Білім беруге арналған оқулықтар мен оқу құралдарының оқушылардың жас ерекшелігіне сəйкестігі




Презентация қосу
Тақырыбы:«ҚР-дағы 12 жылдық
білім берудін қазіргі жағдайы»

Орындағандар: Жолшан Жібек, Андасбек
Айсұлу, Мұханбетова Айсұлу, Ефименко Аида,
Жандарбек Динара, Советкалиева Аружан
Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық
білім беруге көшудің қазіргі ерекшеліктері
12 жылдық білім берудің негізі адамның жеке тұлғалық қасиетін
қалыптастыру болып табылады. Адам тұлға болып тумайды, ол өмір сүру
барысында тəрбие арқылы қалыптасады. Тұлғалық туралы адам өзін-өзі
танып, өз өмірін өзі жасай бастағанда сөз ету керек. Білімді, шығармашыл,
бəсекелік қабілеті мол тұлға тəрбиелеу негізінде Қазақстан Республикасында
12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы жасалып отыр.
12 жылдық білім беру мазмұнының негізгі мақсаты — дамып келе жатқан
қоғамда өмір сүруге икемді, қоғам пайдасына қарай өзін-өзі толық жүзеге
асыруға дайын білімді, шығармашылыққа бейім, құзыретті жəне бəсекеге
қабілетті тұлғаны қалыптастыру.
12 жылдық білім беру ерекшелігі — білім беру парадигмасының өзгеруі,
яғни білім, білік, дағдыға негізделген білім беру мазмұнынан құзыреттілікке
негізделген білім беру мазмұнына ауысу.
Жалпы орта білімнің құрылымы балалардың психологиялық-физиологиялық
тұлғалық ерекшеліктеріне сəйкес болуы қажет. ТМД жəне шетел
ғалымдарының пікірінше де (физиологтар, психологтар, педагогтар), 12
жылдық білім берудің құрылымы оқыту жəне жас ерекшелігінің дамуына
сəйкестігін ескеру қажет деп қолдап отыр.
Жалпы 12 жылдық орта білімге көшу барысында мына
мəселелерге аса көңіл аударылып отыр:
1. Білім беруге арналған оқулықтар мен оқу құралдарының оқушылардың жас
ерекшелігіне сəйкестігі.
2. Мұғалімдердің білім беру барысында қолданатын əдіс-тəсілдерінің
оқушылармен жұмыстың тиімділігін арттыруға мүмкіндік туғызу жағдайы.
3. Бірінші сынып оқушыларына білім берудің ойын əрекетіне негізделіп,
біртіндеп оқу əрекетіне көшу талабының орындалуы, алты жасар баланың
ерекшеліктерін ескеру мүмкіндігі.
4. Оқушының ойы мен тілін дамытудың, олардың еркін сөйлеуін, пікір сайысына
қатысу деңгейін байқау.
5. Берілетін білімнің өмірмен, ұлттық салт-дəстүрлермен, жергілікті өлкетану
материалдарымен байланысын қамтамасыз ету мүмкіндігі.
6. Білім беру барысында мұғалімнің бақылау, тəжірибе əдістерін ұтымды
жерінде қолдана білу шеберлігі.
7. Сабақ мерзімінің 30–35 мин аспауы.
8. Мұғалімнің оқу-əдістемелік кешендерді пайдалану жəне оған талдау жасау
шеберлігі.
9. Мектеп басшылары мен қоғамдық ұйымдар тарапынан эксперименттік
сыныптар мұғалімдеріне көмек беру деңгейі.
12 жылдық білім беру жүйесінің
нәтижелі болуына басты себепкер -
білікті мұғалім. Себебі, оқушы
мұғалімнің айтқанымен шектелмей
ары қарай өзін-өзі алып кете алатын
деңгейге жету керек. Ол үшін әрбір
ұстаз оқушы талабын қанағаттандыра
отырып, кәсібиліктің биік шыңынан
көріне білген жағдайда, жүктелген
міндеттерді атқару жеңілге түседі.
Қанша жылғы білім жүйесін енгізіп,
қандай тәртіп орнатсақ та, білікті
мамандар мен талапты шәкірттер
қатары аз болған жағдайда кез-келген
жүйе ілгері баспайтыны анық.
Елімізде 12 жылдық білім беру жүйесіне көшудің алғашқы
сатылары 2011-2014 жылдары қолға алынған болатын. Осы
жылдардан бастап мектептерде оқулықтар жаңартылып, жаңа
стандартқа икемделе бастады. XXI ғасырдың зерек жастарына
жаңаша ойлау мен өзгеше жүйеде білім беру бүгінгі таңның
басты талабы екенін ескерсек, бұл өзгерістер толығымен қолдауға
ие болары сөзсіз.
Жаңа жүйенің басты мәнін
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың:
«Болашақта еңбек етіп, өмір
сүретіндер – бүгінгі мектеп
оқушылары. Мұғалім оларды
қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол
деңгейде болады. Сондықтан
жүктелетін міндет өте ауыр», -
деген сөзімен түйіндеуге
болады. Барлық оқыту бағдарламаларын
жаңартып, базаны жетілдіру,
ұстаздарды қайтадан даярлықтан
өткізіп, бағалаудың жаңа түрін
енгізу - маңызды қадамдардың
бірі. Ал, оның нақты нәтижиесін
жаңа білім беру жүйесіне
сатылап көшу арқылы біле
аламыз. Сондықтан да 2015
жылдан бері бұл жүйе бірінші,
бесінші, он бірінші сыныптарды
қамтыды.
12 жылдың білім беру жүйесіне өтпеген жағдайда біздің
білім беру жүйеміз төмендегідей талаптарды
қанағаттандыра алмаушы еді:

1. Жаңа кәсіби деңгейі жоғары мамандар.
2. Интеллектуалдық, шығармашылық қабілеті
бар шәкірт.
3. Шынай білімді бағалау жүйесі.
4. Дараланған оқыту технологиялары.
5. Креативті әдіс-тәсілдер.
Қорытынды
Қорыта келгенде, əр елдің білім беру жəне тəрбие саласында
өзіндік ерекшелігі мен артықшылығы, тіпті кемшілігі де
болады, осы себепті де біз Қазақстан Республикасындағы
оқушыға білім беру мен тəрбиені жан-жақты дамыту
мақсатында шетелдік 12 жылдық білім берудің тек оң жəне
тиімді жақтарын алуымыз қажет. Сонымен қатар білім
саласына өзгерістер енгізу үшін оны елдің тарихи дəстүріне,
мақсатына, өндірісі мен мəдениет сұранысына бейімдеу керек.
Назарларыңызға рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
Химия оқулықтарының тарихы
Оқыту әдістері мен құралжабдықтары
Электронды оқулықтың құрылымы
Сабақты мақсатты талдау
Функционалдық сауаттылықты дамыту
ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУДІҢ МӘНІ
Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды сабақта қолдану әдіснамасы
Жаратылыстану - математикалық бағыттағы
Негізгі интерактивті әдістер
Психикалық дамуы тежелген балалардың ауызша сөйлеу тілін дамыту
Пәндер