Декарт философиясы


Slide 1

«Тұран-Астана» университеті «Бизнес және ақпараттық технология» факультеті «Педагогика және психология» кафедрасы

Практикалық сабақтар бойынша 13-апта

Р. Декарт, Дж Локк және Б. Спинозаның психологиялық ілімдері

Орындаған: МН-ПП-20-1тобының

магистранты Айтымбетов М. С

Тексерген: КПН доцент Жиентаева Б. Ж

Slide 2

Рационализмнің негізін қалаушы - француз философы, ғалым-математик Рене Декарт (1596-1650) деп саналады. Декарттың философиядағы үлесі мынадай: 1. Дүниені танудағы ақыл-ойдың рөлін негіздеді; 2. Субстанция туралы ілімді ұсынды; 3. Танымның ғылыми әдісі және «туа біткен» идеялар теориясын ұсынды.

Болмыс пен таным негізінде ақыл-ой жатқанын Декарт былай дәлелдеді:

1. Дүниеде адамға түсініксіз заттар мен құбылыстар көп (мысалы: Құдай деген бар ма? Оның қажеті қандай? Әлемнің шеті-шегі бар ма? т. б. ) ;

2. Есесіне кез-келген құбылыс пен затқа күмәндеуға болады (дүние шынымен тіршілік ете ме? Күн шығып тұрғаны рас па? т. б. ) ;

3. Түсініксіз, анық емес заттармен, құбылыстармен салыстырғанда күмәндану нақты қасиет, шын процесс және дәлелді қажет етпейді;

4. Күмәндану - ойдың қасиеті, демек, күмәндана отырып адам ойлайды;

5. Шын тіршілік ететін адам ғана ойлай алады;

6. Ойлау - ақылдың жұмысы болғандықтан, болмыс пен тану негізінде ғана жата алады.

Осыған байланысты Декарт: «Мен ойлаймын (күмәнданамын), демек, мен тіршілік етемін» афоризмінің авторына айналды.

Декарт философиясы

Slide 3

Болмыс мәселесін зерттеу барысында Декарт болмыс мәнін сипаттайтын базалық, негіз болатын ұғымды табуға талпынды. Өз ізденістері нәтижесінде Декарт субстанция ұғымнын тұжырымдады. Субстанция - өз тіршілігі үшін өзінен басқаны қажетсінбейтінің бәрі. Ондай қасиетке (өз тіршілігі үшін басқаны қажетсінбеу) тек субстанция ғана ие және ондай субстанция Құдай ғана бола алады. Құдай мәңгі, құдіретті, жойылмайды және барлық нәрсенің себебі мен өзегі. Құдай өзі Субстанция, өзі Жаратушы болғандықтан субстанциялардан құралған дүниені жаратты. Жаратылған субстанцияларды Декарт екі текке жіктейді: 1. Материалды (заттар), 2. Рухани (идеялар) . Адам - өзі бойына екі бірдей субстанцияны (әрі материалды, әрі рухани) қатар біріктіретін тіршілік иесі, сондықтан ол табиғаттан жоғары көтеріле алады. Рационалистік - дедуктивті әдісті қолданумен қатар Декарт мынадай зерттеу тәсілдерін ұсынады: 1. Зерттеу барысында бастапқы қағидалар ретінде тек ақиқат, шын, ақылмен және логикамен дәлелденген, ешбір күдік туғызбайтын білімдерді ғана пайдалану; 2. Күрделі мәселені қарапайым бөлшектерге, бөліп қарастыру; 3. Белгілі және дәлелденген сұрақтардан белгісіз, дәлелденбеген сұрақтарға жүйелі түрде өту; 4. Зерттеудің жүйелілігін, логикалық тізбегін қатаң сақтап, сол тізбектегі бірде-бір зерттеу бөлшегін тысқары қалдырмау. Декарт туа біткен идеялар теориясын ұсынады: таным және дедукция арқылы алынатын білімдермен қатар, ешбір дәлелді қажет етпейтін ерекше, туа біткен идеялар болады. Ол ақиқаттар (аксиомалар) о бастан айқын және шын, олар Құдай ақылы мен адам ақылында әрдайым болған және болатын, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын білімдер.

Декарт философиясы

Slide 4

Бенедикт (Барух) Спиноза (1632-1677) - европалық рационализмнің көрнекті өкілі, Р. Декарт ілімін жалғастырушы, Жаңа Заманғы жетілдірілген, толық және негізделген философиялық жүйенің авторы.

Спинозаның философиялық зерттеулерінің пәні:

1. Субстанция мәселесі;

2. Таным теориясы;

3. Этика сұрақтары, бостандық және қажеттілік мәселелері.

Спинозаның философиядағы маңызды үлесі - болмыс мәні қарастырылатын субстанция теориясын жасауында. Негізіне Декарттың субстанция туралы теориясы алынғанымен, өзі онымен келіскенімен. Спиноза Декарттың теориясының кемшіліктерін жойын, өз жүйесін қалыптастыруға тырысты. Спиноза Декарттың субстанция туралы теориясының басты кемшілігі - оның дуализмінде деп санады. Ондағы қайшылық - өз тіршілігі үшін өзгені қажет етпейтін мән болғандарына қарамастан барлық субстанцияларды жаратқан. Жалғыз және Ең жоғарғы Ең ақиқат субстанция - Құдай болып, барлық басқа субстанциялар оған тікелей тәуелді болуында. Субстанциялардың өзара тәуелсіздігі мен олардың бәрінің бір мезгілде басқа субстанцияға - Құдайға жаппай, бірдей тәуелділігіне.

Спиноза танымның үш сатысын жіктеді. Олар:

1. Тікелей адам танымынан бастау алатын және ешбір сыртқы себептерге (сезім, тән, т. б. ) тәуелді болмайтын «таза түрдегі таным» - танымның жоғарғы түрі;

2. Ақиқаттағы төмен, ақыл әрекеті нәтижесінде логикалық операциялар қалыптасқан таным;


Ұқсас жұмыстар
Декарт философия
Жаңа дәуір философиясы
Р. Декарттың ғылыми философиялық методологиясы
Ортақ идея
Ежелгі Қытай философиясының ерекшеліктері
Жаңа Заман мәдениетіндегі батыс еуропалық философия
Философиядағы адам мәселесі
Готфрид Вильгельм Лейбниц өмірбаяны
Жаңа дәуірдегі психологияның дамуы
XVII - XVIII ғасырлардағы ағылшын философиясының жалпы сипаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz