Электр тогының энергиясы мен қуаты


Slide 1

Электр тогының энергиясы мен қуаты. Электр өрісі.

Slide 2

A=I·U·t

Электр тогының жұмысы - ток күші, кернеу және жұмысты істеуге кеткен уақыттың көбейтіндісіне тең.

Si жүйесінде жұмыс Джоульмен өлшенеді.

[ 1Дж=1А·1В·1сек]

Slide 3

;

=

=

Өткізгіштерді тізбектей жалғау үшін A=I2Rt

Өткізгіштерді параллель жалғау үшін A=U2/Rt

Slide 4

Токтың қуатын табу үшін, өткізгіштегі ток күшін және кернеуді өлшеп, олардың көбейтіндісін табу керек.

Si жүйесінде қуатты Ваттпен өлшейді.

[1Вт=1А·1В]

Slide 5

1 гВт (гекто) =100 Вт =102 Вт;

1 кВт (кило) =1000 Вт =103 Вт;

1 МВт (Мега) =1 Вт =106 Вт;

Slide 6 Slide 7

Токтың қуатын өлшеуге арналаған аспапты - Ваттметр деп атайды.

Slide 8

Токтың жұмысын өлшеуге арналған құрал - электр санауыш деп аталады.

Slide 9

Есептеуіш

счетчик

Көрсеткіш

показания

Көрсеткіш

показания

Шығын

расход

920 364

6063

6171

108 кВт*сағ

1 кВт*сағ = 8, 8 т

Тариф құны - 8, 8 т

Сонда 108*8, 8= 950 т

Slide 10

Қуаты 100 Вт электр шамы күніне 6 сағ. жанады. 1 ай (30 күн) ішіндегі токтың атқарған жұмысын тап, 1 кВт*сағ біздің қалада 7 теңге тұрады?

Берілгені:

Р=100 Вт

t= 6 сағ*30=180 сағ

Тариф= 7 теңге

А-? кВт*сағ

құны- ?

Шешуі :

А=Р*t

А= 100 Вт *180 сағ. =18000 Вт*сағ= 18 кВт*сағ

құны - 7 теңге * 18 кВт*сағ =

= 119 теңге

Жауабы: А= 18 кВт*сағ,

құны 119 теңге

Slide 11

Джеймс Джоуль

Эмилии Ленц

Өткізгіш бойымен ток жүрген кезде, өткізгіште бөлінетін жылу мөлшері ток күшінің квадратына, өткізгіш кедергісіне және токтың жүру уақытына тура пропорционал болады.

Slide 12

Электр тогының жұмысы

A

Дж

А=IUt

Электр тогының жұмысын есептеу үшін - ток кұшінің, кедергінің уақыттың шамаларын өзара көбейту керек

Электр тогының қуаты

P

Вт

P=IU=U2/R=I2R

Токтың қуатын есептеу үшін - ток күші мен кернеудің шамаларын көбейту керек

Джоуль - Ленц заңы

Q

Дж

Q=I2Rt

Жылу мөлшерін есептеу үшін ток күшінің квадратын, кедергіні, уақытты өз ара көбейту керек

Slide 13

Зарядталған денелердiң өзара әсерлесуi не арқылы жүзеге асады?

Бұл сұрақтың жауабын ағылшын ғалымдары М. Фарадей (1791-1867) және Дж. Максвелл (1831-1879) өз еңбектерiнде бердi. Фарадей мен Максвеллдiң еңбектерiне сүйенсек, зарядталған денелердi қоршап тұрған кеңiстiк, басқа денелердiң айналасындағы кеңiстiктен өзгеше. Зарядталған денелердiң айналасында электр өрiсi болады. Электрлiк әсерлесу осы өрiс арқылы жүзеге асады.

Slide 14

Электр өрiсi - кез-келген зарядталған денелердiң айналасында болады және заттардан ерекше, материяның айырықша бiр түрi болып табылады. Оны көру немесе ұстау мүмкiн емес. Электр өрiсiнiң бар немесе жоқ екендiгiн, тек оның әсерi арқылы бiлуге болады.

Slide 15

Электр шамы кернеуі 220 В электр желіге қосылған. Шамның қыл сымының кедергісі 484 Ом болса, шамның қуаты қандай?

Қуаты 600 Вт шамның кедергісі 150Ом болса, шамдағы ток күші қандай?

220 В желіге қосылған шам 0, 5 мин жарық шығарғанда 1800 Дж энергия бөлінген. Шамның қыл сымының кедергісі қандай?

Slide 16

Электр өрiсiнiң зарядталған денеге (бөлшекке) әсер ету күшiн электрлiк күш деп атаймыз. Электр өрiсiне түскен бөлшек осы күштiң әсерiнен а-үдеуiн алады. Оны Ньютонның екiншi заңынан анықтауға болады. Электр өрiсiн графиктік кескiндеу үшiн Фарадей заманынан бастап күш сызықтары қолданылады. Электр өрiсiнiң күш сызықтары деп, сол өрiске орналасқан оң зарядталған бөлшекке әсер ететiн күштiң бағытын көрсететiн сызықты айтамыз.

Slide 17

Электр өрiсiнiң негiзгi қасиеттерi:

Зарядталған дененiң электр өрiсi, осы өрiстегі кез-келген зарядталған денеге қандай да бiр күшпен әсер етедi;

Зарядталған денеге жақын аралықта өрiс күштiрек, ал алыста әлсiздеу.

Slide 18

Электр өрісінің кернеулігі - электр өрісінің зарядталған бөлшектер мен денелерге күштік әсерін сипаттайтын векторлық шама (Е) .

Ол электр өрісінің белгілі бір нүктесіне қойылған нүктелік зарядқа әсер ететін өріс күшінің сол зарядтың шамасына қатынасына тең:

Электр өрісінің кернеулігінің бірліктердің халықаралық жүйесіндегі өлшем бірлігі: В/м.

Slide 19

Есептер шығару

Электр өрісіндегі 4*10 - 6 зарядқа 0, 02 Н күш әсер етеді. Осы нүктедегі электр өрісінің кернеулігін табыңдар?

Кернеулігі 4*10 5 В/м болатын біртекті электр өрісіндегі электронның үдеуін және оған әсер ететін күшті табыңдар.

Slide 20

Есептерді шығар


Ұқсас жұмыстар
Электр тарифы
Фотоэлектрлік түрлендіргіштер. Спектрофотометрлік зерттеу әдістерін қолдану
Өткізгіштердің кедергісі
Электр тоғының жұмысы мен қуаты
Электр тогы
Тұрақты ток
КҮН ЭНЕРГЕТИКАСЫ
Физика – ғажайыптар әлемі
Электрлік қозғаушы күші және ток көздері мен тізбектерді түрлендіру
Электр энергия көздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz