Сүт айырғыш сеператорлар




Презентация қосу
Тақырыбы:Сүт жәңе сүт өнімдерін механикалық
өңдеуге арналған жабдықтар,механикалық
қоспаларды ажырататын жабдықтар.

Алматы,2019ж
Жоспар
Кіріспе
1.Гетерогенді жүйелерді бөліп алуға арналған
жабдықтар;
2.Сүт айырғыш сеператорлар;
Қортынды
1. Сұйық әртекті орталарды бөлуге арналған аппараттар.
Сүзгіштер.
2. Топтастырылуы және конструкциялары мен қолданылуы.
3. Есептеу және пайдалану ерекшеліктері.
Сұйық әртекті орталарда – суспензиялар, эмульсияларды
сүзу, тұндыру және центрден тебу тәсілдеріменен бөлінеді.
Сұйық әртекті орталар физикалық құрамы бойынша келесі
түрлерге бөлінеді: суспензиялар - сұйық тұтас және онда
таралған қатты фазалардан тұратын болса, эмульсия – тұтас
сұйық және онымен араласпайтын бөгде сұйықтық тамшы
түріндегі құраушыларынан тұрады.
Мұндай әртекті орталарды тұндыру гравитациялық күш
өрісінде атқарылса, сүзу арнаулы бөгет арқасы, ал
центрифугаларда бөлу центрден тебу күш өрісінде жүреді.
Сұйық гетерогенді жүйенің бөлінуі елеулі дәрежеде қатты таралған
фаза түйіршіктерінің өлшемі мен концентрациясына, сонымен қатар тұтас
фазаның тұтқырлығы мен тығыздығына тәуелді болады. Түйіршіктердің
орташа өлшемдеріне байланысты ірі (100 мм үлкен), ұнтақ (0,5:100 мм),
қоқым (0,1:0,5 мкм) және коллоидтық (0,1 мкм дейінгі) деп түрленеді.
Коллоидтық өлшемдегі суспензиядан басқаларының барлығы да
гравитациялық күш өрісінде бөлінуге бейімді. Осыған орай жоғарыда
келтірілген сұйық әртекті орталарды бөлуге арналған жабдықтарды
тұндырғыштар, сүзгіштер және центрифугалар деп түрлендіреді.
Тұндыру машиналары мен аппараттары төмен өнімділігіне орай тым
тиімсіз. Сондықтанда біз сүзгіштер мен центрифугаларды қарастырамыз.
Сүзу жабдықтарының басты жұмысшы органы - кеуек бөгет және де
процесс барысында ол арқылы сұйық фазаны өткізіп, қатты фазаны оның
бетінде ұстап қалады. Мұндай аппараттарда кеуек сүзу бөгеті ретінде
матаны, сымтемірді және полимерлік торкаларды, қағазды, металл, шыны,
керамикалардан жасалған тегіс кеуек пластиналардан және т.б. пішіндегі
бөгде денелерді қолданады. Сонымен қатар сүзу бөгеті ретінде құм, шағыл
тас, көмір, ағаш жаңқасы және диотоммий түйіршіктерінің қабаттарын
қолданады.
Заманауи сүзу аппараттары түрлі белгілері
бойынша топтастырылады: жұмыс тәртібі бойынша –
мезгілді және үздіксіз әрекеттегі; сүзу бөгетінде
қысымдар айырмасын келтіру тәсіліне қарай –
вакуумде және қысымда жұмыс істейтін; сүзгілеу
бетінің пішіні бойынша – тегіс және қисық сызықты
сүзгіштер деп түрлендіреді. Қарастырылып отырған
сүзу аппараттарының әрбір түрі бірнеше
конструктивті орындалуда болуы мүмкін. 1-суретте
өндірісте қолданыс табу сипатына, қолданылу
тиімділігі мен конструктивтік ортақтылығын ескере
отырып сүзу аппараттарының топтастырылу схемасы
келтірілген.
1-сурет. Сүзу аппаратарының топтастырылу схемасы
Тегіс бетті сүзу бөгетті сүзгіштер. 1-корпус; 2- қыздырушы жейдеше; 3-сақиналы бөгет ; 4- түп; 5- сүзу

бөгеті; 6- тіректі тор; 7- тор; 8- қақпақ; 9- сығымды ауа келтеқұбыры; 10-суспензия келтеқұбыры сүзу

бөгеті; 11- фильтратты жіберу келтеқұбыры; 12- сақтандырғыш клапан.
3-сурет. Автоматтаныдырылған камералы пресс-сүзгіш (горизонтал камералы) 1-плиталар; 2- рамалар;

3- тіректік брус; 4- жылжымайтын плита; 5- жылжымалы плита; 6- гидравликалық жүйе; 7-суспензия
5-сурет. Вакуум-сүзіштер.
1-жетекші барабан; 2 — форсунка; З — вакуум-камера; 4- резеңкелі
таспа; 5- ағын; 6- керу барабаны ; 7- керуші роликтер; 8- сүзінді
жіберу коллекторы;9- шаю сұйығын жіберу коллекторы;10- тұнба
жинағы; 11-сүзілу матасы.
6-сурет. Таспалы вакуум-сүзігіш.
Химия өнеркәсіптерінде аралық, соңғы және қалдықты өнім ретінде
технологиялық процестегі сұйық әртекті орталар суспензиялар немесе
эмульсияларды құрамды бөліктерге бөлуге жатады. Мұндай ортаны сүзу
және центрифугаменен бөледі. Сирек бұл орталарды гравитциялық
әсермен бөледі.
Сүзгіштерді есептеу әдістемесі.
Сұйық әртекті орталарды сүзумен бөлуге арналған сүзу аппаратарын
технологиялық талаптарды қанағаттандырушы аппарат конструкциясын
қабылдау, типтік қатардан. Технологиялық есептеу әдістемесі сүзу
процесінің негізгі заңдылықтарын ескеретің сүзудің замануи теориясына
негізделеді.
Сүзу процесін іске асыру үшін сүзу бөгетінің екі тұсында қысымыдар
айырмасын (процестің қозғаушы күшін) қалыптастыру қажет. Бұл кезде сүзу
бөгеті бастапқы кедергі болып табылады да, оның бетінде тұтылып
қалыптасқан тұнба қабаты қосымша кедергі болып табылады. Соңғы кедергінің
басты құраушысы болып табылады. Сондықтанда сүзу процесі қысымдар
айырмасына тура пропорционал болғанымен, кеуек бөгетпен қалыптасқан
тұнба қабаты тарапынан туындаған кедергіге кері пропорционал.
Сүзу бөгетіндегі қосымша кедергі тұнбаның қалыңдығының өсуіменен
немесе тұнба түйіршіктерінің сүзу бөгетіндегі жұмысшы қиманы бітеумен
өседі, сондай-ақ бұл жағдайға осы факторлардың біріккен әсері де ықпал етуі
мүмкін. Қысымның орын алуы кедергінің өсуін бейілдейді, өйткені бұл кезде
қысым тұнба қабаты мен сүзу бөгетін сығылдайды да, тұнба қабатының
кеуектік құрамы мен бөгет қимасы пішінінің бұрмалауына алып келеді. Мұндай
жағдайда қимадан сүзгінің өтуі әлсірейді.
Сүзу бөгетінің кедергісі сұйық фазаның тұтқырлығыменен, оның жұмысшы
қимасының (кеуектің) өлшемі, пішіні және пішінінің бұрыстығымен
сипатталады. Бұл кедергі сүзу бөгеті материалының ісінуіменен, сұйық пен
қатты бөгет жүйесінің беттік керілуінің өзгеруменен, сұйықтың қабырға
сорбциялануымен, кеуек қабырғасында сұйықтың қозғалмайтын қабатының
орын алуыменен және сұйық электросматикалық ағыныменен сипатталады.
Сүт өндірісінде қолданылатын сепараторлар, өндірістегі жұмысына
байланысты келесі түрде жіктеледі:
- кілегей бөлетіндер (концентраттар);
- тазалайтын немесе сүт тазалайтын (кларификсаторлар);
- сепараторлар-нормализаторлар (бұл сепараторлар-стандартизаторлар сүт
майлығының түрін стандартқа келтіреді, мысалы 1,6-2,5%);
- сепараторлар-гомогенизаторлар (бұл сепараторлар-кларификсаторлар сүттен
ең ұсақ диаметрлі май шариктерін бөледі);
- сепараторлар-бактофугалар (бұл сепараторлар сүттегі бактерияларды бөледі
немесе сүтке механикалық түрде суық пастеризация жасайтын сепаратор;
- ақуыз, ұйытқы бөлетін сепараторлар (жұмсақ диетикалық ірімшік
шығарғанда қолданылады).
Әдетте, өндірісте сепараторлардың жіктелуі осымен шектеледі, бірақта
майлылығы жоғары кілегейді алатын сепараторларды кей авторлар жеке бөліп
көрсетеді, себебі сүт өнеркәсiп саласында ең маңызды май шайқау өндірісі
ерекше маңыздылықпен атап көрсетілген.
Барабанның конструкциясы бойынша келесі түрде ажыратады:
- ашық сепараторлар;
- жартылай жабық сепараторлар;
- жабық сепараторлар.
Тұнбаны түсіруіне сепараторлар келесі түрге жіктеленеді:
- тұнбаны қолмен түсіретін сепараторлар;
- тұнбаны ортадан тепкіш күш арқылы түсіретін сепараторлар немесе
өздігінен түсіретін сепараторлар.
Өз кезекте, өздігінен түсіретін сепараторлар келесі түрде жіктеледі:
- тұнбаны үздіксіз түсіретін сепараторлар;
- тұнбаны пульсті түсіретін сепараторлар.
Тұнбаны үздіксіз өздігінен түсіретін сепараторларына:
- бактофугалар және сүзбе сепараторлар.
Тұнбаны пульсті өздігінен түсіретін сепараторларына:
- кілегей бөлетін және сүт тазалайтын сепараторлар.
Сүт өндірісі зауыттарында сүтті тазалау қажетті операциялардың
бірі. Ондағы мақсат сүтті механикалық қоспалардан тазарту. Мұндай
өнімдер тағамдық өнімдерді бұзғанымен қоса микроорганизмнің өсуіне
қолайлы жағдай жасайды.
Сепаратор- кларификсатор сүт құрамындағы май түйіршіктерін ұнтақтайды,
сонымен қатар механикалық қосылыстардан тазартады. Бұл сепараторлар
герметикалы, тұнбаны қолмен түсіретін болып орындалады. Кілегей ажыратқыш
сепараторлардан айырмашылығы, бұндамай түйіршіктерін ұнтақтауға арналған
арнайы құрылғы орнатылады. Сепаратор – класификсатор ОКВ герметикалы,
комбинирленген конструкция болып орындалған. Сепаратор класификсатордың
негізгі жұмысшы бөліктері: барабан, станина, беріліс механизмі, қабылдап
ажыратқыш құрылғы,бақылау құрылғылары және арматура.
Барабан – барабан негізге орнатылған тарелке ұстағыш. Бұнда конусты
тарелкалар жиынтығы, бөлгіш тарелке, гомогенизаторлық тарелке, өңделген сүтті
шығаратын камерадан тұрады. Сыртынан барабан қақпақпен жабылады. Бұл қақпақ
барабан негізіне сақинамен тартылып бекітіледі. Резеңкелі төсем барабан жұмысы
кезінде қажетті герметикалығын қамтамасыз етеді. Центрдегі конусты саңылау
барабанының тік орналасқан ұршық білікке орналасуына қызмет етеді. Шойыннан
құйылған станинаға сепаратор – кларификсатордың түйіндері орналасады. Оның
конструкциясы майлы ваннаның пайда болуына әсер етеді. Пайда болған майды
шашырату арқылы винттер, ұштіректер майланады. Май деңгейі бақыланатын
терезеден бақыланып отырады. Майды ағызу үшін ағызатын тесікте тығын
орнатылады. Дербес фланецті электроқозғалтқыш станинаға бекітілген. Ол
барабанға білік арқылы фрикционды ортадан тепкіш жалғастырғыштан жылдам
айналатын винттерге беріледі.Барабанның айналуы тахометрмен реттелінеді.
Қортынды
Сүт өндірісінде пайдаланылатын сепараторлардың негізгі бөліктері:
сепараттау қондырғысы – барабан, бұнда эмульсиялардың фракцияларға
бөлінуі жүреді; шикізатты қабылдау және фракцияларға бөлінген өнімді
шығару қондырғысы; беріліс механизмі. Бұл баСепаратордың көлемдік
теориялық өнімділігі Н.Я. Лукьяновтың формуласы бойынша анықталады:
М т о = 2p w2z ga (R3б- Rм3) d2 (r1 - r2) / 54 m ,м3/с (11)
w - сепаратор барабаның бұрыштық жылдамдығы, рад /с;
z - тәрелкелер саны, дана;
a - тәрелкелердің көлбеулік бұрышы, 500 - 550 ( g500 = 1,192: g550 =1,428)
(Rб- Rм) – үлкен және кіші тәрелкелер айырмашылығы, м;
d – май шарларының диаметрі, м; (1,0 - 1,5 мкм, яғни 1.0 - 1,5 * 10-6м)
(r1 - r2) – фазалар тығыздықтарының айырмасы, кг/м3 ;
m- ортаның динамикалық тұтқырлығы, Па*с .рлық бөліктер станинада
орналасады.

Ұқсас жұмыстар
ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ СЕПЕРАТОРЛАРДЫҢ ЖҰМЫС АТҚАРУ ТИІМДІЛІГІ
Құрғақ сүт өнімдерін өндіру тнхнология сы және технологиялық сұлбасы
МАЙ ӨНДІРІСІ
Бүркіп кептіргіш
Табиғи және құрғақ сүт
Жасуша жапсарының патологиясы
Сүт және сүт өнімдері
Сүттің құрамы
Сиырдың шикі сүтіне және кілегейдің органолептикалық қасиеттеріне әсер ететін зоотехникалық және ветеринарлық факторлар
Желілік кабельдердің түрлері
Пәндер