Балалардағы аутизм


Slide 1

Балалардағы аутизм.

Slide 2

Жоспары:

Кіріспе

Негізгі бөлім

Балалардағы аутизм

Терминнің шығуы

Этиологиясы

Аутизм көрсеткіші

Клиникалык картина

Аутизмнің түрлері

Аутист балаларға арнайы көмек көрсету

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Slide 3

Кіріспе

Аутизм - (гр. autos - өзім) - адамның сыртқы дүниеден оқшауланып, өзімен-өзі болып, іштей сары уайымға салынған кездегі көңіл- күйі. Бұл терминді 1912 жылы Э. Блейлер адамның ішкі эмоциялық кажеттіліктерімен реттелетін және шынайы әрекеттерге тәуелділігі шамалы аффективтік саланың айрықша түрін белгілеу үшін енгізген. Аутист балалардың есте сақтау қабілеті жоғары болады. Математика және музыкадан дарынды, бірнеше тілдерді меңгеруі де мүмкін. Бірақ бұл қасиеттер әдеттегі жастан кейінірек байқалады. Сондықтан да бұндай балалар арнайы интернаттарда емес, кәдімгі жанр ортасында тәрбиеленуі қажет. [1]

Slide 4

Аутизм - бала дамуындағы ауытқушылықтың ауыр түрі, ол әлеуметтік ортамен қарым-қатынастың жоқтығын білдіреді. Симптом ретінде аутизм көптеген психикалық ауруларда кездеседі, бірақ кейбір жағдайларда ерте жастан байқалып, бала дамуына кері әсерін тигізеді. Бұл жағдайды ерте балалық аутизм (БЕА) синдромы дейді. Ол болса психикалық даму зақымдалуының бір нұсқасы ретінде қарастырылады. Сонымен қатар бала бойында аутизмнің кейбір клиникалық көріністері байқалса оны аутистикалық тұлғалық қасиеттер деп атайды. Нақты симптом ретінде 2-3 жасқа қарай қалыптасуы мүмкін.

Slide 5

Терминнің шығуы

Ең алғаш аутизм деген терминді 1912 жылы швейцар психиатрі Э. Блэхер ұсынған. Аутизм ауруын бірінші ашып зерттеген америка психиатрі Лео Каннер. Балалық аутизмі әр түрлі болады және зиятпен сөйлеу дамуының деңгейлері әр түрлі болады.

Slide 6

этиологиясы

Қазіргі уақытта аутизмнің нақты себептері анық зерттелмеген. Көп ғалымдардың деректері бойынша аутизммен ауырған балалардың себебі орталық жүйке жүйесінің бұзылуы салдарынан болады. Тұқым қуалаушылық фактордың әсері мол екенін көптеген зерттеушілер мойындайды. Сонымен бірге мидың органикалық зақымдалуы да аутист балаларда жиі кездеседі.

Тұқым қуалаушылық хромосомалық өзгерістер, зат алмасу өзгерістері, анасы жүкті және туу кезінде алған жарақаттар, нейроинфекциялар т. б. барлығы да жағымсыз әсер ету мүмкіндігі бар.

Slide 7

Аутизм көрсеткіші

Л. Каннер бойынша ерте балалық шақтағы аутизм синдромы келесі үш көрсеткішті біріктіреді:

аутистикалық уайымдар,

стеротипі,

үйреншікті,

бір қалыпты мінез-құлық, сөйлеу тілінде ерекше сипаттағы кемістіктер.

Slide 8

Л. Каннер аутизмді нақты психикалық дамудың бұзылуы деп тапқан және келесі көрсеткіштерін ажыратқан:

жалғыздықты жақсы көру

ешқашан адаммен көзбе-көз кездеспеу

мимикасының, дауысының, дыбысының ырғағының, жестарының болмауы

бағытының шарттары тұрақты болуына тырысуы бәрі біркелкі болып өзгермеуі керек

эмоциялық тұрғыдан ешкіммен араласпау

біркелкі қимылдарды қайталай береді

Аутист баланың сөйлеу процесі бұзылғандықтан, олардың 50 пайызында мутизм болады және эхолалия жиі болады.

Slide 9

Клиникалык картина

Аутист бала қоршаған ортаға, қоғамға мүлде қызықпайды. Тұрақты қорқыныштары пайда болып тұрады, өзіне-өзі агрессиялы, қол жұмсағысы келуі де мүкін. Бала өскен сайын сөйлеу мен зият (интеллектісі) дамуы төмендейді. Аутист балалардың назарын адамға, басқа нысанға аудару және бірнәрсе үйрету қиын. Ауру бала өзіне айтқан сөздерге мән бермейді, сұрақтарға және атын атап шақырғанға көңіл аудармайды, естімейтін керең сияқты болып көрінеді.

Slide 10

Аутизмнің түрлері

Каннердің ерте балалық шақтағы аутизм синдромы- классикалық түрі;

Аспергер синдромы - аутистикалық психопатия;

Ретта синдромы

А типті аутизм - шизофрениядан кейін немесе процессуалды аутизм

Slide 11

Каннердің ерте балалық шақтағы аутизм синдромы- классикалық түрі;

Жиі кездесетін ауыр түрі. Кездесу жиілігі 0, 02-0, 0, 5. Канлер 1943ж ашқан. Ең басты сипаттамасы:баланың тым кеш сөйлеуі. Жалғыздықты ұнатады. Тұйық. Тәртіптің өзгеруіне қарсы өте сезімтал, ешкімге еліктемейді, үнемі бір қимылды қайталайды. Қоршаған адамдардың сезімін түсінбеуі, сөйлегенде бірде айғайлап, бірде сыбырлап сөйлеуі мүмкін. Өздерін жарақаттауға бейім. Белгілері 3 жасынан бастап (кейде одан ерте ) байқалады.

Slide 12

Аспергер синдромы - аутистикалық психопатия;

Жеңіл түрі. Белгілері ұқсас, дегенмен, балалардың интеллекті айтарлықтай жоғары. Белгілі бір салаға жоғары қызығушылық танытып, сол сананы жетік меңгере алады. Логикасы жақсы дамыған, сөйлей алады. Бірақ адамдармен қарым-қатынасқа түсуі қиын.

Slide 13

Ретта синдромы

Аутизмнің сирек кездесетін түрі. Әрі тек қыздарда. Әдетте қыздар екі жасқа дейін қалыпты дамып келеді де, мануальді іс қимылдардың жоғалуымен, сөйлеудің ауыр бұзылыстарымен, энурез, энкопрез және де ентігу ұстамаларымен қатар жүретін ауыр патология. зерттелмеген, сол себепті аурудың соңы өлімге алып келуі мүмкін.

Процессуалды аутизм. Ер балаға тән. Олар 3-5 жасқа дейін уақытылы дамып, кейінен қабілеті жоғала бастайды.

Slide 14

Аутист балаларға арнайы көмек көрсету

Ресей ғалымдарыың мәліметтері бойынша уақытымен түзетушілік көмек көрсетілген жағдайда аутист балалардың 60 пайызы жалпы білім беру бағдарламалары бойынша, 30 пайызы арнайы білім беру бағдарлама бойынша оқуға қабілетті, ал 10 пайызы отбасында әлеуметтенуге мүмкіндіктері бар. Бірақ түзетушілік көмексіз қалған жағдайдағы балалардың 75 пайызы әлеуметтік ортаға бейімделе алмайды, 22 -23 пайызы шамалы бейімделеді, тек 2-3 пайызы әлеуметтік бейімделудің жеткілікті деңгейіне жетеді.

Қазіргі уақытта балалық ерте шақтағы аутизмді түзетудің әдістемелік негіздері әр түрлі. Жиі кездесетін бихевиористік психологияның негізінде операнттық оқыту (мінез-құлықтық емдеу) .


Ұқсас жұмыстар
Аутизм диагностикасы
Балалық шақ кезіндегі аутизм
Аутизмнің алғашқы белгілері
Аутизммен ауыратын балалардың мінез - құлқындағы сөйлеу, тірек- қимыл дамуының ерекшелігі
Аутизмнің шығу тарихы
Олигофрения ауруы және емі
ОЛИГОФРЕНИЯНЫҢ ДИНАМИКАСЫ
Ерте балалар аутизмі синдромы бар балалар психологиясы
Аутизмді емдеудегі дельфинотерапия
Эмоциялық-ерік сферасының бұзылыстары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz