Қазақстан халқы ассамблеясы этникааралық келісімнің бірегей институты ретінде




Презентация қосу
«Қазақстан халқы
ассамблеясы
этникааралық келісімнің
бірегей институты
ретінде»

Орындаған:Кайдашева Дания
Тобы: Ср 21
Тексерген:Омарова Айжан
Кахармановна
Қазақстан халқы
Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы — 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан
Республикасының Президентінің Жарлығымен құрылған Мемлекет басшысы
жанындағы консультативті-кеңесші орган.Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев
Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы
Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші
форумында жариялады. Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси
тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты,
поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді.
Аталған бастама мәдениет аралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің
негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары
деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт
болып табылды. Жиырма жылдық тарихында Ассамблея қарқынды дамып,
елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Оның дамуы барысында Н.Назарбаевтың
этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі
қалыптасты. Осы жылдар ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының
институционалдық құрылымы нығайып, қоғамды ұйыстырушы әлеуеті
толысты, ол халық дипломатиясының маңызды күретамырына айналды.
Бүгінде Ассамблея ел Президенті Төрағалық ететін конституциялық орган
болып табылады. Бұл оның ерекше мәртебесін айқындайды.
Ассамблеяның
қызметі

Бұл бірегей институт еліміздегі
барлық этнос өкілдерін ортақ
мақсатқа ұйыстыра отырып,
республикадағы тұрақтылықты
сақтау мен ел дамуының мақсатына
айтулы үлес қосып келеді.

Ассамблея қызметінің арқасында
Қазақстанда этностық немесе діни
ерекшелігіне қарамастан әрбір
азаматтың Конституциямен
кепілдік берілген азаматтық
құқықтары мен еркіндігі толығымен
қолданылатын этносаралық және
конфессияаралық келісімнің
айрықша үлгісі қалыптасты.
Қазақстанның көпэтностық бай
кеңістігінде сенім, келісім мен
өзара түсіністік үлгісі орнады.
Ассамблеяның
негізгі міндеттері

1) этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік органдармен және азаматтық
қоғам институттарымен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, қоғамда
этносаралық келісімді және толеранттықты одан әрі нығайту үшін қолайлы
жағдайлар жасау;

2) халық бірлігін нығайту, қазақстандық қоғамның негіз қалаушы құндылықтары
бойынша қоғамдық келісімді қолдау және дамыту;

3) қоғамдағы экстремизмнің және радикализмнің көріністері мен адамның және
азаматтың құқықтары мен бостандықтарына қысым жасауға бағытталған
әрекеттерге қарсы тұруда мемлекеттік органдарға жәрдемдесу;

4) азаматтардың демократиялық нормаларға сүйенетін саяси-құқықтық мәдениетін
қалыптастыру;

5) Ассамблеяның мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу үшін этномәдени және өзге
де қоғамдық бірлестіктердің күш-жігерін біріктіруді қамтамасыз ету;

6) Қазақстан халқының ұлттық мәдениетін, тілдері мен дәстүрлерін өркендету,
сақтау және дамыту болып табылады.
Ассамблеяға мүшелікке кандидатуралар облыстардың этномәдени
және өзге де қоғамдық бірлестіктерінің ұсыныстары негізінде
облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)
ассамблеялары сессияларының шешімі бойынша, сондай ақ

республикалық, өңірлік этномәдени және өзге де қоғамдық
бірлестіктердің жоғары органдарының шешімі бойынша ұсынылады.

Еліміздегі барлық этностың басын біріктіретін бірегей құрылым
тұрақтылықты сақтап, республиканың ілгерілей дамуы үшін маңызды
роль атқарды. Қазақстан халқы Ассамблеясы бүкіл әлемге
Қазақстанның этносаралық қатынастар саласында жүргізіп отырған
саясатының табысты екенін паш етіп келеді.
Ассамблея тарихында 15 сессия өткізіліп, онда қоғам өмірінің
маңызды мәселелері мен мемлекет дамуының негізгі бағыттар
талқыланды.

Бүгінде республикада Қазақстан этностарының мәдениеттері,
тілдері, дәстүрлерінің дамуына қажетті барлық жағдай
жасалған. Этномәдени бірлестіктердің өзінің саны тұрақты
өсуде, қазір олар 800-ден асады, оның ішінде 28-і
республикалық.

15 тілде газет-журнал, 8 тілде радиобағдарламалар 7 тілде
телебағдарламалар шығады. Білім беру толықтай өзбек,
тәжік, ұйғыр және украин тілдерінде жүргізілетін 88 мектеп
жұмыс істейді. 108 мектепте 22 этностың тілі жеке пән
ретінде жүргізіледі. Осымен қатар, балалардан басқа
үлкендер де 30 этнос тілдерін оқуға мүмкіндік алған 195 этно-
білім беру кешендері, жексенбілік және лингвистикалық
мектептер ашылды. Қазақ және орыс театрларын қоспағанда
елімізде тағы төрт ұлттық – өзбек, ұйғыр, кәріс және неміс
театрлары жұмыс істейді.
Әр жыл сайын Қазақстан
этностарының тілдерінде
бірнеше ондаған жаңа

кітаптар жарық көреді. Жыл
сайынға халықтық
мерекелер Наурыз, 1 мамыр
– Қазақстан халқының
бірлігі мерекесі, масленица,
сабантой дәстүрге айналды.

Ассамблея қызметі
этносаралық қатынастар
мәселелерін тиімді шешіп
келе жатқан ел ретінде
Қазақстан Республикасының
халықаралық беделінің
өсуіне ықпал етуде.
Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту жөніндегі
қазақстандық модельдің бірқатар артықшылығы қалыптасты.
Біріншіден, еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың
көреген саясатының арқасында адамдардың этникалық және діни
наным-сенімінің әртүрлігіне қарамастан, азаматтық құқықтың тең

болуын қамтамасыз ету тетіктері құрылып, жетілдірілуде.
Екіншіден, қазақстандық этностардың өз мүддесін білдіруі және іске
асыруы жоғары мемлекеттік деңгейде жүзеге асырылады –
Ассамблеяның Төрағасы еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы.
Ассамблеяның жоғары органы – Сессияның шешімдерін барлық
мемлекеттік орган қарауға міндетті.
Үшіншіден, еліміздегі Парламентте этностар мүдделерін кепілді түрде
қорғау үшін Ассамблея Мәжілістің 9 депутатын сайлайды.
Төртіншіден, жалпы азаматтық қағидаттарға, жалпы рухани-мәдени
құндылықтар мен жалпыұлттық тарихи санаға негізделген құндылық
негізі қалыптасты.
Бесіншіден, Мемлекет Қазақстан халқының дәстүрлерін, тілдері мен
мәдениетін дамыту үшін барлық жағдай жасап, қолдау көрсетуде.
Алтыншыдан, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің
қазақстандық моделі азаматтық бастама және азаматтық қоғам
институттары мен мемлекеттің сындарлы диалогы негізінде дамуда.
Жетіншіден, Қазақстанның қағидатты ұстанымы – этникалық
мәселелерді саяси мақсатта пайдалануға жол бермеу.

Қазақстанда этносаралық қатынастар
саласында көпшілік мақұлдаған
нормалар енгізілді. Мемлекеттік
органдар мен азаматтық қоғам
институттары арасында тиімді өзара іс-
әрекеттер жүзеге асады.
Ассамблеяның алдына қойған
мақсаттары мен міндеттеріне қол
жеткізуде этномәдени бірлестіктердің
күш-жігері біріктіріліп отыр.
Ассамблеяның басты ерекшеліктерінің бірі этностық
топ өкілдері мүдделерін жоғары заң шығару

органында – ел Парламентінде білдіру болып
табылады. Конституцияға 2007 жылы енгізілген
өзгерістерге сәйкес Қазақстан Республикасы
Парламенті Мәжілісінің 9 депутатын Қазақстан халқы
Ассамблеясы сайлайды. Қазақстан халқы
Ассамблеясы сайлаған Парламент Мәжілісінің 9
депутаты, елдегі барлық этностардың мүддесін
білдіреді. Ассамблеядан сайланған депутаттар заң
шығарушылық процесіне белсенді қатысып, заң
шығарушылық бастамашылық құқығын жиі
пайдаланады. Этносаралық қатынастарға қатысты
қабылданатын барлық заң жобалары депутаттардың
тиісті сараптауынан өтеді.

Назарларыңызға
рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
ЭТНОСАРАЛЫҚ КЕЛІСІМНІҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҮЛГІСІ
Қазақстан Халқы Ассамблеясы саяси институт ретінде
Қазақ халқы ассамблеясы
Ассамблеяның негізгі міндеттері
Қазақстан халықтар ассамблеясына – 20 жыл!
Этносаралық келісім туралы ақпарат
Ассамблеяның ХХІ сессиясында
Этникааралық және конфессияаралық келісім
«Азаматтық, қазақстандық
Ассамблеяның мақсаты - Республикадағы оқиғаларға баға беру және саяси жағдайларды болжау
Пәндер