес біріккен желектер қатарлар тобы (MELOPHYTASYMPETALAE)

Шырмауықтар тұқымдасы (CONVOLVULACEAE)
1500 дей түрлері бар (50 туыс) .
Жапырақтары мен сабақтары сүтті шырындарды бөліп шығаратын клеткалары болады.
Гүлдері 5-мүшелі, сиректеу 4-мүшелі, әдетте қос жынысты, гүл асты жапырақшалары болады.
Гүлдері жапырақ қлтықтарында 1-3 тен, дихазиялы немесе шоқпарбасты гүлшоғырында орналасады.
Гүл формуласы: *Са(5) Со(5) А5G(2) .
Жемістері қауашақ тәрізді.

Арамсояу тұқымдасы (CUSTUTACEAE)
Монотипті тұқымдас. Паразитті тіршілік етуіне байланысты вегетативтік органдары редукцияға ұшыраған.
Бұл тұқымдаста 170-тей түрі бар.
Жапырақтары қабыршақтарымен алмастырылған, тамырының оймақшасы жоқ, ерте өледі.
Гүлдері ұсақ, қызғылт, ақ, сары түсті болып келеді.
Гүлшоғыры дихазиялы шоқпарбас немесе қысқа масақ тәрізді.
Гүлінің формуласы: *Са5Со(5) А5G(2) .

Алқалар тұқымдасы (SOLANACEAE)
Алқалар тұқымдасының 2300-дей түрі бар (85 туыс) .
Сиректеу жартылай бұталар, кейде бұталар.
Сабақтарында биколлатералды өткізгіш шоқтары болады.
Гүлдері монохазий бұйра гүлшрғырына жиналған немесе жекелеген гүлден тұрады.
Жемісі шырынды немесе қорапша сиректеу сүйекті болып келеді.
Көптеген түрлері шаруашылықта көкөністік өсімдік ретінде қолданылады.

Ерінгүлділер немесе тауқалақайлар тұқымдасы (LABIATAE, LAMIACEAE)
Тұқымдасқа 4 мыңдай түр жатады (200-ден астам туыс) .
Көпжылдық және біржылдық шөптесін өсімдіктер, жартылай бұталар, сиректеу бұталар.
Жапырақтары кезектесіп орналасады.
Гүлшоғыры әртүрлі тирстен тұрады.
Гүлдері зигоморфты, көп жағдайда екі ерінді, сиректеу актиноморфты.
Гүлінің формуласы: Са(5) Со(2+3) А2+2G(2) .

Орталық тұқымды немесе қалампыр тектес бір жабынды өсімдіктер қатарлар тобы (CENTROSPERMAE MONOCHLAMYDEAE)

Қалақайлар тұқымдасы (URTICACEAE)
Түрлерінің жалпы саны 850-дей (45туыс) .
Кішігірім ағаш жартылай бұта және көпжылдық шөптесін өсімдіктер.
Гүлдері дара жынысты немесе қос жынысты, актиноморфты.
Гүлшоғыры -әртүрлі тирс.
Андроцейі 4 аталықтан тұрады.
Аналығы бір, екі жеміс жапырағынан түзілген.
Сүт жолдары болмайды.
Жемісі - жаңғақша.

Қалампырлар тұқымдасы (CARYOPHYLLACEAE)
Түрлері 2000-нан астам (80 туыс) .
Бұтақтануы дихазиялы, жапырақтары қарама-қарсы, сиректеу кездесіп орналасады.
Гүлдері дихазиялы немесе жалғыздан, актиноморфты, қос жынысты, сиректеу дара жынысты, бір үйлі, сиректеу екі үйлі.
Тостағанша жапырақшалары біріккен.
Тұқымбүрі көп.
Жемісі - жоғары лизокарпты қауашақ, немесе жоғарғы лизокарпты шырынды жеміс.

Алабұталар тұқымдасы (CHENOPODIACEAE)
Тұқымдасқа 1600-дей түр (105 туыс) жатады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz