Қозғалтқыштың негізгі ақаулары


Slide 1

Сабақтың тақырыбы:

«Қосиінді- бұлғақты механизміне техникалық қызмет көрсету және жөндеу».

Ашық сабақ

Курс: IІ

Тобы: Асл 9-192

Ө/о шебері: А. Мусатаев

Пәні: Өндірістік оқыту

2020 жыл

БЕКІТЕМІН

Д. Қонаев атындағы

аграрлық техникалық

колледж директоры

И. Исмаилов

«___» 2021 ж

Түркістан адами әлеуетті дамыту басқармасының

«Д. Қонаев атындағы аграрлық-техникалық колледжі» МКҚК

Slide 2

Сабақтың барысы:

Slide 3 Slide 4

4. Қозғалтқыштың оталдыру жүйесі ақаулары?

Slide 5

Салқындату жүйесі ақаулары?

Slide 6

Қоректендіру жүйесі ақаулары?

Slide 7

Майлау жүйесі ақаулары?

Slide 8

Оталдыру жүйесі ақаулары?

Slide 9

Қозғалтқышты іске қосқанда қозғалтқыштың түтіндетуіне көңіл аудару қажет. Сұр түсті түтіннің жоғарғы көлемде шығуы жану камерасына саңылаулар арқылы май түскенін білдіреді, ал қою қара түтін жұмыс қоспасының баюын немесе оның оталдыру жүйесінің ақауынан толық жанбауын көрсетеді. Пайдалануға шығар алдында жүргізуші қозғалтқыштың жалпы жағдайын, қозғалтқыштың тірек жастықшаларының жағдайын және салқындату сұйықтығы мен майдың ағып тұрмауын тексеруге тиіс.

Жаңа сабақ: «Қосиінді бұлғақты механизміне техникалық қызмет көрсету және жөндеу».

Slide 10 Slide 11 Slide 12

ТҚ-1 кезінде қозғалтқышқа бақылау-тексеру жұмыстарын жүргізіп және керекті бекіту жұмыстарын орындау; қозғалтқыштың барлық элементтерінің бекітілісін мұқият тексеру қажет. Бекіту жұмыстарын әртүрлі қақпақтарды, майдың ағуы байқалатын төсемелерді және қозғалтқыш табандығының бекітілісін қатайту қажет. Егер тексеру кезінде айтарлықтай ақаулар анықталса, ағымды жөндеуге "тапсырыс" рәсімдеу қажет.

Slide 13 Slide 14

Стетоскоп құрылғы

ТҚ-2 кезінде ТҚ-1-дің барлық жұмыс көлемін орындау қажет. Арнайы күй анықтау бекеттерінде немесе жұмыс орнында бөлшектік күй анықтау жұмыстарын мұқият жүргізу қажет. Күй анықтау жұмыстары айналшақты-бұлғақты және газ тарату механизмінің техникалық жағдайын анықтау мақсатында жүргізіледі. Егер тексеру кезінде механизмдердің жұмысында ТҚ-2 бойынша жүргізіп жоюға болмайтындай ақаулар анықталса, онда оны қозғалтқышты жөндеуге арналған арнайы мотор цехы бар ағымдық жөндеу аумағына тапсырыс рәсімдеп жіберу қажет. ТҚ-2 кезінде қолжетімжі ақауы бар бөлшектерді жеңіл жөндеу жұмыстарымен ауыстыруға рұқсат етіледі. Егер тексеру кезінде клапан механизмінің жылу саңылауының нормаға сәкессіздігі анықталса, онда жылу саңылауларын реттеу керек.

Бекіту жұмыстары қозғалтқыштың барлық жалғаныстарының бекітілісін анықтау үшін, қозғалтқыштың автомобиль қаңқасына немесе шанағына бекітілсін, цилинр қалпақшасының, картер табандығының блокка бекітілуін, енгізу және шығару құбырының бекітілісін тексеру жүгізіледі.

Slide 15

Цилиндр блогы қалпақшасының төсемелері арқылы газ бен салқындату сұйықтығының шығуын тоқтату мақсатында, оларды тексеріп жіне қалпақшаны блокка бекітілген жеріндегі сомындарын белгілі тәртіппен тартады. Бұл жұмыстар динамометрлік кілт көмегімен жасалады. Сомындарды тарту сәті мен тізбегін зауыт -дайындаушы бекіткен. Шойын цилиндр қалпақшасын - қозғалтқыштың ыстық кезінде, ал алюминий балқымасынан жасалғандарды суық күйінде тартады.

Картер табандығының бұрамаларын қатайту кезінде олардың үзіліп кетуін болдырмау немесе тығыздығын жойып алмау үшін белгілі тізбекпен қатайтады.

Реттеу жұмыстары күй анықтау жұмыстарынан кейін жүргізіледі. Егер клапандардың жұмысында және ТҚ-2 кезінде тарсылдар анықталса, жылу саңылауларын реттейді. Жылу саңылауларын реттеу кезінде 1-ші цилиндрді сығу тактінің соңына ЖӨН орнатады. Бұл жағдайда 1-ші цилиндрдің клапан стержені мен иін аралығындағы саңылауды реттейді.

Slide 16

Қалған цилиндрлердің клапандарының саңылауларын қозғалтқыштың жұмыс істеу тізбегіне байланысты иінді білікті 1/2, 1/3 немесе 1/4 айналымға төрт, алты және сегіз цилиндрлі қозғалтқыштарға байланысты тактінің цилиндрден цилиндрге ауысуына байланысты айналдырып реттейді. Төрт цилиндрлі қозғалтқыштардың кеңінен тараған жұмыс істеу тәртібі - 1-3-4-2, бірқатарлық алты цилиндрліктікі - 1-5-3-6-2-4, ал V тәрізді сегіз цилиндрлі қозғалтқыштың жұмыс тәртібі - 1-5-4-2-6-3-7-8.

Иінді біліктің қандай да бір жағдайдағы саңылауын реттеу үшін, клапан толық жабық болуы қажет.

Айналшақты-бұлғақты және газ тарату механизмінің техникалық жағдайын анықтау үшін, күй анықтау жұмыстары тарсылдардың сипатын цилиндр компрессиясын, поршеньнің жоғарғы жағындағы кеңістіктен қозғалтқыш картеріне ауаның өту шығынын және майдың шығынын анықтау жұмыстарын құрайды. Әртүрлі тарсылдардың сипатын анықтау үшін стетоскоп құралын қолданамыз.

Қозғалтқыш компрессиясы цилиндр-поршеньді топтың тозуына, клапандардың орнығу жағдайына және блок қақпақшасының аралық төсемесінің жағдайына байланысты. Қозғалтқыш компрессиясын компрессометр немесе компрессограф аспаптарының көмегімен анықтайды.

Slide 17

Компрессияны тексерген кезде қозғалтқышты қалыпты жұмыс температурасына (80. . . 90°С) дейін қыздыру қажет, ауа және дроссельді жапқыштары толықтай ашық болуы керек. Компрессометрді қозғалтқыш тұтандыру білтелерінің саңылауына кезекпен орнатып және иінді білікті стартермен айналдыру қажет. Дизельді қозғалтқыштарда компрессияны тексеру кезінде компрессометрді бүріккіштер сияқты бекітеді, өйткені олардың қысым дәрежесі жоғары (2, 0. . . 2, 5 МПа) .

Бензинді қозғалтқыштардың компрессиясы 0, 8-ден 1, 2 МПа аралығында, ал дизельділерде 2, 5-тен 3, 5 МПа болуы керек. Бензинді қозғалтқыштардың цилиндрлердің арасындағы компрессия айырмашылығы 0, 1 МПа-дан артық болмауы, ал дизельділердікі 0, 3 МПа болуы керек. Егер компрессияның шамасы туралы мәліметтер болмаса, онда оны нормативтік шамасын келесі формула қолдану арқылы анықтауға болады:

Pc =Ek (МПа), мұнда: Е-осы қозғалтқыштың сығу дәрежесі; k - 0, 1. . . 0, 12 аралықта қабылданған коэффициент.

Егер тексеру барысында компрессия нормативтік көрсеткіштен төмен болса, онда тексеріліп жатқан цилиндрге 15. . . 20 г (жүк автомобильдері үшін) 8. . . 10 г (жеңіл автомобильдер үшін) қозғалтқыш майын құйып, әрі тексеруді қайта қайталау керек. Май поршень, сақина мен цилиндр аралығындағы саңылауды тығыздайды. Егер қайта тексергенде компрессия елеулі жоғарыласа, онда ол цилиндр-поршеньді топтың тозғанын дәлелдейді. Ал егер қысым өзгермесе, онда клапандар толық орнықпайды.

Slide 18

Цилиндр ішіндегі компрессияны тексеру кезінде қозғалтқыш іске қосылып кетпеуі үшін, үзгіш-таратқыштан оталдыру орамына баратын төменгі кернеулі сымын ағытып тастайды. Тек оталдыруды таратқышы ғана бар қозғалтқыштарда, таратқыштың қақпағынан орталық сымды ағытады және оны автомобиль шанағына "массаға" жалғау үшін қысқышы бар сымды қолданады. Егер қозғалтқышта жанармайды бүрку жүйесі орнатылған болса, белгілі сақтандырғышты алып тастап, жанармай сорғысының жұмысын тоқтатады және қозғалтқыш иінді білігін стартермен 200-250 айн/мин айналдырады. Тексеруді әр цилиндр үшін 3-4 рет қайталап, манометр көрсеткішін жазып отырады. Бензинді қозғалтқыштарда қысымның цилиндрлер арасындағы шамасы 1-2 кгс/см²-нен артық болмауы, ал дизельділерде 2-5 кгс/см² болуы қажет.

Дизельді қозғалтқыштарда компрессияны қозғалтқыштың қыздырылған күйінде де тексереді. Тексеру барысында бүріккіштердің жоғарғы қысымды құбырларын ағытады. Құбырларды ағыту кезінде мұқият болу керек, өйткені құбырларда қысым болуы мүмкін. Сондықтан алдымен олардың бекітілісін аздап босатып, қысымды төмендеткен жөн. Содан кейін бүріккіштен құбырларды ажыратып, жанармайды құйып алады.


Ұқсас жұмыстар
ЖЕЖ жүйесінің негізгі қағидалары
Газ тарату жүйесінің құрылысы мен жұмысы
КАРБЮРАТОРЛЫҚ ДВИГАТЕЛЬДІҢ ЦИЛИНДРЛІ – ПОРШЕНДІ ТОБЫНА ДИАГНОСТИКА ЖАСАУ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Қозғалтқыштың ақаулары
Сабақты пысықтау
Автомобильдің басты берілісі, дифференциалы және құрылысы
Қозғалтқыштың реттеу сипаттамасы тұрғызу және жылу есептемесі
Жану процесі
Карбюраторлы қозғалтқыштың қоректендіру жүйесінің құрылымы және бөлшектерінің конструкциясын жобалау
Асинхронды электрқозғалтқышты қосқыш розетка көмегімен қосу өндірістік сабақ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz