Білім беру ортасы түсінігінің анықтамасы


Slide 1

«Білім беру ортасы» түсінігінің анықтамасы

Орындаған: Әсембек Ажар Мейірханқызы

Тобы: ИЗО 8-1

Тексерген: Искакова Дарина Аркабаевна

Slide 2

«Білім беру ортасы»

Білім беру ортасын түсіну үшін, біз бұл феноменнің мағынасын ашуымыз керек. Кеңінен пайдаланылуына қарамастан «орта» түсінігінің ғылым әлемінде нақты анықтамасы жоқ. Жалпы мағынада «орта» түсінігі «қоршаған орта» деп қабылданады.

Slide 3

Д. Ж. Маркович ортаны адамның өмірлік іс-әрекеттері орындалатын табиғи және жасанды жағдайлардың бірігуі деп арықтады.

Адамның ортасын анықтауда Л. В. Максимова ортаны табиғи және әлеуметтік мінезді өзара байланыстағы бірқатар компоненттерден тұратын күрделі құрылым деп белгіледі.

Н. Б. Крылова «орта» деп - әлеуметтік-мәдени кеңістіктің бөлігін, білім беру жүйелерінің өзара байланыстар аймақтарын, процестердің субъекттерін белгіледі. Мұнда ортаның негізгі көрсеткіштері болып қарым-қатынастар, құндылықтар, белгілер, заттар және пәндер табылады.

Сөздіктерде «орта» деп адамды қоршаған әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар, заттық орта, сонымен бірге бұл жағдайлармен байланыстырылған адамдар қауымы белгіленеді.

Л. И. Божович ортаны «даму жылдамдығын, жаңа сапалы құрылымдардың пайда болуын қамтитын, дамудың ішкі және сырттай жағдайларының ерекше бірігуі» деп анықтады. Автордың ойынша, ортаға қосылған баланың уайымдарының, ортаға деген қатынасының мінезін түсіну өте маңызды. Ғалым баланың ортаға ғана қатынасын қамтымай, сонымен бірге сол ортада оның белсенділігін арттыратын, рухани-кеңістіктік және заттық-кеңістіктік бағыттарды дамытуды қажет дейді.

Slide 4

Білім беру ортасының өзіндік құрылымы бар, бірақ оның компоненттерін қарастыруда ғалымдар бір ғана бағытқа сүйенбейді.

«Білім беру ортасы» түсінігін бірқатар таяу және алыс шетел ғалымдары зерттеуде (В. И. Слободчиков, В. А. Петровский, Н. Б. Крылова, М. М. Князева және т. б. ) . Олар «білім беру ортасы» түсінігінің философиялық аспектілеріне, оны жобалау тәсілдері мен технологияларына назар аударған. Оқыту мен тәрбиелеу тәжірибесінде білім беру ортасын құру мәселелері О. С. Газманның, М. В. Клариннің, И. Д. Фруминнің, дамыта оқыту жүйесінің негізін қалаушылардың жұмыстарында қарастырылған (В. В. Давыдов және т. б. ) .

Кез-келген әлеуметтік-мәдени кеңістік шеңберінде жеке тұлғаның ретсіз немесе түрлі деңгейде ұйымдастырылған даму процесінің іске асырылуы білім беру ортасы болып табылады.

Психологиялық тұрғыдан Л. С. Выготский, П. Я. Гальперин, В. В. Давыдов, Л. В. Занков, А. Н. Леонтьев, Д. Б. Эльконин және т. б. пікірінше, білім беру ортасы - дамыта оқыту іске асырылатын, нақты түрде реттелген білім беру кеңістігі. Бала қабілеттірек болады, егер әлеуметтік-заттық ортада өзінің әрекеттерін үнемі жетілдіруге мүмкіндігі болса.

Н. Е. Щуркова ортаны зерттеуде пәндік-кеңістік, іс-әрекеттік, жағдаяттық және мәліметтік-мәдени кеңістік атты компоненттерді бөліп қарастырды.

Л. Н. Седова жеке тұлғаның қалыптасу процесі үшін дамыта білім беру ортасы маңыздылығының негізгі үш параметрін қарастырды: мақсат қою; дамыта білім беру ортасын педагогикалық құбылыс ретінде түсіну; педагогикалық ғылым тұрғысынан дамыта білім беру ортасын қарастыруда танымдық белсенділікті қалыптастыруда нәтижелі әдістер мен тәсілдерді іздеу.

С. Л. Новоселова ортаны, баланың рухани және физикалық бейнесінің мазмұнын модельдейтін, іс-әрекетінің материалдық нысаналарының жүйесі ретінде анықтайды.

Slide 5

Е. В. Коротаева бойынша «ортаның әрбір компонентінің эмоционалды-дамытушы әсері болуы керек». Ол компоненттердің эмоционалды-дамытушылық мінезділігін қамтитын шарттарды бөліп көрсетті:

- біріккен іс-әрекетке қатысушылар арасындағы байланыс;

- күн тәртібінің сәттері;

- бөлменің, кеңістіктің сырт көрінісі;

- сабақтарға эвристикалық жаттығуларды қосу.

Жиі білім беру ортасы екі көрсеткіштермен мінезделінеді:

- ресурстық мүмкіндіктермен;

- ұйымдастыру тәсілдерімен.

Білім беру ортасы білім алушылардың жеке тұлғалық және мәдени

өсуіне әсер етеді, егер «орнатылған әлеуметтік-мәдени мазмұн білім берудің мазмұнына ауысса, яғни өзіндік білім беру ортасына» (В. С. Слободчиков) .

Сонымен, ғалымдардың ойынша, білім беру беру ортасы дегеніміз, білім алу субъекттері өзара байланысқа түсу процесінде нақтылайтын білім беру процесінің және тұлғааралық қатынастардың материалдық факторларының жиынтығы. Бірақ, өзгерудегі жағдайларға адекватты, жаңа педагогикалық технологиялар негізінде инновациялық инклюзивті тәртіп бойынша жұмыс істейтін заманауи жалпыға білім беру мектебіне, әр оқушының білім алудағы ерекше қажеттіліктеріне сәйкес келетін, білім беру ортасы қажет. Әр балаға жынысына, ұлтына және діни ұстанымдарына, денсаулық жағдайына, даму деңгейіне, ата-анасының әлеуметтік-экономикалық статусына және басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, білім алу кеңістігіне қосылуға жағдай жасалуы керек. Инклюзияның басты шарты - мектептің балаға бейімделуі, керісінше емес, бұл жағдай қалыпты балалардан тұратын оқушылардың негізгі контингентіне жағымды әсер етеді: балалар білім алуда ерекше қажеттіліктері бар сыныптастарын сыйлау мен бағалауға үйренеді; көмек беру арқылы өмірдің түрлілігін қабылдап, «біз әртүрліміз, бірақ тең құқылымыз» атты толерантты кеңістікте қалыптасады.

Slide 6

Инклюзивті мектепте білім беру ортасын заман талаптарына сай модельдеу мәселесі бүгінгі күнде аса маңызды мәселелердің бірі.

В. А. Ясвиннің ойынша, жеке тұлғаның психологиялық мінездемесі (А. Маслоу бойынша), «педагогтар қолынан шығарылатын», «сапалы затты» модельдеу мен жобалаудың нақты нысанасы болуы мүмкін:

- қоршаған ортаны белсенді қабылдау және онда жақсы бағдарлай алу;

- өзін және басқа адамдарды ерекшеліктеріне сай қабылдау;

- өз ой-пікірлерін және сезімдерін ашық білдіріп, іс-әрекеттерінде еркін болу;

- өзінің ішкі өміріне (сезімдері, уайымдары) ғана емес, «сыртта» болып жатқан жағдайларға назар аудару;

- көңілді, әзілкеш болу;

- дамыған шығармашылық қабілеттер;

- ережелерді қабылдай алу;

- тек өзімен ғана айналыспау, басқаларды да уайымдау;

- өмірді түсінуге ұмтылу;

- қоршаған адамдармен (барлығымен болмаса да) жақсы қарым-қатынаста болу;

- өмір сүруде жаңа, қызықты жолдар іздеуге ұмтылу.

Slide 7

В. А. Ясвиннің ойынша, мұндай білім беру ортасын ұйымдастырудың негізгі мақсаты - әр оқушы үшін дамуына жағымды жағдай жасау арқылы оқу процесін модельдеу. Білім беру ортасы балаға дамуындағы түрлі бағыттар бойынша (физикалық, интеллектуалдық, адамгершілік және т. б. ) жоғары нәтижелерге жетуге жағдай жасауы тиіс.

Білім беру ортасының кеңістіктік-заттық компонентін модельдеу мен ұйымдастыруға Я. А. Коменский «Ұлы дидактика» еңбегінде назар аударған. Ол оқу мекемесінің кеңістіктік-заттық ортасын қарастырғанда бала мектептің ғимаратының, отыратын сыныбы мен орнының және т. б. әдемі болуы, ұнауы туралы айтқан.

Мария Монтессори бірінші болып білім беру ортасының кеңістіктік-заттық моделі жекетұлғалық дамудың негізгі факторы екендігіне назар аударған. М. Монтессори білім беру ортасының кеңістіктік-заттық ұйымдастырылуын «дайындық ортасы» деп атаған. Инклюзивті білім беру ортасын модельдеуде ерекше қажеттіліктері бар балалардың келесі ерекшеліктеріне назар аудару керек:

- алғашқы бұзылыстың (кемістіктің) құрлымына;

- оның көрініс табуына;

- психофизикалық дамудың мінездемесі мен ерекшеліктеріне (сенсомоторлық, көру, сезу, есту, қимыл-қозғалыс, көру-кеңістік) ; екіншіден дамыту ортасының концепциясында құрастырылып, ұсынылған талаптарды ескеру; мұнда келесі принциптер ерекше маңызға ие болады:

Slide 8

Инклюзивті кеңістікке қосылған балалар контигентіне байланысты


Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық менеджмент нысандарының ерекшеліктері мен сипаттамасы
Психологиялық кеңес берудің тарихы және негізгі ұғымдары
Болашақ мұғалімдерді ақпараттық- компьютерлік және математикалық модельдеу негізінде кәсіби дайындау жүйесі
Оқытудың белсенді формасы мен әдістері
СТУДЕНТТЕРДІ САУЫҚТЫРУ ҮШІН ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ ҚҰРАЛДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ
Жоғары білім беру жүйесіндегі психология
Smart технологиялар. Заттар интернеті. Үлкен көлемді деректер. Блок Чейн технологиясы. Жасанды интеллект. Smart-қызметтерді пайдалану
Ақпараттық - коммуникациялық технологиялар
Мәдениет түсінігінің қалыптасу тарихы
Қазіргі заманғы сөздіктерде мәдениетке берілген анықтамалар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz