ЖАСЫЛ БАЛДЫРЛАР


Slide 1

Төменгі сатыдағы өсімдіктер

Орындаған: Өркен Айсулу Бг-11

Тексерген: Айнагулова Ғ. С

Slide 2

Төменгі сатыдағы өсімдіктердің вегетативті денесін таллом немесе слоевище деп атайды. Таллом бір клеткалы, калониялы, клеткаланбаған, көп клеткалы болады, бірақ ол ұлпаларға және органдарға бөлінбейді. Жыныстық жолмен көбею органдары - оогонилері және антеридилері бір клеткалы болады. Төменгі сатыдағы өсімдіктер органикалық заттармен де, минералдық заттармен де қоректене алады. Органикалық заттармен тек гетеротрофты организмдер, ал минералдық заттармен автотрофты организмдер қоректенеді.

Slide 3

Дробянкалар Бөлімі (Schizophyta)

Дробянкаларға жататын организмдердің мембранамен қоршалған ядросы болмайды. ДНҚ-сы щеңбердің ішінде жататын жалғыз ғана жіпше түзеді. Центриолдары және митодикалық жіпшелері болмайды. Клетканың бөлінуі былайша жүзеге асады. Клетка бөлінбес бұрын созылып жіңішкереді, содан соң біртіндеп теңдей екі бөлікке бөлінеді. Дробянкаларда пластидтер де, митохондрия да болмайды. Клетка қабықшасының негізін гликопептид муреин түзеді. Дробянкалардың әдетте талшықтары болмайды.

Slide 4 Slide 5

Көк-жасыл балдырлар бөлімі (cyanophyta)

Көк-жасыл балдырлар өте ертеде пайда болған өсімдіктер. Түрлерінің жалпы саны 1, 4 мың шамасында болады.

Бұлар негізінен колониялы және көп клеткалы, сиректеу бір клеткалы, түсі алуан түрлі болып келетін организмдер

Клетка қабықшасы негізінен пектинді заттардан тұрады және аздап шырышпен қапталған. Клетка қуысы цитоплазмамен толтырылған, ол екі қабаттан тұрады: қатты клеткақ қабықшасына жақын жатқан, мембраналар мен пигменттерден тұратын, көк жасыл түске боялған қабат хроматоплазмадан және ДНҚ-дан тұратын центроплазмадан.

Көк-жасыл балдырлар автотрофты жолмен қоректенеді. Алайда олардың көпшілігі шіріген қалдықтары мол ластанған суларда өмір сүретін болғандықтан миксотрофти қоректенуге қабілетті

Көк-жасыл балдырлар негізінен вегетативтік жолмен көбейеді.

Көк-жасыл балдырлар өте өзгергіш және сыртқы ортаның қолайсыз жағдайына тез бейімделеді.

Slide 6

Көк-жасыл балдырлар бөлінеді

Slide 7

Балдырлар

Slide 8

БАЛДЫРЛАР (ALGAE)

Балдырлар өсімдіктер дүниесінің ең ерте пайда болған тобы. Өздері пайда болған сулы ортаның жағдайының біркелкі тұрақты болып келуіне байланысты, балдырлар тұтастай бір геологиялық эпоханы басынан өткізген.

Балдырлардың көпшілігінде хлорофилл болады және автотрофты қоректенеді, бірақ олардың жасыл түсі басқа пигменттермен жабылып көрінбей тұратындары аз емес.

Талломы біркелкі, колониялы, клеткаланбаған және көп клеткалы болады.

Балдырларда көбеюдің вегетативтік, нағыз жыныссыз және жыныстық типтерінің барлығы болады.

Slide 9

Сары-жасыл балдырлар бөлімі (xanthophyta)

Бұл бөлімге 2, 5 мыңдай түр жатады.

Олардың талломы көп клеткалы жіп тәрізді, клеткаланбаған және т. б. болып келеді.

Олар негізі тұщы суларды, сиректеу тұзды суларды мекендейді.

Сары-жасыл балдырлардың клеткаларының қабықшалары протопектинді, целлюлозасы аз болады. Ядросы көп жағдайда біреу, тал клеткаланбаған түрлерінің ядросы көп болады. Хроматофорында хлорофиллден басқа, талломға сары-жасыл түс беретін каратиноидтар болады.

Вегетативті көбеюі клетканың екіге бөлінуі арқылы немесе талломдарының бөлшектері арқылы жүзеге асады.

Жыныстық процесі негізінен изогамиялы, сиректеу оогамиялы болып келеді.

Slide 10

Сары-жасыл балдырлар кластары

Slide 11

Диатомды балдырлар бөлімі (diatomophyta)

Түрлерінің жалпы саны 6 мың шамасында болады. Бұл микроскопиялық, өте ұсақ, бір клеткалы, кейде колония түзетін организмдер. Бұлар барлық жерде кездеседі.

Диатомды балдырлардың клеткасының пектинді қабықшасына, сырт жағынан кремнезем сіңеді де, қорғаныш қызмет атқаратын сауыт түзеді.

Клетка ішінде протопластпен вакуольдері орналасад. Ядросы біреу. Хроматофорасының түсі қоңыр, өйткені оның хлорофиллі қоңыр пигменттермен - каратиноидтармен және диатоминмен жабылып көрінбей тұрады.

Вегетативтік көбеюі протопластың митодикалық жолмен бөлінуінің нәтижесінде жүзеге асады

Жыныстық көбеюінің формасы алуан түрлі ұсаөтанған особьтар бір-бірімен жақындасады да жақтауларын тастап, шырышты сұйықтың ішіне енеді.

Slide 12

Диатомды балдырлар

Slide 13

Қоңыр балдырлар бөлімі (Phaeophyta)

Түрлерінің жалпы саны 1, 5 мыңдай болады

Қоңыр балдырлардың талломы көп клеткалы болады. Қарапайым түрлерінің талломы жіп тәрізді болып келеді және бір қатар клеткалардың тізбегінен тұрады.

Қоңыр балдырлардың клеткалары бір ядролы. Хроматофоры көп жағдайда диск тәрізді, көп болып келеді. Артық қор заттры ламинарин, маннит және шыны май тамшылары түрінде жиналады. Өмірінің ұзақтығы бірнеше жылға созылады.

Вегетативтік көбеюі талломның бірнеше бөліктерге үзілуі арқылы жүзеге асады.

Жыныссыз көбеюі көптеген екі талшықты зооспоралары, немесе қозғалмайтын тетраспоралары арқылы жүзеге асады.

Жыныстық процесі изогамиялы, гетерогамиялы және оогамиялы болып келеді.

Slide 14 Slide 15

Қызыл балдырлар бөлімі (Rhodophyta)

Қызыл балдырлардың түрлерінің жалпы саны 4 мыңдай болады.

Талломының өсуі диффузды немесе төбелік клеткалары арқылы жүзеге асады.

Қызыл балдырлардың клеткаларында хлорофилл, каротин және ксантофилден басқа тек осы балдырлар тобына тән қызыл фикоэритрин және көк фикоциан пигменттері болады.

Қызыл балдырлар вегетативтік, жыныссыз, жыныстық жолдармен көбейеді.

Вегетативтік жолмен өте сирек көбейеді. Көп жағдайда үзілген таллом өліп шіриді.

Жыныссыз көбеюі споралар арқылы жүзеге асады.

Жыныстық көбеюі оогамиялық жолмен жүзеге асады.

Slide 16

Қызыл балдырлар

Slide 17

Жасыл балдырлар бөлімі (Chlorophyta)

Түрлерінің жалпы саны 15 мыңдай.

Қозғалғыш организмдерді қозғалысқа келтіретін органдарына, олардың ұзындығы мен формасы бірдей болып келетін екі, сиректеу төрт талшығы жатады.

Клеткалары бір ядролы, кейде көп ядролы болуы мүмкін. Хроматофорларында көп жағдайда пигреноидтар болады. Пигменттеріне хлорофилл, картиноидтар жатады. Артық қор заттарына крахмал және шыны май заттары жатады.

Вегетативтік, жыныссыз және жынысты жолмен көбейеді.

Жыныстық процесі барлық түрлерінде белгілі және алуан түрлілігімен ерекшеленеді: изогамия, гетерогамия, оогамия, зигогамия.

Slide 18

ЖАСЫЛ БАЛДЫРЛАР БӨЛІНЕДІ

Slide 19

Қыналар

Slide 20

Қыналар бөлімі (Chlorophyta)


Ұқсас жұмыстар
Көк - жасыл балдырлар
Өсімдіктердің ұрпақ шығаруы және көбеюі, жолдары
“Төменгі сатыдағы өсімдіктер, балдырлар”
Эвгленалар, Диатомды, Пирафитті балдырлар
Өсімдіктер дүниесі
Көп жасушалы жасыл балдырлар
Топырақтағы мекендейтін микроорганизмдердің түрлері мен ролі
Өсімдіктерден биосутегін алу
Протерозой - ерте өмір дәуірі
НЕГІЗГІ ОБЛЫСТЫҚ КЛИМАТИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАРДЫҢ ӘСЕРІМЕН ЖҮЗЕГЕ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz