ГҮЛ ҚҰРЫЛЫСЫ


Slide 1

Өсімдіктің генеративті мүшелері. Гүл құрылысы

Орындаған: Өркен Айсулу

Тексерген: Айнагулова Ғ. С.

Slide 2

Өсімдіктің генеративті мүшелері

Гүл

Тұқым

Жеміс

Slide 3

Гүл

ГҮл дегеніміз түрі өзгерген қысқарған өркен не болмаса өркеннің төбелік және бүйірлік түзуші үлпаларынан шығатын споралы, маманданған репродуктивті мүше. Ол микро- және мегаспоралар, гаметалар түзуге және айқас тозаңдануға бейімделген. Тозаңданудың және одан әрі жыныстық процестерінен кейін гүлде жеміс және тұқым пайда болады.

Гүл - гүл түғырынан, серігінен және жыныс мүшелерінен тұрады. Тостағанша және күлте екеуі гүл серігін құрайды. Гүлсерігі жай немесе күрделі болады. Күрделі гүл серігі тостағанша мен күлтеден тұрады. Тостағанша мен күлте біріккен және жеке жапырақшалар түрінде болады. Күле жапырақшалардың пішіні, мөлшері, түсі әртүрлі болады.

Slide 4 Slide 5

Гүл бөлімдері

Гүл серігі - гүлдің ұрықтануға қабілетсіз бөлігі. Ол қорғаныштық қызмет атқарады және сонымен бірле гүлді тозаңдыратын насекомдарды өзіне еліктіріп, шақырып тұрады. Гүл серігі түсінің бояуы әртүрлі болып келетін тостағанша және күлте жапырақшалардан тұратын болса, онда оны қосарланған гүлсерігі деп атайды. Ал егер гүлсерігі бір түске боялған болса, онда оны қарапайым гүлсерігіне жатқызады.

Тостағанша жапырақшалар - әдетте олар үлкен болмайтын жасыл жапырақшалар ашық түске боялған болып келеді. Бұл жағдайда олар күлте жапырақшалардың ролін арттырып, гүлді тозаңдандыратын насекомдарды өзіне көптеп еліктіреді. Көп жағдайда тстағанша жапырақшалар бір ғана шеңбер түзеді.

Күлте жапырақшалар - күлте жапырақшалар тостағанша жапырақшаларға қарағанда біршама үлкен және ашық түске боялған болып келеді. Күлте жапырақшалар бір-бірімен біріккен болуы мүмкін немесе бос күйінде қалып отырады. Соған байланысты күлте жапырақшалардың екі типі болады: жеке жапырақшалар, бірікке жапырақшалар.

Slide 6

Андроцей гинецей

Slide 7

Андроцей

Бұл бір гүлдегі аталықтардың жиынтығы. Андроцейдегі аталықтардың саны көп мөлшерде ауытқып отырады - бірден бірнеше жүзге дейін.

Аталықтары не жеке-жеке бос орналасқан немесе әртүрлі деңгейде біріккен болып келеді. Егер аталықтарың барлығы біріккен болса, онда оларды - екі ағайынды, ал егерде аталықтары бірнеше топ түзіп бірігетін болса - көп ағайынды аталықтар деп атайды.

Аталық тозаңқаптан және жіпшеден тұрады. Тозаңқап дәнекер арқылы бөлінген екі жартыдан тұрады. Әрбір жартысы ұзынынан тағы екіге бөлінеді, оның әрқайсысы тозаң ұясы - микроспорангий деп аталады, оларда аталық тозаңдар - микроспоралар түзіледі.

Тозаңқаптың әрбір жартысында эпидермистің астында археспорий ұлпасы дамиды. Археспорийден ішке қарай спорогенді клеткалар дамиды, ал сыртқа қарай эпидерма астында үш қабат пайда болады. Ол үш қабаттың ең сыртқысы эндотеций, ішкісі тапетум деп аталады.

Тозаңдар екі қабықшадан тұрады: сыртқы қалың қабық - экзина, онда көбінесе өсінділері болады және ішкі жұқа қабық - интина.

Тозаңқап аталық жіпшесі арқылы гүл тұғырына бекінеді. Жіпшелердің пішіні мен ұзыедығы әртүрлі болады.

Slide 8 Slide 9

Гинецей

Гүлдегі жеміс жапырақшаларының жиынтығы немесе аналықтардың жиынтығы. Ол бір немесе бірнеше жеміс жапырақшаларының шеттері тұтасып, бірігіп кетуінің нәтижесінде пайда болады. Гинецей аналық аузы, мойны және түйіні немесе жатыннан тұрады.

Аналық аузы - тозаңды қабылдайтын үстіңгі бөлім.

Аналық мойны - аналық аузының төменгі жағында орналасқан бөлігі.

Аналықтың жатыны - ең төменгі бөлімі, онда тұқым бүршіктері не болмаса мегаспорангийлер орналасады. Тұқым бүршігі нуцеллустен, интегументтен, тұқым тірсегінен микропиледен және ұрық қалтасынан тұрады. Ұрық қалтасы сегіз ядролы және жеті клеткалы құрылым, яғни жетілген аналық гаметофит болып табылады

Аналықта орналасуына, қабаттарының ерекшеліктері мен жетілуіне қарай тұқым бүршігі бес түрге бөлінеді:

Ортотропты - тұқымбүршігінің бөлімдері ешқайда ауытқымай, тік өседі де, микропиле мен тұқым тірсегі бір осьтің бойында орналасады.

Анатропты - 180 гр айналып кеткен, сондықтан микропиле кіндіктің жанына плацентаға қарап орналасқан.

Гемитропты - нуцеллиус интегументпен бірге плацентаға және тұқым тірсегіне 90 гр бұрылған

Кампилотропты - нуцеллиусы мен интегументі бір жаққа қисайып кеткен.

Амфитропты - нуцеллиустың формасы таға тәрізді болады.

Slide 10 Slide 11

Гүл шоқтары

Slide 12

Гүлшоғырлар

Моноподиальды

Симподиальды

монохазий

дихазий

плейхазий

Масақ

Собық

Шашақ

Сырға

Қалқанша

Сыпыртқы

Шатырша

Шоқпарбас

Күрделі шатыр

Себет

Күрделі қалқанша

Күрделі масақ

Гүлшоғырлар - гүлдерді қалыптастыратын өсімдіктердің түрі өзгерген өркендер жүйесінің бөлігі

Slide 13

Гүлшоғырлар

Монохазий - негізгі өсі гүлімен аяқталады, оның төменгі жағынан екінші реттегі жаңа өс пайда болады, ол да гүлмен аяқталады.

Дихазий - негізгі өсі гүлмен аяқталады, оның төменгі жағынан екі қарама-қарсы орналасқан жаңа өстер кетеді, олардың әрқайсысы гүлмен аяқталады.

Плейхазий - негізгі өсі бір гүлмен аяқталады, төменгі жағынан екіден көп қарама-қарсы немесе кезектесіп орналасқан.

Тирс деп негізгі өсі моноподиальды бұтақтанып гүлмен аяқталатын, ал бүйірлік өстері симподиаьды бұтақтанып гүлдер беретін аралас гүлшоғын айтады.

Slide 14

Сыпыртқы гүлшоғының төменгі бүйірлік гүл беретін өркендері жоғарыларына қарағанда жақсы дамып, күшті тармақталған.

Қалқанша гүлшоғының төменгі гүлдерінің сағағы жоғарғы гүлдерінің сағағына қарағанда ұзын.

Күрделі масақтың негізгі өсі моноподиальды бұтақтанып, бүйірлік тармақтар береді.

Күрделі шатырдың қысқарған негізгі өсінен, ұзындықтары бірдей екінші реттік өстер кетеді, ал олардың басында сағақтары қысқа болып келетін гүлдер орналасады.

Шашақ гүлдің өсінде орналасқан жеке гүлдердің сағақтарының ұзындықтары шамамен бірдей болады.

Масақ гүл негізгі өсте орналасқан гүлдердің сағақтары жоқ, отырмалы болып келеді.

Сырға гүл негізгі өсі жұмсақ, оған орналасқан гүлдердің сағақтары болмайтын, төмен салбырап тұратын масақ.

Собық гүл негізгі өсі қатты жалпайған, құрылысым жай масақ секілді, сыртын жамылғы деп аталатын бір немесе бірнеше орама жапырақтары жауып тұрады.

Шатыр гүлдің негізгі өсі қысқарған, оның жоғарғы жағынан ұзындықтары бірдей болып келетін гүлсағақтары кетеді

Шоқпарбас гүл негізгі өсі қысқарған және аздап етженді болып келетін, ал оның үстіңгі бетіне орналасқан көптеген жеке гүлдер не сағақсыз, отырмалы, не болмаса өте қысқарған сағақты болып келеді.

Себет гүл негізгі табақша тәрізді болып жалпайған, оның үстінгі бетінде шетінен ортасына қарай ашылатын, тығыз орналасқан отырмалы гүлдері болады.

Slide 15 Slide 16

Гүл формуласы мен диаграммасы

Slide 17

Гүл диаграммасы жазықтықта гүл бөлімдерінің өзара орналасуын бейнелейтін жоба кескін, яғни гүл бөлімдерінің пішінін, санын өзара бейнелеп көрсету: тостағанша жапырақшалары қырлы жақшамен, күлте жапырақшалары дөңгелек жақшамен, аталық пен аналық өздерінің көлденең қиындысымен кескінділеп көрсетіледі. Гүлдің біріккен бөлімдері сызықтармен қосылады.

Slide 18

Гүлдің құрылысын формула түрінде беруге болады. Формуланы жазған кезде мынадай белгілерді пайдалану қажет: тостағанша жапырақша - Са, күлте жапырақша - Со, аталықтары - А, аналықтары - G, қарапайым гүлсерігі - Р.

Алма

Бұршақ

Лилия

Қияр

Slide 19

Қосарлы ұрықтану

Slide 20

Қосарланып ұрықтануды 1898 ж орыс академигі, ғалымы С. Г. Навашин ашқан.

Қосарлы ұрықтанғаннан кейін зиготадан ұрық (2п), триплоидты клеткадан эндосперм, интегументтерден спермодерма, ал бүткіл тұқым бүршігінен дән пайда болады. Серіктік клеткалары мен антиподтары әріп кетеді, ал нуцеллиус ұрық түзілген кезде, қор заты ретінде пайдаланылады, сиректеу ол қор жинайтын ұлпаға - периспермге айналады.

Slide 21

Тұқым құрылысы

Slide 22

Тұқым дегеніміз тұқымды өсімдіктердің көбеюіне және таралуына арналған мүше.

Тұқым сырты жемісқаппен қапталған ұрықтан және қор жинайтын ұлпадан тұрады.

Өсуге қолайсыз жағдайда тұқым тыныштық қалпында топырақта ұзақ уақыт бойы жата беруі мүмкін. Қолайлы температурада және ылғал жеткілікті болған жағдайда тұқым бойына суды тартып, ауа жеткілікті мөлшерде келіп тұрса ісініп өседі.

Қор заттарының қай жерде жиналуына байланысты: эндоспермде, периспермде, ұрықта, эндоспермде және периспермде, эндоспермде және ұрықта тұқымның бес типі болады.

Дәннің сыртын біршама жұқа жарғақ қабат тығыз болып жауып тұрады. Оны дәннің ішкі бөлігінен ажырату қиын. Бұл дәннің қауызымен бірігіп кеткен жемісқап болып табылады. Дән бір тұқымды жеміс болып табылады. Оның ішінде кішкентай ұрық пен эндосперм болады. Ұрық алғашқы меристемадан тұрады, онда болашақ өсімдіктің вегетативтік органдарының бастамасы болады: ұрықтық тамырша тамыр оймақшасымен, тамырдың қынапшасы немесе колериаза, ұрықтық сабақша және бүршікше. Онда ұрықтық жапырақшалармен қоршалған сабақтың өсу конусы жақсы байқалады. Сыртқы жапырақша колеоптиле деп аталынады. Ол бүршікшені топырақ арқылы өткенде қорғап тұрады. Жалғыз тұқым жарнағы эндоспермге жанасып жатады, оны қалқанша деп атайды. Сабақшаның қалқаншаға қарама-қарсы жағында да эпибласт орналасады. Ол редукцияға ұшыраған екінші тұқым жарнағы болса керек. Эндоспермнің шет жағында алейрон дәндері деп аталынатын, белоктың түйіршіктерінен тұратын клеткалардың қатары болады. Бұл алейрон қабаты, оның астындағы клеткалар күрделі крахмал дәндерімен толтырылған болып келеді.

Slide 23 Slide 24

Жеміс түрлері, таралуы

Slide 25

Жеміс дегеніміз тұқымды қорғауға, ал кейбір жағдайларда оларды таратуға арналған мүше. Жеміс гүлден, ұрықтану процесінен кейін, ондағы жүретін өзгерістердің нәтижесінде пайда болады. Жемістің түзілуінде негізгі рольді гинецей атқарады. Кейбір өсімдіктер ұрықтану процесі жүрмесе де жеміс береді. Мұндай жемістерді партенокарпты деп атайды, олар әдетте дән байламайды. Жай жемістерден біріккен жемістің айырмашылығы сол, ол бір-бірімен біріккен, бірнеше гүлден, немесе түгелдей гүл шоғынан пайда болады.


Ұқсас жұмыстар
Гүлдің құрылысы
Гүл серігі
Гүлдер әлемі
Гүл және жеміс
Гү лдің құ рылысы меи диаграммасы
Тұқымның құрамы.Тұқымдардың алуантүрлілігі мен себу агротехникасы
Күрделігүлділер тұқымдастары
Гүл - гүлді өсімдіктердің көбею мүшесі
Қамысгүл Гладиолус Gladiolus
Гүлді өсімдіктер. Қызғалдақ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz